Инфографика: Студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсті
Студенттік шәкіртақының жаңартылған көлемі қанша болды? Бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитындар қанша алатын болды? Жалпы, бір жылда ЖОО студенттеріне қанша теңге қаржы қажет? Шәкіртақы көлемі барлық студенттерге көтерілді ме?
Автор: Заира Сабитова
1 қаңтардан бастап, бакалавриат, магистратура және докторантурада оқып жатқан барлық студенттердің шәкіртақысы өсті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шәкіртақының 25%-ға артатынын жариялаған еді.
Кейін аталған тапсырманың қалай жүзеге асырылатыны туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов мәлімдеді.
«Студенттердің шәкіртақысын көтеруге республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. 1 қаңтардан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқып жатқан барлық студенттердің шәкіртақысы 25% өседі. Бұл Президенттің тапсырмасы және ол өз уақытында орындалады. Енді ол үшін қанша қаражат керек деген сұрақ туындайды. Бір жылды алып қарасақ, ЖОО студенттеріне 13 млрд теңге қаржы қажет. Ал оған колледж студенттерін қоссақ тағы 5-6 млрд теңге керек. Иә, нәтижесінде айтарлықтай сома, дегенмен бұл маңызды шешім».
2016 жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы көтерілген, олар бұл жаңалықты көп күтті. Біздің студенттерге жақсы қолдау», - деген еді министр.