{metadescription}
Мұғалімдерге коммуникация жасауға шағын нұсқаулық

Мұғалімдерге коммуникация жасауға шағын нұсқаулық

Ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналардың қарым-қатынасын оңай да, түсінікті және қолайлы ету біздің өз қолымызда. Сол себепті мұғалімдерге Whatsapp желісінде қашықтан оқытуда ата-аналармен, оқушылармен коммуникация жасауға шағын нұсқаулықты ұсынуды жөн көрдік.

 WhatsApp  дауыстық және бейне байланысын қолдайтын мобильді және басқа платформаларға арналған жылдам хабар алмасу жүйесі дүниеге келгеннен бері, халықты небір қызыққа көмілдіргені рас. Ал тап қазіргі жағдайда бұл қашықтан жұмыс істеудің таптырмас құралы болып отыр. Әсіресе білім беру саласындағы қызметкерлер мен мектеп оқушыларының арасындағы байланыс ең өзекті мәселе.

БІРІНШІДЕН.

Профиліңіздегі баптауға (настройка) кіріп, аты-жөніңізді дұрыстап, әр адам сіз екеніңізді бірден танитындай анықтап жазасыз. "Отбасым – байлығым", "Аман болайық" деген керемет сөздер жазылған сурет сіздің жеке басыңызды анықтай алмайды, гүлдің, тағы басқа нәрселердің суреті жарамайды. Отбасыңызбен түскен суретіңіз, атаңыз, әжеңіз, ит-мысық, қошақаныңыздың да фотосы бұл жерде керек емес. Түсініңіз, сіз мұғалім болған соң, Whatsapp-тағы дос-жаран, туған-туыс тап қазір қызметіңізден кейін тұр. Сіз бұл желіде ең алдымен ата-аналармен, оқушылармен коммуникация жасайсыз. Негізі, жеке коммуникацияға басқа аккаунт болса да дұрыс. Өзіңіздің фотоңыз, нақты аты-жөніңіз (имя-отчество не ***** апай деген форматта) міндетті түрде тұруы керек. Сіздің телефон нөміріңіз барлық ата-ананың қолында жоқ. Ата-аналармен сөйлесіп, не оқушылардың өзіне айтып, оқушылардың да өз аты-жөнін толық жазып, дұрыс суретін қойғанын талап етіңіз – қайсы оқушы екенін анықтау оңай болуы үшін.

ЕКІНШІДЕН.

Пән бойынша чат құрғанда чаттың атауына ПӘН АТАУЫ - СЫНЫП форматында ғана жазыңыз және топтың аватарына сол пәннің оқулығының суретін салыңыз. Қолыңызда оқулық бар шығар? Чат құрғаннан кейін "Бұл осы сабақтың чаты, осы сабақ осындай күндері, осындай уақытта өтеді, бәрің қатысыңдар" деген сарында және оқушыларға ереже болатын нұсқау беріп кіріспе сөз жазыңыз. Дауыс хабарламамен емес – ЖАЗЫҢЫЗ.  

ҮШІНШІДЕН.

Тек дауыс хабарламамен кетпеңіз. Арасында жазып та тұрыңыз. Ол үшін web-whatsapp бағдарламасын компьютерде қолданыңыз. Сонда кез келген ұзақ айтылатын әңгімені жарты сағат дауыс хабарламамен емес, мәтін күйінде жазып жібере аласыз. Ұзақ дауыс хабарлама екі жағдайда ғана орынды: жеңгеңізге (құрбыңызға, туысыңызға т.б.) жеке әңгіме айтқанда және қағазға жазып дайындап қойған нәрсені оқығанда. Бұдан өзге жағдайда ойыңызды жеткізе алмай, кідіріп, күмілжіп сөйлеп, бір айтқанды қайта айтып, айтпағанды ұмытып кетіп масқара боласыз. Одан да мәтін етіп әріпті теріп, бас-аяғын түгендеп, ҚАТЕСІН ТҮЗЕП барып жіберіңіз.

ТӨРТІНШІДЕН.

Сабақ кестесі, қай күні қандай сабақ өтеді, реті қандай, не нәрсені қай уақытқа дейін орындау керегін ТАҢЕРТЕҢ, сабақ басталмай тұрып, МӘТІН форматында жазып, топқа бекітіп қоясыз. "Апай, не істейміз?", "Енді не?" деп сұраған балаларға қайта-қайта дауыс хабарлама жіберіп отырмайсыз, сол бекітілген хабарламаны жолдай саласыз. Әр сабақ басталғанда "Кітаптың мына бетін ашыңдар, бүгін мынандай тақырып өтеміз" деп бастап, "Балапан" арнасындағы сабақта қамтылмаған нәрсені айтып, толықтырып, дауыс хабарламамен-ақ сабақты түсіндіріңіз.

Сабақты түсіндіріп болған соң, қай тапсырманы қазір орындайтынын, қай тапсырманы кейін орындауға болатынын жазыңыз. Дауыс хабарлама емес. Жазылған нәрсені чаттан тауып алған оңайырақ.

БЕСІНШІДЕН.

Тапсырма бергенде кітап бетін қалай болса солай суретке түсіре салып, "мынаны орындаңдар" демейсіз. Қай сабақта, қай беттегі қай тапсырманы орындау керек екенін, не нәрсеге мән беру керек екенін мәтін түрде жазасыз. МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕТІН КӨРСЕТЕСІЗ. Дауыс хабарламамен қайталап айтсаңыз да артық емес. Қосымша тапсырма, материал болса, суретін, сілтемесін жібересіз.

АЛТЫНШЫДАН.

Чатты даурықпа сөзге толтырмаңыз. Артық сөйлеп, әр сөзді қалжыңға айналдырғандарды тыйып отырасыз. Үзік-үзік дауыс хабарлама жібермейсіз.

ЖЕТІНШІДЕН.

Қазақша қаріптер бар, ол тегін. Орнатып алыңыз.

Материал facebook әлеметтік желісінде «Менің мектебім» тобында жарияланған Назгүл Қожабектің жазбасы. Кәдеңізге жаратыңыз.   

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде