Мұхтар Ханзада: Білемін деп ұятқа қалғанша, білмеймін деп күлкіге қалғаным жақсы
Есін білгелі өнерде жүрген әнші Мұхтар Ханзада КТК арнасының «Астарлы ақиқат» ток-шоуында есі шықты. Аталмыш ток-шоуда бас кейіпкер ретінде келген адамдардың қылығы әншіні таң қалдырса керек.
Автор: Заира Сабитова
Ток-шоу басталғанда бас кейіпкердің әңгімесін бар ықыласымен ұйып тыңдаған Мұхтар орта жүзіне келе бергенде есі шыққан сыңайлы.
Кішігірім, қызық тақырып болды. Әркімнің ойын білгің келеді. Басында бәрінің тұжырымын зейін қойып тыңдадым. Бірақ, кейбр кейіпкерлер студияда отырғандардың рухын сындырғандай болды. Тартынбай сөйлеп, өзі жайлы ашық айтылғанда, оғаш сөздер, тіпті кейбір дөрекілеу тұсы... жиналғандардың жағасын ұстатады. Дегенмен... кейбір тақырыпқа араласу қиын екен.
Сахна мәдениетін сақтап, өнер адамдарының арасында жүрген әртісті ішкі құпиясын жұрт алдына жайып салып отырған кейіпкерлердің қылығы таң қалдырса керек.
Пенде болған соң, көп нәрсеге үлгермейміз, өмірде не болып жатқанын білмейміз. Адамдардың ішінен неше түрлі нәрсе шығып жатқаны... Қателесіп жүрген жанның ниетін, пиғылын, іс-әрекетін – бәрін айғара ашық көрсетіп қана қоймай, дұрыс шешімін беріп жатқанына қайран қаласың. Бір жағынан пайдасы тиіп жатыр. Осы тұрғыда «Астарлы ақиқат» ток-шоуын қолдаймын.
Мұхтар Ханзада ток-шоуларды сыртынан қарап, сынап, батыл сезінетіндердің жеме-жемге келгенде, сөз таба алмай сасатынын жасырмады.
Үйде теледидар қарап отығанда «неге былай айта салмайды?» деп кіжінеміз. «Былай істей салса, солай айта алса» деп ойлайтынымыз рас. Көтерілген тақырып расында да қиындау болды. Дұрыс ойласақ екен, жөн пікір қалдырсақ екен дедік.
«Астарлы ақиқатта» шыққан небір адамның қылығына тұжырым жасаған мамандардың пікіріне құлақ түрдік. Студияда түрлі саланың мамандары отырды. Аталмыш тақырыпты терең зерттеген бір ағамыздың пікіріне қосылдым. Қасымда отырған нумеролог: «Бұның бәрі скетч, театр секілді, бұл нағыз актер болатын адам» деді. Ол кісінің де пікірін де қостадым.
Астарлы ақиқат» бұл жерде шындықты айқын ашады екен. Өзім сөйтіп ойлаймын. Әдептен шыққанды орнына қоя білді. Жақсы тұжырым жасалды. Бетпердесін барынша ашып берді. Ағаларымыз, психологтар керемет ақыл-кеңес берді. Соны бірауыздан қолдадық.
«Көп өмір сүргеннен емес, көпті көргеннен сұра» дейді ғой. Кейбір адамның сөзіне, ісіне қарап-ақ біраз нәрсені аңғарасың. Көңілге қонымды сөз айтқанға еріксіз құлақ түресің.
Негізі, «білмеймін» деген де жақсы нәрсе. «Білемін» деп ұятқа қалғанша, «білмеймін» деп күлкіге қалған жақсы. Ол ақылды адамға тән қасиет болса керек. Санасы түзу адам білмеген нәрсесін қысылмай айтады. «Мен бұл жайлы білмейді екенмін» дегенді ақылсыз деуге болмайды. Ал енді білгеніңмен бөліссең – нұр үстіне нұр.
«Астарлы ақиқат» ток-шоуының кезекті шығарылымына қонаққа шақырылған әнші Мұхтар Ханзаданың жеке пікірін жақын арада КТК арнасынан тамашалайсыздар. Нақты қашан және қай күні болатынын әлеуметтік желілерде КТК арнасы (facebook, vk), ktktvkz, astarly_aqiqat (Instagram) парақшаларынан және сайтынан табасыз.