15 -21 маусымға арналған астрологиялық болжам
Осы аптада сізді қандай жаңалық күтіп тұр? Жоспарлаған істеріңізді жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог А. Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
15 – 21 мамырға арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқты біраз адамға қамқорлықты өз мойнына алады. Көбінесе бұл үй жануарлары, кішкентай балалар немесе уақытша қол астында қызмет ететін адамдармен байланысты. Қиындықтар туындайды, дегенмен қолы тимей жүргеніне қарамастан, өз міндеттемелерін жақсылап жүзеге асырады. Жұмыста көбінесе біреудің мүддесіне бітімгер, қорғаушының рөлін атқарады. Өз қағидатынан бас тартпайды. Әсіресе әлсіздерге араша түседі. Ортақ мақсатта қысқа сапар күтілуде. Ұзақ уақыт қол тимей жүрген бірқатар шаруаны тындырады. Жақын адаммен біраз уақытқа ажырасуға тура келеді. Қашықта жұмыс істеп, телефонмен бірқатар мәселені шешеді. Достармен, туыстармен кездесуге мүмкіндік туады. Отырыс күтілуде. Досыңыздан жағымды сый аласыз. Романтикалық көңіл күйде боласыз. Құрмет тұтатын адаммен кездесесіз. Осы аптадағы кездесулер сізге маңызды болмақ. Қаржы мәселесі бақылауда. Ойламай ақша жұмсап, біраз шығынға ұшырауыңыз мүмкін.
Торпақ жақсы көңіл күйге бейім, өзінің қарапайым жоспарын қолға алады. Айналаңыздағы кеңістікті ерекше дүниемен көмкеруге ұмтыласыз. Жаңа бір нәрсе жасап, елге тың, таңсық дүниеге құштар боласыз. Кейбіреуі үйін жөндеп, жиһаз сатып алып, интерьереріне өзгеріс кіргізеді. Тағы біреуі саяжайын реттейді. Үшіншісі кеңсесін, үйін ауыстырады. Не болса да, өміріне өзгеріс енеді. Қаржы жағдайын үнемі ойлайтын боласыз. Өзіңізді ақшадан шектеп, игі мақсатқа үнемдеуге тырысасыз. Жақын туыстың біреуінің денсаулығы алаңдатады. Оған қолдау көрсетіп, тағдырына ортақтас боласыз. Ресми кабинеттерге жиі кіресіз. Шенеуніктермен кездесіп, белгілі бір күнді тағатсыздана күтесіз. Өйткені ол күн сізге маңызды. Жеке өмірде жақын адамыңыздың қолдап-қоштауы өте маңызды. Оның адалдығы мен қамқорын бағалайсыз. Сөзбен емес, ісімен.
Егіздер тәуелді болуға төзбейді, әсіресе, егер жоғары жақтағы адамнан психологиялық қысым көрсе. Төзімді болсаңыз да, қалыптасқан жағдайға шыдай алмайсыз. Егер жеке әңгімеде шағым жасасаңыз, басыңызға бәле тауып алуыңыз мүмкін. Жұлдыздар сізге тек ортақ жиналыста ғана өз пікіріңізді айтуға кеңес береді, яғни куәгерлердің көзінше. Сізді көп адам сөз қылады. Айналаңызда өсек-аяң болып, қас ниеттілер болуы мүмкін. Сөзбен қарша боратқандардан әрең қорғанасыз, өйткені сізге астарлап жағымсыз дүниелер айтылуы мүмкін. Көбінің тұрғылықты жері ауысады. Бәлкім ол іс-сапар болуы мүмкін. Нақты мақсатпен сапарға шығуыңыз да мүмкін. Не болса да, жақын адамыңызбен біраз уақытқа қоштасасыз. Біраз адамның құпия қарым-қатынасы белсендірек болады. Бұл аптада біреуге бір нәрсе беріп немесе ақша аласыз. Ол маңызды болмақ. Оның барлығы белгілі бір адамдарға қатысты іске асырылады. Қолыңызға абай болыңыз, жарақат алып қалуыңыз әбден мүмкін.
Шаян жұртты өзінің қамсыздығымен таң қалдырады. Маңызды мәселелерге жеңіл-желпі қарайды. Бұл аптада жолыңыз әрдайым ашық болмақ. Сізге сәтті апта. Сонымен қатар бірқатар шаруа сізге өзгенің қызғанышын, көреалмаушылығын бағыттайды. Сізге, сіздің істеріңізге еліктейді. Сізбен араласуға нашар адамдар да құлшынады. Сондықтан ішкі түйсігіңізді елеусіз қалдырмаңыз. Ақыл-ойыңыз сағаттың тіліндей жұмыс істейді, бірқатар өзекті мәселеге жаңа шешімді жылдам табасыз. Дегенмен ішкі түсігіңіз болып жатқан жағдайларды керемет қабылдап, түсінеді. Әрдайым тек өзіңіз ғана әрекет жасайсыз, ешкімнің көмегінсіз. Сөйтір барлық нәрседен пайда табасыз. Материалдық та, психологиялық та. Кейді сіздің ұстанымыңыз біреудің көзіне күлкілі болып көрінгенімен, бірақ сізді ешкім алдап, сындыра алмайды. Сапарға шығуыңыз мүмкін. Жақын адамнан қол үзуіңіз мүмкін. Алыстан хабар аласыз. Бұрынғы танысыңызбен жоспарланбаған кездесу болуы мүмкін. Қомақты сома қолыңызға тиеді. Жеке өмірде қарым-қатынаста жетекші рөл атқарасыз. Сіздің бұйрығыңыздың қолайсыз деу қиын – ол дұрыс.
Арыстан бос әңгімелер мен нәтижесіз кездесулерден қашады, шыдамсыздық танытады. Өзгелердің проблемасына басын ауыртқысы келмейді, өйткені өзімшіл адамдар сізге арқа сүйеп, көмек күтуге еті үйреніп кеткен. Осы кезеңде сіз уақыттың өткірлігі, оның шынайы мәні мен жоспарланған нәрсені аяқтауға уақыттың жетіспейтініне мазаңыз кетеді. Көптеген маңызды істерді аяқтау үшін бір нәрсенің аттарын, есімдер, басқа да ұсақ-түйектерді есте сақтауыңыз керек, ол сіздің тікелей күш-жігеріңізге байланысты болмақ. Өзге адамдардың сізге назарын тіккенін байқайсыз. Сондықтан, осындай жағдайда бүкіл іс-қмылыңызды, әрекеттеріңізді, тіпті түр-келбетіңізді жоғары деңгейге көрсетуге тырысасыз. Құқық мәселесін шешу, шенеунікпен маңызды байланыс, құнды құжатты қолға түсіру сияқты дүниелер күтілуде. Өткен оқиғалар өзінің жағымсыз салдарымен еске түсіп, ол денсаулығыңызғы әсер етеді. Денсаулығыңыз нығайып келе жатыр деген ойда болсаңыз да, күш-қуатыңыз асып-тасып тұрса да, сіздің болашаққа сеніміңізге қолдау қажеттігін сезесіз. Сіз үшін ең бастысы - өзіңізге қатты сенетін адаммен қарым-қатынас жасау маңызды.
Бикеш бос әңгіме мен нәтижесіз кездесуге келіспейді. Сіздің ұстанымыңыз тұрақсыз және сонымен бірге қолайсыз болады. Мәлімдемелеріңіз бен әрекеттеріңіздің қисынын түсіну қиын болады. Себебін түсіндірместен, ниетіңізді түсіндірмей-ақ сөйлесуден бас тарта аласыз. Біраз адам сіздің мінез-құлқыңыздан, елемеуіңізден зардап шегеді. Бірақ мінез-құлықтағы қиындыққа қарамастан, сіз бұрынғы байланыстар мен ұзақ уақытқа созылған байланыстардың арқасында қаржылық жағдайыңызды жақсарта аласыз. Белгілі бағытта жоспарланған сапар қолайлы болуы мүмкін. Тосыннан жолға шығу өте қиын болады және көп күш кетіреді. Көптеген адамдарға бұл апта үй жануары немесе жас отбасы мүшелеріне бола ауырлау болады. Бірқатар шектеулерді қабылдауға мәжбүр болып, қамқоршы рөліне көнесіз. Алайда жағымды жағы - бұл жағдай ұзаққа созылмайды. Құжаттар мен маңызды қағаздарды ресімдеуге және алуға байланысты әрекеттер орын алады. Сіз арасындағы делдал болуыңыз да мүмкін. Кәсіби салада жеке тұлға ретінде келбетіңіз соншалықты жоғары болмайды. Жеке өмірде күткен үмітіңіз тағы ақталмайды. Өйткені сіз тым көп нәрсені сұрайсыз, талап қоясыз, логикасыз.
Таразы басқаларға қарағанда мұқият тыңдауға қабілетті. Сондықтан өзгелерге қарағанда маңызды нәрселерді қалт жібермейді. Жоспарларыңыз жиі өзгертілуі мүмкін. Бірақ сіз оны басқаларды айтпайсыз. Тіпті пікірлес адамдар сіздің ниетіңізді білмейді. Өзіңіздің барлық миссияңыздың маңыздылығын, жауапкершіліктің жоғары дәрежесі мен сөзсіз қажеттілігін білесіз. Шынында да, егер сіз белгілі бір тақырыпқа енсеңіз, оны басқалардан жақсы түсінесіз. Себебі ешкім сізге қарағанда маңызды нәрсені жасай алмайды. Егер қабілетті болсаңыз, ол тек сіздің бақылауыңызда және басшылығыңызда болады. Таразы-көшбасшылар, тәуелсіз бизнесмендер және тәуелсіз адамдар табысқа жетеді. Жұмыста кадр саясатымен байланысты сапалы өзгеріс болуы мүмкін. Материалдық жағы жақсарады. Ұзақ уақыт тәуелді болған адамдарыңызбен қазір қаржы жағдайы тұрақты болмақ. Жер учаскесіне немесе белгілі бір құрылымға қатысты бұрыннан келе жатқан даулы мәселе заңды жаққа өтіп, неғұрлым тыныш деңгейде шешілетін болады. Жеке өмірде сіздің рөліңіз басым болады. Тіпті сезімдер сіздің әрекеттеріңіздің логикасына бағынады. Сапарыңыз сәтті болсын.
Сарышаян білімін мықты қарқынмен толықтырады. Осы аптада оқуға, жаңа ақпарат көзін ашуға деген ынта зор. Өмірге, не болып жатқанына, адамдарға қатысты сіздің ойыңызды өзгерте алатын ұсақ-түйек жаңалықтар болады. Өз ойын, эмоциясын шығармашылық тілде жеткізе алатын адамдар үшін қолайлы кезең. Сіз өзіңіздің шығармашылығыңызбен, ерекше, маңызды нәрсені жасай отырып, қоршаған ортаны таңқалдыра аласыз. Дегенмен, сізге жиі досыңыздың кеңесі, тәжірибелі пікірлес адамның қолдауы қажет болады. Бұл әсіресе жұмыста және өзіңіз шеше алмайтын мәселелерге қатысты. Көбінесе бастама әріптестерден, достардан, жұмыс берушілерден болады. Саяхат туралы ұсыныс жоққа шығарылмайды. Қаржылық жағдай сіздің ақылға қонымды прагматизміңізге бағынады. Алайда, сіз мезгіл-мезгіл ақшамен бөлісесіз. Осы кезеңде шығын - басқаларға сыйлықтар сатып алуға, өмірдің функционалды жағына ешқандай қатысы жоқ белгілі бір заттарды алуға байланысты болуы мүмкін. Сізге ұзақ мерзімді борышкерден ақшаның бір бөлігі қайтарылады. Жеке өмірде жасырын, жабық, шытырман көп. Құдай оның бәрін өздігіңізбен шешуге көмек берсін...
Мерген бостандыққа, тәуелсіздікке зәру. Сіз тым қытымыр, байсалды болып, жұртқа қызықсыз көрінуіңіз мүмкін. Айналаңыздағы адамдар сізге сеніңкіремей, сізбен сөйлесуден аулақ болады. Сізбен дауласу қиын, өйткені сіз өзгенің ішкі ниетін, пиғылын бірден танисыз. Оқиғаларды көре білу мен түйсіктің күші керемет болады. Осы кезеңде сіз алдыңғы байланыстардың маңыздылығын бағалай аласыз. Бұрынғы байланыстардың, келісімдердің арқасында қаржылық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік аласыз. Күш-қуатыңыз көп жұмсалады, бұл аптада жоғары қуат жүктемесі көп. Сіздің қазіргі істеріңіз ғана емес, сонымен бірге туыстарыңыздың проблемалары да назарыңызда болмақ. Бұрын болған мәселелерді шешу керек. Сөздің құдіретін сезесіз. Белгілі адамдар тобында бір рет айтылған сөздің жауапкершілігін сезінесіз. Бұл апта достармен, туыстармен кездесулерге толы. Той күтілуде, салтанатты шараға қатысасыз. Мемлекеттік қызметпен айналысатындардың мансабы өсуі мүмкін. Көпшілігінде жоспарланбаған сапар болады. Сіз мұны сынақтың бір түрі ретінде қабылдайсыз.
Тауешкі бизнесте тым тәуелсіз және іс-әрекетте батыл. Жақтырамаған түріңізді жасырып, бұл өзгелерден гөрі сүйкімді және психологиялық басымдылық береді. Жетекшілікке, жылдам нәтижеге ұмтылу басым болады. Әріптестермен, іскери серіктестермен сенім артып, олармен тығыз жұмыс істей аласыз. Тұрақты жұмыспен қамту және жоғары деңгейдегі міндеттеме күш-қуатыңызды сынағандай көбейіп, артады. Уақытында шешілмеген алдыңғы мәселелерге назар аударасыз. Ортаңызда сіздің бастаған ісіңізді аяқтай алатын адам пайда болады. Сіз әрқашан басқалардың с-әрекеттерін қадағалап, басқа адамдардың жетістіктерін жеке сәтсіздіктің белгісі ретінде қабылдайсыз. Кейде өзгелердің жеңісі ренжітуі мүмкін. Бірақ бұл жаңа әрекеттерге түрткі болады. Алыстағы туыстардан жақсы жаңалық күтесіз. Ол сөйлесуге, жаңалық пен сыйлық алмасуға себеп болады. Үлкен шығын шығуы мүмкін. Бірақ ақша ағыны да айтарлықтай болады. Жеке өмірде әзірге тыныштық орнайды. Ол күтілген дүние...
Суқұйғыш өткен өмірмен байланысты үзіп, мәңгі «оқушы» және ұзақ уақытқа созылған «тыңдаушы» рөлінен бас тартады. Бұл апта қызықсыз, мәнсіз, ауырлық тудыратын нәрседен құтылу кезеңі. Байланыстардан да құтылу кезеңі. Бұл кезеңнің маңызды аспектісі өмірдің кәсіби жағында. Өз деңгейіңізді жақсарту, жаңа білім мен тәжірибе алу қажеттілігін сезінесіз. Бұл жағдайда сізге кездейсоқ жақын адамдар көмектеседі. Әріптестер, пікірлестер, іскери серіктестер - бұл сіздің бұл жағдайда сөзсіз қолдаушыңыз. Өткен оқиғалар бүгінгі күнге дейін құпия болып келген ұзақ уақытқа созылған мәселені шешуге себеп болуы мүмкін. Таңғажайып адаммен кездесу маңызды мәселеге негіз болады. Бірте-бірте бәрі анықталады. Осы аптадағы кездесу және қарым-қатынас көптеген адамға маңызды. Жылжымайтын мүлікке немесе білім туралы құжаттарға қатысты істі аяқтай аласыз. Жаңа ынтымақтастық мақсатындағы сапар да жоққа шығарылмайды. Сіздің қолыңызда үнемі өзгенің ақшасы болады. Есептеуде сақ болыңыз. Әйтпесе, ақшадан ұтылу қаупі бар. Жеке өміріңізде жақындарыңыздың аясы біршама кеңейеді, - жаңа махаббат көкжиекте тұр.
Балықтар өзін әдеттегі қызығушылық шеңберінен, істерден және адамдардан тыс елестете алмайды. Моральдық жағынан дайын болса да, жаңа дүниеге үйрене алмайды. Тағдыр сізді кәсіби саладан бастап жеке өміріңізге дейін күрделі және жұмбақ жаңару болашағын ашатын өзгеріс табалдырығына алып келді. Жақын достарыңыздың кейбірі сіздің назарыңызға үнемі осы кезеңдегі өміріңіздегі ең маңызды адам болуды талап етеді. Алайда, сіз кезкелген адамға уақытыңыз бен кеңістігіңізді алуға мүмкіндік бере алатындай шыдамды емессіз. Осы кезеңде бұрын жұмсаған күш-жігеріңіздің жемісін көресіз. Қаржы аспектісі жақсарады. Әріптестеріңізге, іскери серіктестерге кәсіби әсеріңіз артады. Сіз үлгі боласыз. Іс-әрекетіңіз бен өмір салтыңыз таңдану, қызғаныш тудырады. Сіздің әрекеттеріңізге байланысты салтанатты іс-шаралар болады. Туыстардың аясында айтарлықтай өзгеріс күтілуде. Біреуді салтанатты түрде сапарға аттандырасыз. Заңға қатысты мәселелермен айналысасыз. Жеке өміріңіз күту мен жетістікке толы. Бәрі сезім мен құштарлық әсерінен өзгеріп отырады.
Александр Ремпельдің жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.
Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал
2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал
Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?
2020 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы күтіледі
Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол
Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?