{metadescription}
Питер Гриффитс: Адам факторын тексеруге шара қолданамын, Ұлыбританиядан көмек сұрадым

Питер Гриффитс: Адам факторын тексеруге шара қолданамын, Ұлыбританиядан көмек сұрадым

Қазақстанның авиация саласындағы қауіпсіздік ережелері әлемдік деңгейге сай ма? Жалпы, әуе саласындағы ахуал қалай? Ұшқыштарымыздың біліктілік деңгейі қалай? Бұл сұраққа авиациялық әкімшілігінің жетекшісі Питер Гриффитс не дейді? 

2019 жылдың 27-ші желтоқсанында Алматы маңында болған ұшақ апаты. "Бэк Эйр" әуе компаниясының "Фоккер 100" ұшағы. "Слуги народа" жобасының авторы Артур Платоновтың Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевпен және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жетекшісі Питер Гриффитспен эксклюзивті сұхбатын ұсынамыз.  

- Талғат Тлеубекұлы, капитан Гриффитс, мен сіздерді әуе апатында қаза болған адамдардың қайғысына не себеп болғанын, оқыс оқиғаның неге болғанын түсіндірсін деп шақырып отырмын. Әлемде әуе апаттары болып жатқанын білеміз, былай қарасаң, ұшақтар ескі емес. Бірақ неге осындай жағдай болды? Ұшаққа отырған қауіпті болғаны ма? Хронологиялық тәртіппен не болғанын айтып бере аласыз ба?

Талғат Ластаев, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

Бірінші кезекте, қаза болған жандардың жақындарына көңіл айтқым келеді. Өзіңіз айтқандай, әлемде небір әуе апаттары болып жатады, біздің елде де орын алды. Әуе апатына қатысты, хронологиялық тәртіппен айтсақ, 27ші желтоқсан күні таңғы сағат  7.21де Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында «Бэк Әйр» компаниясының «Фоккер-100» ұшағы жерден көтерілер кезде ұшақтың құйрығы екі рет жолаққа тиіп кеткен. Сәйкесінше, ұшақ оңға, сосын солға бұрылған, қозғалыс басталып аяқталарда,  2 мың 300 метр жерде қоршауды бұзып, салынып бітпеген тұрғын үйге соғылған.   

- Ұшақ жерден көтерілген бе, жоқ па?  

Қазір тексеру жүріп жатыр, яғни, ұшақ көтерілуге тsрысқан.  

- Апат аспанға көтерілгенде болды ма?    

Иә, биіктікке көтерілгенде болған.Жолақтар шекарасынан шыққанда – шассиде. Қарда қалған ізіне қарағанда, ұшақтың аздап қисайып, биіктікті жоғалтқанын байқаймыз. Сосын қоршауды бұзып, үйге соғылған. Ұшақтың, негізінен, алдыңғы бөлігі қираған. Сәйкесінше, дабыл қағылып, барлық әуежай қызметтері аяғынан тік тұрды. Регламентке сәйкес, барлығы дер кезінде жетті. Жоспар бойынша іздестіруқұтқару жұмыстары, төтенше қызметі, медициналық жедел жәрдем – бәрі келді.  

Капитан Гриффитс, сіз авиация саласындағы мамансыз, бұл саланы Ұлыбританияда, Еуропалық Одақта басқардыңыз, өте тәжірибелі ұшқышсыз, сіздің ойыңызша, алдын ала не болуы мүмкін еді?

Питер Гриффитс,  «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры:

Бұл жерде адам факторы білініп тұр, иә, шын мәнісінде, қаншама адам қазаға ұшырады. Тергеушілер іс жүргізіп, себебін анықтайды. Реттеуші ретінде мен, әрине, бұл әуе компаниясына кеңінен қарағым келеді, олардың қалай арыз, шағым бергенін, компания ішіндегі қауіпсіздік мәдениетін және тағы басқасын әр қырынан қараймын. Бұл барлық әуе компанияларын тексерудің бір бөлігі. Үлкен тексерудің. Ал «Бек Эйрді» тексеру жылдам жүргізіледі.

Капитан Гриффитс, сіз Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры ретінде,  Қазақстанның әуе саласының жағдайы туралы жалпы не айта аласыз, оның деңгейі қандай?

Жалпы авиация саласы қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне жүгінеді. Мен Қазақстанды 10 жылдан бері білемін, осы уақыт ішінде қауіпсіздікті нығайтуға қандай қадамдар жасалып жатқанын көріп отырмын.

Қауіпсіздік саласында ілгерілеу бар ма?

Ілгерілеу баяу, қауіпсіздік бойынша түйінді аспектілерін жақсарту үшін шапшаң қимылдау қажет және осы аспектілерді тезірек өзгерту әкімшіліктің басты назарында.

Сіздің ойыңызша, капитан Гриффитс, тап қазір, бірінші кезекте не істеу қажет?

Бірінші, Қазақстаннның әуе компанияларындағы қауіпсіздік мәдениетін қайта қарау қажет. Қауіпсіздік мәдениеті  – бүкіл авиацияның басты қозғаушысы, компаниялар қаншалықты бұл деңгейге жететінін тексеруге мүмкіндік береді. Қазақстанның белгілі бір компаниялары өздерінің қауіпсіздігі туралы өте төмен деңгейде есеп береді. Бастысы – әуе компаниясының қауіпсіздігі бойынша жұмысын анықтайтын адам факторы.  

Талғат Тлеубекұлы, әдетте алдын ала екі болжам жасайды, ол адам факторы және әуе кемесінің ақауы. Бірқатар алдыңғы саптағы әуе компанияларының штатында сондай ұшақтар бар екен.  Соған қарамастан, адам шығынымен әуе оқиғалары болып жатады. Басқа да елдерде тура осындай ұшуға ыңғайланған кездегі оқиғалар. Тіпті заманауи америкалық Boeng 737 Мах екі рет апатқа ұшыраған. Онда техникалық ақау анықталды. Авиациялық техниканы пайдалануға барлық елде рұқсат беріле ме, ол әлі белгісіз. Ал біздің «Фоккер 100» талапқа сай ма, техникалық бақылаудан өткізілген бе, аталмыш қайғылы оқиғадан кейін жүргізілген тексеруден соң пайдалануға тыйым салына ма, әлде пайдалану мерзімі ұзартыла ма?  

Талғат Ластаев, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

Авиациялық әкімшілікпен бірге «Фоккер 100» әуе кемелерін пайдалану... «Бек Эйр» сертификаты орын алған аппаттан соң тоқтатылды. «Бек Эйр» компаниясына тиесілі 10 әуе кемесі егжейтегжейлі тексерістен өткізіледі. Оны мемлекет аралық авиациялық комитеттің мамандары шақырылады, сондай-ақ Голландия шығарушылардың сарапшылары да болады. Олар тергеуге мүдделі тарап ретінде болмақ. Және де Ұлыбританияның авиациялық органдарымен осы тексерісті жүргізу үшін білікті инспекторларын тарту туралы келісім бар, олар аталмыш әуе кемесімен жұмыс істеуде тәжірибесі бар 2 инженерді жібереді.  Қажетті тексеруді егжейтегжейлі өткізген соң сол әуе компаниясы және аталмыг әуе кемесін ұшыру-ұшырмау мәселесі шешіледі.

Сіз дұрыс айтасыз. Әлемде ондай әуе кемесі қолданылып келеді, тіпті заманауи ұшақтардың да техникалық ақауы табылып жатады. Таяуда болған мысалы, «Boeng 737 Мах» өндірістен шығарылған. Сондықтан барлығы дұрыстап қаралып, зерттеліп, аталмыш апатты негізге ала отырылып қаралады. Яғни, борттағы өздігінен жазылатын құралдар қазір алынған.

Жазбалар белгілі болды. Қазір үстіртін қорытынды жасамайық деп айтатыныңызды білемін, сонда да, белгілі бір пікір қалыптасқаны анық. Әуе апаттары болып келді, болып жатыр, ол туралы тіпті небір фильмдер де түсірілді. Авиация ережесін сақтау – өмір мен өлім мәселесі. Оны елемеуге болмайды. Сіздің ойыңызша, капитан Гриффитс айтқандай, қауіпсіздік мәдениеті өте жоғары болуы тиіс. Осы ереже біздің елде сақтала ма? Өйткені қарап отырсақ, қисынсыз салыстырма болуы мүмкін, дегенмен жүргіншілер жолында «шығармашылық еркіндік» тым көп. Авиация саласында бұған қатаң тыйым салынған. Осы бізде қатаң сақтала ма?

Өз мағынасын толық растайтын сөз бар. Авиацияның барлық ережесі қанмен жазылған. Сондықтан жалпы авиация – жөнге салынып, ретке келтірілген, регламенттелген салалардың бірі. Аталмыш ережелердің барлығын толық сақтау үшін біз авиаәкімшілік құрып, мамандарды шақырдық, ол үрдіс әлі де жалғасуда. Жаңа айтылғандай, ТМД елдері арасында авиакомпаниялар бар, біз, халықаралық модельге сай, мойындалған еуромедель жасаған алғашқы елміз.    

Ол модель соған сай келе ме?

Егер қазіргі статусты айтсақ, яғни, біз халықаралық азаматтық авиация ұйымының бағалауы бойынша,  аудитке қатысты стандарттарына сәйкес келеміз, демек бұл ұйымның объективті аудиті 74 пайызды құрайды.

Ол әлемдік стандартқа сай келе ме?  

Еуропа елдерімен қатар сәйкес. Мысалы, Ұлыбританияның сәйкестік деңгейі 93 пайыз, біз 80нен асатын деңгейге жеткіміз келеді және осыған жақын болғымыз келеді, бұл біздің қазір жүзеге асырып жатқан мақсатымыз. Ал авиақауіпсіздік деңгейін айтсақ, екі жыл бұрын аудит 83 пайызға аудит өткен. Ол әуежай қауіпсіздігі, ол әлемдік деңгейдің орташасынан жоғары. Жалпы, әуе көліктеріндегі адамдардың  қауіпсіздігі – ісшаралар кешені жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Яғни, 74 және 83  пайыз әлемдік орташа деңгейден жоғары. Одан да жоғарылап, топелдерге кіреміз, олардың көрсеткіші 80 және 85 пайыздан жоғары. Бұл таяу жылдардағы біздің мақсатымыз.  

Капитан Гриффитс, қалай ойлайсыз, Қазақстанда аталмыш қызметтер әлемдік деңгейге сәйкес келе ме? Ұшақтар толық, егжей-тегжейлі тексеріле ме?

Питер Гриффитс,  «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры:

2010-шы жылы Қазақстанмен алғаш танысқаннан бері бұл елде бірқатар оң өзгеріс бар. Бірақ кейбір дүние ойдағыдай емес. Осы мерзімде әкімшілік жағдайды өзгерту үшін бірқатар шара қолданды. Алайда істелетін жұмыстар әлі де көп.  

Апатқа ұшыраған ұшақ дұрыстап тексерілді ме? Техникалық жағдайы қалай болды? Әлде тексеру мәдениеті де қауіпсіздік мәдениетіндей төмен бе?

Егер тұтастай алғанда, тәжірибеден, қауіпсіздік мәдениетінен басқа, басқа салдарға ықпал ететін болса, құжаттамаға сәйкес, ұшаққа жарамдылық сертификаты осы жылдың мамыр айында берілген, яғни бұл оның ұшуға жарамды болғанын білдіреді.

Ұшуға жарамды?

Инспекторлар тексерген. Бұл экипаж үшін адам факторы болуы мүмкін дегенді білдіреді. Мен тергеудің аяқталуын күтпеймін, адами факторды тексеруге шара қолданамын, тіпті Ұлыбританиядан көмек сұрадым. Тексерулерді тек біздің инспекторлар ғана жүргізбейді.

Капитан Гриффитс, сіздің пікіріңізше,  қазақстандық ұшқыштардың біліктілік деңгейі қандай? Айтпақшы, олардың арасында көптеген шетелдік мамандар да бар.

- Көріп отырғаныңыздай, Қазақстанда авиация дамып келеді және белгілі бір сәтте оны жергілікті ұшқыштар қамтуы мүмкін, бірақ ұшқыштардың жетіспеушілігі байқалады, сәйкесінше, экспаттарды сырттан тартуға мәжбүр, сонымен бірге ресурстық сәт аяқталған кезде тәжірибе алмасудың пайдалы сәті де болады.

Әкімшілік бірнеше ай ішінде қызметкерлерді жалдау туралы көп сұхбат жүргіздік және қазір кадрлық қор бар, әкімшілікке экспат тарту мүмкіндігін іздей бастадық, 1 қаңтардан бастап ұшқыштар жұмысқа кірісті.

 Қазақстан экспаттар үшін тартымды ел.  Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен тәжірибесі бар, сонымен қатар біз халықаралық  ұйымдармен жергілікті оқу орындарында, Қазақстанда тренингтер ұйымдастыруы үшін өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық орнатуға белсенді қадамдар жасап жатрмыз. Сондай-ақ, 15 қаңтарда бізде шағын ұшақтардың қауіпсіздігі туралы өндірістік жиналыс болады.

 - Талғат Тлеубекұлы, соңғы сұрақ. 27-ші желтоқсанда болған ұшақ апатының тексеруінің шешімі ресми түрде қашан айтылады?

Талғат Ластаев, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

 Ресми түрде, тергеу жөніндегі комиссия ғана тергеу нәтижелері мен барысы туралы түсінік бере алады. 10шы қаңтарда алғашқы ресми болжам айтылады. Қалғанның бәрін тек комиссияның ресми түсіндірмесі көрсетеді. Әлемдік тәжірибеге сүйеніп, бұл комиссияның жұмысына араласуға ешкімнің құқығы жоқ.

Сұхбатты толығырақ сайтта  "Слуги народа" бағдарламасынан қарауға болады. 

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.