{metadescription}
Ерлі-зайыптының күндіз және түнгі сөзінің айырмашылығы

Ерлі-зайыптының күндіз және түнгі сөзінің айырмашылығы

Ұйғыр әйелдері қыздарына қандай ақыл айтқан? Қазақ қызына ешқашан қатыгез болмағанның, қызын малға сатпағанының себебін білесіз бе? Қыздың ең жақын сырласы кім? Ренжіп келген күйеуді көңілсіздіктен қалай арашалау керек? Ерлі-зайыптылардың тіл табысуындағы табылмайтын тәсілі қандай? Ендеше танымал қаламгер, жазушы  Ахмет Жүнісовтің қыз тәрбиесі жайлы айтқан қызықты әңгімесіне құлақ түрсек.  

 Қазақта қыз бала балиғатқа толысымен бақылауға алынады. Мұның өз себептері бар. Қыз адамзатқа өзімен пара-пар тұратын ешқандай теңдесі жоқ бақыт, қымбат, шың.

Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да,

Жылы-тәтті у тарайды қаныма.

Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін,

Патша тағы, бүкіл дүние малына,

Депті қазақ әдебиетінің бір пайғамбары – Мағжан!

Бір сүйгеннің өзін таққа да, байлыққа да мағжанның айырбастамай отырғанына қарап та біз сөз еткен қыздың кім екенін түсінуге болады.

Қазақ қызға ешқашан қатыгез болмаған, қызды малға сатпаған, - дейді танымал қаламгер, жазушы Ахмет Жүнісов «Бабалар дәстүрі» кітабында. Ендеше Ахмет ағамыздың көзі тірісінде жазып кеткен кітабынан үзінді келтірсек. Өте қызықты дүние жазылған екен.

Қазақ қызға қатігез, малға сатқан деген – қате түсінік. Ондайларға бұрынғы ерлізайыптылардың өте аз айырылысатынын айтсақ та, соқырға таяқ ұстатқандай. Осындай қате көзқарастардың кесірі қазір бізге де тиіп отыр.

Қазақ қызын ұрмай, ұрыспай тәрбиелейді. Әке өз ойын басқаоаларға, әйеліне айтқан болып мұқаммен жеткізедің. Қыз әкесінің бала жандылығы соншалық, олар қызық ұзатылатын күні егіліп жылайды. Кейбірі көріп тұруға дәті жетпей кетіп қалады.

Қыз шешесі өзі білетін өнерді: іс тігуді, тамақ баптауды, елмен сыйласуды, қонақ күтуді, күйеуін күтуді... қызына мұра ғып үйретіп кетеді.

Қазіргі көк инені көлденең ұстай алмайтын келіншектерді көргенде, сол аналардың қабіріне тәуап еткің келеді. Малдың етін мүшелеу, оның қайсысын қандай адамға беру, қымызды баптау, тері илеу, кесте тігу, өрмек тоқи білу – қазақта өнер, бап.

Жеңге – қыздың ең жақыны, сырласы, мұңдасы, акқылшысы, қормалы. Қайын сіңлілілерін сүйгенімен қашырып жіберетін де солар.

Қазір амал қанша, бұл қасиеттен қол үзіп барамыз. Жеңге мен қайын сіңлі екі үйдің бірінде сыйыспай жатады. Қазаққа қарағанда бұл жағынан кейбір түркі мұсылмандары алда. Айталық, ұйғыр қыздарына күйеуімен бірге жатудағы ләззат пен жағымдылықтан бастап, олардың жолаушылап келгенде беретін адықысына (зорық немесе дем алыс асы) дейін үйретеді. Олардың көзқарасынша, еркек – түздің адамы. Ол қара қазан, сары баланың қамына бола дала тіршілігімен жанталасады. Ол кей күні табыспен, қуанышпен қайтады. Кейде шығынмен ренжіп келеді. Міне, осындай кезде үйдегі жары қалай қарсы алуы керек? Ренжіп келген күйеуді көңілсіздіктен арашалау үшін не істеу керек? Анасы бұның бәрін қыздарын ұзатпай тұрып үйретеді.

Еркек әйеліне арыстандай болғанымен, түнде мысық секілді ғой. Өйткені көрпе астындағы тізгін – әйелде. Ұйғыр әйелдері шешесінен оқыған дәрісі бойынша күйеуіне айтатын көп ойын күндізден гөрі түнде, көрпенің астына кірген соң айтады. Күндізгі арыстанының енді мысық болатын сәтін олар жақсы біледі. Өзінің ойындағысына жету үшін еркек бұл жерде бәріне мақұл. Ал біздің қазақ әйелдері бүйтіп алдапарбаудың орнына: «Жаңа көрдің бе! Әкетіп бара ма?» деп, ең орайлы кезінен айырылып қалады. Былай қарағанда,  бұл қулық сияқты көрінгенімен, ерлізайыптылардың тіл табысуындағы табылмайтын тәсілі.

Түзден кейде кейіп келген күйеуді ұйғырдың қырлы әйелі (анасынан жақсы оқығаны) ілезде жадыратады. Ақылды әйел күйеуін балаша алдай алады. Біздің қазақ күйеуін – «әлгі» деп атамайтындай, ұйғырлар да күйеуін «балалардың әкесі» деп атамайды. Осы атамаудан бастап әлпештеуге кіріскен әйел күйеуін сол күніақ қыстан-жазға, тозақтан – ұжмаққа ауыстыра салады. Күйеуінің қате кеткенін сабасына түсіріп алған соң бір-ақ айтады. Біздің қазақ әйелдері күйеулерімен бірге кейуден арыға бармайды.  Осы арада ұйғыр әйелі болса: «Е, жарайды, ер жігіттің басында бәрі болады, онан да, бері жат, бері!» деп құтқарудың қамына кіріседі.

Жолаушыдан жүрген кісіге үйдегідей ас қайда? Үйді де, жарды да, ұнататын асты да сағынып келгенде бәрі ойдағыдай дайын тұрғанды қай халықтың еркегі жек көреді?

Қазақтың ақылды әйелдері қызына ерлі-зайыптылардың күндізгі сөзімен түнгі сөзінің арасында парық болатынын анықтап үйретеді. Өйткені олардың оңашада ақылдасатын, бала-шағаға естіртпейтін құпиялары болады.

Әйелдерінің қызға үйрететін бір тәрбиесі өте орынды: олар қызына барғаннан кейін екі төсекке жатпауды қадағалайды. Онан соң, ұлы сөздің ұяттығы жоқ, байланысты үзбей жиі жасауды тапсырады. Бұлардың түсінігінше, бөлек жатса арадағы бос жерге сайтан кіріп алады. Жыныс байланысы сиресе, тату-тәттілік азаяды. Бұл қай халыққа болса да керек шығар. Мұнымен қоса қызын күйеуін сыйлауға, жақын-жуықпен дұрыс  араласуға үйретеді.

Бұл – қыз тәрбиесі. Айттың алдындағы ғарапа секілді. Жастай ұзатылатын қыз мұнан арғыны ұқпайды да. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» деп қыздың ең үлкен тәрбиесі барған жерінде. Көпірден өткенде таяқтың көбін түйенің үлкені жейтініндей, ендігі үлкен жүк – енеде.

Оқи отырыңыз: Келін түсіру. Беташар 

Неке суы. Неке түні 

 Қызбен танысу.

Қыз ұзату мен оның кәделері - I бөлім 

Қыз ұзату мен оның кәделері – II бөлім 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде