Коронавирус туралы анықталған 80 дерек
Коронавирус туралы ақпарат тым көп, дегенмен Covid-19 жайлы ең маңызды, шынайы деректі білеміз бе? Ендеше мына фактілерге көңіл бөліп, мұқият оқып шққаныңыз жөн. Бұл Covid-19 қауіпті вирус мәселесін терең және жан-жақты түсінуге көмектеседі.
Факті - 1. Covid-19 және SARS-CoV-2 – бірдей вирус емес, Covid-19 – бұл ауру (D - 'disease' қысқартылған әрпі), жаңа коронавирустан туған. SARS-CoV-2 – вирустың өзінің атауы.
Факті - 2. CoV – CoronaVirus-тың қысқартылғаны, яғни коронавирус. Бұл вирустар тұқымдасының атауы (барлығы 40-қа жуық), тікендеріне қарап, күн тәжіне ұқсатады.
Факті - 3. Коронавирустар – биологияның атын жалған пайдаланушылар. Оның тікенінің әр ұшы өтірік пайдалы заттегінің молекуласы болып көрінеді, сондықтан жасушалық рецепторлар оны қуана-қуана өзіне тартып алады, сөйтіп тікен кірген соң, оның ішіндегі вирустар да ішке енеді. Осылай вирус жұғады.
Факті - 4. Термин "жаңа коронавирус" (novel немесе nCoV) нені білдіреді? Ол – бұрын ғылымға ғана емес, тіпті біздің жасушаларымызға да кездеспеген – таңсық!
Факті - 5. Эволюцияның 2 миллион жылында біздің иммундық жүйеміз белгілі инфекциялармен күресуді үйреніп алды, бірақ жаңа коронавирус абайсызда тап берді! Сол себепті оны жеңу де өте қиын, жұқтыру да оңай.
Факті - 6. Вирус жасушаға түсе салысымен оны тырп еткізбей басқарып, өз көшірмесін үздіксіз шығара бастайды. Сөйтіп тізбекті реакция басталады. Нәтижесінде жасуша өліп, ал инфекцияның тасымалдаушысы жұқпалы болады.
Факті - 7. Инфекцияның бастапқы кезеңінде жаңа коронавирус тамақ жұтқыншақ, алқым) пен жоғарғы тыныс жолдарында белсенді көбейеді. Содан кейін инфекция төмен түсіп, өкпеге жетіп, оны қабындыра бастайды.
Факті - 8. Сондықтан инфекцияның алғашқы белгісі - жөтел. Содан кейін ғана дене қызуы көтеріле бастайды.
Факті - 9. Немесе дене қызуы көтерілмейді. Уханьдағы науқастардың 30 пайызында ауруханаға келген кезде дене қызуы қалыпты мөлшерде болған.
Факті - 10. Көптеген жұқтырған адамдарда (18% немесе әр бес адамның біреуі) тіпті жөтел болмаған. Коронавирус еш белгісіз жалғаса береді – науқас тіпті өзінің сырқат екенін сезбеуі мүмкін.
Факті - 11. Мұндай белгісі жоқ науқастар инфекцияның белсенді тасымалдаушысы болып табылады және басқаларға жұқтыруы мүмкін.
Факті - 12. Егер Сovid-19 жеңіл түрде өтсе, оның белгілері кәдімгі маусымдық тұмауға ұқсас: құрғақ жөтел, дене қызуы, әлсіздік, кейде бұлшықет пен бас ауырады.
Факті - 13. Ол әдеттегі тұмау сияқты үйде емделеді.
Факт 14. Коронавирустың ең ерекше белгілерінің бірі - дәм немесе иіс сезімін жоғалту.
Факті - 15. Бұл барлық жұқтырған адамдарда кездеспегенімен, ортақ белгісі болуы мүмкін.
Факті - 16. Егер сіз кенеттен иіс сезбей немесе дәм татуды доғарсаңыз, байқаңыз, шара қолданыңыз.
Факті 17. Есіңізде болсын: жаңа коронавирус тасымалдаушысы тіпті аурудың белгілері пайда болмай тұрып-ақ айналасындағы адамдарға өте қауіпті, өткені ол вирусын бірден жұқтырады
Факт 18. Жақсы жаңалық: қауіпті вирус қаншалықты табанда мұрттай ұшыратын жойқын болса, оның таралуы да соншалықты әлсіз. Қожайынын өлтірген соң, вирус басқаға жұға алмайды. Сондықтан вирустың мутацияға айналуы сирек.
Факті - 19. Жағымсыз жаңалық: SARS-CoV-2 – басқа санаттан. Бұл вирус қожайынын ауру таратушы етеді, бірақ ол бірден білінбейді немесе мүлдем сездірмейді, сондықтан тасымалдаушы тағы бірнеше адамға жұқтырып үлгереді.
Факті - 20. Орташа алғанда, жаңа коронавирустың әр тасымалдаушысы 2-4 сау адамға жұқтырады. Бұл сан маусымдық тұмауға (1,3) қарағанда жоғары, бірақ қызылшаға (12+) қарағанда төмен.
Факті - 21. Кез келген инфекция сияқты, SARS-CoV-2 коронавирусында суперспреддер деп аталатын - тасымалдаушылары жүздеген, тіпті мыңдаған адамға жұғады.
Факті - 22. Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар саны 30-ға жеткенде ғана ұстап оны қадағалап, ұстап қала алды. Бірақ «Науқас 31» деген кодпен аталған әйел бірден 1200 адамға жұқтырған.
Факті - 23. Ол әйелдің өте діндар екені және жөтелі мен дене қызуына қарамастан, корей билігінің бұйрығын елемей, шіркеуге баруын доғармаған.
Факті - 24. Сөйтіп, 10 күн ішінде Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 30-дан 5000-ға дейін өскен.
Факті - 25. Covid-19-дан өлгендердің санын нақты есептеу өте қиын, бірақ көптеген зерттеулер оны 1-3% деңгейінде бағалайды.
Факті - 26. Бұл маусымдық тұмаумен салыстырғанда шамамен 20 есе жоғары, бірақ ол тіпті SARS (10%) және MERS (25%) коронавирусының алдыңғы ізашарына жете алмайды.
Факті - 27. Covid-19-дан болатын өлім денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалық пен көмек көрсету жылдамдығына байланысты: егер Германияда ол тек 0,3% болса, Италияда 9%.
Факті - 28. 70 жастан асқандар тобында өлім-жітім 5% -дан асады, ал 80 жастан асқандардың оннан бірі вирустан өледі.
Факті - 29. Тап сол себепті қазір бүкіл әлемдегі биліктің басты міндеті - көп адамдар бір мезетте Covid-19-бен ауырып қалмау үшін эпидемияны барынша ұзақ мерзімге ұзарту.
Факті - 30. Пандемия жедел дамып жатыр: алғашқы диагноз қою мен 100 мың науқастың анықталуына, мысалы, 67 күн өтті десек, екінші 100 мың адам 11 күнде, үшіншісі төрт күнде ауырды.
Факті - 31. Күн сайын вирус жұқтырғандардың саны үштен бірге артуда.
Факт 32. Пандемия әлемнің ең түкпірдегі шалғай аймақтарына, соның ішінде әйгілі Пасха аралына да жетті, онда 24 наурыз алғашқы науқас – 42 жастағы ер адам ресми түрде расталды.
Факті - 33. Сарапшылар былай деп ескертеді: әр адам өзін алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындауы керек: вирус жұқтырғандардың саны ондаған миллионға, ал өлген адамдар жүздеген мыңға жетуі мүмкін.
Факті - 34. SARS-CoV-2 қайдан шыққаны нақты әлі белгісіз, бірақ осыған ұқсас вирустарды кесерткі тәрізді аңдар мен жарғанаттар тасымалдайды.
Факт 35. Сірә, вирус мутацияланып, басқа жануарға берілген, одан адамға жұққан.
Факті - 36. Вирус бірінші ауру боп жұққан кезде адамға қауіпті болды ма? Әлде ол мутацияға ұшырап, біздің жасушаларымызға кіруді үйреніп алды ма? Ғалымдар бұл сұрақтарға әлі жауап таба алмай отыр.
Факті - 37. Егер вирус адамдармен байланысқа түскен кезде бұрыннан қауіпті болса, бұл ол әлі де жануарлар әлемінде шарлап жүре алады және ерте ме, кеш пе, адамдарға қайтадан жұғады дегенді білдіреді.
Факті - 38. Сол себепті Уханьда вирус тарала бастағанда-ақ жабайы аң-құс сататын баразарларды ең бірінші кезекте жапқан.
Факті - 39. Айтпақшы, бұл Қытайдағы қалыптасқан шара - жаңа инфекция күдігі туа сала, базарларды жауып, карантин егізеді. Аталмыш іс-шараның тиімділігі айдан-анық, бірақ бұл жолы тым кеш еді: ауру белгісі білінбейтін вирус «халыққа» араласып кетті.
Факті - 40. Вирус биологиялық зертханадан қашып кеткен жоқ, бірақ бұған ешкімнің сенгісі келмейді.
Факті - 41. Коронавирустың жасанды шығу тегі туралы әңгімені әр елдің ғалымдары бірден мұқият тексеріп, оны жөнсіз деп тапты.
Факті - 42. «Біздің талдауымыз SARS-CoV-2 зертханада жасалмағанын және белгілі бір мақсатта әдейілеп жасалмаған вирус екенін толық дәлелдеді», - деп жазды зерттеушілер Nature журналында.
Факті - 43. Тағы бір желдей ескен алып-қашпа әңгіме: хирургиялық маскалар коронавирустан құтқара алмайды. Вирустың бөлшектерінің соншалықты кішкентай болатыны сонша, ол масқаның тесігінен оп-оңай өтіп кетеді.
Факті - 44. Вирустың мөлшерін елестетіп көріңіз: иненің ұшына 100 миллионға жуық оның көшірмесін оңай орналастыруға болады.
Факті - 45. Вирус жұқтырған науқас жөтелгенде, ауаға оның титтей сілекей тамшылары шашырайды, олардың әрқайсысында миллиардтаған (!) вирус бөлшектер болуы мүмкін.
Факті - 46. Айналасындағы адамдарға жұқтырмайын деген адам масқа киюі тиіс, әрине, ол 100% қорғай алмаса да, басқаларға үлкен қауіп төндірмейді.
Факті - 47. Қанша айтылып жатса да, үй жануарлары коронавирус тарата алмайды. Өйткені ит немесе мысықтың адамға вирус жұқтыру оқиғасы күні-бүгінге дейін тіркелген жоқ.
Факті - 48. Есесіне, вирусты тірі жан жоқ бөлмеден жұқтыруға болады. Қалай? Өйткені сіздің алдыңызда бұл бөлмеде вирус жұқтырған адам болуы әбден мүмкін.
Факті - 49. Ауада да коронавирус өміршең, ол үш сағат бойы сақталады, яғни сау адамдарға осы уақытта жұғып үлгереді.
Факті - 50. Пластик және болаттан жасалған заттарда SARS-CoV-2 үш күнге дейін, қағаз бен картонда – бір тәулікке дейін, мыста - төрт сағатқа дейін сақталады.
Факт 51. Сондықтан алдын алудың негізгі және ең сенімді құралы - үйден тыс жерлерге тигеннен кейін қолды жақсылап сабындап жуу.
Факті - 52. Сіз бұл видеода қолды қалай мұқият жуу керегін көре аласыз, бұл сіз ойлағандай қарапайым емес.
Факті - 53. Егер қасыңызда қолжуғыш болмаса, онда антисептикалық гельді қолданыңыз. Дегенмен қол жуған дұрыс.
Факті - 54. Егер үйде ішетін немесе техникалық спирт болса, антисептикті үйде жасауға болады.
Факті - 55. Тіпті болмаса, дезинфекцияға мирамистин немесе хлоргексидин жарайды - екеуі де бактерияларды ғана емес, вирустарды да жояды.
Факті - 56. Антибиотиктер коронавирусқа қарсы күресе алмайды. Басқа кез келген аирусқа да, оның ішінде тұмауға да, герпеске де.
Факті- 57. Covid-19 вакцинасы немесе оның тиімді емі табылғанша, бүкіл әлемдегі карантин және басқа шектеу шаралары (қысқа үзілістермен) жалғасуы мүмкін.
Факт 58. Қазіргі коронавирус вакцинасы бір - бір жарым жылдан ертерек шығарыла қоймайды, 2021 жылдың ортасына қарай жарық көруі мүмкін. Бұл мерзімге дейін вирус қаупі бар адамдардың көпшілігі ауырып тұруы мүмкін.
Факті - 59. Мүмкін вакцина мүлдем шықпауы, оны шығара алмауы мүмкін. Бүкіл әлем 35 жылдан бері АИТВ-ға (ВИЧ) қарсы вакцина жасауға тырысып келеді, бірақ әлі нәтиже жоқ. Дегенмен АИТВ-дің алдын алуға дәрі-дәрмектер әзірленген.
Факті - 60. SARS-CoV-2-ден нақты терапия әлі жоқ. Инфекция жұқтырған адамдарға тек симптоматикалық тұрғыдан емдеп жатыр, яғни олар аурудың өзімен емес, оның көріністерімен күреседі.
Факті - 61. Covid-19 расталған 100 мыңнан астам адам аман-есен жазылып шықты.
Факті - 62. Науқастардың көпшілігі (80% -дан астам) медициналық көмекке мүлдем мұқтаж емес. Олар үйде тұмаудың қарапайым емдеу әдістерімен емделіп, әдеттегідей бір аптадан кейін қалпына келеді.
Факті - 63. Шамамен бес немесе алты науқасты ауруханаға жатқызу қажеттігі туады, олар негізінен егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдар.
Факті - 64. Ауыр жағдайларда (шамамен 4%) науқасты өкпені жасанды желдету аппаратына қосу қажет. Егер ауру адам көп болса, аппарат жеткіліксіз болады. Кейбір автомобиль компаниялары аталмыш аппаратты шығаруға көшті.
Факті - 65. Тап осы факті Италиядағы жоғары өлімнің негізгі себептерінің бірі болды. Егде жастағы науқастардың көптігі, ауруханаларға түскен шамадан тыс жүктеме, соның салдарынан медқызметкерлердің әлсіреуі және жабдықтардың жетіспеуі.
Факті - 66. Covid-19 ауруынан 10300 италиялық жазылса, 8000-нан астам өлді. Тағы 62 мың адам әлі ауырып жатыр. (Бұл 27 наурыздағы мәлімет).
Факті - 67. Сонымен қатар вирустың емін жанталасып іздеп жатыр. Жаңа препарат ойлап шығаруға уақыт жоқ. Өйткені дәрігерлер қолда бар вирусқа қарсы препараттарды тексеруде, олар SARS-CoV-2-мен күресте қаншалықты тиімді?
Факті - 68. Ақпан айында Қытай дәрігерлері хлорохиннің аталмыш вируспен жақсы күресе алатынын байқады, ол препарат безгектің алдын алуға және емдеуге арналған. Содан бері бірнеше зерттеу оның Covid-19-ды күресте тиімділігін дәлелдеді.
Факті - 69. Ал басқа үміт артқан екі дәрі - бұл әдетте АИТВ-пен ауыратындарды емдеуге қолданылатын лопинавир және Эбола безгегі мен Марбург вирусын емдеуге жасалған ремдесивир. Әзірге екеуі де сынақтан сәтті өтуде.
Факті - 70. Жапонияда тұмау емдейтін танымал дәрі - авиган (фавипиравир) вирусқа қарсы күреске үлкен үміт беріп отыр. Ол РНҚ вирустарымен күресуге арнайы жасалған.
Факті - 71. Уханьда жүргізілген сынақтарда коронавирус жұқтырып, авиганды қабылдаған науқастар орташа есеппен төрт күнде жазылған.
Факті - 72. Қытайдағы барлық дерлік науқастарға әдеттегі дәрі-дәрмектермен қатар, дәстүрлі қытай медицинасы (ДҚМ) тағайындалған.
Факті - 73. ДҚМ бойынша емдеу Гуанчжоудағы 8-ші халық ауруханасында жүргізілді, оны Гуандун провинциясының ғылым және технология министрлігі мойындап, аймақтық билік ресми мақұлдаған.
Факті - 74. Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Covid-19 науқастарын негізгі терапиямен қатар Цинфей Паиду (Qingfei Paidu) дәрісімен емдеу өте тиімді.
Факті - 75. Бұл дәстүрлі дәрі дәрілік шөптер мен басқа өсімдіктердің негізінде жасалады, оның құрамына қытай қылқан жапырақты және мия тамыры кіреді, дегенмен оның рецептерінің түрі өте көп.
Факті - 76. Кейде Covid-19 ауыр науқастарын құтқару үшін оларға - вирусқа қарсы антидене - жазылып кеткен адамдардың қан плазмасын құюға тырысады. Бұл тәжірибе SARS, MERS және Эбола вирусының таралуы кезінде қолданылып, оны ДДҰ ресми ұсынған.
Факті - 77. Түшкіру - коронавирустың белгісі емес. Жөтел – белгісі, ал түшкіру - жоқ.
Факті - 78. SARS-CoV-2 мутациясын жалғастыруда. Желтоқсаннан наурызға дейін вирустың ке
йбір нұсқалары геномын 14 рет өзгертті!
Факті - 79. Жалпы алғанда, вирустың шамалы айырмашылығы бар генетикалық модификациясы қазір 1200-ден асты.
Факті - 80 Санкт-Петербор тұмау институтының ғалымдары зерттеген вирустың «орысша нұсқасы» генетикалық тұрғыдан еуропалық түрінеижақын болып шыққан. Сол себепті аталмыш инфекция Ресейге Қытайдан емес, Еуропа арқылы келгені туралы болжамды растайды.