18 – 24 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
Бұл аптада несімен қызықты? Қандай қуанышты оқиға бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
18 – 24 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқтылар жақындарының көңіл-күйіне сезімтал болады. Олардың мәселесін шешуге қолдау көрсетіп, белсене қатысуға ұмтылады. Қиындықтан қорықпайды, әрекет етуге дайын және оған күш-қуаты жетіп тұр. Дегенмен өзіне тән емес, таңсық жұмыс істеу керек болады. Шығармашылық аспектісі іске қосылды. Қызықты пікірлестермен осы ынтымақтастық болуы мүмкін. Осы аптда керемет нәрсені жасауға, құруға мүмкіндік бар. Сөйтіп танымалдылығыңыз артады. Әріптестердің, бизнес-одақтастарыңыз риза болады. Бұрынғы достардан сыйлық күтіледі. Басқалардың ризалығы сізге майдай жағады. Жұмыс айқын өсуді, позицияны нығайтуды талап етеді. Негізгі күш-жігер қажет құжатты нақты тұжырымдамамен алуға байланысты ұзақ уақытқа созылған жұмысты аяқтауға бағытталады. Сіз әлденеден үміттенесіз. Эмоционалды фон жоғарылайды. Сізді таңдандыратын, әлемге әртүрлі көзбен қарауға мүмкіндік беретін адаммен танысасыз. Жақын әңгімелер, романтикалық кездесулер қызықтырады.
Торпақтар айналасында болып жатқан бір келкі дүниеден қуаныштың бір тамшысын байқай алады. Шығармашылық немесе рухани байланысы бар адаммен кездеседі. Қауымдастық, серіктестік, бірлескен шығармашылықты қажет ететін күшіңіз қазір толып тұр. Әңгіме барысында өзіңізге бір шындықты ашасыз. Қиын сұрақтың қарапайым шешімін таба аласыз. Сіз жолға дайындалуыңыз мүмкін. Жұмыста өзгерістер болуы мүмкін – күтіп жүрген жұмыс орнын жаңарту, техникалық жабдықтау. Кадр саясатында жағдай өзгереді. Жаңа ынтымақтастық мүмкін. Командада жұмыс жасасаңыз, жаңа әріптес қосылуы мүмкін. тіңіз. Артық сөзден аулақ болыңыз. Абайламай айтылған сөздің арты қатал жазаға айналуы мүмкін. Сонымен қатар тіл саласындағы адамдарға бұл апта жеміс әкеледі, ол – мұғалімдер, имамдар, саясаткерлер, яғни осыларға нәтижелі кезең. Осы аптада қарым-қатынасты оңай қалпына келтіріп, нығайта аласыз. Жұртты иландыра алатын қабілетіңізбен бәріне тартымды боласыз. Сүйкімділігіңіз жеке беделдің өсуіне, басқаларға әсер етудің дамуына ықпал етеді. Отбасылық мерекеге қатысасыз.
Егіздер өзгерістерге мойынсұнып, өзінің ұстанымын белсенді түрде көрсетеді. Сіз шапшаңдық танытып, белсенді болып, жүгіріп жүресіз. Жаңа адамдармен байланысты оңай орнатасыз, диалог жүргізуге сенімді боласыз. Бірақ сіздің ішіңіздегінен ешкім дөп басып айта алмайды. Жұрттың құбылғыштығы мен эмоциясын қалт жібермейсіз. Эмоциядағы шамалы ауытқуларға бейімсіз. Егер біреу қарым-қатынастағы қарама-қайшылықты көрсетсе, онымен араласудан қашуға тырысасыз. Жұмыста елеулі, маңызды өзгерістер болуы мүмкін. Кадр саясатында сақтық қажет. Қаржылық қатынастарда абай болыңыз. Объективті жағдайларға байланысты қаржылық шығын болуы мүмкін, қарыз қайтаруда қиындық туындауы мүмкін. Жағдайға бейімделіп, одан пайда табу - басты міндет. Соның ішінде жеке өмірде де. Қолдан келер қайран жоқ, қасыңыздағы адамның мінезіне көнуге тура келеді. Өйткені махаббат эмоциядан маңызды.
Шаяндар көбінесе өзгені тыңдайды, өзі сөйлегеннен гөрі. Ішіндегі жоспарын ешкімге айтпай жүзеге асыруға тырысады. Бұл аптада өз бетімен әрекет етуге ынталы, ұжымнан, ортақ жобалардан бөлек. Сақтық пен ұстамдылық қажетсіз жүгірістерден құтылтады. Қызметте жаңа перспективалар болуы мүмкін. Жан-жағыңызда небір дүниелер, өзгерістер болып жатады. Әр күн ақпаратқа толы болмақ. Белгілі адамнан бір ұсыныс түседі. Маңызды шешім қабылдамас бұрын жақсылап ойланыңыз. Жаңа туындаған жағдайларға қатысты қаржы мәселесі ойландырады. Көбісінде тұрмыстық жағдайын жақсарту мүмкіндігі туады. Болашағы жақсмы жоспарды ұсынып, соған сізді көндіруге ұзақ тырысады, көп сөйлеседі. Бұрынғы бір досыңыз сізбен кездескісі келіп іздейді. Бірге демалу турады көп ұсыныстар түседі. Қонаққа шақырады. Жеке өміріңізді сіз қатты бағалайсыз. Өйткені ол тұрақты және өзіңіз ойлағандай.
Арыстандар күнделікті күйбің тірлігіне, істеріне оптимизммен қарайды. Осыдан өзіне пайдалы тұстарын алады. Әріптестерін өзіне тартады. Бос уақыты көп болады, өзігімен жұмыс істеу мүмкіндігі туады. Бейтаныс адамдар сізден көмек, ақыл-кеңес сұрайтын болады. Кездейсоқ кездескен адаммен тартымды қарым-қатынас туады. Осы айда жеке өмірде біраз бетбұрыс бар. Жеке басыңыздың таңдауына дұрыстап, жақсылап ойланасыз. Шын ниетіңізді жасыруға тура келеді. Айналаңыздағы бір адамға ішкі сырыңызды айтасыз. Бұл кезең потенциал жинау, білім алу, тынышталу кезеңі. Ересектер сапарға шығуы мүмкін. Жастар көп қимылдап, спортпен айналысып, қолымен көп жұмыс істейді.
Бикештер өзгерістерді ауыр қабылдайды, әсіресе өз өміріне қатысты жайттарды. Болып жатқан дүниелерді бақылайын десе, жақындарының қайшы іс-әрекеттеріне тап болады. Соған көңілі толмай, ашулануы мүмкін. Отбасындағы бір жақын адамымен қатынасы бұзылуы да мүмкін. Достық та үзіліп, ажырасуға мәжбүр болуы мүмкін. Сонымен қатар араласатын адамдарының ішінде жаңа адам пайда болады. Ол жұмысына қатысты болмақ. Бұрынғы жоспармен сапарға шығуы ықтимал. Денсаулықты ойлап, оны нығайтуға байланысты жаңа жобалар іздейді. Қаржы жағы қиналтады. Үнемдеуге тура келеді. Бұрынғыдай ақшаны шашуды тияды. Жеке өміріңіз өзгені қызықтырады. Көп мақтау естіп, назарға ілігесіз. Бойдақтар жаңа белеске шығады. Ғашық болуы мүмкін.
Таразылар жасаған істерінің қорытындысын шығаратын кез келді. Өз істеріне және өзіне мақтанатын болады. Оған себеп те болады. Айналаңызда ақылды да мықты серіктестер болғаны жақсы, соны жасауға тырысасыз. Ондай қабілетіңіз бар. Қазір көздеген мақсатыңызға әлі жетпесеңіз де, көп нәрсе сіздің пайдаңызға жаңаша өзгереді. Ол өз кезегінде дүниеге басқаша қарауға түрткі болып, қарсыластарыңыздың іс-әрекеттері мен қылығына жаңа амал табасыз. Жұмыста бәсекелестік артады. Өз бойыңыздағы жеке қасиеттеріңізді көрсетуге ұмтыласыз. Айналаңыздағы адамдар кенеттен сіздің тарабыңыздан қарсылық пен қаталдыққа тап болады. Сіз әсіресе өзіңізге тәуелді адамдарға қаьал боласыз. Қаржы жағы жаман емес, дегенмен өз мақсатыңызды көздеп біраз алыс-беріс жасайсыз. Ол жағынан талан танытасыз. Елдің табыстары сізге ынта береді. Заңгерлік құжаттарда сәттілік күтуде. Кез келген салада аздаған сәттілік күтіп тұр. Сапарға шығуыңыз мүмкін. Ол жұмысқа қатысты болмақ.
Сарышаяндар Сарышаян кәсіпкерлік мүддесін достыққа ауыстырады. Өткен жылдары сізбен жақын болған адаммен табысасыз. Жаңа ортақ сыр, жоспар пайда болады. Сізді келешегі бар идеялар мен кәсіби бағыттағы мәселені жүзеге асыру ерекше қабілет қызықтарады. Бірқатар келіссөздер күтілуде. Ақпарат жаңа маңызға ие болады. Айналаңыздарға жылы қарайсыз, өзгелерге қабілетін ашуға мүмкіндік бересіз. Өз бастамаңызбен әрекет жасауға дайынсыз. Ол оң бастама болмақ. Достаға ілтипаттысыз, брйыңызда күш тасып тұр және айналаңызда да өмір буырқанып қайнап жатыр деуге болады. Достарыңызға, таныстарыңызға тартымды боласыз, өйткені біреудің еркелігін көтеріп, кез келген адамның өтінішін орындауға бейім боласыз. Жылжымайтын мүліктің шартын сәтті жүзеге асырып, ақша түсуі әбден мүмкін. Өзіңізге ұнайтын адаммен бір жаққа шығуыңыз ықтимал. Бұл аптада өткен жылы сізге өте маңызды болған бір нәрсеге көзіңіз ашылады. Көп нәрсені кездейсоқ білетін боласыз. Жасырын дүниелер ашылады. Жеке өмірде ұзақ кездеспеген адаммен жарқын ездесу күтілуде. Бойдақтар махаббатын кездестіруі мүмкін.
Мергендер пікірлестері мен ұжымда өз кәсіби біліктілігін көрсете алады. Көпшілік алыднда сөйлеген сөзіңіз сәтті шығады. Кез елген жиында жақсы сөзбен көзге түсіп, назарға ілігесіз. Жақындарыңыздың арасында өз пиғылыңызды жасыруға тура келеді. Жоспарыңызды айтпайсыз. Жұмыс бабымен сапарға шығуыңыз мүмкін. Жұмысты ауыстыру туралы ой басыңыздан кетпейді. Оған соңғы айдың нәтижесі түрткі болады. Одақтастарыңызға тиімді әсер етудің жолдарын қарастырасыз. Сізге жаңа байланыс керек, соның арқасында өз жобаңызды жүзеге асыруға ұмтыласыз. Заңгерлік мәселелер шешімін табуы мүмкін. Ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылады. Бірақ сіздің басты назарыңыз ақшада болады. Қолыңыздан бірқатар сома өтсе де, оған көңіліңіз көншімейді. Үйіңізде жөндеу жұмысы болуы мүмкін. Көршілеріңізбен тату болыңыз. Туыстарыңызбен де. Өйткені ұрыс-жанжал болу қаупі басым. Жеке өмірде тіліңізге ие болып, артық сөз айтпауға тырысыңыз. Себебі, ғашығыңызды ренжітіп алу қаупі де басым.
Тауешкілер жеке мүддесін ойлап, кәсіби қатынасты өз пайдасына шешуге тырысады. Бірінші орында - жеке бастың мәселесі тұр. Сосын - жұмыс. Бірақ айналаңыздағы адамдарды өзгеден артық, көп жұмыс істеп жүрмін деп сендіресіз. Бұл аптада күрделі келіссөздерге қатысып, өзіңізден күшті тараптың қарсылығына тап боласыз. Көп жағдайда қиындықты бастан кешіресіз. Қысым көп. Ол бірқатар жағдайдың қиындауынан болады. Соған қарамастан жағдайды өзгертуге барыңызды саласыз. Сөйтіп оның жақсы нәтижесін көресіз. Ұзақ күткен сапар бар. Көбісі жұмысында жақсы өзгерісті көреді. Көбісі тұрып жатқан жерінде оң өзгерісті байқайды. Іскерлік қатынастар жеке қатынасқа ұласып кетуі әбден мүмкін. Өзгелерден қолдау күтіп, өзіңіз де біреулердің өтінішін орындап, үміттенуіне жол бересіз. Делдалдық істерге барасыз. Немесе делдардардың көмегіне жүгінесіз. Үйіңізде қонақтар болады. Сыйлық аласыз. Бұрынғы досыңыздың бірімен қоштасасыз. Қаржы жағы күрделірек.
Суқұйғыштар өз кәсіби ортада өзі туралы әсерді бұзуы мүмкін. Сынай бермеңіз. Өйткені достарыңыз бен әріптестеріңізді өзіңізге қарсы қойып аласыз. Қаржы мәселесіне байланысты келісімдерге қатысты кездесулер күтілуде. Дүние-мүлікке қатысты бір мәселеде өз мүддеңізді қоғауға тура келеді. Ресми кабинеттерге барып, қажетті де маңызды құжаттарға қол қойғызасыз. Заңгерлермен бірге бір мәселені шештіресіз. Беделді ортадағы бір танымал адамның көмегіне жүгінесіз. Сапарға шығу туралы ұсыныс түседі. Кейбіреуі іс-сапарға барса, кейбірі тұрғылықты жерін уақытша ауыстырады. Денсаулыққа көңіл бөліңіз. Бұл бағытта белсенді боласыз. Жоспарланбаған сатып алулар болады. Оған мазаңыз кетеді. Жеке өмірде біреуден көңіліңіз қалады. Ал бұрынғы қатынас - тұрақты болмақ.
Балықтар бұрынғы жоспарларынан бас тартады. Басқалардың сізге ұсынған идеяларына енді ғана көңіл аударасыз. Сіз шын мәнінде соған бет бұрып, тығырықтан шыға алмаймын деген ойдан арылып, ұсыныстардың бәріне жіті назар саласыз. Көп вариантты болашаққа жол ашатын жаңа серіктестік пайда болады. Ең бастысы қаржы келісімдеріне қатысты кездесулер маңызға ие болады. Жылжымайтын мүлікті жалға беру немесе сату туралы шешім қабылдайсыз. Кәсіби жұмыста тұрақсыздық мазаңызды кетіреді. Басшы болсаңыз, шығыны көп жұмыстан бас тартасыз, қатардағы жұмыскер болсаңыз, қаржыға қатысты бастығыңызбен қиындықтарға тап боласыз. Алыстағы немесе шетелдегі адаммен маңызды әңгіме болады. Ұзақ жолға шығу мәселесі ойландырады. Сенімді досыңыздың қолдауына зәру боласыз. Жеке өмірде сіз күткендей тұрақтылық жоқ. Оған мұңаясыз. Санаңызды тұрмыс билегендіктен, сезім тақырыбы артта қалады.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Светлана Булатова: Нағашылар жағымнан қазақ қанымды қастерлеймін
Сұмдық! Депрессия туралы бізді шатастыратын қате түсініктер
Несие төлеуге ақшаңыз болмаса не істеу керек?
КТК арнасы түсірген сериал актерлерді әбігерге түсірді – Жат туыстар