{metadescription}
COVID-19 ЭКСПРЕСС-ТЕСТІНЕН ӨТУ: ҚАЛАЙ, ҚАЙДА, КІМ?
Қазақстанда Covid-19 экспресс-тестінен кім өте алады, қалай өтуге болады? Экспресс-тесттен өту үшін не істеу керек? Тестті қайда және кім өткізеді?
Қазақстанда Covid-19 экспресс-тестінен кім өте алады, қалай өтуге болады?
Анамнезінде (ауру тарихы) соңғы екі айда ауырғаны жайлы мәлімет болса немесе қазіргі уақытта ЖРВИ немесе пневмония, ЖРА белгілері бар қауіп топтарындағы барлық адамдар:
- Коронавирус таралуының алдын алу іс-шараларына қатысатын тұлғалар: жедел жәрдем саласының медициналық қызметкерлері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационардың қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері;
- Медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатындар;
- Тыныс алу органдарының ауыр созылмалы ауруларымен диспансерлік есепте тұрғандар;
- Ауруханаға жатқызылмаған респираторлық белгілері (ЖРВИ, пневмония, ЖРА) бар науқастар;
- Ауру жұқтырған адаммен байланыста болғандар;
- Автоөткелдер мен теміржолдағы мемлекеттік шекарадан өткізу бөлімшелері арқылы Қазақстанға сапарлап келетін азаматтар;
- Коронавирус таралуының алдын алуға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (ІІМ, кеден қызметі, әкімдіктегі қызметкерлер);
- Карантин аймақтардың тіршілік қызметін қамтитын қызметкерлер (коммуналдық, дәрі-дәрмек, азық-түлік сататын сауда нысандарының, үйге дейін жеткізіп беретін қоғамдық тамақтандыру нысандарының, көлік тасымалының, дезинфекция жасайтын ПИК қызметкерлері және т.б.)
- Тек эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша өзге тұлғалар;
Covid-19 экспресс-тестінен қалай өтеді?
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Covid-19 тестінен өту процедурасы басқа талдаулар қабылданбайтын қатаң түрде биоматериал алу үшін ғана белгіленген бөлімшелерде өткізіледі (сауалнамаларды іріктеу қорытындысы бойынша).
- Кіретін және шығатын науқастар легі 2 жаққа бөлінеді.
- Науқастар экспресс-тестке тек белгіленген уақытта ғана шақырылады.
- Қан тапсыру бөлімшесінің алдында кезек күтіп тұрғандар арасында 1,5-2 метр арақашықтық сақталуы тиіс.
- Ғимарат ішіне бір-бірден ғана кіреді.
- Медициналық маска тағу міндетті.
Экспресс-тесттен өту үшін не істеу керек?
- ҚР ДСМ республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының formcovid.eisz.kz/index.html сайтында сауалнама толтыру.
- Эпидемиологиялық іріктеу нәтижесінде бірінші кезекте тесттен өтетін азаматтардың санаттары көрсетілген.
- Азаматтардың осы санаттары коронавирусқа экспресс-тесттен тегін өтеді.
Тестті қайда және кім өткізеді?
- ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАЛАРЫ (шұғыл шақыртулар)
- ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ
- БРИГАДАЛАРЫ, АРНАЙЫ ЖАСАҚТАЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕРДЕ (тек шақырылғанда)
- АВТО ЖӘНЕ ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛДЕРІНДЕ (ҚР аумағына сапарлап келетін азаматтар үшін)
- СТАЦИОНАРЛАРДА (тек медициналық нұсқаумен)