9 – 15 наурызға арналған жұлдыз-жорамал
Осы апта несімен ерекше? Астрологтар бұл аптаға қандай жорамал айтады? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
9 – 15 наурызға арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқты көп жағдайда не болып жатқанын жаңаша түсінеді. Өзгеру идеясы санаңызға терең енеді. Сіздің сыртқы түріңіз де өзгеріп, басқалардың назарынан тыс қалмайды. Сіз өзге адамдарға, жұмысқа, жалпы өмірге деген көзқарасыңызды жаңартып, жаңғыртасыз. Бәріне бұл апта әсіресе материалдық жағынан нәтижелі кезеңге айналады. Үйдің айналасында жағымды жұмыс, қажетті сатып алулар бар. Достардан сыйлық алуға болады. Барлығына талғампаздық тән болмақ. Таныс адаммен қарым-қатынас тоқтатылуы мүмкін. Қымбат адамдарға мұқият боласыз. Бойдақтар елеулі, тіпті маңызды қарым-қатынасқа бел бұрады. Жұмыста бірнеше кідіріс болуы мүмкін, қызметтік міндетін уақытша өзгертуі де мүмкін. Кейбіреулерге бұл демалыс, ал басқалары жаңа мәртебеге көшуіне жол ашық. Қаржы жағы өзгеріссіз.
Торпақ барлық бағытта құлдырауды сезуі мүмкін. Бұл әсіресе жасы кіші торпақтарға тән. Жұмыстағы іс-әрекеттер, жаңа адаммен (сатып алушымен, клиентпен, белгілі бір қызметтердің тұтынушысымен) сәл-пәл жанжал орын алуы мүмкін. Бірақ сіздің позицияңызды әрқашан қорғайтын сенімді достарыңыз бар. Үйде сіз жақын адамдардан қолдау күтесіз. Бұл апта қажетті білімді толықтыруға, дене бітімін нығайтуға, келбетін жақсартуға ыңғайлы кезең. Қаржылық жағдай өткен аптаға қарағанда біршама жақсы. Алайда серіктестік жоспарлармен байланыста айтарлықтай шығын болуы мүмкін. Егде жастағы туысымен қарым-қатынасты бағалау қажет. Оғн сіздің қатысуыңыз, қолдауыңыз және күтіміңіз қажет болады. Соның ішінде материалдық та. Сіз көшу, тұрғылықты жеріңізді өзгертуді талқылайтын боласыз. Жеке өмірде тым көп нәрсе сізге байланысты. Сіз қасыңыздағы адамның наразылығына ұшырауыңыз мүмкін.
Егіздер бар тәжірибені қолдана отырып, бұрыннан келе жатқан проблемаларды оңай жеңе аласыз. Жеңімпаз ретіндегі сәттілік, іскерлік рух пен сіздің табиғи қасиеттеріңіз сәтті үйлесімін табады. Егер жоспарлаған болсаңыз, басқа жұмысқа ауысу сәтті болады. Тәуелсіз, өздігіңізбен әрекет істейсіз. Мұны сіз барлық жағынан сезінесіз. Кейбіреуге бостандық сезімі ұзақ уақыт бойы ауыртпалық болып келген қарым-қатынастың бұзылуымен бірге келеді. Жеке бастамаға байланысты ұзақ сапарға шығып қалуыңыз ықтимал. Мүмкін, белгілі серіктеспен өте тиімді ынтымақтастық жасайсыз. Ескі байланысты күшейту, бұрынғы кәсіби дағдыны есте сақтау қажет. Білім... диплом, куәлік, әлеуметтік мәртебеңізді растайтын құжат өте маңызды. Сіз көптен күткен жаңа құжат ала аласыз, оны мақтан етесіз. Жеке өміріңізде материалдық келіспеушіліктерге байланысты қарым-қатынас қиынға соғады. Сіздің бастамаңызбен ажырасу орын алуы да мүмкін.
Шаян назарындағы бар дүниені мұқият бақылайды. Басқалардың басындағы оқиғалары мен мінез-құлқын болжау сізге оңай, өйткені сіз әрқашан басқаларға қарағанда көбірек ақпаратқа ие боласыз. Жұмыстың негізгі бағыты кәсіби қызмет, мансаптық өсу. Бірақ көбінесе жасырын күреске, жасырын бәсекелестікке аса көңіл бөлінеді. Жаңа тұлғалар ылғи сенімсіздік тудырады. Сізбен байланыс орнату қиын. Бұл бизнесте де, жеке салада да айқын көрінетін болады. Сіздің өміріңізде үй шаруасымен және отбасылық қатынастармен байланысты бірқатар жағдай болады. Көбісі өмір сүру салтын жақсартумен және айналасын өзгертумен айналысады. Сауда-саттық, үйге қажетті зат сатып алуға байланысты қысқа сапар күтілуде. Қаржылық аспект шығындарға қарамастан аздап жақсарады. Жеке өмірде үйленгендердің арасында тұрақтылығымен ерекше. Ал бойдақ шаяндарды сезімге бай оқиғалар күтіп тұр. Ол тіпті тағдырын өзгертуі мүмкін.
Арыстан өз қызығатын дүниесінің кесірінен соның құрбаны болу қаупі бар. Бұл жеке қатынастағы күрделі қайшылықтар кезеңі. Көбісі тағдырлы шешім қабылдауға мәжбүр болады. Өзіңізге не керек екенін түсіне бермейсіз. Бұл өмірдегі барлық нәрсе тек сіздің таңдауыңызға байланысты болатын кезең. Тек өзіңіз ғана қожайынсыз. Тағдырдың қиын тұстарын түсіну қиын, бірақ өзіңізден одан шығудың жолын іздеп, тап қазір әрекет етуге дайынсыз. Жұмыс көп уақытты талап етеді. Іскери серіктестермен және қызметкерлермен қарым-қатынастағы қиындықтар жоқ емес. Кадр саясаты мәселесі өткір болады. Ұзақ қаржылық міндеттемелерді қамтитын күрделі кикілжіңге қатысасыз. Жанашыр адамдар сізге назар аударады, бірақ тап қазір сіз ешкімді жақтырмайсыз. айналаңыздағы адамдарды елемейсіз. Жасы үлкен туыстармен қарым-қатынасты нығайтыңыз. Түсіністікпен қарауға тырысыңыз.
Бикеш өзі және басқалардың арасындағы міндеттемені мұқият шектеп, бөліп-жарып көрсететін болады. Басқаларға қойылатын талаптарыңыз өте жоғары. Бұл әсіресе барлық деңгейдегі бастықтарға қатысты. Көбісіне бұл апта шектеулердің бастауы болмақ. Кейбіреулер қиын жағдайға тап болуға мәжбүр, ал басқалары қиын сапарға шығуға мәжбүр. Үшіншісі – өмірде өзі жақтырмайтын, мазасын алатын адамдармен бірге болуға мәжбүр болмақ. Алайда кәсіби қызметте шиеленіс, жауапкершілік аз болады. Сіз бизнестен демалып, басқа нәрсе жасай аласыз. Таңдау аз болғанымен, негізгі кәсіби жүктемеден алшақ болмақ. Осы кезеңде құқықтық бағдармен байланысты бірқатар мәселені шешуге болады. Құжаттарды, талап-арыздарды дайындап, ресми тіркеуге ұсына аласыз. Жеке өмірге көңіл бөлінбейді, ол назардан тыс қалады. Қаржы жағы қауіптірек. Абай болыңыз. Ол алаңдаушылық тудырады. Кітап оқып, ойланып, әңгіме-дүкен құрған дұрысырақ.
Таразы бірлескен іс-қимыл жасауға тиімді адамдармен байланыс орната алады. Сіз бұрынғыға қарағанда бірқатар еркіндікке ие боласыз. Оқиғалардың шиеленісі біртіндеп тынышталады, саябырсиды. онда басты орын логика мен зияткерлік бәсекелестікке беріледі. Осындай жағдайда өзіңізді суда еркін жүзген балықтай сияқты сезінесіз. Алыстағы адамдармен қарым-қатынасыңызды бағалайсыз. Ерекше қолдау кеөрсеткен адамдарға риза боласыз. Танымал адаммен сапарға шығасыз. Күнделікті өміріңіз айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бірақ сіз басқаларға қарағанда айналаңызда не болып жатқанына әсер ете аласыз. Көбісі сізбен сөйлесуге мүдделі болады, бірақ өзіңіз жақсы білетін адамдарға мүмкіндік бересіз. Қаржы аспектісі үнемі өзгеріп отырады, кейде қауіп-қатер тудырады, содан кейін біраз тұрақтанады. Шығындар әдеттегіден көп болмақ. Мүмкін думан тойға қатысасыз. Бұл аптада рухани жаңғырасыз, сезіміңіз жаңарады. Сапарға шықсаңыз, ол сәтті болмақ. Ал жеке өмірде құпияңызды ешкімге тіс жармайсыз.
Сарышаян ұжымдық шығармашылық идеяны ұтымды пайдалану үшін басқаларға көмектесуге дайын. Жоспарларыңызды кең ауқымды деп атауға болады. Бірақ оны іске асыруға әрдайым орасан күш салу керек. Басқалары кәсіби жауапкершіліктен аулақ болып, тынығып жатқанда, сіз біліміңізді жетілдіріп, бар тәжірибені жұмыста қолдануға тырысасыз. Пайда табуды көздейтін қызғаншақ қызметкерлер мен бизнес серіктестерге наразылық білдірмеу үшін дипломатиялық күш-жігер қажет болады. Бітімгерлік, шын мәнінде, сіз осы кезеңде бәсекелестік рухымен жеңесіз. Егер жарыстарға қатысуға тура келсе, онда жеңіп шығасыз. Бұл физикалық дайындықты жақсарту, қажет емес нәрселерден, соның ішінде ауыр қарым-қатынастан арылуға қолайлы кезең. Жеке өмірде жаңа адамға деген шынайы қызығушылық жоқ емес. Бірақ сіз қазір бір нәрсені өзгертуге дайынсыз, оған білек сыбанып кірісіңіз.
Мерген болып жатқан әрекет, оқиғалардың бәрі үй, Отан, тұрақтылық идеяларымен байланысты болады. Өмірдің күнделікті жағын жандандыру қажеттілігі үстем бола бастады. Сіз жаңару жағдайында боласыз, мүмкін жағдайыңыз жаңартылады. Бірақ сонымен бірге - не болып жатқанын түсінуге көмектесетін және оны амтамасыз ететін өзіңізге таныс ортада боласыз. Ескі достармен қуанышты кездесулер, естеліктер деңгейінде қарым-қатынас, бұрынғы қызығушылық дүние осы аптада күтілуде. Жаңа міндеттеме болады. Ынтымақтастық туралы ұсыныс бүгінгіден гөрі тиімді саналады. Мүмкін шамалы жөндеу немесе өмір сүру жағдайындағы кейбір өзгеріс болуы ықтимал. Тұрғын үйді түбегейлі өзгерту мәселесі де назарда болмақ. Сіз оны жақындарыңызбен талқылайсыз. Сізге белгілі бір іскери міндеттемелермен байланысты болған белгілі бір адам кездесу іздейді. Сапарға шықсаңыз ғана бар қиындықты ұмытып, сергисіз. Ол қаржы жағынан сәтті болады. Жеке өмірде - өзгеріс жоқ.
Тауешкі ұзақ уақыт бойы басқалардың қысымына, сынға және наразылыққа төтеп бере алмайды. Сіз өзгелердің әсерінен өзіңізді жайсыз сезінесіз. Басқаларға қайшы келмеу үшін сөзбе-сөз батылдық таныту керек. Бұл апта сынақ кезеңі, сіздің денсаулығыңыз бен соған байланысты қайта жеңетін қиыншылық кезеңі. Қиын таңдау күтіледі. Дегенмен, сіз әдеттегі өмір салтында бір нәрсені өзгертуіңіз керек екенін бұрыннан білдіңіз. Алға ұмтылу оңай және жоспарланған әрекеттерге дайын болыңыз. Сіз біреудің қызғанышына, өсек пен жаман энергиясына елеңдейсіз, сондықтан артық кетпеңіз, көңіліңізге алмаңыз. Ақшаға мұқият болу керек. Өзіңіздің бейқамдығыңыздан ақшаның белгілі бір мөлшерінен айырылу қаупі бар. Шығын болуы мүмкін. Жеке өмірде толқыныс сезімі бар. Алайда бірқатар қызықты оқиға сізді айналып өтеді. Жұлдыздар сізді оқуға және білім алуға баса назар аударуды ұсынады.
Суқұйғыш жағдайды түйсігімен сезу қабілетінің арқасында соңғы оқиғалардың қайталануын болдырмайды. Мұнда сізге кейбір ұсақ-түйек зат, кеңес және түсінуге болмайтын ерекшеліктер көмектеседі. Ол кез келгеннің қолынан келе бермейді. Сізге өзіңізге ықпалы көп адаммен ынтымақтастық құрасыз. Егер сіз біреумен өзара тиімді одақтассаңыз, бизнесте сәттілік күтіледі. Тек өзіңіз қолға алған жобалардың келешегі бұлыңғыр. Бұл белгілі серіктеспен қолайлы ұсыныс жасайтын кезең. Жылдам баю, оңай ақша табу сияқты көптеген азғырушылықтар, ұсыныстар түседі. Бірақ бұл жол сіз үшін емес, соны ұғыңыз. Өйткені жеңілесіз. Бірақ ұзақ мерзімді сипаттағы жаңа байланысты байыту мүмкіндігі жоқ емес. Сіз жаңа дос табасыз, қызығушылық аяңыз кеңейеді. Көбісі тәжірибе, білім, ақпараттың жетіспеуін сезеді. Бұрынғы таныстардан көп жаңалық келеді. Бір таңқаларлық нәрсені естисіз. Оны ұзақ пайымдайсыз. Бұл аптада өміріңізде өзгеріс болады. Ол әсіресе жеке өмірдегі қарым-қатынаста байқалады.
Балықтар осы уақытқа дейін маңызды болып көрінетін жоспарынан бас тартады! Сіз бір нәрсені жеңуге деген ұмтылысты жоғалтасыз, өз жолыңызбен жүресіз және позицияны сақтау тәсілін іздейсіз. Сонымен қатар, кәсіби қызметте маңызды перспектива пайда болады. Мықты әлеуеттік бағыт айқындалады. Жұмысқа белгілі бір әрекеттерге қанық боласыз. Қаржылық жағдай біршама жақсарады, дегенмен айтарлықтай өзгеріс болмайды. Мүмкін, ол қарыздың қайтарылуымен белгілі бір шығындардың тоқтатылуына байланысты болар. Сізге ұзақ уақыт дос болған (қыз) туралы ақпарат таң қалдырады. Ұқсас жағдайларда сәттілікке жетуге болар еді. Арманыңыз қылтиып, оның орындалу мүмкіндігі пайда болады. Жақын болашаққа сеніміңіз артады. Айтпақшы, қызғаныш сезіміне бой алдырасыз. Жаман ойдан аулақ болыңыз. Сонымен бірге тұрмыста бірқатар қызығып істейтін дүние туады. Ол жөндеу, көшіру, немесе интерьерді жаңартуға қатысты. Тұрмыстық жағдай жақсы бағытта өзгереді. Бойдақтардың жеке өмірінде құмарлық сезімі туады. Ал отбасы барлар қасындағы адамнан біраз сөз естіп, күйзелуі мүмкін.
Астролог Александр Ремпель, Қиыр Шығыс астрологтар қауымдастығының жетекшісі.
Александр Ремпельдің жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.
Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал
2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал
Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?
Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол
Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?