{metadescription}
Смузи. Ескертпе. Құпиясы. Қарапайым рецептер

Смузи. Ескертпе. Құпиясы. Қарапайым рецептер

Смузи деген не және оны қалай дайындауға болады? Смузи әзірлегенде нені ескереміз, қандай қателіктерді жібермеу керек? Смузи артық салмақтан арылуға көмектесе ме? Смузидің құпиялары мен оны дайындаудың қарапайым әдісімен танысыңыз.

Смузи –біркелкі, тегіс етіп араластырылған жеміс-жидектердің өте қою сусыны. Денсаулыққа пайдасы мол екені айдан-анық. Салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанамын десеңіз, смузи тап сізге арналған.

Тәтті тоқаштар мен шоколадтан бас тартқыңыз келсе, смузи сіз үшін таптырмас тағам. Өйткені оның құрамында зиянды қоспалар жоқ және табиғи азықтан жасалған. 

Ерекшелігі:

Қалаған жеміс-жидектерден кез келген уақытта жылдам әзірлеп, сүйсініп жей аласыз.

Құпиясы:

  • Смузиді ішпейді – кішкене қасықпен жейді. Асықпай, сүсініп, рахаттанып жейсіз. Сонымен бірге ол ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне,  тамақты жақсы қорытуына септігін тигізеді.
  • Смузиді тек таңғы ас немесе жалпы тамаққа қосымша ретінде қабылдамаңыз. Оны түскі ас, түстен кейінгі тіскебасар немесе кешкі астың орнына жеуге болады.  Артық салмақтан арылғыңыз келсе, смузиді қосымша емес, басты тағам ретінде қолданыңыз. Есесіне, артық майдан арылып қана қоймай, ағзаңызды бір мезгілде қоректік және табиғи элементтермен қамтамасыз етесіз.
  • Смузиге жеміс-жидектерді  ғана емес, сондай-ақ шпинат жапырақтары, зығыр тұқымдарын, балдыркөк және басқа да дәмдеуіштер қосып, сұйықтықтың орнына мұз, томат шырынымен толықтыруға болады.

Ережелері:  

  1.  Ең бастысы, қоспалар біркелкі болып шығу керек. Ол үшін блендер қажет. Егер смузиге жасыл жапырақтар мен жидектер  қосылса, ол смузидің бетінде қалқып жүрмесін. Бұл смузиді дұрыс дайындаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Оны блендердің көмегімен тез іске асыра аласыз.
  2. Смузиге сұйықтықты көп қоспаңыз, әйтпесе ол кәдімгі компот болып шығады. Смузи тығызырақ, қою болуы тиіс.
  3. Қызыл түсті жидектер мен жасыл жапырақты көктерді бірге араластырмауға тырысыңыз. Яғни, ол бірге болмауы керек. Әр түстісін бөлек-бөлек салған жөн. Әйтпесе смузидің түсі қарақошқыл (сазды балшықтай) реңсіз болып шығады.
  4. Қанттың орнына банан, бал немесе қандай да бір шәрбат қосыңыз.Экзотикалық дәм бергіңіз келсе, лимон шырынын қосыңыз.
  5. Қоспаны тым күрделі етудің қажеті жоқ. нағыз смузиде көп компонеттер болмайды. Ереже бойынша бес заттан аспауы тиіс.

Ескерту:

  • зығыр тұқымдары өте пайдалы(а это – талшықтар мен антиоксиданттар) дәмін мүлдем бұзбайды, сол себепті оны тартынбай қоса беріңіз. Дегеннгіткіште ұсақтап алғаныңыз жөн.
  • жеміс-жидектер көбірек болса, ол смузидің қою болып шығуына септігін тигізеді;
  • дәмді болсын десеңіз, тәтті, қышқыл жемістерді бірге араластыруға болады
  • • сүт пен йогурт рецепте бар болса, оның орнына айран қосуға болады;
  • негізі смузи салқын болуы тиіс, бірақ мұздай болмауы керек;
  • дайын смузиге кез келген жаңғақты қосуға болады.

 Қарапайым рецептер:

Смузиді әзірлеуге небәрі 10 минут кетеді, аса дайындықтың қажеті шамалы. Сондықтан білек сыбанып тап қазір кіріссеңіз болады. Бұл жерде негізгі қоспаның орнына өзіңіз ұнататын жемісті пайдалануға рұқсат.

Банан, жидек, құлпынайдан (таңқурай, бүлдірген)  - қарапайым смузи.

Жидектер (мұздатылғаны да жарайды) – 150 – 200 грамм;

•Сұлы жармасы (жылдам дайындалатыны) – 3 ас қасық;

• Банан – 1 ;

• Сүт – 300 мл;

• Тәтті қоспа (шәрбат, бал, қант).

Мықты блендермен сұлу жармасы үгітіледі, оған жидектер, банан, сүт, тәтті компонент қосылады. Барлығын мұқият араластырылып болған соң, 10 минут күтіңіз. Бітті! Дайын!

Қияр мен қызанақтан жасалған «жасыл» смузи

Кәдімгі йогурт – 150 грамм;

• Көк (аскөк, ақжелкен) – бір-екі талын;

• Қызанақ – 1;

• Қияр – 1;

• Табаско тұздығы – 2 тамшы;

• Тұз – бір шымшым.

Көкөністерді ұсақтап турап блендерге саламыз. Үстіне йогурт, тұз және басқасын қосып, жақсылап араластырымыз. Барлығы үгілгенде қою сусын дайын болады.

Жалпы, смузи дайындағанның түк те қиындығы жоқ. Ал жоғарыда жазылған ережелерді ескерсеңіз, онда смузиден денсаулығыңызға барынша пайда тигізе аласыз.

Оқи отырыңыз: Ең жоғары калориялы жеміс-жидектер 

Аш қарынға жеуге болмайтын тағамдар 

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде