{metadescription}
24 ақпан – 1 наурызға арналған жұлдыз-жорамал

24 ақпан – 1 наурызға арналған жұлдыз-жорамал

Ақпанның соңғы аптасы несімен ерекше? Мені не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

24 ақпан – 1 наурызға арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқты өзіне өте бағалы және дұрыс дүние табады.  Көбіне ол дүние белгілі бір өткендегі нәрсемен байланысты болады, бір түсініксіз оқиғамен, сол күйі ашылмай қалған нәрсемен. Енді соны жаңа көзқараспен бағамдап, қарап, көп нәрсені түсінетін боласыз. Қалыптасқан жағдайды дұрыс басқарасыз, ол оңай тиеді. Егер басшы болсаңыз, сәттілік тек материалдық жағынан ғана емес, кадр жағынан да жолыңыз болады. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынас жақсарады, ол іскерлік салаға ауысып, дұрыс бағытта өрбиді.  Жақындарымен қатынасы жақсарады.  Сенім артылады. Белгілі бір ортада жиі қрнақта боласыз. Сіздің тәжірибеңізге, біліміңізге шын көңілімен қызығушылық болады. Аз-маз шығын шығады. Апта жаңа үсіт пен жоспарға арналған. Әсіресе жеке өмірде. Жақсы, көрікті болуға тырысасыз. Сезіміңізді жаңғыртқыңыз келеді. Көп нәрсе құпия болмақ. Телефонмен әңгіме маңызды рөл атқарады. Сыйлық күтілуде.     

Торпақ  өз ұстанымына берік. Қулық бола ма, әлде қыңырлық бола ма, соның арқасында алға жылжиды. Нәтиже маңызды болмақ. Бұл аптада немен айналыссаңыз да, сіздің табандылығыңызға сүйсінбеске болмайды. Өз ортаңызда көшбасшы боласыз. Елге шабыт бересіз. сізден үлге алады. Қызығушылық танытады. Сіздің идеяларыңыз өте қызықты болады, оны жүзеге асыру да оңай. Жылдам ойлап, оны жылдам іске асырасыз. Сіздей еңбекқор адам жоқ шығар бұл дүниеде! Қаржы мәселесі жақсы шешіледі. Сіз әрдайым назарда боласыз. Бұл кезеңде абыройыңыз үстем болады. Көбінің жұмысында сапа артады. Алыстан келген қонақ күтесіз. Аздап жөндеу жұмыстарын жүргізесіз. бір нәрсені қалпына келтіресіз. Осыған сәйкес киім-кешектерді де реттейсіз. Сыртқы келбетіңізге көңіл бөлесіз. Жаңа махаббат та кездесуі мүмкін. 

Егіздер дау-дамайға араласып, бірдемені дәлелдеуге құлқы жоқ. Бүгін сізге тыныштық пен шабыт маңызды. Сіз жанжалдан өз еркіңізбен қашасыз. бірақ у-шу артыңыздан еріп отырады. Одан құтылудың жалғыз амалы  - сапарға аттану. Іс-сапар, белгілі бір мақсатқа көзделген сапар жақсы іске асады. Алға қойған міндет неғұрлым нақтырақ болса, істеріңіз де соғұрлым жақсы жүзеге асырылады. Бұл уақытта сізбен ортақ мәселелермен байланыстағы туыстар, өткен жылдардағы кісілермен бірге болған жөн.  Жаңа білім алып, қажетті тәжірибе жинақтайсыз. Жұмыста жаңарту, тапқыр ой, шешім, іс-әрекет маңызды болмақ. кім өздігімен жұмыс жасаса, соның жолы болады. Белгілі бір құжаттарды рәсімдеуге уақыт таба алмай қиналуыңыз мүмкін. Келіссөздер, келісімге қол қойылады. Ол сіздің мүддеңізге жарайды. қаржы жағы жақсы. Жақын адамыңызға ақша жұмсайсыз. Оған аздап мазаңыз кетеді.   

Шаян өзгенің ниетін алдын ала сезіп, олардың әрекет етуінің алдын алады. Кез келген қарсылыққа, уысынан шығып кететін нәрсені сезіп тұрады. Ең бастысы, шетке шығып кету, қарсы келмеу.  Күйбіңсіз тіршілік болса да, аздап жинақысыз әрекет етсеңіз де, істеріңіз жылдам және  айналаңыздағы адамдарға түсініксіз болады. Көшбасшы болу үшін сіз оны ішіңізден түсіне білуіңіз керек. Тек сонда ғана бәрін жүзеге асыра аласыз. Кәсіби салада маңызды оқиға болады. Ол сіздің ұстанымыңызды нақтылап бекітеді және болашақ әрекетке жол ашады. Пайәдалы ынтымақтастық болуы мүмкін. Ол белгілі бір істе танымалдық әкеледі. Бұл аптадағы ақпарат сізге өте маңызды болмақ. Егер шындық сіз жақта болса, оған күмән келтірмеңіз. Егер істеріңіз ашық, айқын, абыройлы болса, басыңызға бақ қонады. Бір адаммен жолға шығуыңыз мүмкін. Тұрмыстық ұсақ-түйек шаруалар бар, жөндеу т.б. секілді. Өз қолыңызбен бірдеме істеп, көп қимылдайсыз. Жеке өмір творчестволық белсенділікпен байланысты. Оған бұрынғы тамыр-таныстарыңыз да үлес қосады. 

Арыстан өзін бас кейіпкер деп санамаған жағдайға баға беруге шамасы келмейді. Көп нәрсе түсініксіз, жасырын  болады.  Жағдайдың қалт-құлт етіп тұрғанын сезесіз, оны жылдам шешу қиынырақ. Беделді адамның көмегіне жүгінесіз. бірақ сіздің бәрін қиындататын шеберлігіңіз қарама-қайшылық туғызады. Бұл апта ұжымда қолдануға болатын тәжірибе мен күш жинайтын апта.  бірақ сіз өз істеріңізге жиі күмәнданасыз. Сол күдіктен мазаңыз кетеді. Кәсіби салада егжей-тегжейлі тексермейсіз, тек ортақ көрінісі болса да жеткілікті. Соның рқасында көздеген мақсатыңызға жетуге тырысасыз. бірақ тек өздігіңізбен әрекет ету керек болады. Ал іс көпшілікке қатысты болса, онда сәттілік келеді деу қиын. қаржы шығынына ұшырайсыз. Ақша дауы, мүдделі адамның тарапынан материалдық шығынға тап болуыңыз мүмкін. айналаңыздағы адамдармен тіл табысу қиын болады. Жиналған өкпе-реніш көп. Жеке өмір тар және мылжыңға толы. Осы күреңсіз қатынасты кеңейткіңіз келеді. 

Бикеш қазіргі жағдайды бұрын болып кеткен өзгерістермен қатар қойып салыстырады. Ол жеке басының дамуына, армандарға, үміттерге жетелейді. Көбісі нар тәуекел деп мақсатына жетуге, әрекет етуге бел буады.  өйткені көз алдында жарқын үлгі бар. Не болса да, өз жетістіктерін өзгелермен салыстырумен болады. Ол көбінесе туыстары мен достарының жетістіктері.  Көбісі тұрмыстық жағдайын жақсартқысы келеді. Жастар көшуге оқталады. Сонымен қатар бір туысқанымен арасындағы түсініспеушілік шешіледі. Сізге өкпе-наз айтылады. Кикілжің болуы да ықтимал. Бұл аптада жұмыста және кадр саясатында өзгерістер болуы мүмкін. Міндеттемелеріңіз жаңарады. Сізді қызықтыратын бағыт-бағдар пайда болады. Мұғалімдердің, оқытушылардың, әлеуметтік қызметкерлердің жолы ашылады. Қаржы мәселесі бір қалыпты. Көңілді алабұртатын кездесу күтілуде. Достардан тосын сый бар. 
Таразы жағымды жаңалықтан гөрі қиындықтарға, кедергілерге тап болады. Тыныш өмірді аңсайсыз. Дегбіріңіз қашады. Ұсақ-түйек проблемалар пайда болады. Ол денсаулыққа, тұрмыстық жарақатқа, туыстардың мазасыздығына қатысты. Осының бәрінен жұмыстағы бағыт пен нақты тапсырмалар құтқарады. Тап осы жерде сізге қызығуға болады. Сіз нақты міндет қойып, қарсыластарыңызды одақтас болуға икемдей аласыз. Қаржы мәселесі қуантады. Жақсы дүние сатып аласыз. Пайдалы деуге болады. Зиялы қауым жиналған жерге барасыз. Ол қызметке қатысты да болмақ. Бірақ басыңызды  жеке өмір жаулап алады. Өзіңізді кінәлі сезініп, ол күш-қуатыңызды  кетіреді.  Көбісі білімін жетілдіріп, кәсіби білікті мамандармен кездеседі. Жұлдыздар сізге араласатын адамдардың құрамын өзгертіп, жаңа таныс табуға кеңес береді. Ортаңызды ауыстырыңыз. Сізді махаббат құтқарады. 

Сарышаян өзгелердің өзін таптап кетуіне, басына шығуына жол бермейді. Жұрттың стратегиясы сізге қызықсыз. Өйткені онда еш тың дүние жоқ. Айналаңызда бәрі қызықсыз, ескіріп кеткендей көрінеді. Сырты келбетіңіз флегматик болғанымен, ойыңыз жылдам, үнемі ерекше нәрсе іздеуден жалықпайсыз. Әр шешімді тың дүниемен толықтырғыңыз келеді. Кәдуілгі қарапайым дүниеге қызықпайсыз. Әңгіме жүргізгенде іс-әрекеттің бағытын құрғыңыз келеді. Барлығы сіздің іскери қабілетіңізді мойындайды. өйткені ол ерекше және қайталанбас. Көбісі басшысынан жақсы баға алады. Мақтау естиді. Марапат алып, мадақтауға ие болуыңыз да мүмкін. Барлық салған күш-жігеріңіздің жемісін көресіз. Қаржы жағынан да солай. Кейбіреуі қысқа демалысқа шығады. Осы аптада кездескен адамдар тағдырыңызға ықпал етеді. Бастысы  - қателеспеу. Және асықпаңыз. 

Мерген сырттан ұсыныстар мен кеңестерді жиі тыңдайды. Негізінде, сізді кез-келген нәрсеге сендіру қиын, дегенмен басқалар бұл әрекетін тастамайды. Дәл қазір барлығы өз сеніміне көшуге тырысып, өз идеяларына сендіреді. Алайда, бұл аптадағы кәсіби қызмет біреумен одақтастықта, байланыс орнатуда және жаңа байланыстар жасауда сәтті. Қосымша ақша алу мүмкіндігі бар болады. Кейбіреулерге қашықтықта тиімді ынтымақтастықтың болашағы ашылады. Алдыңғы жұмыс тәжірибесі немесе басқа мамандық өте пайдалы болады. Сізге қажет емес болып көрінген нәрсе кенеттен сұранысқа ие болады және сәттіліктің жаңа қырымен жарқырайды. Өзіңізді жаңа салада сынап көрудің ерекше мүмкіндігі болады. Осы кезеңде достармен, туыстармен, жақсы таныстармен ұмытылмас кездесу болуы мүмкін. Сыйлықтар, алғыс күтілуде. Жеке өмірде бәрі тым әлсіз, бірақ үмітсіз болмайды. Барлығы тек сізге байланысты. Сіздің бақытыңыз баяғыда қалтаңызда жатыр, оны тіпті шаң басып қалды деуге болады ... 
Тауешкі үшін жақынының, достардың қатысуынсыз өмір сүру мүмкін емес. Сізге сенімді дос серіктес қажет. Өз ойларыңызды білдіру, тәжірибе алмасу қажеттілігі осы кезеңде өте күшті болады. Басқалардың әрекеті сізді алаңдатып, мазаны кетірген нәрсенің дұрыстығының кепілі ретінде қарастырылады. Сезім әсіресе өзекті болады. Бұрынғы таныс адамдар  кездеседі. Оқиғалардың ұқсастығы жаңа шешім іздеуге мүмкіндік береді. Ескі дос туралы ақпарат сізді таң қалдырады және қызықтырады. Қоршаған ортадағы біреуге қатысты тағдырлы оқиғаларға ерікті қатысушы боласыз. Жұмыста кішігірім жаңалық болып, ол жұмыс жағдайын немесе уақытты алуы мүмкін. Жоғары жақтан жаңа тұлғалар пайда болуы мүмкін. Басқаларына кәсіби қызметті ұйымдастырумен жбайланысты жаңарту кезеңі басталады. Өмірдің күнделікті жағы сіздің назарыңызды қажет етеді. Жөндеу жұмыстары, жағдайдың өзгеруі жоққа шығарылмайды. Жақсы досыңыздан күтпеген сыйлық  түседі. Кейбіреуі біреулермен қоштасуы мүмкін. қарым-қатынасын үзеді.  Жеке өмір жасырын кездесуге, жаңа жоспарларға толы болады. Шындығында да, сіз ұсақ-түйек пен күйбің тірлікке төтеп беруіңіз керек.
Суқұйғыш күтпеген жерден маңызды адамдар туралы ерекше ақпараттың иесі болады. Бұл сізді өткенге саналы түрде оралуға, бұрын жасалған таңдауда шешуші болған әрекеттеріңіз бен оқиғаларыңызды қайта қарауға мәжбүр етеді. Сіздің басқаларды қабылдауыңызға күмәнмен қарайды. Біреудің алаңдаушылығы мәнсіз, мағынасыз болып көрінеді. Басқалардың ыңғайсыздығы жаңа идеяларды нақтыландыруға себеп болуы мүмкін. Сіз өзіңіздің тәртібіңізді өзгертесіз. Тағдырдың күрт өзгеруіне және әрекет етуге дайынсыз. Ең бастысы - сенімді адамдарға қолдау көрсету. Таяу уақытқа дейін сіз өз тағдырыңыз туралы бос ойладыңыз, уақыттың көп бөлігінжұмсадыңыз және ұзақ уақыт жадыңызда не қалдырдыңыз, күтпеген жерден сіздің қолыңызға түседі. Бұл өткен тәжірибе, сіздің белгілі бір кәсіпке араласуыңыз сіздің мансап және материалдық өсу мәселелерінде айтарлықтай жоғарылауға мүмкіндік береді. Сіз өзіңіздің тәжірибеңізге сенетін лайықты пікірлес адамды таба аласыз. Жеке өмірде бәрі анық, бәрі алдын-ала болжанатын және өзгеріссіз. 

Балықтар кейінге қалдырса да, шешілуі керек мәселелерді әсірелеп көруі мүмкін. Осы кезеңде сіз кез келген қиындықты жеңе аласыз. Бұл әсіресе жұмыс, іскерлік қатынастар мен материалдық салаға қатысты. Шенеуніктермен бірнеше рет телефон арқылы сөйлесесіз. Қарт туысқанға немесе жұмыстағы әріптестеріне қатысты белгілі бір мәселені шешу қажет. Белгілі бір адам сіздің назарыңызға ілігеді. Оған шын жүректен жанашырлық танытасыз. Бұл әрқашан үлкен жас айырмашылығы бар адам болады. Көптеген адамға жасырын қарым-қатынас, жасырын ләззат алу мен деструктивті үрдістерге қатысты әрекеттер тән болмақ. Соңғы жоспарлар - бизнес жобаларыңыз туралы естисіз. Жаңа ынтымақтастыққа деген қызығушылық айқын болады. Сіз эмоционалды шабыт беретін, күнделікті өміріңізді романтикалық және шығармашылық иллюзияларға толы ететін нәрсені аңсайсыз. Осындай бақытты оқиғаларға ұмтылуда, өзіңізді ұстауға тырысыңыз.

Астролог Александр Ремпель,
Қиыр Шығыс астрологтар қауымдастығының (DAA) жетекшісі.

Александр Ремпельдің  жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.  

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын салттар

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.