{metadescription}
6 – 12 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

6 – 12 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

Жаңа – 2020 жылдың алғашқы аптасына арналған жұлдыз-жорамал! Бұл апта несімен ерекше? Қандай қуанышты оқиға күтіп тұр? Жоспарлаған ісімді жүзеге аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.   

6 – 12 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқты ақыл азығына мұқтаж болады. Әділеттік сезімі күшейеді. Зиялы адамдармен қарым-қатынас жасағысы келеді, әсем әуен тыңдағысы келеді, әдемі суреттерді қарағысы келеді, сөйтіп күйбің тірліктен алшақ болғысы келеді. Қалай дегенмен, шаруалар бастан асып жатыр. Бірақ барлығын ойланбай-ақ жылдам шешесіз. Бұл аптада жұмыста бәлендей өзгеріс болмайды. Тіпті жалықтырып жібереді. Дегенмен осындай жағдай сізді қанағаттандырады. Өзіңізді тыныштандыратын және шабыт беретін мәселемен айналысасыз. Тұрып жатқан жеріңізді безендіріп, жиһаз ауыстырып, жөндеу жұмысымен айналысасыз. Бұған өзіңіз бастама көтересіз. Жоспарыңызды жүзеге асыруға ықпал ететін адамдармен қарым-қатынас маңызды болмақ. Қолыңыздан бірқатар ақша өтеді. Құжат рәсімдейсіз. Сүңгіп еніп кететіндей үлкен махаббат болуы да ықтимал.

Торпақ  бақылаушы ретінде өзгенің кемістігі мен қателіктерін анықтайды. Тіпті басқалардың жетістігі де назарынан тыс қалмайды. Бәлкім сізге сәттілік пен батылдық жетіңкіремейді. Өздігімен іс істеу қазір керек емес. Жақындарыңыздың қолдауына арқа сүйеп,тек  ақыл-кеңес беріп, бастама көтеруге асықпаңыз. Жақын адамдардың біреуіне қолдау көрсетесіз. Тұрмыста да көмек көрсетуге тура келеді. Бұрынғы тәжірибеңізге сүйеніңіз. Сол қажет болады. Белгілі бір бағытта сапарға шығасыз. Шығын көп болады. Шығындар жоспарда болса да, бірақ мүмкіндігіңізге қарайсыз. Бұл апта көпшілігіне сезімге арналады, кейбіреуі оны жасырады, құпия ұстайды. Өзгеріс күтіп қиялдайды. Таңдау жасауға тура келеді. Қиындықтар бар, бірақ оны оңай еңсересіз. Кадрлық саясат мәселесі күтілуде.

Егіздер бақытты жұлдызына сенім артады. Жолыңыз болғыш екеніне сіз имандай сенесіз. Енді жеке басыңыздың әрекеттерінің арқасында және қалыптасқан жағдайға қатысты қалаған дүниені алуға дайынсыз. Көбісінің жағдайы жақсы болады, әсіресе іскерлік, қаржы саласында. Оған жақындарыңыздың қолдауы қажет. Материалдық қана емес, сонымен қоса, моральдық, психологиялық. Ішкі дүниеңіз бай, соның арқасында өзгенің қолдауын қажет етесіз. Және де өзіңіздің жақсы қасиеттеріңізді пайдаланасыз. Кейбір күдік-күмән кедергі болып, жинақтала алмауыңыз мүмкін. Кәсіпкер серіктеріңіз белсенділік тантады. Олардың ұсынысы қауіпті болып көрінеді. Алайда табыс пен түсетін пайда маңызды рөл атқарады. Денсаулықты күтіңіз. Ұсақ-түйек жарақат алуыңыз мүмкін. Жеке өмір бақытты күй кешуге себеп болады, сонымен бірге бір нәрсе мазалайды...  

Шаян үйін жаңалап, кеңсесін реттеуге кіріседі. Осыдан рахат алады. Сонымен бірге жанталасқан істерінің жемісін көреді. Айналасындағы жаңаланған заттарға қарап, есін жинап, тәртіпке келеді. Жауапкершілігі басым Шаяндар істелетін шаруаларын егжей-тегжейлі тексереді. Жұмыста жақсы даму, өсу күтілуде. Жеке танмалдығыңыз артады. Кәсіби біліктілігіңіз тағы да жарқырап көзге түседі. Білім алып, қызығатын адамдарға үйретесіз. Бұл апта қарым-қатынас орнатып, бұрынғы үзілген байланысты қалыпқа келтіруге арнналған. Пайдалы серіктестермен келіссөздер күтілуде. Туыстарға деген қатынас өзгереді. Жомарттықты доғару керек деген ақыл естисіз. Өз жағдайыңды ойла деген кеңес беріледі. Қаржы жағынан шығын бар, ол көбінесе үйдегі жасы кіші адамға байланысты болмақ. Жеке өмірде түсініксіз, тайғанақ дүние бар. Сезім сізден жоғары тұр. Ол ақылға көнбейтін секілді...

Арыстан қазымыр, міншіл болады. Сіздің сыныңыз маңызды байланысты құртып жібруі мүмкін. Бірақ сіз өзіңізден басқа адамды байқамайсыз. Өзгенің сезіміне көңіл аудармайсыз. Айналаңыздағы адамдар тек сіздің айтқаныңызды, сіздің қалағаныңызды орындаса керемет болар еді... Бұл жағынан басшылардың ғана жолы болады. Ал қалғандарына қиынырақ. Жұмысқа көп көңіл бөлуге тура келеді, көп күш жұмсау қажет. Кейде бастаған істі аяқтауға күшіңіз әрең жетеді. Жиі шаршап-шалдығасыз. Түк істегіңіз келмей, енжар күй кешесіз. Әсіресе күнделікті істейтін істерден мезі боласыз. Көпшілігіне шабыт жетіспейді. Бірақ сіз өзіңіз басқаларға шабыт бере алатыныңызды түсінесіз. Жұртқа үміт сыйлап, жақсы нәрсеге сендіруге тырысасыз. Бұл аптада сізге сезімін білдіруі мүмкін. Тосын сый күтілуде. Сізге сенім артады. Бірақ сіз тек романтикаға ғана көңіл бөлуге дайын емессіз. Басыңызда тек материалдық пайда табу идесы басым. Қалаған нәрсені алғыңыз келеді.

Бикеш тағдырдың жазмышына, қиындыққа дайын. Басқаларға қарағанда төзімдісіз және жан-жағыңыз толық қамтылған. Айналаңыздағы адамдар арасында өзгеріс болады. Жаңа жоспар құрылып, жаңа мүмкіндіктер ашылады. Бұл аптада ұжыммен істеген істе жетістік болады. Өздігімен емес, біреумен істеген дүние жемісін береді. Кәсіби салада бәлендей жаңалық жоқ. Қиындық та жоқ. Бірақ техникалық жабдықтауда, электронды құралдармен қиындық бар. Хаттар, жазбалар, жазылған құжаттар маңызды рөл атқарады. Қаржы мәселесі алаңдатады. Шығындар күтілуде. Тұрмыстағы жағдай бірінші орынға шығады. Көбісі тусқанның іс-әрекетіне байланысты болмақ. Өткенде бірге жұмыс істеген адам сізге үлкен ықпал етеді. Байланыс туады, өзара түсіністік туады. Бірақ әр қадамыңызды аңдап басыңыз.  

Таразы туындаған жағдайлар мазасын кетіреді. Бұл апта қиындықтарға толы, оған бастаманы өзіңіз көтергенсіз. Бірақ өз қағидаңыздың дұрыстығын дәлелдей білсеңіз, ол жемісін береді. Сенім артқан адамдарыңыздың қолдуына ие боласыз. Соның арқасында кең пайымдап, тәуекелге бел буасыз. Сіздің іс-әрекетіңізді көбісі түсінбеуі мүмкін. Бірақ сіздің ниетіңізді білетін адамдар идея мен міндеттерді анық ұғады. Бұрын мүддесін елең қылмаған адамдармен келіссөз жүргізесіз. Ол көбінесе кәсіби салада және кадр саясатында болады. Және де сіз кейбір байланыстан мезі боласыз, жалығасыз, өйткені олардан сізге еш пайда жоқ, бірақ күшіңізді кетіреді. Қаржы мәселесі қиын, бірақ бұрынғыдай жаман емес. Сіздің жақын адамдарыңызға сыйлық жасап, қымбат зат беруге мүмкіндігіңіз болады. Беделді адамдармен кездесіп, отырыстар күтілуде. Адал досыңызбен бірге сапарға шығуыңыз мүмкін. Осы аптадағы жаңалықтар жеке өмірдегі бір үлкен ойынның басталуына түрткі болады. Сізді ешкім алдай алмайды. Сіз сезіміңіз бен қарым-қатынасты тізгіндей білесіз.  

Сарышаян жаңа иедяларды жаңа ойын ретінде бастайды. Сөзден бастап егжей-тегжейлі – бәріне қызығушылық артады. Кәсіби салада өсіп-дамуды үлкен ынтамен, құлшыныспен қабылдап кірісесіз, меңгересіз. Онымен қоймай, пікірлес адамдарды да ынталандырасыз. Мәнсапта, жеке өмірде де маңызды бетбұрыстар бар. Барлық өзгерістер жол жүрумен, қозғалыспен байланысты болмақ. Көбісі көшкісі келеді. Ол төмен жақтағы ұсыныстан туады. Жаңа мүмкіндіктер ашылады. Жаңа достар, жаңа серіктестер пайда болады. Жұмысқа басқаша тәртіппен қарайсыз, әсіресе ұжымдық жұмыста. Ірі іс-шараға қатысуыңыз әбден мүмкін. Ұсыныстар түседі. Әлеміңізді өзгертіп, айналаңызды жаңартқыңыз келеді. Бұл кезеңде бұрыннан жоспарлаған талай дүниені бастауға мүмкіндік аласыз. Сізге қарыз адамнан ақша қайтарылуы мүмкін. Керемет кездесу күтіледі. Сіз оны тіпті жоспарламаған болатынсыз. Мықты әсер аласыз.

Мерген қуаныш әкелетін істерге бар ықыласын аударады. Жұмысы қуаныш әкелетіндерге сәттілік келеді. Айналаңыздағы адамдарға ықпал ете алсаңыз, демек, сіз дұрыс жолдасыз. Марапат, сыйлыққа ие болып, жеңімпаз атанып, құрметке бөленуіңіз әбден мүмкін. Қандай жағдай болмасын, сізді елеп-ескереді, сіз туралы сөздер айтылады. Күтпеген жүрістер болады, жолға шығып қалуыңыз әбден мүмкін. Біреуге сыйлық жасайсыз. Ұнататын адаммен кездесесіз. Көп сөйлейсіз,әңгіме айтасыз, өткенді еске аласыз, өсек айтуға да құмар боласыз. Таныс адамдармен де кездесесіз. Тіпті өткен дүниені аңсап, дағдарысқа ұшырауыңыз да мүмкін. Сол үшін туыстармен жиі кездесіңіз, үйде, тұрмыстағы ұсақ-түйекті шешуге атсалысыңыз. Туыстарыңыздың сезіміне көңіл бөліңіз. Эмоцияңызға ерік беруге туысқандар жақын болмақ. Махаббат тұрақсыздық әкелуі мүмкін. Ол жат, бөтен, ұрлық сезім болуы мүмкін.  

Тауешкі өз мақсаты мен міндетіне сенімді. Таңдаған жолдан таймаңыз. Бұл кезең нақты жоспармен жүретін кезең. Сіздің кешіріміңізге ие болатын адамдардың алдында өзіңіз туралы пікір қалыптастырып алғансыз. Сіздің ақыл-кеңестеріңіз белгілі бір бағаға ие болса да, оны оңды-солды беруге дайын емессіз. Айналаңыздарға ұстамдысыз, байсалдысыз. Тұрғын үй мәселесінде біраз жетістіктер күтіледі. Жылжымайтын мүлік міндетін шешуіңіз мүмкін. Туысқандарыңыздың саны артады. Бұл сізге күтпеген жаңалық болады. Қыңырлығын суқаныңыз сүйметін адаммен қаржылық қарым-қатынасқа түсесіз.  Қарыз ақша және қарыз қайтару аясында біраз тартыс болады. Туыстармен кездесулер бар.  Отырыстар өте маңызды рөл атқарады. Бойдақтар жарқын да, күшті кезеңге енді. Ойы да, түрі де жаңарады. Міне, енді басыңыз бос емес деуге болады!

Суқұйғыш жыл басында қойылған міндеттерін орындауға кіріскені жөн. Әйтпесе ол ұзаққа созылып кетеді. Әр бастаманы өзіңіз қолға алып, өзіңіз көтересіз. Өзгеге сенім артпайсыз. Тек қолдап, ынталандырса да жетіп жатыр. Асықпай, байыппен істеймін деген шаруаны осы аптада бітіресіз. Бірақ біраз жағдай есті шығарады. Басқалары жоспарын құрып жатқанда, сіз жанталасын еңбектенесіз. Өз еңбегіңіздің нәтижесін көру маңызды. Әйтпесе көңіліңіз қалады. Бұл апта білім алуға, ақпаратпен алмасуға, мықты серіктестермен келіссөз жүргізуге ыңғайлы. Жұмыста жақсы қарқын бар, болашақ бар. Бірақ оның көбісі өткенмен байланысты. Жаңа серіктерстердің арқасында жаңа достар пайда болады. Бұрынғы ьтаныспен күтпеген кездесу күтілуде. Онымен материалдық мүдде аясында кездесесіз. Атаулы іс-шараға барасыз. Шығын көп. Тұрмыстық жағдай үнемі өзгеріп отырады. Алда – өзгерістер күтілуде. Алыс сапарға шығу сіздің қалауыңызбен жүзеге асырылады.

Балықтар қаржы мәселесіне көп көңіл бөледі. Өзінің материалдық деңгейіне бола тәуелді адамдардың белсенділігіне сенім артады. Құжат, зат, жүктерді жолға шығарады. Назарынан тыс қалмайтын дүниенің бәрін бақылайды, жұмыс бабында. Тек өзіне сеніп, ұжымға арқа сүйемейді. Жақын туысымен қатынас маңызды болмақ. Жасы кіші туысқандарға көмек көрсетуге тура келеді. Басқалары үй жануарымен айналысады. Оны басқа біреуге тапсыруы да мүмкін. Қасындағы адамның қылығына қарап шошиды. Ол жақын адамы немесе жұмыс бабындағы кісі болуы мүмкін. Екі тараптың да бір-біріне сенімі азаяды. Қарыс-қатынас деңгейі төмендейді. Оның проблемасын өзінен көреді. Жарқын болашақтың көмескіленуі көңілін түсіреді. Сонымен қатар бұл аптада керемет кездесу бар. Әлеуметтік жағынан ортақ мүдделі адаммен жақындасасыз. Сапар күтілуде.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы күтіледі 

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын алттар

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде