Bek Air ұшағының апатынан кейінгі 7-ші күн
27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен 07:05-те ұшып шыққан «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.
Автор: Заира Сабитова
««Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуежайдың сыртқы аумағында апатқа ұшыраған. Қазіргі мәлімет бойынша тірі қалғандар бар. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс жүргізілді.Тап сол күні Алматыдағы ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.
2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22 - де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Ұшақ екі қабатты құрылыс нысанына соғылған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жұмыстары жүзеге асырылды.
Алматыда құлаған ұшақ ісіна қатысты ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына барды. Оқиғаның егжей-тегжейі мен себептері анықталуда.Оқиға мән-жайы анықталғанға дейін осы типтегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы түбінде «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауының 3 нұсқасын атады.
«Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеуге сәйкес үш нұсқамыз бар. біріншісі – ұшақ экипажының қателігі. Екінші – ұшақтағы техникалық ақау. Үшінші – әуежайдың навигациялық қызметінің қателігі. Бүгінде 5-6 техникалық сараптама жүргізілу үстінде. Ұшақты жасаған зауыттан мамандар келді. Олар біздің сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сараптамалар біткеннен кейін нәтижесін айтамыз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның айтуынша, ұшақтың екінші ұшқысы, бір бортсерік қазіргі уақытта ауруханада реанимацияда жатыр. Ал қалған 2 бортсерік ұшақтың артқы бөлігінде отырғандықтан аман қалды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.
«Алматы әуежайынан ұшып шыққан «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген жеделхатта.
Ұшақ апатында жақындарын жоғалтқандардың бәріне өтемақы төленбейді. Сақтандыру компаниясындағылар асыраушысынан айырылғандар ғана тізімге ілінетінін айтады. Сонымен қатар, мүгедек болып қалғандардың өзіне берілетін төлем түрлі санатқа бөлінген. Өтемақының көлемі мен ұшақ апатынан ауруханаға түскен науқастардың хәл-жағдайы қандай?
Ескі жылдың соңғы жексенбісін Алматы әкімі ауруханада өткізді. Ұшақ апатынан зардап шеккен балаларға келуін көбісі күтпегендей. Ақ сақалды болмаса да, ақ халатты атаның қолынан сыйлық алу оларды бір сәтке болсын сол қаралы, қорқынышты күннің үрейінен алыстатқандай. Ойыншық енді бүлдіршіндерге жұбаныш болмас. Өйткені олар ойындағы емес, шынай өмірдегі қорқынышты сәттен періштелері қағып аман қалды.
Шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында қазір 9 бала ем қабыдап жатыр. Екеуіне операция жасалған. Қалғандарының денсаулығы қалыпты.
Абай Құсайынов, Балаларға шұғыл медицианалық көмек көрсету орталығының бас дәрігері:
- Оның алтауы реанимация бөлімшесіне түскен болатын, жағдайларының аурулығына байланысты. Кешегі күні ол балалардың алтауы да жарақат бөліміне ауыстырылды. Түнді балалардың бәрі жақсы өткізді. Дене қызулары жоғарылған жоқ.
Медициналық мекемелерде қазір балалармен қосқанда 46 науқас жатыр. Ұшақ апатынан зардап шеккен бір азаматтың жағдайы ауыр.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов олардың бәрі тікелей бақылауында екенін жеткізді.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Бір нақастың жағдайы өте қауіпті. Алматы облыстық ауруханада жатыр. Кеше арнайы мамандар қосымша Нұр-Сұлтаннан барып көрді. Қайтыс болған азаматтарға бүгін біз Үкімет қаулысын қабылдадық, президенттің тапсырмасы бойынша 4 миллион теңге бөлінеді.
Бұл үкіметтің бөлген өтемақысы. Ал одан бөлек опатта опат болғандар мен зардап шеккендердің өтемақасына «Аманат» сақтандыру компаниясы жауапты. Олар жолаушылардың алдындағы жауапкершілік тармағы бойынша өтемақы төлеуге міндетті. Қанша мөлшерде ақшадан тағайындалатынын компания өкілдері жариялады.
Раушан Шәріпова, Сақтандыру компаниясының бөлім басшысы:
- Мүгедектік бойынша бірінші топқа 5000 МРП, екінші топқа 3500 МРП, үшінші топқа 2500 МРП төленеді. Егер балалары мүгедек болып қалса, оларға 5000 МРП төленеді. Қол жүктері, багаж бойынша 250 МРП дейінгі ақы төленеді.
Өтемақы тек асыраушысынан айырылғандар мен мүгедектерге төленеді. Ал қалғандарына қарастырылмаған. Заң солай екен. Сақтандыру компаниясы өтемақы мөлшері мен талабын жариялағанмен, әзірге оны алуға өтініш берген ешкім жоқ. Себебі де түсінікті. Үш күн бұрын болған апаттан әлі ешкім есін жиып болмады, науқастар да әзірге толық айықпады. Бірақ, қанша жерден миллиондап өтемақы төленгенмен, жақынынан айырылғандардың запыранын баса алмас.