{metadescription}
Үйді сенімхат арқылы сатып алу қауіпсіз емес пе?

Үйді сенімхат арқылы сатып алу қауіпсіз емес пе?

Сенімхат рәсімдегенде не нәрсеге басты көңіл аудару қажет? Құжаттың мазмұны мен заңдылығын қалай тексеруге болады? Сенімхатпен жұмыс істеуге кімдер құқылы? Сенімхатты оқығанда қай жеріне басты назар аудару керек? Қандай деректі, кімнің өкілеттілігін тексерген дұрыс? Заңгерлердің айтуынша, үйді сенімхат арқылы сату шарты кең таралғанымен, оны қауіпсіз деу қиын.Ендеше сенімхатпен жұмыс істегенде қауіптілікке жол бермеудің амалын қарастырайық. 

Сенімхат үшінші тарапқа сенім білдірушінің атынан әрекет ету құқығын береді. Осылайша, аталмыш құжаты бар адам үлкен өкілеттілікке ие болуы мүмкін – жылжымайтын мүлікті сатуға және сол үшін ақша алуға, сондай-ақ шектеулі өкілеттілікке де ие болады –  нысанның көрсетілген сомасынан төмен бағаға сата алмайды.

Құжаттың мазмұнын және заңдылығын тексеріңіз:

  • сенімхат беруші мен сенім білдірілген адамның аты-жөні, мекен-жайы;
  • сенімді өкілге ұсынылған өкілеттіктердің тізімі;
  • берілген күні;
  •  жарамдылық мерзімі.

Мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді басқаруға сенімхат нотариуспен расталуға тиіс.

Ерекшелері:

  • әскери қызметкерлер, оның ішінде госпитальда, санаторийлерде және басқа әскери-емдеу орындарында емделіп жатқан және олардың отбасы мүшелері;
  • түрмеде немесе тергеу изоляторларында;
  • халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде тұратын қабілетті кәмелетке толған ересек азаматтар.

Мұндай жағдайларда сенiмхатты осы мекемелердің басшысы, орынбасары немесе жауапты тұлға куәландыруы мүмкін.

Құжаттың заңдылығын оны берген нотариустан өзіңіз барып тексеріңіз, болмаса Нотариат палатасына сұраныс жасатыңыз. Сонымен қатар маманның біліктілігін лицензияны сұрап тексеріп алыңыз.

Сенім білдіруші сенімхатқа қосымша мынаны қамтуы тиіс:

  • жылжымайтын мүлікке құқық,
  • техпаспорт
  • ауыртпалық туралы анықтама,
  • жұбайының / сатушының келісімі немесе некеге тұрмағаны туралы анықтама,
  • пәтерақы түбіртегі.

Сот процесіне қатысқанының мүмкіндігін тексеру үшін пәтердің және сатушының заңды тазалығын тексеріңіз. Талаптардың сотталғаны жайлы мәліметті ҚР Жоғарғы Сотының Сот кабинеті сайтынан білуге болады.

Берілген күні мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз

Сенімхатта қанша жыл жазылып тұрса да, ол кемінде тек үш жылға ғана беріледі. Егер қолданылу мерзімі көрсетілмесе, ол берілген күннен бастап бір жылға ғана жарамды. Құжаттың берілген күні жазылмаса,  ол жарамсыз болып табылады.  

Сенім білдірілген адамның өкілеттілігін тексеріңіз

Өкілетті адамға ақша алу емес, тек мәміле жасасу құқығы берілуі мүмкін жағдайлар да болуы мүмкін. Құжатта сенім білдірілген тұлғаның сатуы тиіс соманы көрсетуге болады.  

Жеке меншік иесімен кездесіңіз

Оның жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеріңіз. Сенімхат берушінің бар екеніне көз жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар оның үйді сатқысы келетіні туралы айтқан сөздерін  аудио немесе бейне жазбаға түсіріп алыңыз.  

Меншік иесімен тікелей байланыс болмаған жағдайда, заңгер мәміле жасаудан бас тартуға кеңес береді!

Есіңізде болсын!

14 жасқа толмаған баланың атынан сенімхатты тек оның ата-анасы, асырап алушысы немесе қорғаншысы, ал кәмелетке толмағандардан (14 жастан 18 жасқа дейін)– ата-анасы, асырап алушысы немесе қорғаншысы, ал қабілетсіз адамның атынан – қорғаншысы, мүмкіндіктері шектеулі адамның атынан – қамқоршысы ғана сенімхат бере алады.

Қайта жасалған сенімхатты мұқият қараңыз

Сенім білдірген адам өкілеттігі бар басқа адамға қайта іс-әрекет жасауға сенім білдіруге құқылы. Бірақ бұл келесі жағдайларда мүмкін:

  • егер мұндай құқық қолданыстағы құжатпен немесе мән-жайлармен туындаса, соның нәтижесінде ол борышкердің мүдделерін қорғауға мәжбүрлі болса;
  • қайта сенімхатта бірінші құжатта көрсетілсе немесе белгілі бір өкілеттіктер берілген жағдайда, түпнұсқалық сенімхат немесе көшірме сенімхатқа қоса беріледі;
  • құжат нотариалды түрде куәландырылған және жарамдылығы оның негізінде шығарылған бастапқы сенімхаттың мерзімінен аспауы тиіс;
  • уәкілетті өкіл меншік иесіне сенімхат туралы мәлімдесе және үшінші тұлға туралы ақпарат берсе;

Сенімхаттың мерзімі тоқтатылмағанын тексеріңіз


Сенімхаттың берілу және жарамдылық мерзімімен қоса, құжаттың жарамсыздығы туралы басқа факторларды да тексеру қажет:

  • жылжымайтын мүлікті сату;
  • сенімхат берушіден бас тарту;
  • сенім білдірілген тұлғаның бас тартуы;
  • сенімхат беруші немесе сенім білдірілген тұлғаның қайтыс болуы, олардың жарамсыз халке жеткені немесе жоғалған деп танылуы;

Мәміле жасалғаннан кейін алты айдан кешіктірмей тұрғын үйге меншік құқығын ресімдеу

 

Сенімхат үш жылға беріледі, ал егер осы уақыт ішінде жылжымайтын мүлікті өзіңізге қайта рәсімдемесеңіз, онда ең болмағанда сізге айыппұл салады, ал ең жаманы – үйді тартып алады. Құқығыңызды мәміле жасаған кезде бірден нотариуста рәсімдеу керек.

Сенімхат қанша тұрады

Жеке нотариустарда мүлкіңді пайдалану және басқару сенімхатын куәландыру құны – 2.5 АЕК немесе 6 313 теңге (2019 жылы 1 АЕК – 2 525 теңге). Оның ішінде 0.5 АЕК - мемлекеттік баж, 2 АЕК - техникалық және құқықтық сипаттағы қызметке төлем.

Тұрғын үйге сенімхатты куәландыру үшін жоғары ақы алу – заңсыз!

Есіңізде болсын: заңгерлік сенімхаттар жалпыға бірдей, ерекше немесе бір реттік болып  бөлінбейді. Ол тек қана мағынасымен ерекшеленеді: меншік, көлік құралдары бойынша  және т.б. Құжаттың жарамдылық мерзімі әрдайым  бірдей - үш жыл.

Сәттілік тілейміз!

                         Материал Krisha.kz сайтынан алынды.

Оқи отырыңыз: Несиелік рақымшылық: Кімнің қанша қарызын қашан жауып береді 
Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 

Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек? 

Шетелге шыққанда: Кедендік бақылаудан өту ережелері 

Шетелге шықсаңыз, әр елдің визалық режимін ескеріңіз 

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде