Қараша айына арналған жұлдыз-жорамал
Қараша айы несімен ерекше? Қандай қуанышты оқиға бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы қараша айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Қараша айына арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқты тың идеяларды қарастырады. Жоспарларыңызды қайта қарастырасыз. Жақында бастан өткен тәжірибе жаңа шығармашылық міндеттерге түрткі болады. Айналаңыздағы адамдардың сөзіне, ісіне, ерекше назар аударып оған мұқият боласыз. Қойылған сұрақтарды түйсігіңізбен түсініп, ол шешім қабылдауға белсенді рөл атқарады. Бұл кезеңде сізге кеңесшілердің қажеті жоқ. Өзіңізге құлақ түре отырып, уақытпен күшіңізді үнемдей аласыз және оң көңіл-күйде бола аласыз. Үйдегі тіршілік үнемі қайнап тұрады. Сонымен бірге сіздің өміріңізде пайда болған жаңа досыңыздың арқасында бірқатар өзгерістер болуы мүмкін. Жастардың жеке өмірінде өзгерістер бар. Қаржылық аспект шығындарға қарамастан жағымды болады. Жалпы алғанда, өмірдің материалдық жағы бір тәртіпте, оған егде тартқан туысыңыздың сәтті іс-әрекеттері себін тигізеді. Салтанатты шараға қатысуыңыз ықтимал.
Торпақ дауларға қатысып, қарым-қатынасты реттеу арқылы өзіне зиян тигізуі мүмкін, әсіресе егер тақырып өзіне тікелей қатысты болмаса. Осы айда басқа адамдар сізді өз мүддесіне пайдалануға тырысады. Үнемі біреу сізді өз жағына тартуға тырысады, небір идея айтып сендіреді және сіздің мойныңызға өз жоспарын жүктеп қоюы мүмкін. Егер пайдасы болмаса, кез келген жобадан бас тартуға болады. Белсенді іс-әрекетке көшіңіз, өзіңізді кәсіби маман ретінде көрсететін кез келді. Жұмыста, ынтымақтастықта таңдау туады. Материалдық қызығушылыққа сүйене отырып, сіз бизнес саласында көп нәрсеге қол жеткізе аласыз. Мүмкін болатын сапарлар, отбасылық дәстүрлер шеңберінде саяхат болуы мүмкін. Тұрмыстық сала маңызды болады. Өз қолыңызбен біраз шаруа тындырасыз, бір нәрсені жөндеу, қалпына келтіру секілді істер күтілуде. Үй сатып алуыңыз мүмкін. Қуаныш көзі - отбасының ең жас мүшесінің жаңалығы болмақ.
Егіз егер олар айналасындағы жағымсыз сөздер мен әрекеттерге елеңдемей, көңіл аудармаса, сонда жұрт алдында абыройын сақтап қалады. Бұл келіспеушілік кезеңі, алдыңғы міндеттерден кету, жоспарлар мен мақсаттарға шолу жасайтын ай. Сондай-ақ, қарым-қатынасты салқындату, аралас-құралас адамдарын өзгерту кезеңі. Көбісінің жағдайы кәсіби қызметтегі өзгерістермен байланысты болмақ. Қалғандары жаңа жағдайда болуға мәжбүр. Ал кейбіреуіне қарашаның басты оқиғасы серіктеспен қарым-қатынастың толық бұзылуы болады. Өміріңіз үнемі қарым-қатынастан, тойларға және басқа шараларға қатысудан аулақ болатындай етіп ұйымдастырылады. Жалғыздық жаңа идеяларға, іс-әрекеттерді дұрыс таңдауға және шығармашылық міндеттерді жүйелі алға жылжытуға ықпал етеді. Қаржылық тұрғыдан тәуекелке бел бууға талпынасыз, ақша жасау тәсілі де, барлық әрекетінің басты мақсаты болады. Жеке өміріңізді мұқият жасырасыз. Сезімдер әлемі құпияда болады. Қатынаста үшінші адам пайда болуы мүмкін.
Шаян басқалардың іс-әрекеттеріне мұқият бақылайтын болады. Біреудің ісінен көңіліңіз қалуы мүмкін, дегенмен болашаққа деген сеніміңізге ол әсер етпейді. Сіздің бойыңыздан біреу қызықты серіктес, ақылды құрдас, сенімді дос көреді. Жұмыс, кәсіби байланыстар басты орында болады. Қараша айында іс-шаралар күшейіп, жұмыс көлемінің ұлғаюы мүмкін. Ынтымақтастық пен басқалармен кәсіби тәжірибе алмасуға қызығушылық танытасыз. Өз жоспарларыңыз туралы ешкімге тіс жармайсыз. Басқалардан бөлек жүргеніңізді байқағандардың сңзге деген ықыласы артады. Туысқандардан жақсы жаңалық келеді. Жақын адамыңыздың жетістігіне ерекше қуанасыз. Бұл кезеңді сатып алудың маңызы көп болмақ, өйткені ол ұзақ мерзімді болады. Өмірдің материалдық жағы бар күшіңізді салғанда ғана жақсарады. Меншік тақырыбына қатысты мәміле сәтті болуы мүмкін.
Арыстан кез келген кішігірім жағдайда өзіне және өзінің жоспарларына пайда көре алады. Бейтаныс адамдармен жиі қарым- жасайды, ерекше жағдайда болады. Бұл тәжірибе жинақтаудың жақсы тәсілі болмақ, оны шебер қолданады. Кәсіби тұрғыда тұрақтылық пен болжамдылық кезеңі басталады. Жаңа одақтастар болады. Жалпы жағдай айтарлықтай жетістікке жетелейді. Кәсіби мүмкіндіктерді дамыту, оқыту және кеңейтуге жақсы кезең. Сіздің қазіргі қызметіңізге тіпті қарамайтын адамдар көмектеседі. Оны кездейсоқ адамдар деп айта аласыз. Жұлдыздар тек еске салатыны – ризашылықты ұмытпаңыз. Сізді үнемі қозғалыс, саяхаттау немесе ұзақ мерзімді демалу идеясы қызықтырады. Сезім жағынан аздап толғанасыз.
Бикеш достары мен әріптестерінің арасында ең жолы болғыш белгі болады. Сіз көпшіліктің назарыңызда боласыз, сондықтан кейбір жоспарларыңызды, ниеттеріңізді жасыруға мәжбүр боласыз. Қызғаныш, көреалмаушылық, өсек естіп сезінесіз, сол себепті жалғыз болуды аңсайсыз. Сенімді орта, жайбарақат әңгімелесуге мұқтаж боласыз, көпшілікке естірмей сөйлесу мүмкіндігі сізге маңызды болады. Қуаныш әкелетін белгілі бір әрекеттерді бастауға бұрынғы дағды, тәжірибені қолдану қажеттігі туады. Отбасының кіші мүшелеріне қамқорлық жасау, үй жануарына қамқорлық бүгінгі өміріңіздің негізгі мәдени бағдарламасына айналады. Қазір бастысы – кез келген нәрсені жайбарақат тәртіппен істеу. Бұл сіздің әл-ауқатыңыздың маңызды шарты болып, ол барлық жағынан сәтті болады. Қаржы жағы қолайлы. Ресми кеңселерге бару, құжаттарға қол қою, құжат алу мүмкіндігі күтілуде. Дәрігерге барып қаралғаныңыз артық болмайды. Туыстарыңызбен және достарыңызбен кездесулер сізге аздап ауыртпалық түсіреді.
Таразы кезінде басынан өткен бір жәйт тағы қайталанғандай күйде болады. Өмірдің бар саласында қайталау жүріп жатқандай әсерде болады, ол жинақталған тәжірибені іске асыруға жұмылдырады. Өз қағидасын нығайту керек болады, ал басқалары не істерін білмей басы қатады. Қызметте бірқатар жақсы өзгерістер болады. Погон тағатындар бір құрылымды басқарады, заң аясында жұмыс істейді, қызметін өсіреді. Басқаларына қараша айы материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Іскерлік қатынастарын нығайтады. Бұл ай диплом алуға, білім алуға қолайлы. Жұмыс ауыстыруға да қолайлы. Салтанатты шараға қатысуы мүмкін, сыйлық алады. Көбісінің жеке өмірінде елеулі өзгерістер орын алады. Мұрагерлікке ие болуы да ықтимал. Кейбіреуі ата-ана атанады.
Сарышаян билеуші планеталардың әсерін сезінетін болады. Ішкі дүниесімен жұмысын жалғастырады. Көп жағдайда сіз не болып жатқанын және бүгінгі оқиғалардағы рөліңізді басқаша көре бастайсыз. Қараша сізге кәсіби лауазымдардың бостандығын, тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сезінуге мүмкіндік береді. Іскерлік немесе шығармашылық салаға қатысты қызықты таныс жоққа шығарылмайды. Ортақ мақсат пен іс-қимыл бағдарламасының сәйкес келуі негізінде қызықты ынтымақтастық болуы мүмкін. Осы айдағы сапарлар сәтті, нәтижелі болады. Қонақ келеді. Ақпарат көбінесе түсініксіз, тіпті мистикалық болуы мүмкін. Кенеттен ашылған құпиядан бұрынғы жолдастың, достың мінез-құлқының шынайы себебін біліп, тек қана оны аяумен шектелесіз. Бұл кезеңде сезімнен көрі ақыл-парасат басымырақ. Ал қаржы жағы қатал бақылауда.
Мерген белгілі бір нәтижеге жетуге, оның ішінде ақшалай нәтижеге жетуге назар аударыңыз. Өз әрекеттеріңіздің дұрыс екеніне сенімді боласыз. Тағы да, жұлдыздар сізге мінез-құлық құпиясын, басқалармен қарым-қатынастағы құпияны болжайды. Сіздің қазіргі жағдайыңыздың шынайы көрінісін ешкім ешқашан білмейді. Өйткені жоспарларыңызды жиі өзгерте бастайсыз. Өмір сүру жағдайын өзгерту идеясы сізді тағы да қуантады. Көбісіне бұл ай материалдық жағынан қолайлы. Келіссөздер, іскерлік байланыс күтіледі. Адамдар арасында, оның ішінде мерекелік шараларда жиі боласыз. Үйіңізде мереке болып, қонақ қабылдауға болады. Сізге ризашылық пен таңдану сөздері жиі айтылады. Тартымды боласыз, романтикасыз. Көбісі сізбен жақын сөйлескісі келеді. Бірақ сіздің таңдауыңыз ешқашан ашық болмайды. Бәрі тым жұмбақ.
Тауешкі бәрін сыртынан бақылап, өте ұстамды болады. Осы кезеңде қиын шешім қабылдап, таңдау жасау керек. Сізге жоспарланған сапардан бұрынғы әлеуметтік шеңберден бас тарту керек болуы мүмкін. Назарыңыз сіздің жеке өмірге, тұрмысқа, жақын туыстармен қарым-қатынасқа ауысады. Көбіне тыныштық сізге мүлдем сәйкес келмейтін болып көрінеді. Кәсіби белсенділік және жағдайды бақылауда ұстау қажеттілігі көп ұзамай маңызды жеңістерге әкеледі. Алайда денсаулықты естен шығармаңыз. Дәрігерге тексеріліп, аурудың алдын-алу шаралары қажет. Сізді түсінетін адамдармен араласудан қуаныш табасыз. Сыйлықтармен отбасылық мерекелер күтілуде. Алыстан қонақ келеді. Жеке өмірде бәрі қызықсыз және тіпті жалықтырады. Сіздің арманыңыз орындалмағандай ...
Суқұйғыш жаңалық ашуды, бастама көтеруші болудан бас тартады. Бірақ екінші жағынан басқа адамдардың даму мүмкіндіктерін өте жақсы қолдана алады. Осы кезеңде біреу іске асырған жобаларда сәттілікке жетесіз. Сіздің сөзіңіз өтімді және сенім тудыра аласыз. Өткен оқиғалар сіздің сезіміңізді оятады. Енді бұрынғы тәжірибеге және жаңа идеяларға сүйене отырып, қайтадан әрекет етуге дайынсыз. Серіктестерге керемет қолдау көрсетіп, пікірлестергн сенімді серіктес боласыз. Бұрынғы сыныптас, көрші немесе ескі ғашығыңыз өзін еске түсіреді. Адамдар сізбен кездесуде өз мүддесін көздейді. Осы күндердегі байланыстарға назар аударыңыз. Қаржылық жағдайды жақсартуға керемет мүмкіндік бар. Бірақ сонымен бірге ақшаны жоғалту қаупі де бар. Мерекеге құмартасыз, аңсайсыз. Мерекені осы қарашада қолға түсіресіз, арманыңыз орындалады.
Балық жақында өзіне үлкен өзгерістерге уәде еткен, үміт берген уақытты аңсайды. Бірақ кейбір оқиғаны қайтадан дұрыс түсінбегеніңізді нақты түсінесіз. Кейде сәттілікті уыстан шығарып алғандай күй кешіп, өзіңізді бақытсыз сезінуіңіз мүмкін. Бірақ көп ұзамай жағдай өзгереді және сіз тағы да шабытқа бөленесіз. Жақында танысқан белгілі бір адам сізді іздеп, қызығушылық тудырады. Ынтымақтастық туралы ұсыныс жасауы ықтимал. Қарашада белгілі серіктеспен жұмыс туралы келіссөз жүргізесіз. Құжаттарға қол қоюы мүмкін. Жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау мүмкіндігі сәтті жүреді. Бұл ай күрделі ұзақ мерзімді тақырыптың соңғы сатысы болады. Егде жастағы туысымен қақтығысқа жол бермеңіз. Жеке қызығушылық аясында бірнеше сапар бар. Жоспарларыңызды жақын адамдардан жасырасыз.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Сұмдық! Депрессия туралы бізді шатастыратын қате түсініктер
Несие төлеуге ақшаңыз болмаса не істеу керек?
КТК арнасы түсірген сериал актерлерді әбігерге түсірді – Жат туыстар
Кедейлікке жетелейтін жексұрын әдеттер