{metadescription}
17 – 23 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

17 – 23 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал

Осы аптада мені мені қанжай жаңалық күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

17 – 23 ақпанға арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқты былтырдан жалғасып келе жатқан істерді аяқтайды. Ұзаққа созылған істерді –  іскерлік ынтымақтастықты, жөндеу жұмыстарын бітіруге қолайлы апта. Саннан сапаға көшетін кезең туды. Тиянақтылықтың жемісін көресіз, сапалы іс, өз міндеттемеге деген жауапкершілік нәтижесін береді. Шетелден немесе алыстан келген адаммен өзге аймақта кездесу күтіледі. Аралас-құраласта құпия дүние ашылады, ол өз кезегінде танымал адамдарға деген көзқарасыңызды өзгертуге түрткі болады. Өткен кездегі адам туралы ақпарат аласыз. Айналаңыздағыларды дүниеге деген ерекше көзқарасыңызбен таңдандырасыз. Бұл аптада сізге кітап, философтардың ойы, фильмдер әсер етеді. Өзіңізбен өзіңіз, оңашада отырып көп ойланасыз. Қаржы мәселесі аздап жақсарады.     

Торпақ әр әрекетіне мақтау-мадақтау күтеді. Сезімі мен ойларын жақын адамымен бөліскені дұрыс. Бұл кездегі күту сіздің өмірлік бағдарламаңызға айналады. Тап осы кезеңде өзіне жаманнан гөрі, көп жақсы дүние алады. Достарымен, туыстарымен кездеседі. Отырыстар болуы мүмкін. Белгілі бір адамға сый жасайсыз. Сыннан қашып кете алмайсыз. Сондықтан жақындардың арасында дау-дамай туып қалуы мүмкін. Дегенмен қалыпты қарым-қатынасты сақтап қаласыз. Жұмыста өзгерістер күтілуде. Ол басщылыққа қатысты. Кадрлық өзгерістер болуы мүмкін. Әсіресе медицина, заң, сабақ оқыту саласындағыларға. Көп шығын шығармаңыз. Қаржы мәселесі басшылыққа тәуелді. Таныс адаммен жолға шығуыңыз мүмкін. Тыныстау жүйеңізді, яғни денсаулығыңызды күтіңіз.   

Егіздер көптеген кездесулер мен келіссөздерден жалығағып, шаршайды. Назары көбінесе жұмысында болады. Жаңа бағыт-бағдарға ауысып, соны меңгеруге күш салады, жаңа міндеттер бар, оны істемеске болмайды. Жаңа іскерлік байланыстар пайда болады. Ол тек кәсіби салаға, мүддеге  қатысты. Сіздің мәртебеңіз құпияны сақтаумен, әлдекімдердің мүддесін сақтаумен, маңызды дүниемен байланысты болмақ. Достар мен туыстар арасында шаршаңқы күйіңізбен ерекшеленесіз. Ол уақытша күй. Өткенді көп ойлайсыз, басыңыздан өткен оқиғаларды, мысалы, бала кезіңізді. Шығармашылық құнын жоғалтады, материалдық дүние руханидан жоғары шығады. Қаржы мәселесі өткір. Ақша күтесіз. Ол жеке басыңызға қатысты емес, ол кәсіби салаға қатысты болмақ. Әріптестер арасында біраз салқындық бар. Бірақ оның бәрі уақытша. Жақын арада бұрынғы қалпыңызға түсіп, өзіңізді қажет, керекті адам сезініп, белсенді іс-қимылға көшесіз.  

Шаян қажетсіз байланыстардан кетіп, мазасын кетіретін адамдардан аулақ жүреді. Іскерлік жағынан өзін танытып, көрсете біледі. Кәсіби мамандығын нығайтып, жағдайын жақсартуға мүмкіндігі бар. Жаңа қызметке сайлануға да мүмкіндігі бар. Көбісіне ол техникалық жабдықтау, іскерлігін жеңілдетуге байланысты болмақ. Егер сіз – басшы болсаңыз, онда маңызды шешім қабылдауыңыз қажет болады. Ол ұйымдастыру немесе шығынды қысқартумен байланысты. Кад саясаты маңызды рөл атқарады. Жағдай керемет деуге келмес, кейде дау-дамай туындауы мүмкін. Дауыс көтеріп, келіссөз жүргізу де күтілуде. Бірақ ол жалпы ахуалға ықпалы жоқ. Бұл кезеңде сізді апарға шақыруы ықтимал. Ұжымдық жұмысқа қатысты бірқатар ұсыныс болады. Күтпеген жерден тұрғылықты үйге қатысты мәселе көтеріледі. Оны жақындарыңызбен талқылайсыз. Қаржы мәселесінде бәлендей жаңалық жоқ. Сіз тек өз қаражатыңызға арқа сүйейсіз. Ол қолыңыздан келеді. Алыстан келген адаммен кездесу күтілуде. Оның тұратын жеріне қатысты көмек көрсетесіз. Жеке өмір тұрақты және шабыттандырады.

Арыстан жеке қатынасқа зер салады, өзіне жайлы өмірлік ұстанымын сақтап қалуға тырысады. Бірақ небір жағдайлар оған кедергі келтіреді, дегенмен қиындықты еңсеріп шығады. Сөйтіп өмірлік басты ұстанымын сақтап қалады. Таныстарынан, достарынан көп ақпарат келеді. Оған қатыспай-ақ, бәрінен хабардар болып отырады. Бір ақпаратқа қызығып, соны білгісі келіп ұмтылады, өйткені ол белгілі бір қатынасқа қатысты болады. Айналасындағылардың күдігін сейілтуге тырысады. Соған бола уайымдайды.  Есесіне, кәсіби ынтымақтастық, іскерлік тәжірибемен бөлісу, білімін жетілдіру сіздің ойыңызда нақты көрініске ие болады. Бұл аптада оқып, жетіліп немесе біреуге басшлық етіп, тәлім берген сәттілік әкеледі. Ол сіздің басты шаруаңыз болуы мүмкін. Сапарға шығу талқыланады. Оны жоспарлап, күні мен оны жүзеге асыруды бір адамнан күтетін боласыз. Өз мүддеңізге қарамай басқа бір маңызды нәрсеге бар ықыласыңызды саласыз. Өйткені ол нәрсе материалдық баюға және қаржы тұрақтылығына кепіл береді. Бикеш жасы кіші туысының жағдайына қатысты өзінің психологиялық  ахуалын байланыстырады. Болып жатқан жағдайға қатысты белсенді қимылдауға тура келеді. Өз мойнына жауапкершілік пен ауыртпалықты алады. Жұлдыздар сізден тек тұрақтылық режимін сақтап, кикілжіңге араласпай, өзгеге ықпал етпеуді сұрайды. Өйткені тап қазір сіз бірқатар ақпараттан бейхабарсыз, сол саладағы мәселені жете түсінбейсіз, сондықтан ол мәселеге араласпаған жөн. Екінші сатыда тұрғанда да көзге түсіп, абыройлы болуға болады. Сізге онсыз да сенеді. Сонда сіз алғысқа бөленіп, шыдамдылығыңыз бағаланады. Қызметте тұрақсыздық байқалады. Ол басшының іс-әрекетіне қатысты болмақ. Өтініш айтқан адамға көмек бергенде, ол ақылы екенін есіне салуды ұмытпаңыз. Талап етіңіз. Өткендегі тәжірибеңізді еске түсіресіз, Ұмыт болған жұмыс дағдысын еске түсіресіз. Шеберлігіңіз бағаланады. Ол үздік деп табылады. Жеке қатынаста данышпандық танытасыз. Дау-дамайсыз шешілсе әр мәселе, онда қарым-қатынаст сақтап қаласыз. Әйтпесе біреудің көз жасына қалуыңыз әбден мүмкін. .

Таразы жоғалтып алған мүмкіндіктерін ойлап уайымдайды. Бұл аптада көп ойланып, өкінеді. Бәрін жақсы түсінсе де. Болып жатқан істерді түзетіп, оның нәтижесін.е ықпал етуге күш салады. Қызметте күтпеген жаңалықтар болады, оны әріптестер көтереді. Іскерлік мақсатта сапарға шығуыңыз мүмкін. Көбінесе көздеген мақсатын жасырады, оны іскер серіктестері де түсінбейді. Барлық таразы шет жүреді бұл аптада. Өзінің пайдалы адам екендігі өзгеге ықпал етеді. Кәсіби салада өзінің көздеген мүддесін жүзеге асыруға ұмтылады. Достары мінсіз болса да, олар сіздің өміріңізге араласқысы келеді. Сізді көп сынап-мінеп, сізге қызығушылық танытады. Оны сіз сынақ ретінде қабылдап, ақыры жеңіске жетесіз. Бұл»жоқ» деп батыл айтуға көмектеседі. Қаржы мәселесі тұрақсыз, бірақ сіз ақша тауып, оны сақтап қалудың әдісін табасыз. Ол сіздің ішіңізді жылытып, тыныштық әкеледі.

Сарышаянкәсіби салада да, жеке өмірде де қарым-қатынастарды қайта қарастырады. Қалыптасқан жағдайда өз ұстанымын өзгертуге, бұрын дұрыс деген әрекеттерінен бас тартуға ұмтылады. Содан бойы жеңілдеп қалады.  Әр нәрсені айқын көріп, өз шешімінің дұрыс екеніне өзін мықтап сендіреді. Бірқатар істерді аяқтауға қолайды кезең туды. Денсаулықты күту осы аптада жақсылап жүзеге асырылады. Артық салмақтан арылу қажет. Белгілі бір бағытта жол жүреді. Осы аптадағы кездесулер тағдырлы және күтпеген жерден болады. Кәсіби салада әріптестерінің бастамасыман бірқатар өзгерістер орын алады. Ынтымақтасқққа ұсыныс жасалады. Жұмыста тың дүние пайда болады. Көбісі іс-сапарға шығады. Кейбіреуі басқа қалаға, тіпті елге көшуі мүмкін. Қаржы мәселесі бұрынғы ескі жоспарға тәуелді,  ол іске асуы мүмкін. Туыстармен біраз уақытқа қоштасасыз.

Мерген бір нәрседен көңілі қалады. Үміт артқаныңыз орындалмайтын секілді. Бұл апта қорытынды шығару кезеңіз. Жаңа жоспар құру кезеңі. Сонымен қатар былтырдан бері аяқталмай келе жатқан істерді бітіру керек. Келіссөздер,к ездесулер болуы мүмкін. Ол қаржы мәіндеттемелерін қатысты. Белгілі бір тұлғамен келісім-шарт  жасауыңыз мүмкін. Ары қаоацй сіздің рөліңіз негізгі болмаса, сіз өзіңізге назар аудартасыз. Қалай? :ақсы идея ұсынып, ерекше ісіңізбен. Жұыста біраз тыныштық орнайды, ол уақытша. Бірақ ол өз рөліңізді бағалап, қайта қарастыру мезгілі деуге болады. Бірлесіп жасаған жобалар, сенімді серіктестермен істер  сәтті шығады, ескі жоспарлар аясында жолға шығуыңыз мүмкін. Туыстармен отырыстар болады, сыйлық бересіз, жақындардан күтпеген тосын сый күтілуде. Сізге сезім жетіспейді, сіздің ісіңізді қоштайтын адам жоқтың қасы. Ішкі жан-дүниеңізді баурап алатын жақын адамыңыз жоқ. Жылы сезімге, қамқорлыққа зәрусіз. Сол себепті күйзеліске түсіп, дағдаруыңыз әбден мүмкін. Не істеу керек? Шығармашылықпен айналысыңыз.

Тауешкі өзіне қызықты адамдардан әдейі алшақтайды. Бұл қарама-қайшылыққа толы кезең. Айта алмаған сөздер, күдік, күмән бар. Бірақ қолыңызда ақпарат көп. Өз артықшылығыңызды жақсылап пайдаланасыз. Ашық,көңілшек көрінуден қорықпай, сезіміңізді ашық көрсетесіз. Оңашада отырып ойланған дүниеңізді батыл айтып бөлісесіз. Тартымды болып, өзгені де ашық әңгімеге тартасыз. Бірақ біреудің құпиясын жасыра алмайсыз. Жұртпен кездесіп, араласып, ақпаратпен бөліскіңіз келеді. Достармен араласқанда, біреуімен қарама-қайшылыққа тап болып, жанжал тууы мүмкін. Бұнда сіздің рөліңіз басым. Туыстармен қарым-қатынаста абай болыңыз. Тап сіздің іс-әрекетіңіз дау-жанжал тудыруы мүмкін. Бұл аптада тек жұмыста ғана жағымды дүниемен алмасып, соған ден қоясыз. Қаржы мәлесесі қуантады. Пайдалы шарт жасасуыңыз мүмкін. Келісім жасауыңыз да мүмкін. Әріптестермен тіл табысып, олардың алдында абыройлы боласыз. Сапар сәтті болады, егер ол жұмысқа қатысты болса. Жеке өмірде бәлендей еш өзгеріс жоқ.

Суқұйғыш назарын жаңа адамдарға аударады, қызықты келешекке ден қояды. Қазіргі құштарлығында және істерінде қателік пен кемшілік  байқайды. Мақсатыңыз ескіргенін, оның күлкілі екенін түсінесіз. Ұзақ уақыт тәуелді болған адамдармен қатынасты үзесіз. Ешкімге сенбейсіз. Күдік пен күмәндер байланысты қайта қарауға итермелейді. Сенімді достың кеңесі қажет. Өзіңізге ғана сенсеңіз, үлкен қатеге бой ұрасыз, оны түзету өте қиын болады. Жұлдыздар ұсақ-түйек іспен айналысуға кеңес береді. Бастап, аяқсыз қалған істі бітіру керек және түріңізге көңіл бөліңіз. Бұл аптада өзіңізді жан-жақты жақсартуға арналған кезең, соған кірісіңіз. Оған қаражат та, мүмкіндігіңіз де бар. Сонда жаңғырып, жаңашылдыққа енесіз. Яғни, өзіңізден бастасаңыз, айналаңыз да өзгереді. Материалдық жағынан бұл апта өзгеріс әкелмейді. Бәрі тұрақты. Жеке өмірде қарым-қатынас қиындайды, серігіңізге наразы болып, талап қоясыз. Сонымен қатар көбісі нақ осы аптада бала жасайды.  

Балықтар байланыстарын, мәртебесін пайдаға асырады. Кез келген қиын жағдайды өз пайдасына шешеді. Айналаңыздағылар сізді жүрегі ашық, ақкөңіл адам деп қабылдайтын болады. Оған өзіңіз де сенесіз. Сізге тіпті бейтаныс адамдар келіп, көмек, кеңес сұрауы мүмкін. Жолда бір адаммен жақсы сөйлесіп, жадырайсыз. Сізде қазір тапшылыққа ие мейірімділік пайда болады. Бірақ өміріңіз жақсарып кетті деуге болмас. Қиындықтар әлі де бар. Кәсіби мәселеде ұзақ уақыт міндет жүктелген серіктеспен қатынасыңыз бұзылады. Ақшаға бола дау туындайды. Іштей себебіңіз бар болғандықтан ашуға мінесіз. Ал қарсыластарыңыз бәрін ашық айтады, оның ішінде шағым да бар, себепсіз шағым да бар. Шыдауға тура келеді. Бұл аптада қаржы мәселесі жақсы деу қиын. Шығын көп. Сезіміңізді жасырасыз. Қазір бағалы дүниені ешкіммен бөліспей, қызғыштай қорғайсыз. Сізді қызғанып, және бас тартып, сезімін де сізге жасырмай айтады. Эмоция көп! Құштарлық та көп!

Александр Ремпельдің  жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.  

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Инфографика: Студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсті 

2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы күтіледі 

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын салттар

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде