{metadescription}
Атаулы жалақы. Еңбекақысы көп мамандық. Кадрларға сұраныс

Атаулы жалақы. Еңбекақысы көп мамандық. Кадрларға сұраныс

Қазақстанда ең үлкен атаулы жалақы қай салада белгіленген? Ал төменгі жалақыны қай саланың мамандары алады?  Елімізде еңбекақысы жоғары мамандықтар қандай? Жаңа жылдан бастап қай саланың қызметкерлерінің жалақысы өсті, қаншаға? Жалпы, болашақта қай салада кадрға сұраныс артады? Ендеше төменде көрсетілген кестеге қарап көрейік.  

Ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында белгіленсе, ал төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 127,3 мың теңге. Бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 37,6% төмен.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50 пайызға дейін, өңірлерде 35 пайызға дейін өсті.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 2023 жылға дейін 25 пайызға ұлғаяды (2020 жылы – 25 пайыз, 2021 жылы – 50 пайыз, 2022 жылы-75 пайыз, 2023 жылы-100 пайызға).

Негізінен жаттықтырушы-оқытушылардың, мұғалімдердің, 4 мектеп-интернат-колледждері мен спорт колледжі тәрбиешілерінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы көтеріледі. Бұдан басқа спортшылардың допингке қарсы зертханасының, Ұлттық допингке қарсы орталықтың қызметкерлеріне, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының қызметкерлеріне, Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына лауазымдық жалақының 100 пайыз мөлшерінде жаңа қосымша ақылар белгіленді. Осылайша, олардың жалақысы 2 есе өсті.

Қай салада кадрға сұраныс артады?

Еліміздің ІТ саласына жыл сайын бірнеше мың білікті маманға сұраныс туындайды, яғни сұраныс үнемі өсетін болады. Бірақ осындай мамандарды дайындау халықаралық стандарттарға сай келе бермейді. Осы мәселені шешу үшін елордада Халықаралық ІТ университеті ашылды. Бұған қоса, Astana Hub-та «Әлем» білім беру бағдарламасы қолданылып жатыр. Белгілі америкалық компаниямен бірге жобаларды бастауға дайындық жүргізілуде. Жыл сайын 1 мыңнан астам ІТ мамандарын оқытып шығарады.

Ал өңірлерге, мысалы, әсіресе ШҚО-ға түсті металлургия, ақпараттық технологиялар, құрылыс, энергетика мамандар қажет. Біліммен қоса мамандардың тілдерді білуі аса маңызды.

Сұранысы жоғары мамандықтар

Қазақстанда ең жоғары жалақы мен жұмысқа орналасудың жоғары үлесі «Мұнай-газ ісі» мамандығын тәмамдаған түлектерге тиесілі. Осы бағытта білім алғандардың орташа жалақысы 250 мың теңге шамасында. Сонымен бірге, бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасу үлесі де жоғары деңгейде және сұраныс та артатын болады.

Медицина, мектепке дейінгі білім беру, ақпараттық технологиялар, ІТ-менеджмент, интернет қауіпсіздігі сынды салалардың мамандарына сұраныс жоғары.

Ал журналистика бойынша жұмысқа тұру деңгейі ең төменгілердің бірі, яғни 63 пайызды құрады.

Жұмыс іздеушілер тарапынан экономистер, заңгерлер көп болғанымен жұмыс берушілер тарапынан мұндай қызметтерге сұраныс жоқ. Жалпы айына 150 мың, тіпті 300 мың теңге де төлеуге дайын жұмыс берушілер бар.

Электронды форматқа көшіру үшін еңбек шарттарын тіркеу қызметі ашылған. Ниет танытқан кез келген жұмыс беруші enbek.kz порталында жүзеге асыра алады.

Оқи отырыңыз: Елімізде ең көп жалақыны қай өңірде алады? 

2020 жыл: Атаулы әлеуметтік көмек. Тұрақты жәрдемақы. Гранттар. Тұрғын үй. Зейнетақы 

2020 жылда қазақстандықтарды қандай жаңалық күтіп тұр 

Астарлы ақиқат. Атышулы шығарылымдар 

ТОП-5. Дау дамайсыз 

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде