Несиелік рақымшылық: Кімнің қанша қарызын қашан жауып береді
ҚР Президенті жариялаған кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша кешірім алуға қатысты бірқатар түсінбеушілік бар. Қарыз жеңілдігі кімдерге беріледі? Қарыздары бойынша кешірім алатын борышкерлер кім? Қанша адам кешірім алады? Кредиттің айыппұлы мен өсімпұлын кім төлейді? Кімдерге қарыз алуға шектеме қойылады? Осы сұрақтардың жауабын төмендегі материалдан оқыңыз.
Автор: Заира Сабитова
2019 жылдың 26 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың кепілсіз тұтынушы несиелерінің қарызы бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында бір жолғы төлем туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық үш бағытқа бөлінді. Олардың әрқайсысы үшін өз жағдайлары мен шектеулері бар.
1. Жалпы қарызды әлеуметтік жағынан осал адамдарға өтеу.
Атап айтқанда:
- көп балалы отбасылар;
- асыраушысынан айрылған, мүгедек баласы бар отбасылар;
- 18 жастан үлкен бала кезінен мүгедектер;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- 29 жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылғандар.
Сонымен бірге қарыздың жалпы сомасы 2019 жылғы 1 маусымындағы жағдай бойынша үш миллион теңгеден аспауы тиіс. Ал өтелген берешектің мөлшері (негізгі борыш + оған есептелген сыйақы) бір қарызгерге 300 мың теңгеден аспайды. Осылайша, қарыздың бір бөлігі ғана жабылады. Қалғанын өздігімен қайтаруы тиіс.
Егер азаматтың басында бірнеше несие болса, алдымен қарызы көп несие жабылады, кейін - кему тәртібімен.
Ұлттық Банктің бағалауы бойынша, 500 мыңға жуық әлеуметтік әлсіз қарыз алушылар бірінші бағыт бойынша өз қарыздарын өтеуге қабілетті болады, өйткені 86% -дан астам несиелер 1 млн теңгеден аз, орташа борыш сомасы 300 мыңға жуық. Сонда 55% -дан астам немесе 250 мың адам толық өтеуге мүмкіндік алады.
2. Айыппұл мен өсімпұлды есептен шығару.
Бұған 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін кепілсіз тұтынушылық қарыз несиелері бойынша айыппұл мен өсімпұл салынған 5 млн. қазақстандық сүйене алады. Мұнда жалпы қарыз мөлшері 3 млн. теңгеден аспайды және өтелетін қарыз мөлшері 300 мың теңгеге дейін.
Айта кетейік, есептен шығару деген ай сайынғы төлемдерден бас тарту емес! Мемлекет көмегін ала отырып, қарыз бойынша өз міндеттемеңізді ұмытпаңыз!
Маңызды жайт: кешіктіру 90 күннен астам уақытқа созылған болса және ол коллекторларға тапсырылса, онда қарыз кешірілмейді. Яғни, мұндай қарызгерлер несиелері мен айыппұлдарын өздері төлеуі тиіс.
Қазақстандық тұтынушылық несиелердің жалпы қарызы 4 трлн. теңгеден асады. Борышкерлер халықтың 27% -нан астамын құрайды. Ол дегеніміз, жұмыс істеп жүрген 10 адамның әр алтыншысы.
Несиелік амнистияны жүзеге асыру үшін 105 млрд. теңге қажет. Оның ішінде 89,2 млрд. теңге республикалық бюджеттен (Қазақстанның әлеуметтік қорғалмаған азаматтарының қарыздарын өтеуге), сондай-ақ 17 млрд. теңгеге тартылмайтын несиелер бойынша Қордың арнайы облигацияларын шығару арқылы тартылатын болады. Сонымен бірге айыппұлдар мен өсімпұлдардың 70% банктер мен микроқаржы ұйымдары төлейді.
3. Қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту.
Қалай жүзеге асырылады:
- күнкөріс минимумынан төмен табыстары бар және әртүрлі жеңілдік алатын азаматтарға несие беруге тыйым салу;
- барлық тұтынушылық қамтамасыз етілмеген несиелері бойынша айыппұлдарды, комиссиялық төлемдерді және басқа да төлемдерді 90 күннен асырып кешіктірген жеке тұлғаларға төлеуге тыйым салу;
- несие беру кезінде қосымша реттеу шаралары.
4. Қашан жүзеге асырылады
Іске асыру жоспары жақын арада басталады және қыркүйектің ортасында аяқталады.
Шілденің 25-іне дейін банктер мен микро қаржылық ұйымдар мемлекеттік несиелік бюроға (МНБ) қарызгерлер тізімін және негізгі қарыздар мен пайыздар бойынша бөлінген қарыздары туралы ақпаратты және жылдық тиімді сыйақы ставкасының мөлшерін жібереді.
31 шілдеге дейін МНБ әрбір адамның жалпы қарызын есептеп, тізімін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-на, банктерге және микро несиелік ұйымдарға (МНҰ) береді.
1 қыркүйекке дейін Проблемалық несие қоры банктер мен МНҰ шотына ақша аударады. Осыдан кейін борышкерлерге қарызды өтеу туралы хабарлама жіберіледі және 15 қыркүйекке дейін МНБ есептен шығаруды тексереді.
Төлем басымдылық тізбесі бойынша жүзеге асырылады: бірінші кезекте – ірі мемлекеттік жылдық тиімді мөлшерлемесі нің (МЖТМ) қарыздары / шағын несиелері, екіншіден, негізгі борыш бойынша ең үлкен борыштар және 2019 жылғы 1 маусымдағы сыйақы.
Егер борышкердің өзі ақша аударылмас бұрын қарызын толық немесе жартылай өтеген болса, банктер / МНҰ-ры қарыз алушының талабы бойынша ақша қаражаттарын ақшалай қайтаруға немесе басқа ағымдағы қарыздарды өтеуге несие беруге міндетті.
Қайталап айтамыз, аталмыш несиелік рақымшылық – бір реттік.
Ол Қазақстанның борыштық жүктемесін төмендетуге және Қазақстанның несие-қаржы жүйесін жетілдіруге бағытталған. Болашақта тұтынушылық несие беру шарттары мен қарыз алушыларға қойылатын талаптарды күшейту жоспарлануда.
Материал Krisha.kz сайтынан алынды.
Оқи отырыңыз: Үйімізді ұрылардан қалай қорғаймыз?
Атаулы әлеуметтік көмек. Балалы отбасыны қолдау. Жұмыссыздық жәрдемақысы. Әлеуметтік төлем. Жалақы
Айыппұлдар мен берешектерді тексеруді ұмытпаңыз
Кепілде тұрған пәтерді сатып алуға бола ма?
Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру