Жемқорлық: Сыйақының жаңа тәртібі. Полицейлер мен министрліктердің жемқорлық көрсеткіші
Қай өңірдің полицейлері жемқорлыққа бейім? Қай министрлікте жемқорлық қылмысы жиі жасалады? Сыбайлас жемқорлық қылмыспен қай өңірде көп сотталды? Жемқорлық туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төлеу қағидасы қандай? Жемқорлық фактісінің шындыққа сай екенін қалай анықтайды? Ақпарат берген адамды кім қорғайды?
Автор: Заира Сабитова
Мониторинг – қылмыс пен бұзушылық бетін жабуға пара алғандар:
-
Ішкі істер органдары жүйесіндегі тергеушілер;
-
Учаскелік инспекторлар;
-
Жол-патруль қызметі;
-
түзету жүйесінің қызметкерлері;
-
төтенше жағдайлар бөлімшелерінің қызметкерлері;
Жемқорлық қылмысы жиі жасалатын 5 министрлік:
-
Ішкі істер – 297;
-
Қаржы – 49;
-
Қорғаныс – 29;
-
Индустрия және инфрақұрылымдық даму – 20;
-
Ауыл шаруашылығы – 19;
2019 жылы 1002 адам сотталған;
2018 жылы 7 пайызға аз.
-
Мемлекеттік органдардың қызметшілері – 515;
-
Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері – 261;
-
Квазимемлекеттік сектор – 37;
-
Өзге тұлғалар – 189;
Жемқорлыққа бейім полицейлер қай өңірде?
Соңғы бір жылда сотталғандардың ең көп саны:
- Нұр-Сұлтан – 42;
- Алматы – 26;
- Шымкент – 23;
- Жамбыл облысы – 19;
2020 жылдың 4 ақпанында ҚР Үкіметінің қаулысымен Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидаларына түзетулер енгізілді.
Жемқорлық фактісі шындыққа сай болғанда ғана сыйақы төленеді!
Сыйақыны бірден бермейді. Алдымен қылмыстық іс қозғалады. Соттың айыптау үкімі күшіне енгенде сыйақы төлеуге болады. Сол уақыттан, 15 күн - 1 айда сыйақы төленеді. Ол барлығына бірдей беріледі, Шетелдіктер де қылмыс фактісін хабарлап, сыйақы алады.
Сонымен, параның, келтірілген залалың немесе көрсетілген жеңілдіктер мен қызметтердің сомасы 1000 АЕК аспаса, сыйақы 30-100 АЕК.
Пара сомасы 1000 АЕК асса, сыйақы аталмыш соманың немесе құнның 10 пайызын құрайды.
Мысалы, 5 млн теңге пара беру фактісін хабарлаған азаматқа осы соманың 10 пайызы – 500 мың теңге төленеді. Бұрын осындай қылмыста 500 мың теңгенің орнына 135-185 мың теңге берілетін. Бұрынғы сыйақының ең жоғарысы 265 мың теңге (100 АЕК) болатын.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматты көтермелеу қағидаларына енген түзетулер ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күнде - яғни 15 ақпанда күшіне енеді және ақпарат берген азамат мемлекет қорғауында болады.
Оқи отырыңыз: Инфографика: Студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсті
020 жыл: Атаулы әлеуметтік көмек. Тұрақты жәрдемақы. Гранттар. Тұрғын үй. Зейнетақы