Атаулы әлеуметтік көмек: Қашан, қалай, қандай?
2020 жылдан көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалады? АӘК көпбалалы отбасыларға төлене бере ме? Оның төлеу шарттары қандай? Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көмектің қандай түрі көрсетіледі? Мүдегек баласы бар отбасылар туралы қандай жоспар бар? Аз қамтылған отбасылардың балаларына қандай көмек беріледі? Жалпы, жаңа мемлекеттік жәрдемақы туралы не білеміз?
Автор: Заира Сабитова
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын таныстырған еді. Оның басты бағыты - еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету. Жаңа заң жобасында көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны табысына қарамастан төлеу ұсынылып отыр.
2020 жылдан көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі
Көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан белгілетен мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдан бастап төленеді. Еңбек министрлігінің бұл ұсынысы қолдауға ие болып, тиісті заң жобасы қабылданса, 1 қаңтардан бастап жаңа жәрдемақы төленеді.
Қазақстанда көпбалалы 343 мың отбасы бар. Төрт балалы – 61 %, бес балалы – 27 %, алты балалы – 9%, жеті және одан көп баласы бар – 3%.
Жаңа ұстанымдар көпбалалы аналарды қолдауды, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік топтаманы қамтиды. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңге.
Көпбалалы отбасылардың құрамындағы балаларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі
Жаңа ұстанымдар көпбалалы аналарды қолдауды, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын болады.
АӘК-тің алатын балалардың 60 пайыздан астамы көпбалалы отасыдан. Осыған байланысты АӘК алуға көпбалалы отбасылар құрамындағы балаларға табысқа қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыру ұсынылды. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізері анық. . Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған АЕК-ке еселенген мөлшерде белгілеу ұсынылады.
АӘК қалай тағайындалады
Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмектің үш түрі көрсетіледі.
Жаңа атаулы әлеуметтік көмек отбасылық кіріске қарамастан барлық көпбалалы, яғни 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқы орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі. Егер бұл отбасы табысы бойынша аз қамтылған отбасы санатына жататын болса, онда бұл отбасыға жаңа жәрдемақыдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұған қоса, кепілдікті әлеуметтік топтама ұсынылады. Сондықтан аз қамтылған, көпбалалы отбасы болса, аталмыш көмектің барлық үш түрін алады.
АӘК көпбалалы отбасыларға төлене бере ме?
Аз қамтылған отбасыларды анықтайтын ең төменгі күнкөріс шегінен 70 пайыздық өлшемшарт сол күйі қалады. Отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері бұған дейінгідей отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен ең төменгі күнкөріс шегінің 70 пайызы арасындағы айырма ретінде анықталады. АӘК алу процедурасы мен шарттары қайта ылады. АӘК тоқсан сайын тағайындап, төлеу жүйесі қайта қолға алынады. Қазіргі ол 6 немесе 12 айға тағайындалады. АӘК алу үшін құжат ұсынудың қажеті жоқ. ЖСН мен өтініш болса жеткілікті. Учаскелік комиссиялардың жұмысы күшейтіледі. Еңбек министрлігі қажетті өлшемшартты анықтап, учаскелік комиссияға беріп, комиссия тексеріп, шешім шығарады.
Аз қамтылған отбасылардың балаларына – жаңа көмек
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізілмек. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Оқушы балаларға мектепте тегін ыстық тамақ, күнделікті мектепке тегін барып-келу, мектеп формасы мен оқу құралды мемлекет есебінен беру. Осылайша атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетігі түзетіледі. Егер көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, аз қамтылған отбасы мәртебесінде қала беретін болса, ұсынылып отырған заң жобасына сәйкес, бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларына кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын көмек тағайындалады.
Отбасы мүшесі жұмысқа орналасудан бас тартса АӘК төленбейді
Еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады.
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ең басты шарт – отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі жұмыс істеуі тиіс және өз отбасы үшін жауапкершілігі бар. Оларға шартты ақшалай көмек түрінде қол ұшын беріліп, ол ауласында қандай да бір жеке шаруашылығымен айналыса бастауы үшін бірнеше ай бірреттік АӘК төленеді. Аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарға бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасы пайдаға асуы тиіс.
АӘК алушыларға бос жұмыс орындары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және жаңа кәсіпті үйрену ұсынылады. Бұл ретте «Еңбек» бағдарламасына өзгертулер енгізіледі. Яғни, шағын несие бұрынғыдай 5 жыл емес, 7 жылға жылдық 4 пайызбен ұсынылады. Шағын несие сомасы да «ауыл», «қала» деп бөлінбейді. Ал көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамту бойынша мақсатты индикаторға жергілікті атқарушы орган жауапты.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейді
ҚР заңына сәйкес, баланың 1 жасқа дейінгі күтіміне арнайы жәрдемақы бар. Оның мөлшері жұмыс істемейтін әйелдерге ай сайын бірінші баладан 14 500 теңгеден бастап төртінші балаға дейін 22 500 теңге дейін. Жұмыс істейтін аналар мемлекеттік сақтандыру қорынан жалақысының 40 пайызы мөлшерінде, орташа есеппен 33 мың теңге көлемінде баласы 1 жасқа толғанға дейін жәрдемақы алады. Аталмыш заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізіледі.
АӘК жаңа шарттары қандай
Атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс.
- Біріншіден, АӘК-тің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару және тиісінше, шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау. Бұл АӘК алушылардың өз табысын жасыруын төмендетеді.
- Екіншіден, көмекті тағайындау тәртібі әділ болады. Себебі отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп жатады. Яғни, АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін.
- Үшіншіден, барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысы мен кедейшілік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленетін болады.
- Төртіншіден, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады.
- Бесіншіден, бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру ұсынылады.
АӘК үміткер отбасылардың санының артуы қоғамдық негізде жұмыс істейтін учаскелік комиссиялардың жұмысына әсер ететіні рас. Заңда учаскелік комиссияларға отбасының материалдық жағдайына қорытынды жасау үшін мерзім үш күннен жеті күнге дейін арттыру ұсынылды.
Мүдегек баласы бар отбасылар туралы
Мамыр айында 2025 жылға дейін мүгедектер құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар қабылданды. Ұлттық жоспар аясында мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету көзделген.
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға шілде айында мөлшері ұлғайған жәрдемақы бар – 42 500 теңге. Ал 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек жасөспірімдер де 35 мыңнан 57 мың теңгеге дейін жәрдемақы алады. Заңнамада 18 жасқа дейін мүдегек баланы және 18 жастан асқан 1 топтағы мүгедекті тәрбиелейтін ата-анасы да, қамқоршысы да мемлекеттен 41 500 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады. Отбасының аз қамтылғанын анықтау барысында мүдегек балаларға төленетін жәрдемақылар отбасы табысының құрамында есепке алынбайды.
АӘК-ті заңсыз алғандар ақшаны өз еркімен қайтарып жатыр
Атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз тағайындалуына жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің де кінәсі бар. Жыл басынан бері АӘК алуға табысы мен дүние-мүлкін жасырған 73 714 отбасы анықталды. Кірістерін жасырған адам – жауапты. Қазір АӘК заңсыз алған отбасылар қаражаттарын қайтадан мемлекетке өз еркімен қайтарып жатыр. Артық төленгендерге алдағы айлардың төлемдерінен ұсталады. Жазалау шаралары болмайды.
Оқи отырыңыз: Үлескерлерге анықтама-ақпарат. Алаяққа алданбау үшін нені білу керек