{metadescription}
Іске қосылған әуе рейстерінің кестесі. Қалалар арасында ұшу үшін анықтама қажет пе?

Іске қосылған әуе рейстерінің кестесі. Қалалар арасында ұшу үшін анықтама қажет пе?

Қалалар арасында ұшу үшін анықтама қажет пе? Басқа қалаға ұшу үшін жұмыс орнынан, әкімдіктен анықтама, тіркеу қажет пе, емделу, қыдыру, жұмыс сынды ұшу себебін көрсетеміз бе? Қазақстанның 13 қаласына жасалатын рейстер қандай? Назарларыңызға іске қосылған әуе рейстерінің кестесін ұсынамыз.

Егер қала карантинге жабық болмаса, жолаушылар емін-еркін билет алып, ұша алады. Ол үшін ешқандай анықтама талап етілмейді. Коронавирус инфекциясына ПТР тест тапсыру талабы да 11 мамырда алынып тасталды. Бірақ, қорғаныс бетпердесін кию, әуежайдағы әлеуметтік қашықтық және дене қызуын өлшеу шаралары күшінде қалады. Барлық рәсімдерді орындау үшін жолаушылардың ұшудан 2 сағат бұрын әуежайға келуі керек. 

«Ұшақ бортындағы тағам бір реттік ыдыс-аяқта беріледі. Тамақтанған соң жолаушылар қайтадан бетперде киіп, рейс бойы тағып отыру тиіс.12 мамырдан бастап «Air Astana» Қазақстанның басқа қалаларында ашылып жатқан әуежайларда ішкі бағыттар желісін қалпына келтіре бастады. Барлық өзекті ақпаратты жолаушылар ресми сайтымыздан немесе әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан біле алады», - дейді әуе компаниясы.

Қазақстанның 13 қаласына мынадай рейстер жасалады:

- 2020 жылғы 1 мамырдан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында (2 қала);

- 2020 жылғы 5 мамырдан Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылорда (4 қала);

- 2020 жылғы 11 мамырдан Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай (7 қала).

Әуе компаниялары рейстерді Эйр Астана, Fly Arystan, SCAT, Qazaq Air секілді әуе тасымалдаушылардың ресми сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындауды жоспарлап отыр.

«Эйр Астана»

1. Алматы (06-55) – Нұр-Сұлтан (08-40), Нұр-Сұлтан (09-45) – Алматы (11-20), Алматы (12-55) – Нұр-Сұлтан (14-40), Нұр-Сұлтан (15-35) – Алматы (17-15), Алматы (19-45) – Нұр-Сұлтан (21-30), Нұр-Сұлтан (22-30) – Алматы (00-10) – 21 рейс.

2. Алматы (04-25) – Ақтөбе (07-05), Ақтөбе (08-05) – Алматы (10-35),
Ақтөбе (08-05) – Алматы (10-35), Алматы (07-55) – Қызылорда (09-40), Қызылорда (10-40) – Алматы (12-10) – 5 рейс (2020 жылғы 12 мамырдан)

3. Нұр-Сұлтан (08-40) – Ақтөбе (10-30), Ақтөбе (11-30) – Алматы (13-10) – 3 рейс (2020 жылғы 13 мамырдан)

4. Нұр-Сұлтан (01-45) – Қызылорда (03-20), Қызылорда (04-20) – Нұр-Сұлт (05-50) – 4 рейс (2020 жылғы 13 мамырдан)

5. Алматы (06-15) – Өскемен (07-45), Өскемен (08-45) – Алматы (10-20) – 3 рейс (2020 жылғы 13 мамырдан)

6. Нұр-Сұлтан (09-10) – Өскемен (10-35), Өскемен (11-35) – Нұр-Сұлтан (13-00) – 4 рейс (2020 жылғы 14 мамырдан)

«SCAT»
 

1. Алматы (09-55) – Нұр-Сұлтан (11-35), Нұр-Сұлтан (12-40) – Алматы (14-20) – 2 рейс
2. Алматы (07:00) – Петропавл (09:20), Петропавл (10:10) – Алматы (12:20), Алматы (07:00) – Петропавл (09:20), Петропавл (16:30) – Алматы (18:50) – 3 рейс
3. Нұр-Сұлтан (16-40) – Ақтөбе (18-20), Ақтөбе (09-20) – Нұр-Сұлтан (11-00), Нұр-Сұлтан (10-10) – Тараз (11-50), Тараз (12-40) – Нұр-Сұлтан (14-20), Алматы (20-00) – Қарағанды (21-25), Қарағанды (22-20) – Алматы (23-45) – 7 рейс (2020 жылғы 16 мамырдан)
4. Алматы (07-00) – Көкшетау (09-20), Көкшетау (16-40) – Алматы (18-50) – 2 рейс (2020 жылғы 16 мамырдан)
 

«Qazaq Air»
 

1. Нұр-Сұлтан (14-20) – Алматы (16-20), Алматы (17-00) – Нұр-Сұлтан (19-00), Нұр-Сұлтан (13:40) – Өскемен (15:20), Өскемен (16:00) – Нұр-Сұлтан (17:45), Нұр-Сұлтан (15:30) – Қызылорда (16:20), Қызылорда (17:00) – Нұр-Сұлтан (19:50), Нұр-Сұлтан (10-05) – Талдықорған (11-45), Талдықорған (12-15) – Нұр-Сұлтан (13-50) – 3 рейс
2. Нұр-Сұлтан (08:30) – Петропавл (09:40), Петропавл (10:10) – Нұр-Сұлтан (11:25), Нұр-Сұлтан (10:05) – Петропавл (11:15), Петропавл (11:55) – Нұр-Сұлтан (13:05) – 2 рейс
3. Нұр-Сұлтан (17-30) – Ақтөбе (18-30), Ақтөбе (19-05) – Нұр-Сұлтан (22-10), Нұр-Сұлтан (15:00) – Семей (16:35), Семей (17:05) – Нұр-Сұлтан (18:40) – 4 рейс
4. Нұр-Сұлтан (08-50) – Қостанай (10-00), Қостанай (10-40) – Нұр-Сұлтан (12-25), Нұр-Сұлтан (09-30) – Павлодар (10-40), Павлодар (11-20) – Нұр-Сұлтан (12-20) - 3 рейс (2020 жылғы 13 мамырдан)
 

«Fly Arystan»


1. Алматы (16-35) – Павлодар (18-25), Павлодар (18-55) – Алматы (20-40), Алматы (10-00) – Семей (11-30), Семей (12-00) – Алматы (14-25), Алматы (10-55) – Семей (12-25), Семей (12-55) – Алматы (14-25) – 2 рейса (2020 жылғы 12 мамырдан)
2. Нұр-Сұлтан (09-50) – Қостанай (11-10), Қостанай (11-40) – Алматы (12-50) – 1 рейс (2020 жылғы 13 мамырдан)
3. Нұр-Сұлтан (15-25) – Семей (16-35), Семей (17-05) – Нұр-Сұлтан (18-20) – 2 рейс (2020 жылғы 13 мамырдан)
4. Алматы (05-45) – Қарағанды (07-25), Қарағанды (07-55) – Алматы (09-25) – 2 рейс (2020 жылғы 15 мамырдан)
5. Алматы (15-15) – Қостанай (17-40), Қостанай (18-10) – Алматы (20-15) – 1 рейс (2020 жылғы 15 мамырдан).


Ұшу кестесін әуе компаниялары реттей алады.

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде