{metadescription}
14 – 20 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

14 – 20 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл аптада несімен қызықты? Қандай қуанышты оқиға бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.   

14 – 20 қазанға арналған жұлдыз-жорамал.

 Тоқты өзінің туындаған жағдайларға байланысты тәуелділігі азаяды. Өзіне сенімділік, перспективаның айқындылығы - бұл осы кезеңдегі әрекеттеріңіздің негізі. Алда маңызды оқиға күтіп тұр: көптен күткен досымен, туысымен есте қаларлық кездесу бар. Белгілі бір мақсатта сапарға шығуыңыз мүмкін. Жақындарыңыз үнемі назарыңызда болады. Сізді жаңалықтармен, жаңа ақпаратпен алмасатын әңгімелер, диалогтар қызықтыра алады. Ой-тілектеріңіз көбінесе үймен байланысты болады. Достармен сөйлескеннен гөрі, отбасылық қатынас тартымды болады. Әйелден ұзақ күткен сыйлық аласыз. Жұмыстағы әріптестер арасында сабырлы болу керек. Қақтығыс жағдай, даулы мәселелер осы жерде орын алуы мүмкін. Эмоцияға ие болыңыз. Өйткені өзіңіздің мәлімдемеңізден зардап шегуіңіз мүмкін. Кедергі жасамау идеясы ең оңтайлы болмақ. Жеке өмірде жаңа хобби пайда болуы мүмкін. Албырт көңіл жоққа шығарылмайды, біреудің артынан жүгіріп, әуесқойлық танытып, арты бірдемеге ұласуы да мүмкін. Қаржы аспектісі біршама алаңдаушылық тудырады.

Торпақ қиын жағдайда болады, өйткені таңдау жасауға мәжбүл болады. Көбінесе бұл жеке қарым-қатынасқа немесе жұмысқа қатысты болады. Серіктестің немесе бір қызметкердің шабуылына әрдайым батыл түрде қарсы тұру керек болады. Көбісі жасы үлкен туысқанымен қақтығысады. Бұл күндері көзін, көз жанарын қорғассын. Ауыр жұмыс, спорттың ауыр салдары болуы мүмкін. Көбінесе қолмен жұмыс істеп, қимылдауға тура келеді. Достармен қарым-қатынаста сәл кідіріс бар. Барлығы сіз туралы әдейі ұмытып кеткен сияқты сезім туады. Ешкім қоңырау соғып мазаламайды, ештеме өтінбейді. Бұл қайғылы ойларға себеп болады. Сапарға шығу, саяхат қолайлы болады. Кәсіби жұмысқа орналасудың жаңа идеясы пайда болады. Сәл ырымшыл боласыз, кішкене нәрселерге назар аударып, не болып жатқанын егжей-тегжейлі салыстырасыз. Қаржыға қатысты барлық мәселеге сенімділік  жетіспейтін болады. Ақша жағынан тіпті сырттан келген адамдар да көмектеседі.

Егіздер туыстарына қатысты біршама ұмытшақ болады. Жеке өміріңіз өзгермесе де,  еш себепсіз басқаларға деген көзқарасыңызды өзгертесіз. Жақында біреуге уәде етілгенін ұмытпаңыз. Мүмкін уәделеріңізді орындағыңыз келмеуі мүмкін: алайда, жалқаулығын жеңе алғандарды сәттілік күтіп тұр. Демеушілікке мұқтаж адамдар қолдау таба алады. Егер   алдын-ала дайын болсаңыз, сапар ұйымтастырылады. Үйден алыс жерде сенімділік артылады. Позитивті эмоция жақын адаммен қарым-қатынас жасаудың тірегі болады. Сізге көп нәрсе жаңа, қызықты болып көрінуі мүмкін, проблемалардан алыс. Өзіңіздің бос уақытыңызды жақсылап өткізе аласыз, басқаларды қуанта аласыз. Бірақ  эмоцияны тоқтатып, әр қадамыңызды аңдып басыңыз. Қызықтырған жаңалыққа деген шөлдігу жақындарыңызбен қарым-қатынасқа теріс әсер етпейтініне көз жеткізіңіз. Жеке өмірде махаббат, құмарлық орын алуы мүмкін. Ерлер әсіресе сезімтал импульстарға бейім. Қолыңызға ие болыңыз.  

Шаян қажетсіз шығыннан аулақ болу керек. Сатып алған зат кейін қажетсіз болып қалуы ықтимал. Бір жасы келген әйел сіздің көмегіңізге зәру болады. Осы аптадағы таныстар пайдалы деу қиын. Жұмыста жаңа бұрылыс жоқ,  бірақ осы күнгі оқиғалар өз міндеттеріңізге деген қызығушылықты оятады. Әдеттегідей, басыңызда миллион идея толып жатыр және оны орындауға жанталасасыз, ол үшін тіпті күні-түні жұмыс істеуге барсыз. Бірақ жұлдыздар сіз ештеңені өзгертпеуіңіз керек дейді. Табысқа жетудің ең жақсы тәсілі - бұл бұрын ұйымдастырылған мәселелерді басқалардың мойнына іліп, ұйымдық мәселелерді шешу. Материалдық тұрғыда өсу бар. Үйіңізде жағымды өзгеріс болады. Туысқаннан сыйлық күтіңіз. Бұл мереке, жақсы адамдармен кездесесіз. Бұл күндері көп жаңалық естисіз. Сізге ақпарат басқа адамнан келеді. Теледидардан көріп, оқығанна гөрі басқалардың әңгімесі неғұрлым әсерлі болмақ. Жеке өмірде бәрі керемет. Бірақ қандай да бір себептермен әйелдер мұңаяды. Бәрі тағы да сіз күткендей емес, басқаша сияқты ма, қалай....

Арыстан қозғалыста болады. Бойында толған күш жылдам әрекет етуге мәжбүр етеді. Оны ойланбай істейді. Ойлануға мұрсат та бермейді. Сенім артатын адамның көмегі мен қолдауы қажет болады. Кеңес, уақтылы шешілген шешім - сізді бірінші орынға шығарады. Бірақ бұл күндері жеке өміріңіздегі іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы басқаларға ашуланбауыңыз керек. Ниетіңіз бен іс-әрекетіңіз көпшілікке жария етілуі және белгілі шеңберде талқылануы мүмкін. Егер зіңіздің беделіңізді ойласаңыз, аузыңызды жабыңыз. Бизнестің бұрын-соңды болмаған өсуі туралы айтылып, тауларды жылжытуға болатынын сезесіз. Өміріңіздегі түбегейлі өзгерістер туралы жиі ойлайсыз. Өткенмен бөлісуден қорықпаңыз. Әдеттеріңізді, тұратын жеріңізді және мүмкін серіктесіңізді өзгертіңіз: сіз қалай әрекет ету керектігін білесіз және сізге көмектесетін адам да бар. Өзінің дұрыстығына сенімді болу, алға  жақсы демеу береді. Сізді адастыру қиын. Өз күш-жігеріңіздің әсерінен жақын досыңызды қалай ренжіткеніңізді байқамайсыз. Шынында, сіз басқа адамдар туралы алаңдамайсыз. Ол сіздің қаталдығыңыз емес, шын мәнінден сіз оған бас қатырмайсыз, өйткені сізді қазір басқа нәрселер: ақша, жұмыс, саяхат қызықтырады.

Бикеш өз көңіл-күйіңізге назар аудармаңыз. Күдікті көзқарастарыңызды жүзеге асырушы болмаңыз. Жаңа бизнесте, сондай-ақ серіктестік қоғамдастықта өз күшіңізді сезінудің керемет мүмкіндігі болады. Ер адамнан көмек келеді. Оның сөздері сіздің ойыңызды тежеп, болашақ жоспарға үміт береді. Кездесулерге, іскери келіссөздерге көп уақыт арнауға тура келеді. Заңдық қиындық жоққа шығарылмайды. Осы мерзім ішінде  кез келген бизнесті бастай аласыз, өйткені  қолдау көрсетіледі. Демеу көрсеткен адамның мағынасын түсінесіз және оны шебер пайдаланасыз. Жұмысқа байланысты саяхат сәтті болмақ. Бірақ бөтен адамдарға қарыз бермеңіз. Қайтару мүмкін, бірақ ол өте ұзаққа созылып, дегбіріңізді қашырады. Есесіне қулығыңыз бен авантюристік қабілетіңіздің арқасында қмақты сома аласыз. Жеке өмірде сезім аспектісін іске асыру кезеңі басталады. Бұл, әсіресе,  ​​әйелдерге қатысты. Құмарлықтардың тұңғиығына батып кетпеңіз.

Таразы жұмысы бұрынғыдай қызықтырмайтынын түсінеді. Басы толған ұсақ-түйек ой. Жүрегі сағынышқа толы. Өзі жақында ғана бас тартқан дүниеге қайта оралғысы келеді. Басын ауыртқан жақын адамымен қоштасады. Жан-жағы адамдарға толы болса да, жаңалық жетіспейді. Өзін қинаған нәрсесін ешкімге айта алмай қиналады. Жоспарлаған істері жүзеге аспай қалуы мүмкін. Кедергілер кездеседі. Іскер серіктесімен түсінбеушілік орын алады. Бір әріптесіңіз үшін басшылыққа шағым айтасыз. Дәрігерге барасыз. Бұл аптада денсаулықты қалпына келтіруге өте қолайлы кезең туып тұр. Салмақты жөндеп, диета ұстаңыз. Үйдегілердің өздігімен істеген істері жүйкеңізге әсер етеді. Дұрыс жол – оларға еркіндік беріңіз.

Сарышаян беделді адамнан күшті қолдау алады. Жаңа тәртіптегі жаңа идеялар қызықтыратын болады. Бұрын айналыспаған иеялар. Бейтаныс іспен айналысқан қызық боп көренідеі, соған ұмтыласыз. Одақтастың көмегімен практикалық білімін жетілдіреді. Бұл аптада бір орында отырмайсыз. Жүгіріп жүретін боласыз. Алыс сапарға шығуыңыз ықтимал. Жарқын кездесулер, қызықты әңгімелер көп болмақ. Ақпарат легімен тіпті басыңыз айналатын болады. Ескі досыңыз жайлы бір нәрсе естисіз. Көңіліңіз қалуы мүмкін. Бетпе-бет сөйлескенде көзіңіз жетеді: бұрынғы тартымдылық көзден бұлбұл ұшқан, жарайды, өтті де, кетті. Сөйтіп махаббат кетті деңіз. Отбасында отырыс күтілуде. Сыйлықтар жасайсыз. Өзіңіз де күтпеген сыйлық аласыз. Көбісі жұмысында кейінге қалдырылған бұрынғы істеріне қайта оралады. Әріптестермен қарым-қатынаста қиындық туады. Оған көщіңіз жетеді. Тек ұстанымыңызды өзгертпеңіз: тыңдап, еске сақтаңыз. Қорытынды шығарып, айналадағы жағдайды ескеріп отырыңыз.

Мерген әбден жүйкесіне тиген істі ақыры ыаяқтауға бел буады. Өзіңізді жаңалықтар мен оқиғаларға толы аралда жүргендей сезінесіз. Кейде бәрі сізге қарсы сияқты болып көрінеді. Бірақ жағдай ондай тым ауыр емес. Сіз өз пайдаңызға шешілетін өзгерісті байқайсыз. Әріптестер мен қарсыластармен араласып тіпті содан пайда көресіз. Сіздің мінезіңіздегі тіктік пен шынайылық өте бағалы қасиет. Бірақ бәрінің бетіне шындықты айтуға асықпаңыз. Сезімтал болыңыз. Абай болыңыз. Жақындарыңызға шыдамды болыңыз. Дегенмен серіктесіңізді ауыр сөзбен ренжітесіз. Сосын өзіңіз де біреуден көңіліңіз қалады. Көп нәрсе басшылығыңызға қатысты болмақ. Бірақ сіздің ойыңыз бен жоспарыңыз дұрыс бағытта. Диета сақтаңыз. Бұлшық етті нығайтыңыз. Жақсы доспен ездесу көңіліңізді күштілеп көтереді. Тіпті сыйлықтар да жоқ емес.

Тауешкі демалыс туралы ойлайды. Қиялдау қолдан елмейді. Нақты жоспар мен ой ниеттейді. Алыс сапарға шықпаңыз. Қала сыртына немесе ауылға барыңыз. Сүйікті адаммен бірге қалып, ұсақ-түйек проблемадан тез құтыласыз,  мазалаған ойдан да арыласыз. Асықпай таза ауада серуендеген басыңызды қажытқан ойдан тазартады. Жоспарлаған добаны әзірге ысыра тұрасыз. Жұмыста белсенділікті азайтасыз. Жұртты сыртынан тыңдап, өзіңізге пайдалы көп нәрсені ұғасыз. Әсересе алыстан жеткен ақпарат қызықтырады. Оның маңызы да көп болмақ. Творчествоға бейім адамдардың жолы ашық. Олардың еңбегі ақталады. Жасы үлкен бір әйел адам өзіне деген қатынасты өзгертуге мәжбүрлейді. Жанжал шығарады. Бірақ оған артынан өзі өкінеді. Жүрегіңізді мұң басады. Қарызға берген ақша көп кешігеді. Бойдақтар өздерін күшті сезнеді. Ғашық сөзге қарқ болады.

Суқұйғыш сентименталды және романтикаға тлы. Кейде сізді инфантилизмге айыптауға болады. Бірақ сіздің сүйкімділігіңіз көзге түседі. Мүмкін оған сіздің өзіңізбен өзіңіз болып жүретін мінезіңіз себеп шығар. Дегенмен біраз адамның көңілін өзіңізге аударасыз. Ескі доспен кездесу күтілуде. Алайда сіз тағдырдың мұндай бетбұрысынан аулақсыз. Бұны қызықсыз көресіз. Қалыптасқан стереотиптен шығыңыз, қыңырлықты қойыңыз. Сіздің көңіл-күйіңіз орташа болады. Әсіресе жұмыста. Мүмкін сіз мұнда стимул ала алмайсыз. Тікелей міндеттеріңіз әдеттегі тәртіп болып көрінеді, жалықтырады. Бірақ  жұмысты ауыстырғыңыз келмейді. Алда қысқа, бірақ қиын жол бар. Ұйымдастырушылық, жоғары басшылардың бірінің белсенді көмекшісі болуға тура келеді. Үйіңізде жағымды өзгеріс болуы мүмкін. Ескі заттарды ақтарып, шкафты ретке келтірсеңіз. Блгілі бір ақша немесе өте құнды кішкентай нәрсені табасыз. Алыстан қонақ күтесіз.  

Балық тағы да шабуылға дайын. Іс-әрекетке көшеді. Белсенділік артады. Бұны маңызды кезеңге жатқызуға болады. Бұл әсіресе жеке өмірге қатысты. Өзгерістер күтілуде, әсіресе әйелдерге қатысты. Сіз қолға алмасаңыз да, романтикалық кеш күтілуде. Біреу сізге ғашық болады. Кейін осы аптадағы осы оқиғаны жиі еске алатын боласыз. Таныстарыңыздың арасында көп шағым естисіз. Біреуді жұбатып, көңілін аулайсыз. Ақыл айтасыз, кеңес бересіз. Бұл еркектерге де қатысты. Көбісі сізге алғыс айтады, риза болады. Бірақ тым мейірімді болмаңыз. Жұмыста материалдық шығындар күтілуде. Бұл әсіресе бағалы қағаз, зат, құжаттармен жұмыс істейтіндерге қатысы бар. Алыс сапар күтілуде.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Тест: Қатты күйзелісте жүрсіз бе? 

Ерте алжымаудың алдын алайық. Есте сақтау қабілетіңіз қандай? 

Келін түсіру. Беташар 

Қарапайым-Ханшайым: Мен енді басқа адаммын, өзімді таппай адасып жүрген қыз емеспін 

 Сымбат Ғалымбекұлы: Қуыршақтай кәріс жігіттерін көріп біртүрлі болдым 

Баласы мен үй жануары бар адамға пәтер жалдау неге қиын 

Пәтер сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде