{metadescription}
Құрбан шалу: Жиі қойылатын сұрақтар

Құрбан шалу: Жиі қойылатын сұрақтар

Қарызға ақша алып, құрбандық шалуға бола ма? Жесір әйелге құрбан шалуға болмайды деген рас па? Қыз балаға құрбан шалуға болмайды дейді, сол рас па? Құрбандық етін христиан көршіме берсем бола ма? Құрбандық малын сатып аларда саудаласу күнә ма? Малдың қай ағзасы желінбейді? Құрбанға шалынған малдың терісін сатуға бола ма? Құрбандықты басқа біреудің атынан шалғым келеді. Құрбан шалу кімге уәжіп? Бір отбасыға бір құрбандық жете ме?

Құрбан шалу талаптары: 

Мұсылман болуы керек

Тұрғылықты (жолаушы болмау)

Ақыл-есі дұрыс

Балиғатқа толған

Бақуатты. (Негізгі қажеттілігінен тыс – 85 грамм алтынға тең келер ақша немесе осы құнға тең келетін артық мүлікке ие болу). Бір отбасындағы кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс және өзінің жеке байлығы бар ұл-қыздары мен өзінің жеке байлығы бар зайыбы да өз алдына бір қой құрбандық шалуы тиіс. Әкесінің шалған бір қой құрбандығы оларға жүрмейді. Бірақ, өз дүниелері болмаса, отағасының шалған құрбанының сауабы оларға да жазылады.

Құрбандық малы қай күндері шалынады?

31-шілде мен 2 тамыз аралығында яғни Құрбан Айттың бірінші күнінен бастап.

Құрбан малы тек бір адамның атына шалына ма?

Егер ірі қара мен түйе болса бірнеше адам бірігіп шалуына болады.

Құрбандықты басқа біреудің атынан шалғым келеді

Әрине болады. Ол үшін тапсырыс бергенде құрбан шалдырушының аты-жөні деген жолаққа жазасыз.

Құрбандық қай уақытта шалынады?

Оның белгілі уақыты бар. Құрбандықты одан алдын немесе кейін шалуға болмайды. Уақытынан бұрын шалған құрбандық өз отбасы үшін сойылған мал іспетті. Ол құрбандық болып есептелмейді. Ал уақытынан кейін шалса, оның етін садақа ету уәжіп болады, одан өзі жемейді.

Құрбандық шалу уақыты айт намазы оқылатын жерлерде айт намазынан кейін, ал айт намазы оқылмайтын ауылдарда таң атқаннан соң басталып, айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады. Қалалық жерде тұратын адам құрбандығын шалу үшін оны айт намазы оқылмайтын бір ауылға жіберсе және құрбандық сол ауылда таң атқаннан кейін шалынса, дұрыс болады. Өйткені құрбандық иесінің тұратын жері емес, құрбандық шалынатын жер есепке алынады.

Қатты суық, тасқын су, қалың қар және басқа да дәлелді себептермен айт намазы оқылмай қалса, құрбандық малы шамамен айт намазы оқылатын уақыт өткеннен кейін, яғни, күн шыққан уақыттан бір сағат өткізіп шалынады.

Бір күнді айт күні деп есептеп, адамдар сол күні айт намазын оқыса және құрбандық шалса, сосын оның арапа күні екені анықталса, оқыған намазы және шалған құрбандығы дұрыс болады. Ал құрбан айт күнінің келмегенін біле тұра шалған құрбандығы жәй садақа болып қалады. Қазақ дәстүріндегі шектік рәсімі осыған тура келеді.

Құрбандықты күндіз де, түнде де шалуға болады. Дегенмен түнде құрбан шалу мәкруһ делінген. Құрбандықты айттың бірінші күні шалған – абзал.

Құрбандыққа атаған малым жоғалды, не істеймін?

Арнайы құрбан үшін атаған малы өліп қалса немесе жоғалып кетсе, мал иесінің жағдайына қараймыз: мал иесінің жағдайы төмен болса, әлгінің орнына басқасын шалуына міндетті емес. Ал бақуатты болса, орнына басқа мал шалуы шарт.

Қарызға ақша алып, құрбандық шалуға бола ма?

Шариғатта тұрмысы төмен кісілерге құрбандық шалу міндеттелмейді. Қарызданып-қауғаланып болса да, құрбандық шалсын деген үкім жоқ. Дегенмен сауап үшін қарызға ақша алып оған құрбандық шалатын болсаңыз, оның еш ағаттығы болмайды.

Шек беру дұрыс па?

Еліміздің кейбір аймақтарында қайтыс болған жақындарына арнап Ораза айты мен Құрбан айттан бұрын мал сойып, туған-туыс немесе ауыл қарияларын асқа шақырады. Бұны бізде «шек беру» дейді. Шекте қайтыс болған кісілердің аты аталып, әруақтарына құран бағышталады. Өлген кісіге сауап болсын деген мақсатпен мархұмның атынан мал сойып, құрбан шалу шариғатта да бар. Шек беріп, сауабын өлген кісіге бағыштау шариғи бұйрық болмағанымен, шариғатқа қайшы емес. Дегенмен қазіргі кезде құрбан айттан бір күн бұрын шек беріп, айт күні құрбан шалмайтындар бар. Ал шариғи тұрғыда қарағанда, бақуатты мұсылман адамға құрбан айт күндері мал сойып, құрбан шалуы міндет. Үкімі – уәжіп. Енді, сойылған мал «уәжіп құрбандық» болып есептелу үшін Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде (құрбан айт басталған уақыт пен айттың үшінші күнгі ақшам намазы аралығында) шалынуы керек. Одан бір күн бұрын шалынған мал – құрбан айтта шалынуы тиіс құрбандыққа емес, нәпіл құрбандыққа есептеледі.  Арапада шек беру мақсатында мал сойған кісі тұрмысы төмен болса, Құрбан айт келгенде қайта құрбан шалуының қажеті жоқ. Ал, бақуатты кісі айт күнінде қайта «уәжіп құрбан» шалуы тиіс, оның арапа күні шек беру мақсатында сойған малы нәпіл құрбаны санатына кіреді.

Марқұмға шек берген дұрыс па, әлде құрбан шалған дұрыс па?

Құрбан айт күні айт намазынан кейін екі қошқар соятын. Бірін – иман келтірген мүмінмұсылмандардың өлі-тірісінің атынан шалса, екіншісін – өзі және отбасының атынан шалатын болған. Біріншісін шаларда: «Аллаһым, мына құрбандық – сенің бірлігіңе және менің пайғамбарлығыма күәлік еткен

барлық үмбетімнің атынан» - дейтін де, екіншісін шаларда: «Аллаһым, мына құрбандық – Мұхамметтің атынан және Мұхамметтің отбасының атынан» -

деп, айтатын. Ол екі құрбандықтың етінен міскіндерді тамақтандырып, сол еттен өзі де отбасымен бірге жейтін. Шек беруді марқұмның атынан құрбан шалу деп түсінсек, ол әрекетті Құрбан айт күні айт намазынан кейін де жасауға болады. Айт намазы оқылып бола салысымен, Алла изалығы үшін марқұмның атынан «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» деп бауыздап, одан кейін жергілікті әдетке сай көрші-қолаңға тамақ беріп, осылайша «шек беру» дәстүрін Құрбан айт күні атқарса да қате емес.

Жесір әйелге құрбан шалуға болмайды деген рас па?  

Егер әйел кісі бақуатты болса, құрбан шалуы – уәжіп. Бақуатты болмаса, құрбан шалуға міндетті емес, дегенмен сауап үшін құрбан шалуына да болады, етін таратпай өзіне қалдыруына құқылы. Ерінің қайтыс болуы құрбан шалуына кедергі емес. Әрбірден соң, мүмкіндігі болса, қайтыс болған ерінің атына арнап бөлек құрбан шалып, сауабын марқұм жарының рухына бағыштап жібергені де дұрыс. Бірақ міндет емес.

Құлағына ен салынған мал құрбандыққа жарамды ма?

Малды құрбандыққа жарамды деуіміз үшін кейбір кемшіліктен ада болуы шарт. Сол кемшіліктерге - малдың құлағы мен құйрығының кесілгендігі жатады. Құлағы мен құйрығының жартысынан астамы кесілген болса, ол мал құрбандыққа жарамсыз, ал жартысынан аз кесілген болса, құрбандық ретінде шалуға рұқсат. Ендеше, ен салынған малдың құлағының жартысынан көбі аман болса, ол мал құрбандыққа жарамды.

Құрбанымды өзге біреуге шалдыруға бола ма?

Құрбандық шалуы уәжіп кісі басқа бір адамды тікелей болмаса, телефон немесе хат жолдау арқылы өзінің орнына өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай алады. Сондықтан туыстарыңыздың біріне айтып, құрбан малын бауыздата аласыз. Және ол құрбандықты сіз шалған болып есептелесіз.

Құрбанға шалынған малдың терісін сатуға бола ма?

Құрбанға шалынған малдың терісін садақа етіп берген абзал. Өңдеп үй қажеттілігіне де қолданса болады. Түскен ақшаны садақа ету мақсатында теріні сатуына болады. Қасапшыға да қасапшылығының ақысы ретінде теріні беру мәкруһ.

Қыз балаға құрбан шалуға болмайды дейді, сол рас па?

Әйел кісіге өз қолымен құрбанын шалуына да, сондай-ақ, өзгеге шалдыртқанда қасында қарап тұруына да болады, мұның ешбір ағаттығы жоқ.

Құрбандық малын сатып аларда саудаласу күнә ма?

Сатушымен саудаласуыңыздың шариғат бойынша ешбір ағаттығы жоқ. Маңыздысы – меңшігіңізге өткен, құрбандыққа жарамды малды сою. Құрбан айт кезінде мал бағасы шамадан тыс шарықтап кететіндіктен, сатушымен саудаласуға немесе арзандау жер іздеуге құқылысыз.

Құрбанның орнына садақа берсем бола ма?

Құрбан шалудың шарты – малды бауыздап, қан ағызу. Бұл дегеніміз – құрбандық болып есептелуі үшін міндетті түрде айт күндері мал сойылу керек. Малдың орнына оның ақшасын садақа етіп тарату арқылы міндетінен құтыла алмайды. Бұл пәтуа құрбан шалуға міндетті болған бақуатты кісілерге арналған. Ал сауап алғысы келген тұрмысы нашар кісінің – өз ықтиярында, дегенмен, жылына бір рет келетін Құрбан айт мейрамында садақа етіп бергеннен гөрі құрбандық шалғаны абзал. Өйткені құрбандыққа шалынған малдың әрбір қылшығы үшін сауап жазылатындығы хадистерде айтылған. Өзіңіздің орныңызға басқа бір адамды өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай аласыз. Және ол құрбандықты сіз шалған болып есептелесіз.

Құрбандыққа қандай мал жарамды?

Тек қой, ешкі, сиыр және түйе малдары ғана құрбандыққа жарамды. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алтыжеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға рұқсат. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалған абзал. Тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды. Хадисте айтылған құрбандыққа жарамайтын малдардағы кемшіліктерге қиас (салыстыру) жолымен басқа да кемшіліктерді қосқан. Ол:

1-Бір көзі соқыр

2-Сойылатын жерге жете алмайтын дәрежеде әлсіз

3-Құлағы немесе құйрығы тумадан жоқ немесе басым бөлігі кесілген

4-Тістерінің көбі түсіп қалған

5-Емшектерінің басы жұлынып қалған

6-Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған.

Құрбан шалуы уәжіп болған кісінің құрбандық малында аталмыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан кейін пайда болса немесе алған малы өліп қалса, қайтадан құрбандыққа жарайтын мал сатып алып шалуы керек. Ал өзіне құрбан шалу уәжіп болмаса да, сауап үшін шалуды ниет еткен  кедей адамның сатып алған құрбанында бір кемшілік пайда болса, сол малды шала береді. Тіпті ол, бойында кемшілігі бар малды сатып алып, құрбан ретінде шалуына болады. Өйткені, кедей адамның шалған құрбандығы – нәпіл құрбан. Нәпіл ғибадатта кешірім бар.

Тарттырылған мал құрбандыққа жарамды ма?

Тарттырылған (піштірілген) мал - құрбандыққа жарамды.

Малдың қай ағзасы желінбейді?

Еті адал малдардың мына ағзалары желінбейді: аққан қаны, аталық-аналық мүшелері, дорба бездері, қуығы, өті.

Құрбандықты уақытында шала алмаса, не істеу керек?

Құрбандық шалу ниетімен сатып алынған малды уақытысында соя алмаған тұрмысы төмен кісі ол малды тірідей садақа етіп береді. Ал, бай-бақуатты кісі малдың құнын ақшалай кедейкепшікке таратуы тиіс. Осы орайда тұрмыс төмен кісі құрбандық қойды сатып аларда «құрбандыққа шалу» ниетімен сатып алуы керек. Сондай-ақ, құрбандық ниетімен сатып алынған малы өліп қалса, тұрмысы төмен кісі басқа мал сатып алып, оны құрбандыққа шалуына міндетті емес. Бақуатты кісіге – міндет.

Құрбандық етін христиан көршіме берсем бола ма?

Құрбандық етінен өзге дін иелеріне де садақа етіп беруге шариғатымызда рұқсат. Құрбандық етін беру өзгеге жасалған жақсылық болып есептеледі. Демек, оны өзге дін иелеріне берудің ешбір ағаттығы жоқ. Бұл әрекет бір шетінен сауап, екіншіден, өзге діндегілердің Исламға деген жақсы көзқарасы қалыптасуына септігін тигізуі мүмкін. Ендеше, құрбандыққа шалынған малыңыздың етін көршіңіз христианға да берсеңіз, сіз үшін сауап болмақ.

Неге жылқы малы құрбандыққа шалынбайды?

Жылқы малының құрбандыққа шалынбауының басты себебі – Алла тағаланың Құранда айтылған мына бұйрығы:  «Әнъам» сөзі арапшада төрт мал түрін қамтиды. Олар: түйе, сиыр және қой, ешкі. Бұл дегеніміз, аятта бекітілге малдардан өзге, жылқы, тауық, қаз, үйрек т.б. хайуандар - құрбандыққа жарамсыз деген сөз дейді ғалымдар. Жылқы малының құрбандыққа шалынбауының төркіні осында жатыр.

Құрбан айт мерекесі баршамызға құт-береке әкелсін!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде