18 – 24 мамырға арналған жұлдыз-жорамал
Осы аптада сізді қандай жаңалық күтіп тұр? Жоспарлаған істеріңізді жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог А. Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
18 – 24 мамырға арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқты айналасындағы жағдайлар күрт өзгерсе де, өз жоспарынан бас тартпайды. Бұрын араласқан бір досын күтпеген жерден кездестіреді. Бұл күндері сіз оған кеңес беріп, қолдау көрсетесіз. Әңгіме мен талқылаулар көп болады. Жұмыста да қауырт шақ туады. Түсетін салмақ артып, оның ауқымы да кеңейеді. Ұсақ-түйек дүниеге де көңіл бөлуге тура келеді, ол тіпті көп уақытты алады. Жұмыс сапасы тек сізге байланысты болмақ. Біліктілігіңізді айналаңыздағы адамдардың пікірі анықтайды, солар баға береді. Сонымен қатар денсаулыққа көңіл бөлесіз. Ол тіпті алаңдатады. Алдын алу, емделу шаралары жоқ емес. Сыртқы келбетіңізге де уақыт арнайсыз. Көбісі іскер бәсекелестерінің іс-тірлігіне ықылас қояды. Өзгенің жоспарына алаңдаған көңіліңізді құпия ұстайсыз. Сізді қатты алаңдататын – ол өзгерістер мен өзгелердің өміріндегі өзгерістер. Күйбең тірлік көп болмақ. Махаббат жайлы жиі ойланасыз.
Торпақ эмоцияға берілмейді, әлсіздігін көрсетпейді. Ішкі уайымын сыртына шығармай ұстайды. Бұл кезеңде туыстары мен достарымен қарым-қатынасында түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Араласқан кездегі ыңғайсыз жағдайлар реніш тудыруы мүмкін. Үйлесімділік жетіспейді, өзгелермен көзқарасы сәйкес келмейді, соған бола көңіліне кірбің туады. Қайғыға берілуі де мүмкін. Жалғыз өзі отырып алып сары уайымға да салынады. Бұл аптада пікірлес адамдарыңызбен бірге болғаныңыз абзал. Достарыңыз шақырған жерден қалмаңыз. Жақындарыңызбен араласудан бас тартпаңыз. Сонда өзіңіздің қате ойларыңызды айқындайсыз, дұрыс емес пікірге жол бергізбейсіз. Көбісін қаржы мәселесі қиналдырады. Ақшаның түскенін күтіп соған қатты алаңдайсыз. Шығын көп болмақ. Ол отбасындағы жасы кіші адамға қатысты шығын. Жоғары жақтан қолдау көрсетілуі мүмкін, ол материалдық болуы ықтимал. Сізді үлгі ететін болады. Өзіңізді мақтан тұта аласыз. Жеке өмірде аздаған салқын, қырғиқабақ сезім болуы мүмкін. Бойдақтар жаңа махаббат іздейді.
Егіздер өзінің тәуелсіздігін бағалайды. Өз қағидатын, ниетін өзгертпейді. Жоспарлары мен оны жүзеге асыру ұнайды. Іскер, творчестволық күшке толы, шабытты. Бұл аптаны өзіне қызықты адамдарға арнайды. Сіз араласатын адамдар аясы кең. Соның артықшылықтарын пайдаңызға жаратқаныңыз дұрыс. Тап осы кезеңде кездескен адамдарыңыз бен іскер серіктестеріңіз маңызды болмақ. Жеке тұлға ретінде сыртқы келбетіңіз үлкен мәнге ие болады. Сұлулық, сән жағынан қалыс қалмаңыз. Оған да көңіл бөліңіз. Ол айналаңыздағы адамдарға едәуір әсер етеді. Біраз ақша табасыз. Өзіңізге және өз жетістіктеріңізге көңіліңіз толып, марқайып қаласыз. Тек туыстар арасында біраз келеңсіздік болуы ықтимал, оған сол сәл жабырқатады. Бірақ тап сізде ешнәрсе өзгермейді, бәрі ретімен, бәрі жақсы. Бұл апта рұқсат алуға, дауды тоқтатуға, құжат рәсімдеуге қолайлы кезең. Заң саласында істейтіндердің жұлдызы жанады. Жеке өмірде ғашықтық сезімі жоқ емес. Құпия қатынас та қылаң береді.
Шаян өзінің мамандығы бағытында жұмыс істеп, біліктілігін жаңартуға құлшынады. Келісімдер, өзара ынтымақтастық ұсыныстары түседі. Белгілі бір адамнан бірге қызмет істеу ұсынысы түседі. Ол болашағыңызды күрт өзгертеді. Маңызды шешім қабылдауға дайын болыңыз. Сенімділікті жоғалтпау үшін барлығын бақылауда ұстағаныңыз жөн. Туыстар мен достардың эмоцияға толы қарым-қатынасына қатты алаңдайсыз. Жасы кіші туысқаныңызбен ренжісуіңіз де мүмкін. Шығын көп. Ірі зат сатып алуыңыз мүмкін. Көбісі жолға шығады. Ол материалдық мүддеге байланысты болмақ. Бірінші кезекте денсаулыққа көңіл бөліңіз. Біразының тісі қақсайды. Жеке өмірде өз қағидаңыздан бас тартпайсыз. Отбасы барлар қасындағы серігіне көңілі толып, оны мақтан тұтады. Бойдақтар көксеген адамын іздеуден танбайды.
Арыстан әрбір өзгерісті үлкен сақтықпен қабылдайды. Айналасындағыларға күмәнмен қарап, олардың әр ісін ой өзегінен өткізеді. Бұлл аптаны көбінесе өзімен-өзі қалып, пайымдауға арнайды. Өзгелері жанталасып жүгіріп жүргенде, сіз сабырлық сақтайсыз. Сізге кез келген оқиғаның өзіңізге пайдалы тұсын ғана кәдеге жаратуға тырысасыз. Және қателеспейсіз. Бұл аптада сәттілік сіздің қолыңызда. Материалдық жағынан ұтасыз. Жеке басыңыздың абыройы өсіп, өзгенің пікіріне ықпал ете аласыз. Достарыңыз, әріптестеріңіз сізді құрметтейді. Өткенде сізге үлкен көмек көрсеткен танысыңызды күтпеген жерден кездестіресіз. Бір реттік ынтымақтастық туралы қызықты әңгіме ашылады. Ол ешқандай ережеге тәуелді болмайды. Денсаулыққа көңіл бөліңіз. Сізге жиі салқын тиеді. Ал кәсіби салада шабыт бар, жаңалық ашуыңыз мүмкін. Сізді көре алмайтындар көп. Қызығып, қызғанады. Жоғары басшылық жақтан аздаған қысым көрсетіледі. Оған шыдамдылық қажет. Махаббат мәселесінде аздаған проблема болуы ықтимал. Қызғаныш, көз жасы, ынтықтық…
Бикеш араласуға да, қарым-қатынас жасасуға да өте тартымды. Адамдарды өзіне баурап алады, өзгелердің сеніміне кіреді. Көп ақпарат қабылдайды. Барлық оқиғадан хабардар болады. Өзін ұзақ уақыт ойлантқан сұрақтың жауабын табады. Бұл аптада таңдаудың алдында тұрады: досының күмәнді ісінен бұзылған қарым-қатынасты тоқтату керек пе? Қиын жағдай. Бірақ тап осының шешімі сіздің қолыңызда тұр. Туысқандар арасында бір маңызды оқиға күтілуде. Жаңа таныстықтар. Жаңа адамдар. Әлеуметтік мәртебеңізді өзгертетін уақыт келді. Кейбіреуі кәсіби саласындағы өзгерістерге икемделеді. Қалыптасқан өмір салтында өзгерістер болмақ. Белгілі бір адамнан сыйлық күтіледі. Қаржы жағын бақылауда ұстаңыз. Жеке өмірде жарқын сәттер көп. Таныстық болуы ықтимал. Ол көп нәрсені өзгертеді. Таң қалып, таңданатын боласыз.
Таразы жұмыс столын реттестіреді, тұрған жерін жаңартып, ауыстырып, өзгертуге тырысады. Не болса да, өміріне біраз жаңалық енгізетіні рас. Тұрмыста жиhаз ауыстырып, жөндеу жұмысын жүргізеді. Туыстардың арасындағы кикілжіңге араласып, оны шешуге бар күшін салады. Ақшаға қатысты дау-жанжал туады. Кәсіби саладағы бәсекелестері мен белсенді әріптестерінің қарама-қайшы әрекеттеріне қарсы тұруға тура келеді. Хабардар болу, құзыреттілік мәселесі маңызды болмақ. Көп сұраққа жауап бересіз. Зымиян әрекеттер, ашу-ыза, көреалмаушылықпен бетпе-бет кездесесіз. Сіздің арқаңызда өзіне абырой-атақ жинағысы келетіндермен күреске дайын болыңыз. Сізге жауапкершілік артылады. Өзгені тығырыққа тірейтін мәселені сіз оңай шеше аласыз. Пікірлес адамдардың назарын өзіңізге бұрасыз. Сізге ынтымақтастық ұсыныс түседі. Жолға шығуыңыз мүмкін. Ал жеке өмірде моральды сәл ұмытып, әлеуметтік мәртебеңізді ысырып қойып, махаббатқа көңіл бөлесіз.
Сарышаян романтикадан, құр қиялдай бергеннен өзін аулақ ұстайды. Сіздің мақсатыңыз сындарлы, әр қадамыңызды пайымдайсыз. Бұл аптада сіз пікірлес адамдармен ортақ іске барғыңыз келмейді. Достарыңыз бен әріптестеріңіздің арасында ара-жік ашылуы мүмкін. Пайдасыз дүниеден, қарым-қатынастан арыласыз. Жаңа таыстықтар, қарым-қатынас та болады. Оған сіз мүдделісіз. Жұмысқа, кәсіби салаға көңіліңізді, уақытыңызды көп бөлесіз. Кәсіби шеберлігіңізді ұштайсыз. Ауызша айтылған келісімшарт маңызды рөл атқаратын болады. Ол ынтымақтастықтың қосымша бөлігіне қатысты. Жұмыста құпиялылық талап етіледі. Есесіне, оның нәтижесі қуантады. Өзгені де. Көбі аудитория алдында сөйлейді. Адамдар арасында болады. Марапат күтілуде. Белгілі адамның мадақтауына ие боласыз. Сапарға шығуыңыз мүмкін. Қасыңызда досыңыз болады. Қаржы жағдайы жаман емес, жақсарады. Жеке өмірде әлі де түсініспеушілік бар, ол айқын емес. Қазіргі қарым-қатынасқа сеніміңіз аз. Ал отбасы барларда еш өзгеріс жоқ.
Мерген өзіне деген сенімі азаюда. Ішкі уайымы маза бермейді. Тұрақтылыққа зәру. Өткендегі дүниелерді ұмытуға қуанышты жағдайлар жетіңкіремейді. Өткенге орала бермеңіз. Ұмытыңыз. Бүгінгі күн суық, мейірімсіз көрінсе де, өзіңізді қолыңызға алыңыз. Мұндай адасушылықтан, ауыр ойлардан күш-қуатыныңызды жоғалтуыңыз мүмкін. Тек жұмыс қана құтқарады. Белсенділік қажет. Бірақ көбісі жұмысын қайта қарастырады. Кейбіреуі қызметін ауыстырып, басы ауған жаққа кеткісі келеді. Пайда тапқысы келеді. Тіпті ол идеяны іске асыруға әрекет етіп талпынады. Материалдық жағдай нақты шешім қабылдауға итермелейді. Жаңа жол іздеп, талпыныс күтіледі. Жақын адаммен арада салқын қатынас орнайды. Мазаңыз кетіп, не істеріңізді білмей басыңыз қатуы мүмкін. Жылулық, мейірім, түсініс жетспейді. Тұрмыста ұсақ-түйек нәрселер күн сайын құр қол отыруға мұрша бермейді. Жөндеу жұмысына сәл көңіл бөлесіз. Жиhаз ауысырып, ретке келтіріп... Үйіңізге қонақ келеді. Күтпеген қонақ. Сөйтіп құпия ашылады.
Тауешкі шамадан тыс ашуланшақтықпен және жүйкесін тоздырып мазасы кетеді. Түкке қажетсіз зат сатып алып немесе күмәнді адаммен тасыды. Өзіңіздің ыңғайсыздығыңызға байланысты қиын кезең күтіледі. Өз проблемасын шешуге басқаларды тарта алатындардың жұлдызы оңынан туады. Олар кейбір нақты әрекеттерге барады. Тапсырыс бере отырып, жағдайды бақылау арқылы қажетсіз әрекеттен оңай құтыласыз және оны әрдайым жеңе аласыз. Алайда тағдыр сізді өткен өміріңізде маңызды рөл атқарған адаммен кездестіреді. Сізге қайтарылмаған қарызын кешіріп, бұрын орындауға міндеттелген күрделі қызмет көрсетуге тура келуі мүмкін. Шығармашылық көңіл-күй кәсіби қызметті күшейтуге септігін тигізеді. Мүмкін күтілген жерден ақша түседі. Сіздің хоббиіңізге немесе өзгеден ажырататын қатынастарға байланысты қысқа мерзімді қосымша жұмысқа орналасу мүмкіндігі туады. Туыстардың өтінішімен жолға шығуыңыз ықтимал. Жеке өміріңіз алаңдатады. Сезім жетіспейді. Екеудің арасындағы қашықтық үнемі өсіп отырады. Бойдақтардың бәр нәрседен көңілі қалады.
Суқұйғыш өзіне деген қызығушылықтың жоғалғанын сезсе, өзі туралы жар салудан бас тартады. Бұл тағдырдың үлкен қойылымындағы өз рөліңізді жақсы түсінесіз. Соған бола аздаған көңіліңізге қаяу түсіретін жәйттерге онша көңіл бұрмайсыз. Ол сізге әсер етпейді. Ұсақ-түйекке ынтаңыз жоқ. Қазіргі істегі әр нәрсені егжей-тегжей ойлануға ден қоясыз. Әр түрлі адаммен кездесесіз. Келіссөздер жүргізесіз. Маңызды шешім қабылдайсыз. Әріптестер, пікірлес адамдардың қолдауы сізге ішкі еркіндік береді. Тәуелсіз зерделеуге көшесіз. Қаржы мәселесі біртіндеп шешіледі. Көбісі тұрмыстағы жағдайға назарын аударады. Үйдегі жұмыстарды бітіруге кіріседі. Көптеген жұмысы қашықтан болмақ. Қонақ күтіп, шығарып салумен болады. Алысырақ жаққа баруыңыз мүмкін. Бұл апта туыстық қарым-қатынасты қалпына келтіруге, татулыққа ыңғайлы кезең. Жақындарыңызға сыйлық бересіз. Денсаулығыңызды жақсылап күтіңіз..
Балықтар өзін күтпеген, тосын қырынан көрсетеді. Бұрынғы образдан шығады. Ол туралы көп адам әңгіме айтып, сөз қылады. Әріптестермен қарым-қатынас өзгереді. Өзгелерге маңызды көрінген проблеманы сіз пысқырмайсыз. Өйткені басыңыз ойға толы, көңіл күйіңіз ауытқулы, оны шешу ешкімнің қолынан келмейді. Бұл аптада құпия сақтаумен боласыз. Сізден ашықтықты күтуге болмайды. Жабықсыз. Соған қарамастан байланысқа тез шығасыз. Әңгімелесесіз. Дегенмен ойыңызды бүгіп қаласыз. Бұл кезеңде көп жұмыс атқарасыз. Ол зая кетпейді. Өйткені қаржы мәселесін ақырындап шешесіз. Өз ықпалыңызды ойлап мазасызданасыз. Ол сыртқы келбетіңізден, түріңізден білініп тұрады. Ол сіздің жеке дәстүріңіз деп ұсынғаныңызбен, негізі, сіз ондай адам емессіз. Жеке өмірде тапқырлық қажет. Білдірмей істеуге тырысыңыз. Тыс жақтан сезім күтсеңіз, абай болыңыз, ол асқан сақтықты қажет етеді.
Александр Ремпельдің жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.
Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал
2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал
Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?
2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы күтіледі
Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол
Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?