{metadescription}
27 қаңтар – 2 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

27 қаңтар – 2 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

Бұл апта несімен ерекше? Мені не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар мен астрологтар академиясының осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

27 қаңтар – 2 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқты кәсіби мүдделері мен жеке өмірі бұл күндері тығыз байланыста болады, достарыңыз немесе туыстарыңыз бизнес жобаларға қатыса алады. Сейсенбіде бөтен адамдармен сөйлескенде абай болыңыз, бұл күні іс-әрекет пен сөздерді ғана емес, сонымен қатар ойды, ниетті де бақылауға кеңес береміз, өйткені ол бетіңізде жазылып тұруы мүмкін. Сәрсенбіде жағдай жайланып, қолайлы болуы мүмкін, бірақ қолды кеңге салып демалмаңыз, босаңсымаңыз. Аптаның соңы жанжалға әкеліп, өтірік бір дүниелерге шырмалып қалуыңыз әбден мүмкін.

 

Торпақ  осы аптада жоспарлары мен идеяларын құпия ұстаған жөн. Дүйсенбі мен сейсенбі сізге қиын болуы мүмкін, бірақ  өмірдегі сәтсіз жолдың артында жақсы жағдай тұр, сол көңілге жұбаныш береді. Өзімшіл серіктестердің қитұрқы әрекеттерін, пиғылын толық мойындауыңыз мүмкін, бірақ өзіңізді алдап соғуға жол бермеңіз. Апта соңында сіздің шығармашылығыңыз, шабытыңыз артып, керемет идеялармен шаттық көңіл күй кешесіз.

 

 

Егіздер бұл уақытқа дейін біраз қиындық тудырған жеке өмірдегі мәселені шешудің қолайлы мезгілі туды. Бұрыннан армандап жүрген дүние іске асырылады. Арманыңыз орындалады!  Жағымды кездесулер мен романтикалық күндер сізді қайғылы ойдан алшақтатып, оптимизмге жетелейді. Өміріңізді өзгертуге, рахаттанып ләззат алудан жүрексінбеңіз, қорықпаңыз. Сүйген адаммен сезім  өзара, ол да сізді ұнатады, сіздің ең үлкен ішкі тілектеріңіз орындалады.

 

 

Шаян үшін бұл апта кәсіби салада жетістікке жетуге ең қолайлы кезең. Еңбектенуге дайын болыңыз, ерінбеңіз, қиялыңызды, тәжірибеңізді, күш-қуатыңызды, ішкі түсігіңізді пайдаланып, іске асырып, аянбаңыз. Ауыртпалық әкелетін, қиын, күрделі, көк тиын пайдасы жоқ қарым-қатынасты үзуден қорықпаңыз. Адасып, қиялдап, жақсы адам деген адасушылықтан арылыңыз.Сізге масыл болған адамнан, ауыртпашылықтан арылсаңыз, сонда бойыңыз жеңілдеп, жолыңыз ашылып, еркін тыныстап, көп жетістікке жетесіз. Жақсыға сеніңіз, бірақ ешкімге уәде бермеңіз.

 

Арыстан бұл аптада тіпті ең жақын адамдармен өзіңіздің жеке өміріңізді талқыламаңыз, ештеңе айтпаңыз, бөліспеңіз. Рухани еңбек көзге көрінбесе де, ол да өз жемісін береді, бірақ ішкі жан дүниеңізді байытуға тырысыңыз. Көп дау-жанжалдан сіздің ішкі бай жан дүниеңіз, ақылыңыз  және жұмсақ мінезіңіз, көргіштігіңіз  сақтап, қорғап қалады. Ештеңенң жылдам өзгертуге асықпаңыз, өмір ағынына қарсы жүрмеңіз, егер мәселе дене шынықтыруға қатысы болмаса. Жұма күні орасан жоспар құрмағаныңыз жөн.

 

Бикеш сіз болған істі бітіріп алып, оны адамдардың алдына жайып салатын мінезіңіз басқаларды тығырыққа тіреп, олардың бастама көтеруіне тоқтатып тастайды. Сәрсенбі күні өзімшілдігіңіз бен өзіңізге деген нық сеніміздің жетегінде кетпеңіз. Сонда жұмысыңызда дау-жанжал болмайды. Байқаңыз. Аптаның екінші жартысында қызметте жолыңыз болады. Бірақ отбасындағы жағдай көңіл көншітпейді. Үйге көбірек көңіл бөліңіз. Бейсенбі мен жұмада достарыңыздың ақылын тыңдап, тағдыр белгілеріне назар аударыңыз, ол жайдан-жай болмайтынын миыңызда ұстаңыз.  

 

Таразы дүйсенбіде босаңсып, арқаны кеңге салмағаны абзал.  Серіктестеріңіздің мойнына жауапкершілік жүктеудің соңы жанжалға ұласуы мүмкін. Сәрсенбіде жаңа жұмыс бастамас бұрын өз күш-қуатыңызды, әліңізді бағалаңыз, өйткені аз жұмыс істесең де, сапалы істеген дұрысырақ. Сенбі күні балалар мен туысқандарыңызға ерекше көңіл бөліп, олардың проблемасын шешуге ат салысыңыз. Өйткені олар сіздің тарапыңыздан келетін көмеккке өте мұқтаж.

 

 

Сарышаян өз идеяларын жүзеге асыру үшін жылдам және батыл қимылдауы керек. Дүйсенбіде батыл қадам жасайсыз. Сонда өміріңізде жаңа бетбұрыс болады. Сіздің жасаған істеріңізге оң баға беріліп, ол өз кезегінде абыройыңызды көтереді. Сізді қомақты табыс күтіп тұр. Істерде де және жеке өмірде де көңілге жағымды сәттер күтілуде. Өз сезіміңізді жасырмаңыз, оны ашық білдіруге қысылмаңыз.

 

 

Мерген - бұрыннан басында жүрген көптеген иедяларын жүзеге асырудың сәті туды. Тек өз ұстанымыңызды серіктестеріңіз бен достарыңызға ескертіп айтуды ұмытпаңыз. Сейсенбіде жақсы боламын деп ұмтыласыз, сол кезде барплығы тек келбетіңізге, түріңізге байланысты деген қате ойдан аулақ болыңыз. Аптаның ортасында сапарға шыққан, білім алған, оқу және басқа да зияткерлік іс сәтті болмақ. Жұма күні шақырылмаған қонақтар келеді, бірақ ол адамдарды сіз ұнатасыз.

 

 

Тауешкі өз ісіне деген сенімділік пен жұмысқа деген мықты қабілеттілігін іскерлік міндеттерді шешуге жұмсағаны абзал. Оны істеуге көп уақыт кетсе де, барлығын неғұрлым дау-дамайсыз іске асыруға тырысқаны жөн. Романтикалық қатынас және беделді адамдармен танысуға осы апта өте қолайлы. Бір нәрседе болса да өзіңізге ыңғайлы орта тапқаныңыз жөн. Ол өз кезегінде өмірге оптимизммен қарауға септігін тигізеді. 

 

 

Суқұйғыш бұл аптада қызметте бәлендей көзге түсіп ерекшеленбейсіз. Бірақ ол сізге қатысты дүниелермен байланысты емес. Бірақ шығармашылық әлеуетіңіз жоғары деңгейде болады. Бюрократиялық ұсақ-түйек жұмыстар жүйкеңізді тоздырып, ашуыңызды келтіреді. Түсініспеушілік орын алады. Бірақ өз шамаңызға қараңыз, көп жұмыс арқаламаңыз, мойныңызға көп іс жүктетпеңіз.  Әз шамаңызды біліңіз. Кейбір кәсіби серіктестеріңіз сенімді ме, сенімді емес пе, соны бажайлап, байқаңыз. Бұл аптада қызметті ауыстыру туралы ой сізді жиі мазалайды, соны ойланатын уақыт келді.  

 

Балықтар үшін бұл апта ескі реніш- өкпелерді ұмытатын кез. Өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Сонымен қоса жаңа дүниелерді жоспарлаңыз. Жаңа жұмыс туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Жаңа тамыр-таныстар пайда болуы мүмкін. Ұзақ сапардан бас тартыңыз. Ол сәтсіз болуы мүмкін. Өмірге деген оптимистік көзқарас жолыңызда пайда болған қиындықтардан сүрінбей оңай өтуге көмегін тигізеді. демалыс күндері қиындық туса, туыстарыңызға арқа сүйегеніңіз жөн. 

 

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы күтіледі 

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын алттар

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде