Алматыда қай жерден үйді жалға алу арзан?
Алматыда өзіңе ыңғайлы пәтер жалдау неге соншалықты қиын? Жалдаудың оңтайлы бағасы қандай? 60 мың теңгеге не табуға болады? Үйді жалға алуды неден бастау керек? Қайсысы арзан? Ықшам аудандарда баға қандай? Орталықта тұру қымбат па? Үйді қалай іздейміз? Оңтүстік астананың жалға беру нарығы туралы негізгі сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Алматыдағы тұрғын үй нарығы небір үйлермен таңдандырады. Мұнда бәрі бар: уақытша үйлер, есі типтік, заманауи жаңа ғимараттар, элиталық пәтерлер. Сонымен бірге жалға алар кезде: тым қымбат, алыс жерде, жалға беріліп кетті, пәтердің тозығы шыққан деген бірқатар проблемаға тап болады. Осылайша бірнеше апта бойы қолайлы пәтер іздеп сандалып жүруіңіз мүмкін. Ондай сәтсіздіктің бірнеше себебі бар: пәтер іздеудің ұтымды жолын білмеу, бюджет талабына сәйкессіздік, аз уақыт ішінде тез табу, мәміле жасасу кезінсозып жібері және т.б.
Неден бастау керек?
Іздеуді бастамас бұрын жалға алатын пәтердің негізгі сипаттарын анықтап алу керек: бюджетін, ауданын, көлемін, мерзімін, инфрақұрылымын. Неге басымдық бересіз? Мысалы, қандай пәтер болса да, жұмыс орныңызға жақын жерде тұруыңыз керек немесе көлік тығылысында тұрып алыс жақтан келіп қиналсаңыз да пәтер өзіңізге барынша қолайлы болуы тиіс.
Еске сақтайтын бәр нәрсе, анда-санда нарыққа мониторинг жасап, қандай ұсыныс жиі, қай ұсыныс сирек кездесетінін біліңіз. Сонда өзіңізге ылайық пәтер пайда болғанда бірден байқап, бар жағдайды біліп отырасыз.
Сайттағы жалға алу бөлімінің бәрін қарай бермей, фильтрді пайдаланыңыз. Ең басты ерекшелігін көрсетіңіз: бюджет, бөлме, аудан. Қалаған аймақты картада көрсетіңіз.
Егер делдалдың қызметінен бас тартып, үйді өзіңіз іздегіңіз келсе, «қожайындардың» хабарландыруын таңдаңыз. Ал егер сенімді агенттіктердің ұсынысы ұнаса, тиісті қосқышты қолданыңыз.
Қайсысы арзан?
Нарық мониторингі көрсеткендей, 2019 жылғы 22 тамызда Алматыда тұрғын үйдің 1 шаршы метрі орташа есеппен 2460 теңгеге жалға беріледі (жатақхананы қоспағанда, меншік иелерінен 1,2,3 бөлмелі пәтерлер ескерілді).
Соңғы жылдары бұл көрсеткіш тұрақты, бірақ көбінесе нарық құрылымының өзгеруіне байланысты мезгіл-мезгіл өзгеріп отырады.
Дәстүрлі түрде қымбат тұратын аудандар мен қаланың бөліктері бар екенін түсіну керек, мұнда орташа құны нарықтан едәуір төмен.
Алматыда Түрксібдегі ең қолжетімді баспана (1700 тг / шаршы метр),
Жетісу (1800 тг / шаршы м), Алатау (1850 тг / шаршы м) және Наурызбай (1890 тг / шаршы м) аудандары.
Бұл аудандардағы бір бөлмелі пәтерді жалға алу бағасы 60 000-70 000 теңгеден басталады. Қарапайым екі бөлмелі пәтерді 80 000 - 90 000, үш бөлмеліні 95000 немесе 120 000 теңгеден алуға болады (орналасқан жеріне байланысты). Әдетте бұл пәтерлерді ыңғайлы және күтімі бар деп айту қиын.
Еурожөндеуден өткен және жиһазбен жабдықталған пәтерге иесі 30, тіпті 40% көбірек сұрайды, алайда бұл аудандардағы мұндай баспана аз, сондықтан орташа баға көрсеткішіне бұл нысандар онша әсер етпейді.
Айта кету керек, дәстүрлі пәтерлерден басқа мини-жатақханалардың барлық түрлері бар. Әдетте бұл қала шетіндегі душ пен ваннасы жоқ бөлмелер, айына 30 000 - 40 000 теңге. Көлемі 8-ден 16 шаршы метрге дейін, 50 000 теңге шамасында, жекешелендірілген жатақханалардағы бөлмелер немесе қала маңындағы тұрғын кешені үйлеріндегі шағын пәтерлер. Егер бұл көңіліңізге жақпаса, онда «жекешелендірілген жатақхана» бөлімінде «жоқ» таңдау арқылы алып тастай аласыз, сонымен қатар шамамен ең кішігірім деген 33 шаршы метрді таңдауға болады.
Ықшам аудандар: оң және теріс жақтары
Орташа баға сегментіне келетін болсақ, Әуезов және Алмалы аудандарының ықшам аудандарына назар аудару керек. Онда орташа есеппен көлем бірлігіне байланысты шаршы метрі не ай сайын 2500 сұрайды.
Кәдімгі үйлерде бір бөлмелі пәтер бағасының кішігірім деңгейі коммуналдық төлемсіз 80 000 теңгеден басталады. Екі бөлмелі пәтерлердің ең арзан бағасы 90 000 теңгені құрайды. 110 000-120 000 теңгеге үш бөлмелі жөндеусіз жұпыны пәтерді жалдауға болады. Ал жақсы дегені шамамен 30% қымбат.
Қаланың осы бөлігінде бірнеше тұрғын үй кешендері бар. Әуезов ауданының жаңа салған үйлерінде 1 шаршы метр. м 1700-ден бастап («Жетісу» ТК) айына 3700 теңгеге дейін сұрайды. Баға ауқымы 100 000-нан 500 000 теңгеге дейін.
Әуезов ауданының басты артықшылығы – дамыған инфрақұрылым мен көліктің қол жетімділігі. Қолайсыздығы – көпшілікке әйгілі «әжелердің пәтерлері» деп аталатын, кілемдер, серванттар, салбыраған люстра. Сонымен қатар егер ипотекаға ақша жинап жүрсеңіз мұндай баспанада өмір сүруге болады.
Орталықта тұру қымбат па?
Жалға алудың ең жоғары бағасы Бостандық ауданында (3 450 тг / шаршы метрі), Медеу ауданында (3500 тг / шаршы м.) және Алмалы ауданында (3000 тг / шаршы м.). Тұрғын үй кешендеріндегі орташа баға айына коммуналдық шығындарды қоспағанда 3600 теңге / шаршы.м.
Әйгілі алтын квадратта (Гоголь - Сейфуллин - Қалдаяқов - Абай) қарапайым үйлердегі баға көрсеткіші айына 3 400 тг / шаршы м.
1-2 бөлмелі пәтерді айына 130 000-нан арзан жалдау өте қиын.
Құны, ең алдымен, орналасқан жеріне байланысты өзгереді. Орталыққа неғұрлым жақын болса, соғұрлым қымбат. Үйдің ахуалына да байланысты.
Алтын квадратта бірнеше тұрғын үй кешені аз, сондықтан жалдау бағасы өте жоғары. Атап айтқанда, «Столичный центр» тұрғын үй кешенінде екі бөлмелі пәтерді жалдау айына шамамен 350 000 теңге тұрады. Ал егер «алтын квадраттан» жоғары көтерілсең, жағдай өзгереді, бірақ айтарлықтай емес.
Достық - Абай - әл-Фараби - Розыбакиев алаңындағы қарапайым үйлерден 1-2 бөлмелі пәтерді жалға алу 110 000 - 130 000 - 250 000 теңгеге дейін болуы мүмкін. Мұндай тұрғын үйдің есептік бюджеті шамамен 150 000 теңге немесе 3,600 теңге / шаршы метрді құрайды.
Егер Абай даңғылының үстіндегі тұрғын үй кешенінен пәтер таңдасаңыз, баға деңгейі 4000 теңге / шаршы метрді құрайды. айына м. Қазіргі ұсыныстардың ішінде – бір бөлмеге 160 000 теңгеден басталады. Қаланың жоғарғы бөлігіндегі жаңа ғимараттардағы ең арзан 2-3 бөлмелі пәтерлердің бағасы айына 180 000 - 200 000 теңге аралығында. Мұндай тұрғын үйдің есептік бюджеті шамамен 150 000 теңге немесе 3600 теңге / шаршы метрді құрайды.
Егер Абай даңғылының үстіндегі тұрғын үй кешенінен пәтер таңдасаңыз, баға деңгейі айына 4000 теңге / шаршы метрді құрайды. Қазіргі өзекті деген ұсыныстардың ішінде – біл бөлмелі 160 000 теңгеден басталады. Қаланың жоғарғы бөлігіндегі жаңа ғимараттардағы ең арзан 2-3 бөлмелі пәтерлердің бағасы айына 180 000 - 200 000 теңге аралығында.
Үйді қалай іздейміз?
- Дұрыс іздеудің жолы – қойған талаптарыңыз объективті болсын.
- Нарықты бақылауды тоқтатпаңыз және шешімді дер кезде қабылдаңыз.
- Жаңа хабарламалар үнемі жаңаланып шығып тұрады.
- Үй иесімен тез байланысқа шығу өте маңызды.
- Хабарландыруды жоғалтып алмас үшін оны «Таңдаулыларға» қосып қойыңыз.
Krisha.kz сайтынан аударып алынды.
Оқи отырыңыз: Үйімізді ұрылардан қалай қорғаймыз?
Үйді сенімхат арқылы сатып алу қауіпсіз емес пе?