{metadescription}
Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал

Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал

Тышқан жылы 2020 жылдың 25 қаңтарында басталып, 2021 жылы 11 ақпанда аяқталады. Дәстүр бойынша, жұп санмен аяқталған жыл - бұл ерлер жылы. Металл жылының кураторы - Венера. Тышқан 12 «жердегі бұтақтың» – Шығыс күнтізбесіндегі жаңа кезеңнің басы. Бұл жылы кез келген бастаманы алдын ала ойластырып, пайымдап, мұқият талдап барып іске кірісу керек. Ең жақсы уақыт - күз, егін жинау кезі. Демек, 2020 жылы ерте себілген тұқым өсіп-өніп, жобалар мен сәтті іс-шара жрқ етіп «жанып», жақсы нәтижесін беруі тиіс.

Тышқанға жарасатын түстер – алтын, көк және жасыл. 2020 жылғы элемент – металл (темір, болат, кейде алтын). Қытайлықтар оны мейірімсіздіктің, қатыгездіктің, батылдықтың және аяусыздықтың символы деп санайды.

Шығыс күнтізбесі бойынша Тышқанның алдыңғы жылдары: 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008 жж.

ТЫШҚАН (1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008 жж.) жеке тұрақтылығын, қорғанысын әр істің жағдайын жасауды түйсігімен сезетін болады. Басқаларға қарағанда бақытты болады. Жолында махаббат тағы да жарқ етіп жанады. Өміріңіздің жарқын тұстары көп-ақ. Тірлік-тіршілік жаңа қарқын алады. Романтикға бейім, тартымды болмақ, есеппен істеп бәрін, келешегін де болжай алады. Шығармашылық қылаң береді. Әсіресе әдебиетке жақын адамдардың таланты ашылады. Осы жылы аты шығады. Көбінесе үй шаруасымен айналысып, жиһаз сатып алып, ауыстырып, бірқатар сауда жасайды.Туысқандарының саны артады. 

СИЫР (1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009 жж.) ақшаны бекер уайымдаған, осы жылы жоқшылық көрмейді. Шығын көп болғанымен, солған бола көп еңбектенеді. Көздеген мақсаты - қажетті қаражат жинау іске асады. Енді біреуі пайдалы жинақ жасайды. Жылжымайтын мүллікті ойлап жүргендер, сол мәселесін тап биыл күтпеген жерден шешеді. Ішкі даму мен рухани баюдың кезеңі туды. Білім алып, оқып-үйренуге талпынады. Қанша жаста болмасын, өзінің білім деңгейін өсіруге ұмтылады. Жақын туысының арасында маңызды шара күтілуде. Бәлкім, үйлену тойы немесе бала дүниеге келеді. Жеке өмірі өзіне сенім беріп, жарқын болашаққа қарыштап қадам басады. Бәрі жақсы болады, құттықтаймыз!

БАРЫС (1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010 жж.) басқаларды басып озуға асықпайды. Сенімі мол, бірақ өте сақ және бәрін есеппен істейді. Жоспарын жүзеге асыруды ойлап, ақыл-кеңес беретін адам іздейді. Идеясын құпия сақтап, оны іске асырудың бар жолын қарастырады. Дегенмен болашаққа тап "осы ісім, дүнием дұрыс" деген маңызды емес, маңыздысы - тап қазір сізге қымбат, бағалы, тура қазір өміріңізде, қолыңызда тұрған нәрсе деп ұғыңыз. Жетістіктің ең бастысы жұмысты сақтап қалу, материалдық деңгейді ұстап қалу, қарым-қатынасты да сақтап қалу. Көбісі көшу керектігін түсінеді. Бірақ осы жылы ол идея көп шығын әкелуі мүмкін. Сіз өз жағдайыңызды, әсіресе материалдық жағдайды қайта алпына келтірумен боласыз. Жаңа көшіп барған жер көңілге жақпауы мүмкін. Жеке өмір жарқын және тосын болмақ, күтпеген дүние көбірек болады. 

ҚОЯН (1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011 жж.) болып жатқан дүниеге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әр жағдайды өзіне өлшеп қарайды. Сөйтіп оны әдетке айналдырады. Бұл жылы мың құбыласыз, ешкімге ұстатпайсыз, көбіне қызықты болып көрінесіз, бірақ ешкімге ештеңені білдіртпейсіз. Айналаңыздағыларға күдікпен қарайсыз. Жалпы, сіз достарыңызға имандай сенбейсіз. Оған бейім емессіз. Әсіресе сізге адалмын деген адамдарға. Жұмыс басқа дүниенің бәрін ысырады. Сіз жаңа салаға қызығушылық танытып, соған белсене араласасыз.  Материалдық аспекті жақсарады. Кейбір ерекшеліктерге қарамастан, айналаңыздағы адамдарды ерекше пікірмен, көзқарасыңызбен таңқалдырасыз. Күтпеген шешім қабылдайсыз. Ол әсіресе творчестволық адамдарға тән. Танымал боласыз. Махаббат сезімін бастан кешіресіз. 

ҰЛУ (1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012 жж.) өміріндегі ең берекелі кезеңге өтеді. Дәулетіңіз күшейеді, көңіліңіз орнына түседі. Бұл әсіресе тек өзіне ғана сенетін, өз күші мен мүмкіндігіне сенетін адамдарға тән. Қаржы аспектісі бірінші орынға шығады. Ақша салған, құйған нәрсе пайда әкеледі. Өзіне сай адамдармен серіктес болғанда жетістікке жетеді. Кәсіби біліктілігі сізбен сәйкес адамдармен жұмыс істеген ыңғайлы болады. Яғни терезесі тең адамдармен. Құндылықтар өте маңызды болмақ. Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтып, туыстармен жақсы араласып, өзара көмек беру осы жылы жақсы жүзеге асырылады. Жолға шығу да сәтті болады. Әсіресе сапар белгілі бір мақсатпен болса, мысалы, көшуге қатысты. Мүлікке қатысты дау, мәселе ақыры шешіледі. 

ЖЫЛАН (1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013 жж.) қайнап жатқан өмір ағынына кіре алмай, аздап дағдарады. Оған түрлі жағдайлар итермелейді. Жоспарын, мақсатын, міндетін қайта қарауға тура келеді. Жарыс, бәселкелестік туралы сөз болғанда айналаңыздағы адамдар сізге елең етпей, ескермей қояды. Көңіл аудармайды. Осы жағдай көңіліңізге қаяу түсіруі мүмкін. Бірақ, сіз бәрібір жеңіп шығасыз. Бұл кездейсоқ жеңіс емес, бұл сіздің ақыл-парасатыңыздың жемісі болмақ. Небір қиын, күрделі жағдайларда сіз ең оңтайлы жолды тауып аласыз. Жеңілгеннен гөрі жеңіс көп. Дегенмен оңай жыл емес. Сізге. Бірақ сіз ел ойлағандай тым қарапайым емессіз. Ірі зат сатып аласыз. Мұраға ие болуыңыз мүмкін. Кейбіреуі мұрагерге ие болады. Қаржы аспектісін оңай деу қиын. Қатты сезім бар жерде ақша да қатар жүреді. Бәрі біте-қайнасып жатыр...

ЖЫЛҚЫ (1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002, 2014 жж.) басқаларға тәуелді болады. Осы жыл сізге жақсы деу қиын. Тағы да жұмысқа бар күшіңізді салып, ақыры оған тағы көңіліңіз толмайды. Әріптес, дос, серіктестермен қарым-қатынас бұзылуы мүмкін. Жақындармен де бұзылады. Ажырасу, мүлік бөлісу, дау-жанжал да жоқ мес. Қалай десең де, көп нәрсе туындаған жағдайларға қатысты болмақ. Тұрғылықты жерін ауыстыруы да мүмкін. Қолымен бір нәрсе жасап, сонымен көп айналысады. Жұмыста өзгеріс болуы мүмкін. Сапарлар күтілуде. Бір жерден хабарды тағатсыздана, ұзақ күтесіз. Бұрынғы досыңыз сізге көп көмек береді, қолдайды, қиын мәселені шешуге қол ұшын береді. Сонымен қатар мерекелер, сыйлықтар күтілуде. Жүрегіңіз өткенді аңсайды. Ал тап қазіргі жағдайға көңіліңіз толмайды. 

ҚОЙ (1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015 жж.) жалғыз өзі барлық мәселесін шеше алмайтынын түсінеді. Ол мәселе көптен беру мазалап жүр, күн тәртібінде тұрған мәселе.Кейде сіз жағдайды өзіңіз туғызып, оның шешімі тіпті маңызды емес болып қалады. Айналаңыздағылардың түсіністігіне сенім артпаңыз. Олардың алдында біртүрлі болып көрінуіңіз мүмкін. Олар сіздің жағдайыңызды түсінуге міндетті емес. Сондықтан тек адал, жақын адамдарға ғана сеніңіз. Егер сіз пайдалы қарым-қатынасты сақтап қалсаңыз және қазіргі кездегі жағдайды тұрақты ұстап қалсаңыз, біліміңізді жетілдірсеңіз, онда жолыңыз ашылып, сәттілік келеді. Ал қаржы мәселесін шешу сіздің емес, өзгелердің қолында. Соларға тәуелді боласыз. Қаражат жинай алмайсыз. Тағдырлы және ірі зат сатып алуды келесі жылға қалдырыңыз. Биыл тәуекелге бел бумаңыз. Ал жеке өмірде сіз тым қырсықсыз, қыңырсыз. 

МЕШІН (1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016 жж.) бәсекелестерінің көреалмаушылығына тап болады. Оны өзі де сезеді. Осы жылы жеңімпаз атанасыз. Көбісі оны өзіне деген әділетсіздік деп ұғады. Әсіресе бұрынғы таныстарыңыз. Ол жеке өмірдегі бұрынғы таныстары ғана емес, олар - достары, көршілері, әріптестері де. Дегенмен осы жыл сізге сәттілік әкеледі. Жұмысқа қатысты сапарлар сәтті болмақ. Құрылыс, жөндеу жұмыстары  осы жылдың басты ісі. Кәсіби біліктілігіңізді арттырасыз. Мансабын, қызметін өсіреді. Бұл әсіресе погон таққандарға, болмаса бір топ адамдармен істейтіндерге қатысты (мұғалім, дәрігер). Көбісі материалдық жағдайын жақсартады. Тәуелсіз болады. Тек өзіне ғана сенеді. Сіздің жақындарыңыз рухани байлығыңыз бен ақпараттық біліміңізді байқайды. Сол жағынан алда боласыз. Өзіңізге жаныңыз жақын, түсіне білетін адамды іздейсіз. Сондай адамды тапсаңыз, онда өмір бойы көксеген арманыңызға жеттім деп ойлаңыз. 

ҚОРАЗ (1933, 1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017 жж.) қызығушылық танытатын дүниесін байытқаны жөн. Солай істегені дұрыс. Жан-жақты болса, ол жетітікке жетелейді. Ол әсіресе жұмысына қатысты. Кәсіби міндеттерін жүзеге асыру үшін жаңа бағыт, тың жол іздеуі тиіс. Жеткен жетістігіне риза болып тоқтап қалмауы керек. Іздене беріңіз. Тәуекел мен жаңашылдық - алға дамудың құралы. Бәсекелестерін басып озып, өзгенің идесын шаң қаптыру қажеттігі туады. Тап солай әрекет етудің мезгілі туды. Тек өз күшіне сенетіндер ғана биыл материалдық табысқа кенеледі. Егер мүлік мәселесін шешуді қолға алса, оны тек өз күшіңізбен ғана шеше аласыз, ешкімнің қатысуынсыз. Туыстармен қарым-қатынас жақсарады, нығаяды. Жаңа туыс пайда болады. Жеке өмірде бақытты боласыз. 

ИТ (1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018 жж.) тығыз шаруасы жоқтай, құтты бір маңызды мәселелері жоқтай, алға жылжитын ісі жоқтай күй кешеді. Адамдар да, істері де қызықсыз. Жалықтырған. Өйткені оның бәрін сіз алдын ала білесіз. Бірдеңеге ақша құюға асықпайсыз. Ол қызықтырмайды. Осы жыл тұрақтылық пен біркелкілік жылы. Маңызды шешімнің бәрін қабылдап қойғансыз. Енді соның жемісін көретін кезең туды. Жұмыста сәл-пәл згерістер болады. Оны да сіз алдын ала білесіз. Материалдық жағдайды жақсартатын мүмкіндік туады, егер оның шынайылығына көз жеткізсеңіз, сондай-ақ бұрыннан келе жатқан мүлікке қатысты мәселені жылдам іске  асырып, қолға алатын уақыт туды. Бірақ бұл жерде біраз тырысуға, күш салуға тура келеді. Сіз достарыңыз бен туыстарыңызға сенбейсіз, олардың шынайылығына күмән келтіресіз. Қуаныш пен берекені сапарға шыққанда табасыз Егер дайын болсаңыз, махаббатта жолыңыз болады. 

ДОҢЫЗ (1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019 жж.) асықпай-аптықпай әрекет етудің сәті туды деп ойлайды. Бұл жыл береке әкелейін деп тұр. Кәсіби салада жаңа деңгейге шығасыз. Біреуі қызметін өсірсе, екіншісі жалақысын арттырады. Көбісі қаражатын молайтып, табысқа кенеледі. Тұрмыстағы мәселені шешудің сәті туады. Соның мүмкіндігін қарастырасыз. Бұл тақырып сізге ұнайды - үйіне, жақындарына, отбасына пайдалы болған көңіліне жағады. Жақында ғана бір үлкен шараны жүзеге асырғансыз, ол жылжымайтын мүлік мәселесі болған, енді сол мәселе тағы да алдыңыздан шығады. Күн тәртібінде тұр. Жөндеу, тұрмыс жағдаын жақсарту  - жоспарда.  Арманыңыздың орындалатын кезі туды. Махаббатыңызды кездестіресіз. Туыстар арасында да жағымды жаңалықтар күтілуде. 

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: 2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал  

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын салттар

Қазақтың ойын-сауығының түпкі мақсатын білесіз бе? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде