{metadescription}
Наташа Королева: Алматы – тағдырыма таңба салған қала

Наташа Королева: Алматы – тағдырыма таңба салған қала

"Алматы – іңкәрім менің" ретро-фестивалін көрген де, көрмеген де арманда. КТК арнасы биыл күзде оңтүстің астананың орталық саябағында болып өткен фестивальді эфирден ұсынғалы отыр. 70-ші, 80-ші, 90-шы жылдардың әнін шырқаған жұлдыздар сахнадан тыс жерде не деп айтты? Олардың фестиваль туралы пікірі қандай, ресейлік әртістердің қазақ тыңдарманына деген көңілі қандай? Наташа Королева Алматыны неге ерекше таңбаға балады? Жалпы, бұл фестивальден түсер пайда бар ма? 

КТК телеарнасы 28-ші желтоқсанда сағат 17:00-де эфирден «Алматы – іңкәрім менің» ретро-фестивалін тамашалауға шақырады. Жұлдыздардың орындауындағы 70-ші, 80-ші, 90-шы жылдардағы танымал хит әндерді тыңдап, өткенімізді еске алайық. Үш сағаттық ретро концертте ән салған әртістердің сахнадан тыс айтқан сөздері бізге әрдайым қызық. Ендеше құлақ түрсек:  

Наташа Королева:

Алматы тыңдарманы – қонақжай, жылы шырайлы. Шынымды айтсам, Алматы тағдырыма таңба салған қала. Игілі таңба. Неге дейсіз бе? Менің соло нөмірмен, яғни жеке бағдарламамен тұңғыш шыққан жерім  – Алматы. Мені әнші ретінде барлығы тек Игорь Николаевпен елестетеді. Ешкім мені жеке әнші ретінде көргісі келмеді. Ешкім жеке нөміріммен мені шақырмады. Алматы – тәуекелге бел буған қала. Сенесіз бе, одан ұтылмады, зиян шекпеді, жаңылыспады. Алматыда екі ірі, аншлаг концертім өткен болатын. Мен оны ешқашан ұмытпаймын. Әлі күнге дейін қазақстандық тыңдармандарыма алғыс айтамын. Алматы мені әрдайым жақсы қабылдайды. Көп-көп рақмет!

Валерий Сюткин:

Халықтың басын біріктіре алатын кез келген концертте мен бар жаныммен ән шырқаймын. «Алматы – іңкәрім менің» фестивалі бүгін 18-ші рет болып жатыр. Тілегім – 28, 38-ші фестивальға жалғасын тапсын. Өйткені бұл фестиваль халықтардың басын біріктіреді. Әр халықтың арасына жік салатын сахнаға мен шықпаймын. Бүгін мен сахнада да, сахнадан тыс жерлерде де жайдарлы, көңілі дархан әр түрлі ұлтты көрдім. Бұл деген, білесіз бе, қандай сезім тудырады? Бойымды ынтымақтастық, өзара түсіністік сезімі биледі. Бұны мен жақсы байқадым. Осы бағытта жұмыс істеген жөн. Маған тыңдарман ұнады. Әрине, Қазақстанға алғаш рет келдім деп айта алмаймын. Бірақ бүгінгі қабылдау сондай керемет болды, тіпті мәдениет министріндей айтсам – көркемдігі жоғары! Музыка – сезім тілі, жақсы талғам, дәстүр мен мәдениеттің көрінісі. Сол себепті біз өткен жылдардағы әндерді ұйып тыңдаймыз. Халықтың басын біріктіретін осындай шараларды қолдауға, осы бағытта жұмыс істеуге дайынмын. «Алматы – іңкәрім менің» ретро-фестиваліне қатысу – абырой. Фестиваль дами берсін. Біз осындай өнер шарасын ұйымдастыруға, атсалысуға  дайынбыз.  

Парвиз Назаров:

Алматыға алғаш рет 1992-ші жылы келдім. Сол кездері теңге шығып, тәуелсіз елдің жаңа ұрпақтары дүние келе бастаған, жұрттың талғамы да өсіп, өзгере бастаған кезең. Қазақ эстрадасы байыды деуге болады. Неге? Жаңа толқынның музыканттары, әртістері, өзіндік стилі пайда болды. Тыңдарманның қалағанын тыңдауға хақысы бар. Алматы – іңкәрім менің» фестивалі осының дәлелі. Бұл керемет емес пе?! Қараңыз, 70-ші, 80-ші, 90-шы жылдардың әні әркімнің жүрегіне жақын. Ата-әжесінің, ата-анасының, өзінің жастық шағында шырқаған, ұнатқан әндерін бір сахнада көріп, тыңдап, тамашалағанға не жетсін! Алматының тыңдармандары – көп ұлтты. Ешбір елде тап мұндай фестиваль жоқ. Алматы жұрты қонақжай, қарсы алуды да, музыканы асқан сүйіспеншілікпен қабылдауды да біледі. Алматы жұрты алғысы мол, өнерді жылы қабылдайды. «Алматы – іңкәрім менің» ретро-фестивлі әр әртіске, әр әншіге қанат бітіреді. Барлығын қуана қабылдап, бәріне құшағы ашық. Алматыдағыдай көпұлтты тыңдарманды ешбір елде кездестіре алмайсың.

Нағима Есқалиева:

«Алматы – іңкәрім менің» фестивалі бізге ғана емес, жастарға да қажет. Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Тілес Қажығалиевтің әндері ұмытылмас әндер, біркүндік ән емес. «Алматы – іңкәрім менің» фестивалінде орындалатын әндер – мәңгілік. 

 

 

 

Сағынай Абдуллин:

Алматы тыңдарманы ерекше. Өзім Алматыда туып өскендіктен, «Алматы – іңкәрім менің» ретро-фестиаліне деген сезімім ерекше, ол мейірімділікке, бақытқа бағытталған. Жұртқа осыны үлестіргіміз келеді. Алматы көшелерінде кезінде әрдайым әдемі ән шырқалып тұратын. Осы жетіспеушілікті, тапшылықтың орнын толтырғымыз келеді. Бізге өткеннің әдемі әндері жетіспейді. Өткен жылдардың әнін естігенде жас шағымызды, бала кезімізді, әке-шешеміз шырқаған әндерді еске аламыз. Бәлкім, фестивальде ескі әндер басқаша орындалатын шығар, сонда да Алматының рухы, иісі бар фестиваль,соны жаңғыртсақ. Достарым, жүздесе берейік!

Айжан Нұрмағамбетова:

Алматы қаласында 9 жасымнан тұрамын. «Алматы – іңкәрім менің» менің сағынышымды басатын, жұбататын фестиваль. Шет елдерде, түрлі ауылдарда гастрольдік спарда жүргенде Алматыны қатты сағынамын. Жасың ұлғайған сайын туған қалаңа деген жақындығың арта береді екен. Алматымсыз өмір сүре алмайтын тәріздімін. Айналаңдағы тау, орта, сол жылдардағы әнсіз Алматы Алматы бола ма?  Бұл қаланың тыңдарманы зиялы, керемет зиялы. Алматы сахнасының өз рухы бар. 

 

 

Жанна Орынбасарова:

1992-ші жылы өнер жолымды тура осы Алматы қаласында бастадым. «Шіркін, Алматыда тұрсам» деген арманым болды. Алматы – іңкәрім менің» – арманымды орындады, тап осы фестивальдің  сахнасына шыққан сайын осы қалаға көшіп келгендегі қуанышымды, алға қойған мақсатымды, асқақтаған арманым есіме оралады.  Қай елде жүрсем де, Алматы мені өзіне тартып тұрады, маған қымбат. Бұл сахнада әр өнер иесі өзінің сағынышын, өткенін еске алып, әнін жүрегінің түбінен – шын көңілімен орындайды. «Алматы – іңкәрім менің» фестивалін сақтап қалсақ, ұрпақтан-ұрпаққа беретін дәстүрге айналдырсақ. Тұңғыш рет мен бұл сахнада «Күз жапырақтары» деген джаз әнін шырқаған едім. Сол кездегі толқыған сәтім әлі есімде. Ұмытылмас күндерімді ұмыттырмайтын сахна ғой бұл.

Айта кетсек, «Алматы – іңкәрім менің» ретро-фестивалінен түскен қаржы Арыс қаласында болған жойқын жарылыстан жарамсыз болып қалған Балалар үйін қалпына келтіруге жұмсалып, ауқымды сый жасалды. Баламасы күнгейде жоқ ойын алаңқайынан бастап, бөлмелерге кілемдер мен жұмсақ жиһаз, интерактивті тақтаға дейін қойылды. Ал қолөнерге жақын ұл-қыздарға бөлек тарту жасалды. Ретро-фестивальдің әр билетінен түскен қаржы балалар үйінің бар қажеттігіне арналды. «Дегдар» қоры, сондай-ақ қирап қалған зағиптар үйін қалпына келтіріп, жарымжан жандардың қажетті керек-жарағын алып берді.

Тек КТК эфирінде!  «Алматы- іңкәрім менің» ретро-фестивалін қарауға шақырамыз. 28-ші желтоқсан, сағат 17;00-де! 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде