{metadescription}
Інжу! КТК арнасы бүгінгі өмірдің шындығын бейнеледі

Інжу! КТК арнасы бүгінгі өмірдің шындығын бейнеледі

Қазіргі өмірімізде кейде не жетпейді? Әділдік! Иә, жазадан жалтарған байлармен күресіп, әлемнен әділдік іздеп шарқ ұрған жандар қаншама? Ақкөңіл де, аңғал адамдардың арманының бір-ақ күнде күлі көкке ұшып жатқаны өтірік пе? Міне, КТК арнасының көкірегіңді қарс айыратын–  «Інжу» драмасы тап осыны бейнелейді.   

Басыңа ауыр қайғы түссе не істейсің? Мұңыңды ішіңе сақтайсың ба? Көңіл қазы, көз таразы....

Опасыз тағдырыңа лағынет айтып шектеліп, қол қусырып отырасың ба? Қандай әрекет істеп, қандай қадам жасайсың? Көңілде дақ қалады...

Қарындасың, әпкең, қызың, сіңлің дүниеге есірген, көйлегі көк, тамағы тоқ бай баласынан зорлық көрсе не істейсің? Жүрекке қаяу салады...

 Жақыныңның өмірі ойраны шығып, сатқындыққа, қатігездікке тап болса, оның тауқыметін қалай көтересің? Көңілің құлазиды...

Қазір қоғамда бай, кедей деген тап өкілдері бар. Соның ішінде байлар, өмірде бәрі бар – үй, ақша, жағдай. Бардан басы айналып өмірінің қызығы қалмағандар бар. Барын ысырапқа, ақылсыздыққа, нашақорлыққа, ішімдікке бергендер бар.

Атақ-даңқын, жоғары лауазымын асыра пайдалатын, қитұрқы әрекетін қысылмай ашық көрсететін кісімен бетпе-бет кездесіп көрдіңіз бе?

Ақшамен бәрін сатып аламыз деген қалтасы қалындар кісі өлтіруді, адам ұрлауды ар санай ма?

Ал сондай арсыздарды жақтап, әділдік орнатуға кесе-көлденең тұратындар ше?

Осындай дүниеде таза пиғылыңды, ниетіңді, сезіміңді сақтап қала аласың ба?  Әлде қара ниеттілердің қатыгездігі жеңе ме?

Ендеше екі оттың – әлсіз әділеттілік пен қан қақсатқан қатігездіктің қайсысы жеңеді? Бұл тартыстың шегі бар ма?

Жұлдызы қарсылардың жұлдызы оңынан туа ма?  

Андрей Сухоногин, «Інжу» драмасының режиссёрі:

–  Елімізде күн сайын небір сұмдық оқиға болып жатады. Мені ойландыратыны, жаманға етіміз үйреніп бара жатқан жоқ па? Таң қалдыратыны – немқұрайлық, селқостық.  Зорлық көрген зарлап қалса, қаскөй қасқайып жүрсе не істейміз? Басын тауға да, тасқа да соққан адам не істеу керек, күйзелісімен қалай күреседі? Меселі қайтып, салы суға кеткен жанның өмірі қандай болмақ?   

Бұл сұрақтардың жауабын шытырман оқиғалы «Інжу» драмасынан табасыз. Картина махаббат, сатқындық, қатыгездікті көрсете отырып, қоғамның шындығын жеткізуге тырысады.

 Жүрегіңді кейде елжіретіп, жібітіп, кейде қарс айырып, удай ашытып, тас төбеңнен шығаратын КТК-ның «Інжу» телехикаясын ю-туб арнасынан қараңыздар!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде