{metadescription}
5– 11 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

5– 11 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл апта мен үшін қалай болады, не тындырамын, не күтіп тұр, несімен қызықты? Қандай қуаныш бар, қандай оқиға бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің тамыз айына арналған жұлдыз-жорамалы.

5– 11 тамызға арналған жұлдыз-жорамал.

 Тоқты эмоциясы мен әрекеттерін қадағалауға тырысады. Көп жағдайда басқалардың кеңесіне сүйенеді және басынан өткен оқиғаларды сараптайды.  Бұл күндері ақпарат ағыны көп болмақ. Жаңалықтар мінез-құлық пен жоспарлардың өзгеруіне себеп болуы мүмкін. Адамдармен кездесулерді болжауға болады. Көбісі өзінің ниетін басқалардан жасыруға тырысып,  нақты мақсат қояды. Өз ойын жасампаздыққа, айқын нәтижелерге бағыттайды. Көптеген келіссөз, оның ішінде телефон арқылы да жүргізіледі. Біреуге қуанышты жаңалықты жеткізуге тырысасыз. Туыстық байланыстар сіздің болашақ өміріңізге айтарлықтай әсер етеді. Шыдамдылығыңыз бен жұмысыңыз нәтижелі болады. Жұмыста ешқандай өзгеріс болмайды, бірақ  өзіңіздің кәсіби қызметіңізге айтарлықтай әсер ететін белгілі бір процесті бастауға кірісесіз. Сіз өзіңізге тәуелді өте маңызды адамның көңілін аулауға тырысасыз. Жеке өміріңізде салқындық бар. Бұрын шабыт берген дүние енді көңілді қалдырады.  

Торпақ мәселені шеше отырып, тоқтаған шаруаны жалғастырады. Күш-қуат қалпына келеді. Жаңа жоспарлар құрасыз, барлық жағдайды «ретке келтіре» аласыз. Жұмыста жаңа қызықты бағыт пайда болады, пайдалы таныстар, материалдық өсу бар. Сізге моральдық қанағаттану әкелетін және маңызды кедергілерді жеңу үшін жүрегіңізге үміт беретін іс-әрекет болуы мүмкін. Адамдармен қарым-қатынаста сіздің бастамаңыз бойынша өзгерістер болуы мүмкін. Сіз бұрын өзіңіз үшін өте маңызды деп санаған белгілі бір қатынастардан бас тартуыңыз мүмкін. Ерекше іс-әрекет жасай аласыз, басқалармен қарым-қатынаста таңқалдырарлық іс жасайсыз. Сонымен қатар бизнестің және қаржылық аспектілерде жоғары қамтушылық  болуы мүмкін. Ақша аласыз, жағдайды еңсересіз. Тиімді байланыстар мен ықпалды серіктестермен өзара түсіністіктің тұрақтылығы үлкен мәнге ие болады. Осы кезеңде ата-аналардың балаларға әсері артады және керісінше болуы ықтимал. Қиындықтарға қарамастан қарым-қатынастар жақын және жиі болмақ. Үлкен сенім кезеңіне ауысасыз. Егер қысқа мерзімді қарым-қатынасқа бейім болсаңыз, махаббатта жолыңыз болып тұр.

Егіздер бұрынғы жоспарларынан бас тартады. Әріптестердің әрекеті арқылы іскерлік және ынтымақтастық саласындағы жаңа перспективалар болады. Егер сіз басқаларға сенуге дайын болсаңыз, көптеген жарқын оқиғалар сіздің мүмкіндіктеріңізді ашады. Алайда өмір дің қызықтары сіздің жаныңыздан өтіп кетіп, басқалардың қуаныштарын тек сырттан бақылап жүргендей күй кешесіз. Сенген досыңыздың әрекеті көңіліңізді қалдыруы мүмкін. Ақша мәселелеріне, әсіресе қарызға қатысты сақ болуға тырысыңыз. Орындай алмайтын уәде бермеңіз. Осы кезеңде сіз үй-жайларды қалпына келтірумен, жөндеуді ұйымдастырумен, декорацияны ауыстырумен айналысасыз. Сізде айтарлықтай қаржылық шығын бар, бірақ ақша ағыны да айқын. Жұмыста  белгілі бір өзгерістерді қалайсыз. Олар қатынастарға қатысты болады. Танымал адаммен қоштасасыз. Жасы келген туысыңыздан бір хабар аласыз. Іс қағаздарымен айналысу қажет болады. Билік өкілімен кездесулер болуы мүмкін.  Соңғы уақытта мазаңызды алып жүрген досыңызбен бірге жолға шығасыз.

Шаян іскерлік міндеттемелерін қайта қарастырады. Өз ойыңызда өзгерістер мүмкіндігін күн ілгері сезесіз. Жаңарған мінез-құлықты  қалыптастыруды түйсігіңізбен сезесіз. Қолыңызда қазір уақыт та бар, тиімді байланыстар да болады. Бірақ бұл кезең жұмыстағы тұрақсыз жағдайдан басталуы мүмкін. Белгілі бір қызмет процестерін ұйымдастыру алаңдатады. Әріптестермен қарым-қатынас белгілі бір күш-жігерді қажет етеді. Сіздің пікіріңіз қамқоршыңыздың қалауына тәуелді болатын жағдайға тап боласыз. Сіз өмірдегі өзіңіз ұмтылған маңызды өзгерістердің алдында тұрсыз. Мұнда жағдайдың маңыздылығы сізге қандай-да бір жолмен тәуелді адамдармен байланысты болады. Сіз үшін ішкі және сыртқы өсудің, күштердің жаңа биіктіктеріне ие болу үшін қолайлы кезең басталады. Танымалдылығыңыз артады, басқаларға әсер ете аласыз. Жаңа іске, білімге құмар боласыз. Қарым-қатынас шеңберін өзгерту ниеті іскерлік байланыстарда шешуші болады. Жеке тартымдылық, өзіне деген сенімділік деңгейі артады.

Арыстан тез табысқа жету мүмкіндігін жасыратын кедергілерді жеңесіз. Көбінесе   мұны мансаптық өсумен, ынтымақтастық қабілетімен байланыстыра бастайсыз. Өміріңіздің ресми жеңістерімен келісе алмайтын адамдардың іс-әрекеттері мен сөздері қиындық тудыруы мүмкін. Айналаңызда өсек-аяң көп болмақ. Іскери серіктестеріңіз сізді осы жолмен, осындай әсерлермен қабылдауы мүмкін. Қыңың әрекеттер мен өсектер сіздің сезімтал жүрегіңізге әсер етеді. Бұл кезеңде  жеке басыңыздың әлсіздіктері күшейе түсуі мүмкін. Жаман әдеттерден аулақ болыңыз. Апта жарақат пен жағымсыз апаттармен ерекшеленеді. Оттан, ыстық заттардан, қайнаған судан зардап шегуіңіз мүмкін. Сізге сыртқы көмексіз шешім қабылдау қиынға соғады. Өзіңіздің ішкі жоспарларыңызды ешкімге сеніп тапсырмаңыз. Бұл жоспардың жүзеге асырылуына кедергі болуы мүмкін. Жақын досыңыздың сенімі ғана сіздің өсуіңізге ықпал ете алады. Бұл күндері сіз моральдық күйзеліспен бірге физикалық ыңғайсыздықты сезінесіз. Көптеген әйелдердің романтикалық хоббиі болады. Ер адамдар жұмбақ, алдау, интригамен байланысты біршама «екібеткей» өмір сүреді.

Бикеш қайтадан реніш пен басқалармен түсінбеушіліктің қайнар көзіне айналады. Сізді қарым-қатынаста күмәндану және айтылмай қалған сөздер қиналтады. Басыңызға төнген проблемаларды бір өзіңіз еңсере алмайсыз. Жақын досыңыз сізге дұрыс бағыт көрсетуі мүмкін. Соңғы кездегі ауру-сырқауыңыз біртіндеп азаяды. Өткенді еске түсіретін жұмыс пайда болады. Кәсіби қызмет саласы өзекті болмақ. Сізге уақыт жетіспейді. Берген  уәделерді орындауға мүмкіндік іздейсіз. Өткен қатынастардың кейбір рөлі сіз үшін күтпеген жерден өзгереді. Бұл ойлануға және тіпті толқуға себеп болады. Әйелден немесе әйел арқылы алынған ақпарат маңызды болады. Еш себепсіз, күтпеген жерден пайдалы қарым-қатынас бұзылуы мүмкін. Тағдырыңызға маңызды бөтен рөл сіздің мазаңызды алады, алаңдатады. Бірақ ол сізге ештеме істей алмайды. Әйелдер өсіп келе жатқан тұрақсыздықты сезінеді. Ер адамдар не болып жатқанын қатты сезінеді және тіпті белгілі бір артықшылықтарға қол жеткізе алады.

Таразы сөздері және әрекеттерімен өзінің ғана емес, тіпті өзгенің де өмірін өзгерте алады. Өз проблемаларфмнфң тар шеңберімен шектелуім тым көп деп ойлайсыз. Сізді әр түрлі деңгейдегі сұрақтар толғандырады, оны толығымен түсінесіз, ол табандылықтың арқасында болмақ. Достардың бірінің әрекеті мен ниеті көңіліңізді қалдырады. Енді серіктер мен одақтастарды таңдауда талғамды болуға үйренесіз. Белгілі бір адамдар тобынан кету немесе белгілі бір отбасымен қарым-қатынастың тоқтатылуы мүмкін. Сонымен бірге достық қарым-қатынас пен серіктестікке дайын боласыз. Және өмірдің қаржылық жағы сенімділікке, жаңа тиімді айла-шарғы жасау мүмкіндігін береді. Іскерлік қарым-қатынас шеңбері ақша қатынастары тақырыбымен анықталады. Жұмысыңызда ұстанымыңыз өзгеріссіз қалады, дегенмен әріптестермен іс-әрекеттегі сәйкессіздік сізге шін пайдалы серіктес тің сенімін жоғалтуға әкелуі мүмкін. Саяхаттауда мистика орын алады. Болған жағдай кейбір белгілерге көзқарасыңызды өзгертуге мәжбүр етеді.

Сарышаян санасын белгілі бір адаммен болған уайымнан арылтады. Материалдық жағынан да, психологиялық тұрғыдан да осалдық байқатасыз. Идеяңызға жаңа одақтастарды тарта отырып, жиі жаңаратын ынтымақтастықпен байланысты жаңа келешек күтілуде. Шығармашылықтың рөлі артады. Сіз өмірлік бағдарлама аясында жұмыс істеуге дайынсыз, бірақ ол тұрақтылық ойды қалыптастырған емес. Дегенмен қазір болып жатқанды өзгерген көзқараспен пайымдайсыз. Бір қызығы, бастамадан пайда түсіресіз. Бұрынғы еңбектеріңіздің нәтижесін көретін кез келді, яғни бұрынғы әрекеттеріңіздің жемісін көресіз. Сіңірген еңбектерге сыйлықтар, марапаттар болуы мүмкін. Сіздің ұстанымыңыз белгілі адамдар тобында үлгі болады. Осы ортада сақтық танытудың көзі өткеннің тәжірибесі және болып жатқанға философиялық көзқарас танытасыз. Тағдыр кәсіби іс-әрекетті таңдауда тағы да таңдау ұсынады. Тәуелсіздік, өзіне деген сенімділік сізде бар. Туыстармен қарым-қатынас өзгеруі мүмкін.  Алыс жерде тұрып жатқан адаммен тығыз байланысты сезінесіз.

Мерген жақын достарды көруге мұқтаж болған жағдайда, олардың жауына айналады. Бұл күндері одақтастарды таңдауда қателесесіз. Өзгенің тәжірибесі, серіктестердің пікірі келеңсіз жағдайдайлардан сақтап қалады.  Мансаптық өсуге, іскери міндеттемелерді орындауды бірінші орынға қойыңыз, әріптестеріңізбен қарым-қатынасқа көп көңіл бөлмеңіз. Өзіңізге жағымсыз адамның қасында тұруға немесе бастықтың кеңсесінде ұрыс-керіске куә болуыңыз мүмкін. Қандай адамға қалай ықпал ете аласыз, тап осыдан сіздің материалдық жғдайыңыз түзеледі. Көп уақытты үй мәселелеріне, үй жұмыстарына және жақын туыстарыңызға көмекке арнайсыз. Балалармен және үлкен туыстармен қарым-қатынасты нығайып, жақын тартасыз. Жаныңыз жай тауып рахат алмасаңыз да, жай-күйіңіз бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсырақ сезінесіз. Досыңыздың алған жақсы жаңалық сізді қуантады. Қызықты адаммен есте қаларлық кездесу болады.

Тауешкі басқаруға келмейтін жағдайды мойындауға мәжбүр болады. Кәсіби мәселелер саласындағы объективті шындыққа тап болады. Жұмыстағы қайта құру, жоғары басшыдан бас тартуға мүмкін емес ұсыныс түседі. Уақыт сіз үшін жұмыс істегенімен, бәр нәрсеге алаңдай беретін боласыз. Бұл күндері ықпалы сіздің бизнесіңіздің алға жылжуына тиімді әсер ететін адамдармен кездесесіз. Іскер серіктестерге, тіпті достарыңызға сенім артуға дайын емессіз. Әр жолы сіз басқалардың өркендеуіне бағытталған белгілі бір іс-шараларға қатысқаныңыз үшін өкінесіз. Басқа адамдардың жетістіктері сізді қорқытуы мүмкін. Жаңа таныстар болады. Бірақ олар көбінесе кәсіби қызметке әсер етеді немесе өте үстірт сипатқа ие болады. Үлкен жастағы әйел ашу-ызаңызды тудырады. Ұзақ уақытқа созылған процеске қатысты заңнамалық мәселе шешуге тура келеді. Денсаулық мәселесі сізді тағы алаңдатады. Үй шаруасымен айналысқыңыз келеді. Кейбіреулерге үйде болса да ол қуаныш әкелмейді. Достарыңызға барғаныңыз жөн.

Суқұйғыш басқа адамдармен салыстырғанда табысты болмақ. Расында да жетістігіңіз көзге ұрып тұрады. Жұмыста сізге теңдесі бар адам жоқ. Бірақ ол шеберлікте емес, авторитаризмде, яғни жасалған образда. Ең алдымен, өзіңіздің ерекшелігіңізге сенесіз. Бұл сіздің мансап жолыңыздың кілті болады. Жұлдыздар сізді тәуелсіздіктен арылуға, біреудің ықпалынан шығуға итермелейді. Досыңыздың ұсынысынан келешек көресіз. Жаңартудың белгілі бір кезеңі бар. Мүмкін, бұл сіздің дереу әрекет етуге немесе ерік-жігеріңізге байланысты болмайды, бірақ болашақта сіздің қиын жағдайыңыздағы түзететін бұрылыс болмақ. Сыртқы келбетіңіз жиһазға немесе тұрмыстық техникаға қатысты кейбір мәселелерді шешуді жеңілдетеді. Сіздің тағдырыңызда кездесу болады, оның маңыздылығын асыра бағалау қиын. Болашақта мұны жиі еске алатын боласыз. Ал әзірге оған бәлендей мән бермейсіз. Әйелден немесе әйел арқылы қауіп төнуі мүмкін. Байқап сөйлеңіз. Әйел жынысты Балық немесе Тоқтыдан сақтаныңыз. Олармен қарым-қатынасыңыз бұзылуы мүмкін.

Балық өзі құрметтейтіндердің кеңестеріне үлкен ыждаһатпен құлақ түреді. Жанына әдепті, білікті және білімді адамдар жағады. Интеллектуалды қарым-қатынас басқа қатынастан биік тұрады. Сонымен бірге өз мүмкіндіктеріңізді асырыңқырап, оқиға барысын тым әсірелеуге бейімсіз. Бірақ сіз басқаларға тартымды боласыз. Айналаңыздағылар сізге құдайдай сенеді. Іскери байланыстарда сіз шапшаң болуыңыз керек, өйткені чіз ылғи сәттілікті уысыңыздан шығарып аласыз. Күнделікті мәселелер, маңызды қағазды рәсімдеу қажеттілігі, сондай-ақ маңызды іс-шараға дайындалу күтілуде. Әріптестеріңіздің идеялары күмәнді болып көрінуі мүмкін. Кейбір сәтте сенімсіздік те жоққа шығарылмайды. Бірақ сіз болып жатқан нәрсені өзгерте алмайсыз. Түйсігіңіз сезімдеріңді іште ұста деп тұр. Өз мәселелеріңізді өзіңіз шеше аласыз. Сырт көзге оптимист көрінгеніңізбен, ішіңізде мазасыздық бар. Таза ауада серуендеу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысыңыз. Табиғатыңыздан денсаулығыңыз әлсіз. Профилактикалық емделуді қолға алыңыз. Сізді керемет керемет сатып алулар күтіп тұр. Жеке өміріңізде қасыңыздағы адам үшін бәрін шешесіз. Оның наразылығы пайда болуы мүмкін.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Қарапайым соус дайындап үйренейік 

Жаз мезгілін офисте өткізетін адамдарға 6 кеңес 

Смузи. Ескертпе. Құпиясы. Қарапайым рецептер

Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек? 

Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  

Шетелге шығатын азаматқа қажетті мағлұмат  

Тексеріңіз: Психикасы сау адамның 15 белгісі 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде