{metadescription}
Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Еркек пен әйелдің, қыз бен жігіттің бір-бірімен үйлесімділігін анықтауға бола ма? Бұл өте маңызды. Неге дейсіз ғой? Өйткені жаныңдағы серігіңмен қарым-қатынас сізге не әкелетінін, өзіңді ол адаммен қалай ұстау керектігін алдын ала білуге мүмкіндік береді. Қалай? Нумерологияның көмегімен!  Ендеше төменде ұсынылған қарапайым есептеулерді іске асыра отырып, үйлесімділік индексін анықтап көрейік.

Нумерология – жеке адамның психологиялық портретін анықтап қана қоймай, оның денсаулығы, таланты және болашағын білуге ​​мүмкіндік беретін ежелгі, өте қызықты ғылым.

Егер бір шаңырақтың астында өмір бойы бірге тұрып жатқан адамыңызбен қарым-қатынасыңызды тереңірек білгіңіз келсе немесе белгілі бір адаммен бірге тұруды жоспарласаңыз, сол адаммен қарым-қатынасыңызды жақсартуға ниетіңіз болса, ол жайлы толығырақ білгіңіз келсе, кейбір түсінбеушілік мәселесін шеше аласыз.

Сонымен, қарапайым есептеулерді жасап көрейік. Туған күніңді (өзіңнің және қасыңдағы адамның) бір жолға нөлсіз жазыңыз. Барлық санды қосыңыз. Шыққан саннан 22 санынан кіші сан шықпайынша 22-ні аласың. Шыққан сан – үйлесімділік индексің.

Мысалы. Гүлмира 12.09.1970 жылы, ал Серік 2.12.1968 жылы дүниеге келген. Барлық санды қатарынан нөлсіз жазамыз.   1 + 2 + 9 + 1 + 9 + 7 + 2 + 1 + 2 + 1 + 9 + 6 + 8 = 58 қосыңыз. Одан 22 санын аламыз. 36 шықты. Тағы да 22-ні аламыз. 14 – индексі шықты. Ал енді қандай сан шықты, оқып көріңіз.

1 - Мұндай қатынаста «мен басқарамын» деген мәселе жиі қозғалады. Біреуі, әдетте ол көбінесе ер адам, қарым-қатынасты өз қолына алуға ұмтылады. Ол өз еркіне бағындырып, өз талабын қояды. Осындай сәтте жанжал жасамауға тырысыңыз, өйткені бұл жақсылыққа әкелмейді. Ал шығармашылық адамдардың қатынасы бұндай кезде қызықты болмақ, ол әркімнің көңіл күйіне байланысты және көп нәрсені өзгертуге болады. Екеуі әр ісін бірлесіп жасағаны дұрыс.

2 – Өте жылы, үйлесімді қарым-қатынас. Бір-біріне жаны жақын. Бір-бірін бір қарағаннан-ақ түсінеді. Әрқайсысының ішкі дүниесі кең, қиялы – бірге. Апама жездем сай – өте қолайлы қарым-қатынас.

3 - Жақсы қарым-қатынас деуге болады. Соңы некелесіп, бір шаңырақтың астына, отау құруға әкеледі. Дүниеге сәби әкеле алады. Екеуі бірлесіп ақша тауып, тұрақты қатынас жасауға бейім. Тек арасына өзге ешкімнің қол сұғып, араласуына жол бермегені жөн. Әсіресе аналары. Бұл қатынаста әйел адам көшбасшы рөл атқарады.

4 – Басты рөлде – ер адам. Мұнда құмарлық, эмоция басым. Қызғанышқа жол бермеңіз, өйткені ол бәрін құртады. Сүйіктісінің әр әрекетін, жүрген-тұрғанын толық басқарғысы келеді, яғни толық иемденгісі келеді. Ал бұл деген өзімшілдік. Жұрттың өсегіне ермеңіздер, ол араларыңның суып кетуіне әкеледі.

5 - Өміріңіздегі маңызды қатынас. Қасыңыздағы адам үлкен рөл атқарады. Бұл жерде әлеуметтік айырмашылық кедергі келтіруі мүмкін. Немесе ортақ мүдде, қызығушылықтардың айырмашылығы, өмірге деген көзқарас. Ол сіздің үйретушіңіз, ұстазыңыз, кеңесшіңіз болмақ. Немесе сіз оған жол көрсетуші бағыт-бағдар беретін жарқын жұлдызы боласыз.

6 – Барлық жұптардың ішіндегі ең үйлесімдісі. Некесі құрса, керемет болмақ. Өзара махаббат, келісім, берекесі бар. Алайда бастапқыда бір-бірін толық түсіну қиынырақ болуы мүмкін. Уайымдамаңыз, бәрі уақытымен өз қалпына келеді.

7 – Өте қағілез жұп. Өзгерістерге толы, аралас-құраластары көп, жолға көп шығады. Тұрақсыздық бар. Көзге шөп салуы мүмкін. Әдетте мұндай байланыс ұзаққа созылмайды. Дегенмен сүйіктіңіз туралы маңызды шешімді аспай-саспай қабылдауға тура келеді, асықпаңыз. Уақыт беріңіз. Әйтпесе қателікке ұрынуыңыз әбден мүмкін.

8 – Сезімнен гөрі, төзімге бейім. Бір-біріне жақсы дос, серік. Тағдырлы жұп. Өткен өмірлерінде екеуінің де бір-бірінің алдында кінәсі болған. Ал бұл өмірде сол жасаған қателікті түзетуге талпынады. Мұндай қатынасты бұзу қиын. Әрқайсысы қасындағы адамның емес, тек өз кемшілігін түзеткені жөн.

9 - Күрделі қарым-қатынас. Әркім өз-өзімен жүреді. Әрқайсысы өзін жалғыз сезінеді. Мейірім, көңіл бөлу, жылулық жетіспейді. Ақыр соңында ажырасып тынады. Сонымен бірге бұл жұпта біреуі сүйсе, екіншісі сүймейді. Өзара шынайы сезім жоқтың қасы.

10 - Өте бақытты жұп. Берекелі, жақсылық әкеледі. Қасыңыздағы адам сізді бақытты етуге жаралған. Сізді құтқаруға келгендей. Ол сіздің мүмкіндігіңізді кеңейтіп, жолыңызды ашады. Сонымен бірге бұл есеппен қосылған жұп болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, бәрі жақсы аяқталады.

11 - Күрделі қарым-қатынас. Екеуінің де мінезі өте мықты. Екеуі де үстемдік етуге тырысады. Соның салдарынан қақтығыс пен жанжал жиі болады. Өзге біреулер араларыңызға араша түсіп, араласып, кірісіп отырады. Көзге шөп салады. Бір-біріне бейімделіп, ортақ ымыраға келуі керек. Әйтпесе қарым-қатынастары бұзылады. Жыныстық қатынаста өте жақсы үйлесім бар.

12 – Онымен бірге болу үшін көп нәрсе жасайсыз. Әрдайым құрбандыққа барады. Сүйіспеншілігіңізге бола көп нәрсеге шыдайсыз, көз жұма қарайсыз. Қиын да, тағдырлы қарым-қатынас. Сезіміне жауап жоқ. Реніш бар. Түсінбеушілік бар. Бұл қатынас жүректі сыздатып, онда үлкен сызат қалдырады.

13 – Жақсы деу қиын. Ерте ме, кеш пе, әйтеу бір күні ыдырайды. Қауіпті қатынас.  Екеуінің арасында энергия сәйкес емес. Некеде зорлық-зомбылық орын алуы мүмкін.

14 - Сабырлы, жайма-шуақ қарым-қатынас. Бұл үйлесімділіктің ең жақсы нұсқасы. Бір-бірін жақсы түсінеді, мақсаттары ортақ, мүдделері ортақ. Ұзақ және тұрақты қатынас орната алады.

15 – Қауіпті! Мұндай неке айла-шарғы жасау мен бопсалауға негізделген. Әріптестердің бірі екіншісін «байлап» ұстайды. Жыныстық тәуелділік бар. Арам әрекеттер бар. Қара магия бар. Бақсы балгерлер де бар. Бұл адамға жоламаңыз. Өмірлік серігі болмаңыз.

16 - Тұрақсыз қарым-қатынас. Үнемі бір-біріне сөз беріп, уәде беріп, ұрсысып, жанжалдасумен болады. Нәтижесі ажырасуға әкелуі мүмкін. Бір-біріне мүлдем сай емес. Лайықты да емес. Бұл қатынас екеуіне де жақсылық әкелмейді. Жақын адамдарға қатты әсер етуі мүмкін. Энергетикалық вампиризм бар.

17 - Керемет жұп.  Екі жартының бір бүтіні. Бір-біріне лайық, бір-бірін жақсы толықтырады. Бұл адам сізді жебеуге жіберілген періштедей. Болашағы жарқын. Қоян-қолтық жұмыс істеп, шығармашылыққа бейім.  

18 – Көп нәрсеге алданады, Қиялына еріп, шын мәнінде олай емес болып шығады. Қасындағы адамның кім екенін, қандай екенін сол күйі түсінбей өтеді. Өтірікті көп айтады. Көзіне шөп салады. Опасыздық та бар. Көзіңізді ашып қараңыз. Қате таңдау жасау қаупі басым. Жақсы қарым-қатынас жасаймын деп бақсы-балгерге жүгінбеңіз. Одан көк тиын пайда болмайды. Басын айналдырамын деп тырысудың қажеті жоқ.

19 - Керемет. Жылы, үйлесімді қарым-қатынас. Дені сау және бақытты балалар дүниеге келеді. Нағыз махаббат бар. Өзара сыйластық, түсіністікке толы.

20 Бастапқыда қиын болады. Көп уақыт бір-біріне үйренісе алмай қиналуы мүмкін. Дегенмен уақыт өте келе бір-біріне бейімделеді. Сөйтіп барлық қиындық артта қалады. Сезімдері оянып, шынайы  махаббатқа ұласады.  Жалпы алғанда, бұл бір-біріне лайықты жұп. Ең бастысы - бір-біріне үйренуге уақыт керек. Адал достық бар.

21 – Берекелі, тату-тәтті, игілі. Некелері мықты. Ниеттері де түзу, байсалды. Бір-бірін қолдап, көмек беріп, қорғап, қамқор болады. Энергиялары керемет үйлесімді.  

22 – Болжап болмайтын, қай жағынан шығарын білмейтін қатынас. Еркіндік жетіспейді. Серігіңіз біртүрлі адам. Бәлкім, ерекше. Күтпеген жерден тарс етіп жарылатын адам. Жақсы, үйлесімді қатынас орнатуға көп күш жұмсауға тура келеді. Жігер керек. Әйтпесе ажырасып тынады.

Қосымша ақпарат: 

Нумерология ғылымына қатысты сөз болғанда, әсіресе, оның үйлесімділік индексіне  имандай сенуге бола ма?  


Римма Сафарян, нумеролог кеңесшісі:

Нумерология ғылымы көп ғасырлар бойы дамып келген ғылым және нумерологиялық есептердің түрі өте көп. Әрқайсысының өз әдісі, тәсілі бар, дегенмен оны дұрыс пайдалана білу қажет. Мұны бақсы-балгерлікке, болжамға жатқыза алмайсың. Бұл жерде бірінші орында таза математика тұр. Әр санның өзіне тән белгілі бір мәні, мағынасы және тербелісі бар.

Ал үйлесімділік индексінде нақты есеп бар деудің қисыны жоқ. Негізі, нумерология ешқандай «диагноз» қоймайды, керісінше, дұрыс есептеп шығарғанда қасыңдағы серігіңді жақсы түсінуге, өмір қағидасының ұқсастығын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл амалдың көмегімен қарым-қатынастың қалай дамитынын, қандай қиындық болатынын алдын ала білуге болады.

Мәселен, адам төлқұжатында туған күнін ауыстырса, өзгертілген сан оның тағдырына ықпал етуі мүмкін бе? 

Әрине! Егер адам салдарын білмей тұрып, белгілі бір себеппен туған күнін, жылын, айын ауыстырса,  онда ол өзіне жазылған саннан тайқып, жағдайын нашарлатуы мүмкін. Сөйтіп өмірлік күш-қуатын басқаша өрбітеді. Туғанда маңдайына жазылған белгілі бір мәлімет мен мүмкіндік жаңаланып, оны еңсеруге шамасы келмеуі мүмкін.  Әр адам бұл дүниеге өзіне ғана тән құдірет, әлеует, күш-қуатымен келеді. Ал туған мерзімін өзгерткенде, жасанды жолмен басқа әлеуетке ие болады.

Нумерология тұрғысынан 2020-шы жылдан нені күтуге болады?

2020-шы жыл 4 санының ықпалында болмақ. Нумерологияда 4 саны ұқыптылықты, сенімділікті, шыдамдылықты, табандылықты, болжамды тұрақтылықты, біркелкілікті білдіреді. Төрт саны Жер күшімен сай. 4 саны – кез келген нәрсенің жердегі екендігінің белгісі және болашаққа деген сенім. Осы санмен белгіленген жыл түбегейлі өзгерістерді, көтерілістерді немесе құлдырауды білдірмейді. Бұл қалыптасқан өмір, тыныштық және ертеңге  деген сенім кезеңі. Жалпы, келе жатқан жыл қажырлы еңбек етіп жүргендердің жолын ашады. Еңбекқорлар өз несібесіне қол жеткізеді. Соның іргетасын қалаңыз. Болашақтың негізін қалаңыз, жаңа жобаны қолға алыңыз, өз ұстанымыңызды нығайтуға, жаңа жылда тұрақтылықты сақтауға күш-жігеріңізді бағыттаңыз.                         Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің сайты ұсынған нумерология. 

Оқи отырыңыз: Басқа халықты кім білсін, біздің қазақта осылай 

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

Ұлы сөздің ұяты жоқ: Ерлі-зайыптының күндізгі сөзі мен түнгі сөзінің арасындағы айырмашылық 

Сұмдық! Депрессия туралы бізді шатастыратын қате түсініктер 

Светлана Булатова: Нағашылар жағымнан қазақ қанымды қастерлеймін 

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде