Эвакуация кезінде нені білу керек?
Жаман айтпай жақсы жоқ. Сақтықта қорлық жоқ. Алда-жалда басымызға қауіп төніп, табиғат апаты, зілзала және тағы басқа апат бола қалған жағдайда адамдар нені білуі керек? Эвакуация деген не? Оған қалай дайындалып, не жасау керек, нені істемеу керек? Төменде жазылған ескертпе-жадынамамен танысып, еске сақтап алыңыз.
Эвакуация - табиғи апат, төтенше жағдай, ірі өнеркәсіптік апат, зілзала кезінде халықты қорғау тәсілдерінің бірі. Эвакуация халықтың өміріне қауіп төнген кезде тұрғындарды қауіпсіз – басқа елді мекенге жылдам көшірілу.
Тұрғындарды эвакуациялау туралы жергілікті өзін-өзі басқару органы хабарлайды.
Эвакуация туралы хабарлама алған кезде әрбір азамат не істеу керек?
Барлық қажетті құжат пен заттарын:
-
төлқұжат, әскери билет, білім туралы және мамандығы бойынша құжаттар, еңбек кітапшасы, некеге тұру және туу туралы куәліктер, сақтандыру полистері, ақша, банк карточкалары, жеке қорғану құралдары, теріні қорғауға лайық киім, аяқ киім, алғашқы көмек көрсететін медициналық қобдиша, дәрі-дәрмектер, жеке химиялық заттарға қарсы арнайы пакет, байлағыш, таңатын, орайтын материалдар, йод, далада киетін жылы киімдер, төсек жабдықтары, жеке гигиенаға арналған заттар, үш күнге жететін азық-түлік қоры.
-
Азық-түлік пен заттарды чемоданға, рюкзаққа немесе көшкен кезде ыңғайлы болу үшін үшін орап-түйіп алу керек.
-
Көшірілетін әр затқа аты-жөніңді, тұрғылықты мекен-жайыңды және эвакуацияланған жердің атын бирка іліп жазып қойыңыз.
-
Мектеп жасына дейінгі балалардың киімі мен іш киіміне аты-жөні, туған жылы, туған жері, тұрғылықты мекен-жайы және эвакуацияланған жері кестеленіп, болмаса маркермен жазылсын.
-
Үйден шығар кезде барлық жарық және жылыту құралдарын сөндіріп, суды өшіріп, газды тоқтатып, есік-терезені мықтап жабу керек.
Эвакуация пунктіне белгіленген уақытта келіп, міндетті түрде тіркелу қажет. Сол жерден көшірілетін басқа елді-мекеннің (қала сыртына) немесе қауіпсіз жердің аты хабарланып, ол да тіркелінеді.
Жолда белгіленген тәртіпті мұқият сақтау қажет. Іс-шараны басқарған адамның бұйрығын бұлжытпай орындаңыз. Хабар беріле салысымен жылдам және дұрыс әрекет етіңіз.
Эвакуацияланғанда тыйым салынады
Жергiлiктi эвакуациялық органдардың рұқсатынсыз:
-
өз еркімен орнласатын, тұратын жерді таңдауға;
-
бір жерден екінші жерге ауысуға, көшуге;
-
жергілікті биліктің бұйрығын, ескермесін, нұсқауын елемеуге;
-
көмекке мұқтаж адамға жәрдем беруден бас тартуға;
Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал
2020 жылда қазақстандықтарды қандай жаңалық күтіп тұр