{metadescription}
2020 жылғы сәуірге арналған астрологиялық болжам

2020 жылғы сәуірге арналған астрологиялық болжам

Астрологтар сәуәр айына қандай жорамал айтады? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы сәуір айына арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.   

2020 жылғы сәуірге арналған астрологиялық болжам.

Тоқты қалыптасқан дүниеден қашқақтайды. Айналасындағылармен қарым-қатынаста ешкімге ұқсамайтын тың қағидалар қолданады. Сонымен қатар жақсы болып көрінуге тырысады. Өзгелерден әлдеқайда мықты болуға ұмтылады. Қасыңызда ешқандай бәсекелес қалмайды.  Үнемі қимылдап, бір минут демалмайды. Бірақ  кез келген нәрсеге болсын басқаларды өзіне ылайықтап сендіре аласыз. Сонымен қатар кәсіби жұмыс күнделікті күйбің тірлікке, яғни шығармашылыққа шабыт бермейтін қарапайым іспен айналысады. Алайда қолына алған кез келген істі керемет қып жасауға мүмкіндігі бар. Қаржы жағы жақсаруы мүмкін. Маңызды баспана мәселесін шешуге мүмкіндік бар. Жақын досымен қуанышты кездесу күтіледі. Көбісіне барлық мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану кезеңі келеді. Нәтижесі керемет деуге негіз бар.

Торпақ  әдеттегіден өзгеше, ерекше, түпнұсқа дүниеге қызығушылығы артады. Сұлулық шабыттандырады. Өзі  ерекше, стандартты емес нәрсені жасай алады. Егер  кәсібі қарапайым болса да, кез келген шығармашылық жаңалықпен байланысты болмаса да,  өз іс-әрекетімен және әсіресе оның нәтижелерімен басқаларды таңқалдыра алады. Сіз туралы жиі айтады, сыртыңыздан әрекеттеріңізді, мүмкіндіктеріңізді талқылайды. Ортаңыз өзгеруі мүмкін. Кейбір бір адам тансуға құлшыныс білдіреді, ол адамның ортасы сізге жат болғанымен. Құпия, қызықты, жасырын дүние көп болмақ. Сәуір қатты әсер алып, ішкі бағыттарын өзгертетін кезең. Қабілетін ұғып, біліп, таңдауын жасайтын кезең. Мүмкіндігін бағалайтын өзгеріс кезеңі. Осы кезеңде көп шығын күтіледі, тіпті артық. Жоспарланбаған сапар болуы да мүмкін. Салтанатты мерекеге қатысып, біраз уайымға түсуі мүмкін. 

Егіздер өз жоспарлары болса да, күшін кетірмейді. Тіпті басқа біреулер өтініш жасап артынан жүгірсе де, оның көңілін қайтарса да, бәрібір өзін қашықта ұстаудың мүмкінгдігін табады. Бұл жаңа білім алудың кезеңі, жұмысқа деген тәртіптің, өз міндетіне, біліктілігіне уақыт бөлетін кезең. Мықты серіктеспен тиімді ынтымақтастық жасаудың сәті түсті. Бұрыннан бері көксеген мақсатын жүзеге асырудың мүмкіндігі туды. Жасырын сапарға шығуы ықтимал.  Осы айда қолында ірі сома болады. Белгілі бір қаржылық әрекетке қатысып, ол ұжымдық еңбекке қатысы болады. Жастар жөндеумен айналысады, бір нәрсені қалпына келтіреді. Сонымен бірге ұмыт болған идеясын іске асырады. Бір творчестволық дүниені басқарады. Эмоциясы ішкі уайыммен бірге қатар жүріп, оны ешкімге тіс жарып айтпайды.   

Шаян үй шаруасына көңіл аударады, тұрмыста жаңашылдық жасағысы келеді. Жеке қолданыстағы зат сатып алуға тырысады. Белгілі бір бағытта жол жүреді. Бұрынғы одақтасымен бірге жұмыс істеуге кіріседі. Өткен жылғы тәжірибеге сүйеніп, көп мәселені шешеді. Жағдай жақсы нышанда шешіледі. Өз ықпалын кеңейтеді. Жұмысы көзге түседі. Қызметі шабыт береді, қосымша күш береді, одан сайын құлшынысы артады. Ал қаржы мәселесінде, шығынды азайтып, үнемдеуге көшетін уақыт келді. Ірі зат сатып алады. Жеке өмірде қасындағы адамның идеясы шабыт беріп, оны жүзеге асырудың амалын іздейді.

Арыстан жасырын, құпия ақпаратты сақтайды. Тіс жармай. Айналасындағылар сізді талқылаумен болады, қысым көрсетуге талпынады, мінез-құлқына әсер еткісі келеді. Алайда тәуелсіздік пен бөлектену – сіздің өмір салтыңыз. Жұмыста дау-жанжал болуы мүмкін. Көршілермен, қызметтестермен, бұрынғы таныстармен. Жағдай өзгермейді, даурықпа сөз көп болады, шу көп, ол күмән, күдік тудырады. Сәуір қысқа сапар жасауға қолайлы, қаржы операцияларына қолайлы. Тек сенімді адаммен. Сонымен қатар бірдемңені сатып, бірдеңеден қтылатын адамдардың жолы болады. Пайдалы келісім күтілуде. Өзіне жақын адам іздейді, қарым-қатынас жасауға, тіпті аз уақытқа болсын. Біреудің түсінгені, қолдауы, ұнатқаны өте маңызды болмақ. Көбісіне киімін ауыстырып, түрін өзгерту, шашын қию  жаңашылдық әкеледі.

Бикеш үйіндегі жасы үлкен адамға қамқорлық жасап, тіпті содан шаршайды. Бір істі үйреніп, сонымен айналысады, Жаңа іске білек сыбанып кіріседі. Ол іш пыстырса да. Ол жұмыс бұрын жоспарда болмаған. Бұл кезеңде қаржы мәселесі мазасын алады. Қаржы мәселесінде соған тәуелді болған адамнан құтылудың амалын қарастырасыз.  Не болса да, сізді жақын адамдарыңыз бақылауда ұстағысы келеді. Сіз болсаңыз біркелкі, көңілді қалыпта қалғыңыз келеді. Жаңалықтардан жалығасыз. Күтпеген сәтте, жағдайда танысқан адам жеке өміріңізге жарқын күй сыйлайды. Жүрегіңіз дүрсілдеп, біртүрлі күй кешесіз. Махаббат мәселесі тек ойыңызда ғана жүзеге аспайды...

Таразы қарым-қатынастарды, мүмкіндіктерін, әдеттегі істерін сақтап қалуға тырысады.  Сізде қазір қауырт кезең. Демалғыңыз келеді. Бастамашылдардан аулақ қашқыңыз келеді. Достардан, қызметтестердің мінез-құлқынан, тіпті көршілерден мезі болдыңыз.  Не болса да, бір жанжалға қатысуға тура келеді. Мәжбүр боласыз. Ол жақында болған оқиғаға қатысты. Бәрі баяғыда шешіліп қойса да, бұрынғы істерді қайта қарап, талқыға түскен нәрсені егжей-тегжей зерттейсіз. Жаңа дос табуға құлшынбайсыз, құлқыңыз жоқ. Соған қарамастан сіздің назарыңызға түскісі келетін адамдар мазалайды, көңіліңізді аулайды. Сәуір тұрақтылық пен сізге сәттілік әкелетін ай.  Басқаларға сенім артудың қажеті шамалы. Ең бастысы – өзіңе сеніп, өз мүмкіндігіңді жіберіп алмау.  Жалғыз қалмайсыз.

Сарышаян ынтымақтастыққа қатысты мәселелерде, әсіресе қашықтықта сақ болады. Шын жүректен жанашыр адамдармен қарым-қатынаста болады.  Жаңа дүниелер сізді ылғи шабыттандырса да, оны қабылдауға асықпайсыз. Осы кезеңде үйді абаттандыруға, кішігірім жөндеу жұмысқа, қалпына келтіру жұмыстарына ден қоясыз. Басқа адамдардың осы бағыттағы тәжірибесіне қызығушылық танытасыз және білімді одақтастардың кеңесіне құлақ түресіз. Кәсіби өзара іс-қимыл саласындағы жағдайды жақсартуға, адамдармен тығыз қарым-қатынас орнатуға жақсы уақыт бұл. Дене шықытырып, белсенділік танытып, табиғатта демалу, жиі таза ауада болуға таптырмас уақыт. Жеке өмірде қызықты танысу болады, ол қатты әсер етпесе де, көңіліңізді тыныштандырады. 

Мерген бірқатар арандатушылық әрекеттерден кейін тұрақтылық аймағына енеді. Ол көбінсе еденсаулығы мен туған-туысына қатысты болмақ. Бұрынғы жобаны қолға алады, оған мүдделі серіктер де болады. Көбісі өздігімен жаңа, тың дүниемен шұғылдана бастайды. Соның арқасында жұмысында, іскерлік салада жаңа ұсыныстар пайда болады. Сіз көп нәрсені жасырасыз. Тіпті үйреншікті ортала өзіңізді ерекше ұстайсыз. Тіпті ресми емес қолдаулар мен жазалар да қолданылады. Мұндай әрекет әсіресе басшыларға, тәрбиешілерге, оқытушылар мен саясаткерлерге тән. Қаржы шығынын ұстап қалу үшін күш салады. Бұрынғы таныстан сыйлық, сыйақы күтіледі. Қарым-қатынасыңыз үзіліп қалған адаммен кездесесіз.

Тауешкі өзгенің кеңесіне құлақ түрмейді. Әлдекімдердің белсенділігін сіз өз тәуелсіздігіңізге келетін қауіп ретінде қабылдайсыз. Өзгені көп сынайсыз, сөйте тұра өзіңіздің қандай екеніңізге көңіл аудармайсыз. Сонымен қатар көңіл күйіңізде реніш, қайтарылмаған кек сақталады. Сізді ықылас қойып тыңдайтын адам іздейсіз, сізді түсінетін адамға зәру боласыз. Сізді өмірдің кезеңі қорқытады, жас санатындағы адамдарға қатысты дүние үрей тудырады. Көбісіне бұл жаңа әлеуметтік рөлге байланысты, бір топтан екінші топқа өту кезеңімен байланысты болмақ. Әдет-ғұрып, құндылықтар маңызды болмақ. Өйткені сіз адамдарды сол тұрғыдан қабылдайсыз. Сіздің көз алдыңызда бұрынғы ұстанымдар мен қалыптасу күл-талқаны шығады. Оны сіз қабылдай алмайсыз. Сәуір айы сізге қаржы тұрғысынан қолайлы болмақ. Егер келіссеңіз, жылжымалы мүлік мәселесін шешуіңіз әбден мүмкін.


Суқұйғыш жақындар арасындағы жадайды реттеуге тырысады. Жасырын жанжал болуы мүмкін. Отбасындағылардың көзқарастарының келіспеушілі орын алуы да мүмкін.   Ол көбінесе ересек жастағыларға қатысты. Сіздің қолдауыңыз қысылтаяң шақтан шығуға көмегін тигізеді. Шаршайсыз, күш-қуатыңыз кетеді. Өйткені үнемі белгілі бір жағдайда жайлылық орнатуға көп күш жұмсайсыз. Сапардан бас тартасыз. Маңызды кездесуді кейінге шегересіз. Сәуірде бірқатар адамға сыйлық жасайсыз. Өзіңізге бағалы адамдарға көңіл бөлесіз. Жаңа нәрсені үйренесіз. Оқисыз. Жасырын ақпарат аласыз. Біреулердің аты-жөні маңызды болады. Олар сізге бағыт-бағдар беруі мүмкін, қаржы және жылжымайтын мүлікке қатысты.

Балықтар ұзақ уақыт маңызды деген мәселеге деген көзқарасын өзгертеді. Әлдебір ұстаным, тырысушылық, жағдайларды өзгертемін деген құлшыныс енді құндылығынан айырылады. Маңызды болмайды. Тартымдылы азайған дүниеден енді бас тартасыз. Ол көбінесе пайдаға немесе пайдасыздығына қатысты болмақ. Қаржы жағынан пайдасыз және өзіңіздің ішкі сұранысыңызды қанағаттандырмайтын нәрседен бас тартасыз. Айналаңызда кеңес берушілер көп, олар сіздің ниетіңізге ықпал еткісі келеді. Бірақ сенім арту мәселесі әлі де маңызды. Сіз ішкі түсігіңіз арқылы өмірлік бағдарлама құрасыз. Сәтті жоспар құруыңыз әбден мүмкін. Жұрт сіздің сезімталдығыңызға таңырқайды, таңдай қағады. Сіз әр қадамыңызды аңдап басасыз. Туыстар арасында маңызды оқиға күтілуде. Ер адамнан ерекше жаңалық естисіз.

Астролог Александр Ремпель, Қиыр Шығыс астрологтар қауымдастығының жетекшісі.
Александр Ремпельдің  жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.  

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын салттар

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде