COVID-19 ЭКСПРЕСС-ТЕСТІ СЕНІМДІ МЕ? ТЕРІС НӘТИЖЕ КӨРСЕТСЕ...
Экспресс-тест неден тұрады? Covid-19 экспресс-тестінің нәтижесі сенімді ме? Егер сovid-19 экспресс-тесті теріс нәтиже көрсетсе не істеу керек? Жалпы, Covid-19 экспресс-тесті қалай жұмыс істейді?
Экспресс-тест неден тұрады?
- Экспресс-тест бірнеше реагент жағылған тест жолағы бар бір реттік пластик құрылғыдан тұрады.
- Тест өткізу үшін күрделі құрал-жабдық қажет емес. Талдауға қан саусақтан алынады. Барлық пайдаланылатын құралдар стерильді және бір реттік.
- Осындай тест нәтижесі 15 минутта дайын болады.
Covid-19 экспресс-тестінің нәтижесі сенімді ме?
- Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясының диагнозы қойылмайды. Өйткені тест ағзадағы вирусты анықтамайды, тек оған деген иммундық жүйенің реакциясын көрсетеді.
- Экспресс-тестінің сенімділігі 90 пайыздан аспайды, сондықтан 10 пайызға дейінгі жағдайда жалған-теріс немесе жалған-оң нәтижелер болуы мүмкін.
- Диагнозды растаудың негізгі әдісі мұрыннан алынатын ПТР жағындысы арқылы коронавирус РНҚ анықтау болып қала береді.
Егер сovid-19 экспресс-тесті теріс нәтиже көрсетсе:
- Тесттің теріс нәтижесі инфекцияның жоқ екенін немесе жақында жұқтырғандықтан антиденелер әлі түзетіліп үлгермегенін көрсетеді.
- Вирустың осылай тасымалдануы айналаңдағы адамдарға қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан егер сіз карантинде болсаңыз, оқшауланып, барлық алдын алу шараларын жасау керек.
- Инфекция жұқтырмағаныңызға көз жеткізу үшін карантин аяқталғанда қайтадан тесттен өту қажет.
Covid-19 экспресс-тесті қалай жұмыс істейді?
Тест SARS-Co-2 (COVID-19) коронавирусына қан құрамындағы IqG/IqM класты антиденелерді анықтауға негізделген. Инфекция жұқтырған сәттен 7-10 күн өткенде бірінші болып IqM класты антиденелер бөлінеді. Ол аурудың асқынғанын көрсетеді.
Инфекция жұқтырғаннан 2-3 апта өткен соң IqG класты антиденелер бөлінеді. Ол инфекциямен ауырып шыққанын және оған қарсы иммунитет қалыптасқанын біддіреді.
Егер адамда IqM класты оң антиденелер (немесе IqG және IqM оң антиденелерінің екі класы) анықталса, онда ол шамамен 7-14 күн бұрын жұқтырған.
Егер адамда IqG класты оң антиденелер анықталса – бұл бұрын ол адамның коронавируспен байланысы болғанын немесе осы инфекциямен ауырып шығып, оған қарсы иммунитеті қалыптасқанын білдіреді.