16 – 22 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал
Бұл аптада несімен ерекше? Қандай қуанышты оқиға күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
16 – 22 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқты өзіне маңызды адамдардың әрекетін түсіну үшін оның сөздері мен әрекетін талдайды. Өткен айдағы оқиғалар сіздің бастан кешірген жағдайларды қайталап, еске түсіреді. Қасыңызда өмірдің ең қиын кезеңдерін қайта-қайта жасауға мәжбүр еткен адам барын түсінесіз. Жұмыста да, жеке өмірде де маңызды шешім қабылдауға тура келеді. Басқалармен қарым-қатынас өзгереді. Өзге адамдардың пікіріне тәуелді болмаңыз. Достардың кеңесі жүйкеңізге әсер етуі мүмкін, жақын адамдардың қолдауы жалған болып көрінеді. Бұл тәуелсіз жолға көшу кезеңі. Өзіңіздің кәсіби жағдайыңызды жақсартуға, жаңа білім алуға ұмтыласыз. Материалдық аспект тек сіздің күш-жігеріңізге байланысты. Қомақты ақша алуыңыз мүмкін. Қарт туыспен сапарға шығуыңыз мүмкін. Ер адамнан келген хабар бүкіл жоспарларыңызды өзгертеді.
Торпақ өз мәлімдемелеріңіз немесе әрекеттеріңіз туралы кейбір нәрсеге өкінесіз. Бастамаңыз болмауының нәтижесінде бәрі бұзылып, ұзақ уақыт дос болған адаммен қарым-қатынас салқындайды. Жалпы, достар азайып, ұстанымыңызды қайта қарап шығуға және назарыңызды маңызды байланыс пен қатынасқа аударуға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда ең маңызды деп санайтын жұмыс пен мәселелердің маңызы өте зор. Қарсы жыныстағы адамның қолдау беретініне үміт артасыз. Оның ішінде материалдық жағдай да қарастырылады. Қаржылық аспект күрделі болмақ. бірақ сіздің қолыңызда өзіңіздікі ме, әлде біреудікі ме, әрқашан ақша болады. Ресми кеңселерге бару, құжаттарға қол қою мәселесімен айналысасыз. Тәлімгер немесе тәрбиеші ретінде сіз керемет тәжірибе алып, сонымен қатар қызығушылық танытқан адамның шын жүректен алғысын аласыз. Біреу саған өзінің ішкі құпиясын сеніп тапсырады. Жолда біреумен танысасыз.
Егіздер өз мүддесін ескерместен басқаларды тыңдай алады. Достардың өміріңіздегі рөлі, олардың көзқарасы мен пікірі маңызды болмақ. Бұл ерекше күш-жігер салмай-ақ, басқалардан қолдау алудың ең жақсы тәсілі. Кәсіби тәжірибеңіз таныс емес серіктестермен, әсіресе сіздің жеке пайдаңыз айқын көрінетін кезде, қысқа мерзімді ынтымақтастық мәселелерінде ортақ тіл табуды жеңілдетеді. Басқалармен қарым-қатынаста сіз әрқашан мүмкіндігінше ашық және дос боласыз. Бірақ сонымен бірге жомарттық танытып, ақшаны ысыраптамайсыз. Материалдық тұрғыда ұстамдылық тұрақты болмақ. Бұл апта сіздің санаңызды өсек, қауесет, ақпараттарға толтырады. Қашық жерде ынтымақтаста болу туралы ұсыныс түседі. Мүмкін айтулы оқиғаға, шулы тойға, халық көп жиналатын мерекеге қатысасыз. Мүдделі тараптар үнемі сіздің жаныңызда болады. Сіз қарама-қарсы жынысқа өте тартымдысыз. Жарқыраған махаббат жоққа шығарылмайды. Бір нәрсені жасырып, құпия ұстайсыз. Жақын адамдармен қарым-қатынаста сенім азаяды.
Шаян өз пікірін басқаларға тықпаламайды. Сіздің ішкі тыныштығыңыз басқалардың мінез-құлқын болжауға қатысты болмақ. Таныс ортада жақсы сезінесіз. Кездейсоқ өзгерістер, күтпеген мәселелер жүйкеге әсер етеді. Соған қатысты адамдармен араласуға мәжбүр боласыз. Өз жоспарыңызды ойлап, іштен тынып, өзгелерге ашық болмайсыз. Осындай жұмбақ кейпіңіз болғанымен, ішіңізде небір ұмыстар туралы ойлар қайнап жатады. Оны аспай-саспай орындауға кірісесіз. Кейбіреулер оны орындау үшін бар күшін жұмсайды. Бұл кезең бар салада тепе-теңдік орнатуға, игілікке, берекеге және жайлылыққа бағытталады. Жақын адамыңызды қуантуға тырысасыз. Сыйлықтар, көңіл бөлу бар. Бірақ мұның бәрі кәдімгі қарапайым түрде жүзеге асырылады. Ерекше нәрселер, сізге ұсынылған, соның бәрін менсінбей қабылдайсыз. Қаржы мәселесі маңызды рөл атқарады. Осы мәселеде маңызды шешім қабылдайсыз. Көбісі несие алуға тырысады. Қандай жағдай болса да, қолыңыздан көп ақша өтеді. Сапар күтілуде. Оған қуанасыз. Таң қаласыз. Бірнеше жыл бойы күткен келіссөз ақыры орындалуы мүмкін.
Арыстан эмоциясына ие бола алмайды. Аналасындағылармен қарым-қатынасы бұзылады. Тіпті танымайтын адамдармен жанжалдасуы әбден мүмкін. Іскерлік серіктестерімен көбісінің келісімдері бұзылады. Мүлікке таласады. Сот болуы да мүмкін. Бұл сонымен қатар жеке кеістігінің белсенділігі артатын кез. Өз шекарасын түсінеді. Жақындарымен қарым-қатынаста жаңа дәрежеге шығады. Барлық кезде жағдай күрделенеді. Көптеген сұрақтарды өзі ғана шешуіне тура келеді. Ол материалдық жағдайға да, қарыздарға да қатысты. Апта – тәуелділіктен арылуға арналған. Жаман әдеттен де арылуға арналады. Артық салмақтан да арылу қажет. Жаңа жұмысты жоспарласа, ол жүзеге асырылуы мүмкін. Өз таңдауына қатысты мәселе жүзеге асады. Өзгенің кеңесі шатастырады. Күткеніңіз орындалмауы мүмкін. Махаббат туралы ойларыңыз шындыққа жанаспауы мүмкін.
Бикеш өз идеясына сенеді. Әлемнің объективтілігін болжамдарыңыз бен қиялдарыңыздан іздейсіз. Ақыр соңында, бәрі жеке өзіңіздің сеніміңізге байланысты олмақ. Көпшілік сіздің тапқырлығыңыздан, адамдар мен олардың ниетін дұрыс бағалау мүмкіндігіңізден ләззат алатын кезең. Сіз даналықтың, пайымдау мен прагматизмді жақсы сезесіз. Жұмысқа орналасуыңыз мүмкін. Бұрынғы тәжірибе мен сізге белгілі қарапайым әдістердің белгілі бір жиынтығын өңдеу қабілеті пайдалы болады. Көптеген қысқа жолдар күтіледі. Көп уақытты ашық ауада өткізуге тура келеді. Көшеде серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру жаттығулары сіздің дене бітімділігіңізді нығайтуға және күнделікті өміріңізді үйіңізге және айналаңызға байланысты маңызды міндеттермен толтыруға көмектеседі. Көбісіне апта кәсіби мағынада мәнді болмақ. Мүмкін жұмыс өзгереді. Жаңа міндеттер жүктеледі. Жылулыққа, достыққа зәру боласыз. Алайда, сіздің махаббатыңызға ешкім мән бермейді, бірақ тек осы аптада.
Таразы тағдырлы оқиғалар кезеңіне енді. Көп нәрсе стандартты аспектілердің әсерінсіз шешіледі. Көп нәрсені болжау мүмкін емес, әсіресе таныс емес серіктестер мен бәсекелестердің әрекетінің нәтижелері. Көбісі жұмыста кәсіби жоспар құрады. Жоспарларды қайта құру, жедел міндеттер мен мақсаттыөзгерту қажеттігі туындайды. Басындағы таңғажайып идеялар әрқашан сізді оқшаулап, жалғыз қалдыруға мәжбүр етеді. Көптеген сұрақтарға жауап іздейсіз. Бұл жауаптар сізге күтпеген жерден келеді. Осы кезеңде қызғаныш пен қарсыластардың күшейгенін сезінесіз, сіздің жетістіктеріңізді төмендетуге бағытталған күштердің қозғалысын түсінесіз. Біреу сіздің істеріңізге тосқауыл мен кідіріс тудырып, жолыңызды жауып тастауға тырысады. Тіпті сіздің бизнес серіктестеріңіз кешіктіріп, тағатсыздық тудырады. Бұл күндері сізге ынтымақтастық туралы, көбіне жасырын сипаттағы бірнеше ұсыныс түседі. Отбасылық жағдайға байланысты саяхатқа шығып қалуыңыз мүмкін. Қарсы жыныстағы егде жастағы туысқаныңыздың мәселесін шешесіз. Қаржы аспектісі алаңдатуы мүмкін. Бірақ ақша сізге күтпеген жерден келеді. Жеке қатынаста жасырын, түсініксіз дүние көп.
Сарышаян көздеген жоспарымен жүргені үлкен ақыл болады. Осы аптада ақылмен, асықпай істегендердің жолы болады. Ойланбай, жылдам, қалай болса, солай шешім қабылдағандардың ісі ақыры түсініспеушілікке, былыққа әкеп соқтырады. Кәсіби салада өзгерістер жақсылықпен аяқталады. Жұмысқа деген көзқарас, жұмысбастылық, күн тәртібі өзгереді. Қаржы мәселесі өзгереді. Ақша табу қиындайды. Бірақ материалдық жағдай бірқалыпты болады. Жақын туысыңызда бірқатар өзгерістер болады. Әлеуметтік мәртебесі өзгеріп, жаңа жадайдағы серіктестік орнауы мүмкін. Оның ақыл сұрайтын адамы, дер кезде көмек беретін адамы боласыз. Бұрыннан жоспарланған жолға шығасыз. Тұрмыста біраз згерістер күтілуде. Үйге қажет бірқатар зат алынады. Бұл аптада үлкен дүние сатып алуда сәттілік күтілуде. Ол сіздің бастамаңызбен іске асырылады. Сізге белгілі адамнан ұсыныс түседі, ол сіздің болашақта мансабыңыздың өсуіне жолдама береді. Бірақ танымайтын адамнан ұсыныс түссе, оған аса мән бермеңіз.
Мерген қатал сөз айтатын жерде батылдық танытады. Көп кездері бастаманы өз қолына алады, ол кез келген жағдайды меңгеруге түрткі болатынын білдірсе керек. Көбісіне бұл апта жұмыстағы өзгерістермен ерекше болмақ. Немесе қолы босамай, болмаса, бұрынғы міндетіне қайта оралады. Қандай жағдай болмасын, өзіне таныс нәрсемен айналысады. Тәжірибесі бар дүниемен. Бейтаныс жерлерге барады. Жаңа адамдармен танысады. Олармен қарым-қатынас орнатуы мүмкін. Дене шынықтыру, көп қозғалыс, белсенділік күтілуде. Демалады. Жылжымайтын мүлік жайлы сөз қозғалады. Отбасындағы жасы кіші адамға көмек көрсетеді. Өмірге деген дұрыс көзқарас пен береке туралы ой өзгереді. Таныс адамыңыз туралы пікіріңіз өзгереді. Бұрын сізге сенбейтін адамдардың жетістігі сізге тәуелді болды. Сіз айналаңыздағы әлемді өзгертуге ықпал етесіз. Көбінесе жолыңыз болады. Сапар сәтті болмақ.
Тауешкі сенімді деген адамдарына күдік келтіреі. Сабырлы және байсалды. Бірақ назарынан еш нәрсе қалт кетпейді. Жеке қызығушылығы болмаса да, біреулердің көмегімен айлалы әрекетке баруға қабілетті. Бұл аптада айналасындағылардың есебі алдамшы болып шығады. Ал сіздің ұстанымыңыз беки түседі. Белгілі адамдар арасында абыройлы назарда боласыз. Мерейіңіз үстем болып, мәртебеңіз өседі. Қызметіңіз жоғарылуы мүмкін. Белгілі бір адам сізбен кездескісі келеді. Алыстан қонақ келеді. Жоспарламаған жолға шығасыз. Аптадағы кездесулер аса мағыналы болмайды. Бірақ оның екеуі тағдырыңызға әсер етеді. Сіздің тұйық мінезіңіз көптеген өсек-аяңнан сақтап қалады. Жасрын нәрсе ашылып қалса да, өзіңіз және өз мінезіңіз туралы нашар айтуға жол бермейсіз. Қаржы жағы тұрақсыз. Бірақ ол бақылауда. Сыйлы адамға сыйлық іздейсіз.
Суқұйғыш қиын шешімнен бас тартып, басқалармен қарапайым жұмыс істеу әдісіне көшеді. Сізге нәтижеге қол жеткізу үшін ашық түрде әрекет етуге тура келеді. Және де бастамаларыңызға қарапайым қаратуға да кепілдік керек. Осы аптада ірі кәсіпке қажет жетістіктерге қол жеткіесіз. Табысты келіссөздер күтілуде. Бұл апта белгілі бір бағыттағы табанды және ұзақ нәтижеге қол жеткізетін уақыт. Бірақ жолыңызда бірқатар қиындықтар кездеседі. Одан қашып құтыла алмайсыз. Дегенмен сенімді көмекшіңіз жәрдем береді. Көбісінің тұрмыстағы жағдайы немесе жұмысы өзгереді. Ол өз бастамаңызбен болуы ықтимал. Қозғалыс тек алға болмақ. Тап қазір өміріңізде көп өзгерістер бар. Дене қимылы, қосымша міндеттер – осының бәрі шаршатып, діңкелетіп, ауыр салмақ салуы мүмкін. Бірақ алда жарқыраған жарық болашақ тұр. Соны ұмытпаңыз.
Балықтар ұзақ уақыт жүрегіне жылу сыйлаған нақты өзгерістерді тағатсыздана күтеді. Алда жаңа мәртебе, істер, жағдайлар тұр, оған сіз дайынсыз. Өмір салтыңызда өзгерістер болуы мүмкін, отбасындағы дәстүрде де. Отбасындағы адамдар саны өзгереді. Қазір болып жатқан жағдайларды уақытша деп қабылдайсыз, алайда болашақта ол жаңа өмір салтын құрайтын болады. Көбісі нақты бір мақсатта жолға шығады. Ол маңызды болмақ. Жақын туысымен ажырасу күтілуде. Ол жасы кіші отбасы мүшесі болуы мүмкін. Қазір сіздің мүддеңіз материалдық дүниеге бағытталған. Көшу, сату-сатып алу, жылжымайтын мүлік мәселесін шешуге атсалысасыз. Біраз мәселені қызығушылық танытқан адамға жүктейсіз. Бірақ бұл маңызды нәрселерде сіз басты рөл атқарасыз. Қаржы мәселесі жаман емес, дегенмен шығындар көп. Отырыстар, достармен кездесулер болады. Жеке өмірде тұйықсыз, көп нәрсені аңғарып, сақ боласыз.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.
Оқи отырыңыз:
Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол
Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?