{metadescription}
Оп-оңай! Антисептикті үйде отырып жасап ал

Оп-оңай! Антисептикті үйде отырып жасап ал

Білесіз бе? Кез келген дәріханадағы бағасы арзан қоспаларды сатып алып, антисептикті үйде жасап алуға болады. Оның қарапайым рецебімен төменде танысыңыз.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы коронавирус ауруының алдын алу үшін қолды жиі жуып, үнемі антисептиктерді қолдануды ұсынады. Дегенмен қолдануға дайын гельдер дүкен сөрелерінен біртіндеп жоғалып жатыр. Не істеу керек?

Кез келген дәріханадағы бағасы арзан қоспаларды сатып алып, үйде отырып-ақ антисептик жасап алуға болады. Оның қарапайым рецебін білсеңіз болғаны.

 Бұл гельді жасағаннан кейін сіз өзіңізді, онымен қоса отбасыңызды ұзақ уақыт бойы антисептикпен қамтамасыз ете аласыз. Өйткені тап қазір құнды болып саналатын антисептиктің бақандай бір литріне қол жеткізесіз.

Үйде жасалатын антисептиктің рецебі:

  1. этил спирті — 833 мл;

  2. сутегінің асқын тотығы— 42 мл;

  3. глицерин — 15 мл.

Тазартылған су немесе тіпті жай ғана қайнатылған суға жоғарыда жазылған ингредиенттерді қосып, асықпай араластырыңыз. Су мөлшерін қажетті қоюлық дәрежесіне сүйене отырып анықтаңыз.

Енді осы ерітіндіні  бірнеше кішкене контейнерлерге құйыңыз. Оны  өзіңізбен бірге алып жүресіз. Сөйтіп оны үнемі қолдануды ұмытпаңыз.

Мысалы, сыртқа шыққанда, есік ашқанда, жеделсатының тетігін басқан сайын, қысқасы, далада не нәрсеге қолыңызды тигіздіңіз, соңынан осы ерітіндімен қолыңызды сүртіп отырасыз.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы тырнақтың астына ерекше назар аударып, қолды кем дегенде 30 секунд бойы антисептикпен ысқылап сүртуді ұсынады.

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде