{metadescription}
24– 30 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

24– 30 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл аптада не тындырамын? Не күтіп тұр? Несімен қызықты? Қандай қуаныш бар, қандай оқиға болады? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 24– 30 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.

24– 30 маусымға арналған жұлдыз-жорамал.

 Тоқты армандап, өмірге шынайы көзқарастан айырылуы мүмкін. Тамыр-таныс, достары мен әріптестерінің арасында өзін жиі жайсыз сезінеді. Өзгелері сіздің көзқарасыңызды қабылдамайтын сияқты көрінеді. Сіз байқағанды олар байқамайтын сияқты болады. Сондай күй кешесіз. Жан-дүниеңіз бір түрлі болып, жалғыздықты сезінуіңіз де мүмкін. Сонымен бірге әр күніңіз оқиғаға толы болмақ. Тағдырыңыз сізді буырқанған өмір теңізіне шақырғандай болады. Жұмыс көбейеді. Келіссөздер мен кездесулер күтілуде. Бейтаныс адамнан сыйлық алуыңыз мүмкін. Сапарлар мен жүрістер көп болады. Көбісін ерекше демалыс қызықтырады. Қалай дегенмен, бұл апта қызықты өтеді. Мазаңызды алған бір адамнан құтылу үшін қулыққа барасыз. Алыстан хат алып, бір әйелмен телефонмен сөйлесесіз. Бұл аптада сатып алатын изаттар көп. Қаржы мәселесі туралы айтсақ, шығын көп. Рухани бай, қызықты адамдармен араласасыз. Жеке өмір сіздің қорғану деңгейіңізді анықтайды.

Торпақ осы аптада жаңа қызметке білек сыбана кіріседі. Жаңа адамдармен танысуыңыз мүмкін. Жаңа іске кірісуіңіз де мүмкін. Дегенмен көбісі үшін  бұл жағдай жылдам өте шығады. Бұл кезеңде сіздің біліктілігіңіз, төзімділігіңіз, кәсіби тұрақтылығыңыз сынаққа түседі. Басқа адамдардың ұсыныстарын қабылдау керек, өйткені ол сіздің берекелі екеніңіздің көрсеткіші болмақ. Бірақ бастама көтеріп, ұйымдастырушылықпен айналысып, жаңа серіктестермен белсеге аралассаңыз оның нәтижесі болмайды. Сізге жылы қатынас қажет, түсіністік қажет. Тым құрығанда елдің кеңесі мен ақылына құлақ түріңіз. Басты проблема материалдық жағдайға тіреледі. Жеке өмір мен достық аралас-құралас кейнге шегеріледі. Бұл аптада кімнің жұлдызы жангады? Кім сабақ беру, дәріс оқумен айналысса, саяси белсенділік танытса, солардың жолы болады. Сіз бәсекелестікке құмартасыз. Жұрттың алдында өзіңізді жақсы етіп көрсетуге тырысасыз. Сіз қазірден бастап өз болашағыңызды ойлап мазаңыз кетуде. Бірақ оны сырт көзден жасырасыз.

Егіздер бұрынғы сенімінен айырылуы мүмкін. Өйткені өзін елдің пікіріне ілесіп кететінін сезеді. Кәсіби салада қаламаған өзгерістер болуы мүмкін. Белгілі серіктестермен солардың бастамасымен қарым-қатынасы үзілуі мүмкін. Сонымен бірге көкжиекте сапарламен байланысты жаңа қызмет көрінеді. Қазір ең бастысы – болашақ әс-әрекетте қате жасамау, асығыстыққа бармау. Көбісі жөндеу жұмыстарымен айналысады.  Жаңа техника сатып алады. Бұл аптада біраз қысылтаяң шақтар күтілуде. Ұрлық-қарлықтан абай болыңыз. Көп шығын шығармаңыз. Кейбір дүние осы аптада қуаныш сыйлайды. Абыройлы адамның алдына баруыңыз мүмкін. Серуендеуді жақсы көретін адамдардың жеке өмірінде өзгеріс күтіледі. Көшеде бір адаммен танысуы мүмкін. Үйде жағымсыз әңгіме болады. Бір адам қарым-қатынас туралы сөз қозғайды. Ал сіз оны алдауға тырысасыз. Туыстарыңыз сізді түсінбей дал болады. Сізге суық қарайды. Аптаның қуанышы – спорт, артық салмақ тастау.

Шаян өз эмоциясын ашықтан ашық көрсетпегені дұрыс. Сіздің нәзік  жаныңыз, сезімталдығыңыз күлкіге қалдыруы мүмкін. Әр ұсақ-түйек нәрсеге бола ренжімеңіз. Әйелдер көз жасын жиі сығып алатын болады. Ал еркектерді бірдемеге көндіру қмынға соғады. Бірақ біреудің арқасында өзінің қаржылық жағдайын түзетіп алады. Күш-жігеріңіз мол, спортқа баруға ол жақсы себеп болмақ. Кәсіби салада назар аударатын нәрсе көп, оны жіті бақылаңыз. Нақтылайтын дүниелер орын алады, кездесулер шегеріледі, оны сезбей қалып, достарыңыз бен әріптестеріңізді шатастыруыңыз мүмкін. Сіздің іс-әрекеттеріңіз көбінесе жасырын жүргізіледі. Көбінесе ешкім күтпеген таңқаларлық әрекеттеріңізді жүзеге асыруға мүдделі боласыз. Барлық шаяндар  - жұмбақ. Өзінің жеке жетістігіне жетуге асығады. Қасындағылардың қасында өзін биік дәрежеде көрсетуге құлшынады. Үйіңізде сіз қаламайтын өзгерістер орын алуы ықтимал. Бұрынғы серіктесіңізден ақпар алып, заңға қатысты бір ақпаратты анықтайсыз. Ұзақ күткен құжатты қолға түсіресіз.

Арыстан жұмысынан шабыт ала алмайды, тіпті нәтижелі апта болса да. Материалдық жағдай ұнжырғасын түсіреді. Түсетін ақша азаяды. Бұрынғы ақша көздері енді тұрақсыз. Жаңа жол іздеуге шығасыз. Жоғалтқан ұстанымыңызды қалпына келтіруге тырысасыз. Сонымен бірге өз рөліңіз артады. Айналаңыздағы адамдар сізге сене бастайды. Сізге көп сын айтылады, шағым түседі және сізден сескенеді. Бұрынна бірге жұмыс істеп келе жатқан серіктесіңізден мезі боласыз. Оның пайдасын көп көргеніңізбен, енді болашағы жоқ секілді көрінеді. Келіссөз бұзылады, қарым-қатынас үзіледі. Бірақ тура осы аптада жаңа кәсіби серіктестік табылады.Оны басқалар түсінбейді. Өзіңіздің жеке тартымдылығыңызды іске асырасыз. Оның пайдасын көруге тырысасыз. Бұл аптада алатын ақпарат көп. Өмір қайнап тұрады айналаңызда, сіздің бос уақытыңыз болмай жанталасып шапқылайсыз. Әр сөзге абай болыңыз. Артық сөйлеп, басыңызға бәле тауып алуыңыз мүмкін.

Бикеш басқалардың ақылына құлақ салады, ол өзінің жетістігіне мүмкіндігін білу үшін қажет. Пайда табу үшін небір адамдармен қарым-қатынас жасайсыз. Бір сәттік жеңістен ұзақ мерзімдік қарым-қатынастың маңыздылығын сезесіз. Көптеген одақтастарыңыздың ұстанымдарына арқа сүйейсіз. Жұрттың еңбегін бағалайтын адамның рөліне кіресіз. Біреуге ақыл айтуыңыз да мүмкін. Мінездеме бересіз. Бұл апта ақпараттық бағыттағы қарым-қатынасты бекітуге арналған. Материалдық аспектіде бәлендей өзгеріс жоқ. Тұрақтылық. Жақындарыңыздың алдында жолға шығу мәселесі тұрады. Туыстарыңызды шығарып салып, күтіп алумен боласыз. Бұрынғы проблема қайта оралуы мүмкін. Тәжірибесі аз адамға тағы да ақыл айтып, оны көндіруге барыңызды саласыз. Сізбен келіспеуге амал жоқ. Біреуге кеңес беруден алдыңызға жан салмайсыз және ол қолыңыздан келеді. Кез келген жетістік бағаланатын ерекшелікті естен шығармаңыз. Бұл күндері сіздің дұшпаныңыз – ұсақтық, қырсықтық, ымыраға келмеушілік. Ақ пен қараны ажыратыңыз. Мейірімділік пен қатыгездікті де. Жеке өмірде тұрақтылықты жоюға қабілеттісіз. Күшіңіз кетіп, әлсіз сезінуіңіз мүмкін.

Таразы материалдық жағдайын қуанышпен атап өтеді. Бұл күндері сізге ақша күтпеген жерден келеді. Бұрыннан көрмеген адамнан сыйлық алуыңыз мүмкін. Қарым-қатынасты енді бағалайсыз. Өзіңіз қызыққан адамдарды баурай бастайсыз. Сонымен бірге өзгелер мен өзіңіздің міндеттемелеріңізді шектейсіз, басқаның проблемасынан аулақ болуға тырысасыз. Елдің жіберген қателігін кещірмейсіз, бастама көтермейтін адамдарды ұнатпайсыз. Бірақ достарыңыздың көмегінен бас тартпайсыз. Сіздің творчестволық бастамаңыз көзден таса қалмайды. Қызметке қатысты жаңғыру сізге қаржылық жетістік әкеледі. Адамдарға, жұмысқа деген жаңа көзқарас жаңа деңгейгне шығарады сізді. Айналаңыздағы адамдармен қуанышыңызды бөлісуге асықпаңыз, абай болыңыз. Көре алмайтын адамдар көп. Өзіңізді бөлек, табиғат аясында жақсы сезінесіз. Үйде өзгерістер болады. Ол балаға қатысты. Жеке өмірде қасыңыздағы адам мазаңызды алып, одан мезі боласыз. Ер адамдар әйелдердің  жіті назарында болмақ.

Сарышаян кәсіби салада дамып жатқан оқиғаларды жіті назарда ұстайды. Өзіңіздің кәсіптің біліктілігіңіз бен шығармашылық қасиеттеріңізді көрсетуге мүмкіндік туады. Достықты нығайтуға арналған апта бұл. Бірге қызмет етуге арналған апта. Болашақта бірге жұмыс істейтін серіктесіңізбен жақындасасыз. Бірақ, тап қазір ойыңыздағы жоспар іске аспауы мүмкін, өйткені моральдық және этикалық тұрғыдан жайсыз болатынын сезесіз. Отбасындағы ішкі қарым-қатынасқа қатысты мәселені шешуге тура келеді. Тек ерік-жігер танытқанда ғана ұстанымдарыңыз жеміс береді және ниетіңіз тұрақты болғанда.  Өзіңізді сыйлата алсаңыз өміріңізді жақсы қыласыз. Ата-аналардың мазасы кетеді. Әке мен бала проблемасы өзекті болмақ. Ал туыстарынан бөлек тұратындардың жағдайы қалыпты. Кез келген деңгейдегі тәуелділік қарым-қатынасты қиындатуы мүмкін. Өзіңізге жақын, түсінетін адаммен табиғат аясында демалу жақсы нәтиже береді. Жеке өмірде жағымды жаңалықтар бар. Сізге сөз айтуы мүмкін немесе табысқысы келіп ұқсыныс жасайды. 

Мерген жақын адамымен арасындағы түсінбестікті шешеді. Жаңа жұмыстар көп, ол шаршатқанымен, жемісін береді. Жарқын кездесулерден өзіңізді жақсы тұсыңыздан байқайсыз. Өзге мәдениет сіздің рухани құндылығыңызды арттырады. Қасыңызда үлгі алуға тұрарлық адам болады. Өзіңізбен жұмыс жасайсыз. Ішкі мәдениетіңіз бен тәлім-тәрбиеге мән беріп, ол маңызды болмақ. Аянбай айтып қалатын жерде өзіңізді ұстаңыз. Жұмыста түсінбеушіліктер орын алады. Беделді адамның қолдауынан бас тартпаңыз. Басшылықтың ақылына құлақ түріңіз. Сонымен қатар кадрлық мәселе сізді айналып өтпейді. Бір өте ерекше сұрақта сіздің көмегіңіз қажет болады. Мақсатыңызға бір табан жақындайсыз.  Қарсыластарыңыз көп. Ақылыңыз жаңа деңгейге бағдар алады. Жеке өмірде сіздің тартымдылығыңыз қауіп тудырады.

Тауешкі дегбірін қашырған одақтан кете бастайды. Ортаңызда өзгерістер күтілуде. Ол сіз қатысқан ұйымға қатысты. Бұл жағдай сізді миығыңыздан күлуге ықпал етеді. Елдің күтпеген әрекеттері тартады, достарыңыздың эмоциясы мен сезімі де сізді өзіне тартады. Қайнаған жаңалық арасында боласыз. Өсек-аяң көп. Бұл әсіресе кәсіби салада заңгерлік сұрақтарда болмақ. Естіп, оқыған дүние маңызды болмақ. Романтикалық саяхатты аяқтауға тура келеді. Күдіктен жалығасыз. Саяхат жаңғыртады, пайда әкеледі. Беделді адамның көмегіне ие болып, алдыңғы қатарға шығасыз. Погон таққан адамдармен байланысасыз. Заңгерлік ұйымдармен де байланыс болады. Ол ұзаққа созылмайды. Бұл күндері өткенді ұмытыңыз. Жеке басыңыздың еркіндігін сезініңіз. Онымен қоса жаңа одақ жаңа жағдайларға жетелейді. Көп нәрседен үміттенесіз. Алыстан жеткен ққоңырауға қатты толқисыз. Өміріңізге жасырын дүние пайда болады. Ұнатқан адамыңызға тартымды боласыз. Күтпеген пайда келуі мүмкін.

Суқұйғыш айналасындағы көп адамдарға жабық дүниені жүрегімен сезіп, түсінеді. Жобалап әрекет жасайсыз. Болмай жатқан нәрсені алдын ала сезесіз. Кенеттен шешендік танытып, тартымды боласыз. Бірақ адамдармен қарым-қатынастағы өзгерістерді байқайсыз. Сізге тіпті танымайтын адамдар да ұмтылады. Сіз дауласып өзіңіздің дұрыс істейтініңізді шешетін адам емессіз. Бірақ сіздің елді көндіре алатын қасиетіңіз бар. Өз дегеніңізді істей аласыз. Өзіңізге, сыртқы елбетіңізге назар аударасыз. Жеке тұлға ретінде ірілік танытасыз. Сапарға шығуыңыз мүмкін. Жоспарлаған кездесуді жүзеге асыруға тырысасыз. Өйткені жеке мүддеңіз бірінші орында тұр. Бірақ жоспарыңыз бұзылуы мүмкін. Бірақ ол өміріңізге жаңа леп әкеледі. Оны сіз бұрынна армандағансыз. Өткендегі тәжірибеңіз бұл мүмкіндікті толығымен пайдалануға мүмкіндік береді. Сырт көзге қуанышыңызды білдірмейсіз. Тағдыр сіздің кәсіби салада тұрақтылық табуыңызға жол береді. Үлкен маңызды сұрақты шешуге тура келеді, бірақ ақ пен қараны ажырата білуіңіз қажет.

Балық достық байланыстың солқылдақтығын сезеді. Бұрынғы қатынастар қызықсыз болады. Күдік пен сенімсіздіңкжүйкеңізге тиеді. Сіз басқаға өзіңіздің адалдығыңыз бен шыншылдығыңызды дәлелдеуге тырыспайсыз. Бүгін сіз ойын ережесін қабылдай салатын адам емессіз. Ол тіпті басқа біреуге қатысты болса да. Ақша алуыңыз мүмкін. Досыңыздан сыйлық күтілуде.  Бұрынғы танысыңыз сізбен құпиямен бөліседі. Біреудің рөлін өзіңізбен салыстырмаңыз. Өйткені ол қызғанышқа алып келуі мүмкін. Өз мүмкіндігіңіздегі шектеуді сезесіз. Бірақ тағдыр сізге жарқын кездесу сыйлайды. Ол ұзақ есте қалады. Көбісі ғашық болып, некесін қияды. Көбісі бұрынғы махаббатын кездестіреді. Үзілген қарым-қатынас қалпына келеді. Биік сезім бар. Бұрынғы серіктестер сізге қызығушылық танытып, кездескісі келеді. Техникалық жабдықтардан сақ болыңыз. Бірдемені байқамай сындыруыңыз мүмкін. Қаржы жағынан бәрі жақсы.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек? 

Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  

Шетелге шығатын азаматқа қажетті мағлұмат  

Кепілде тұрған пәтерді сатып алуға бола ма? 

Тексеріңіз: Психикасы сау адамның 15 белгісі 

Шілдехана: нәрестенің мойны, әйелдің белі тез бекісін десеңіз... 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.