{metadescription}
ҰБТ тапсырмағандарға арналады

ҰБТ тапсырмағандарға арналады

ҰБТ тапсырмағандарға қандай мүмкіндік бар? Мамандық алу үшін тегін оқуға бола ма? Ол тізім қалай құрылады? Қандай мамандықтар бар? Оқудан кейін қандай мүмкіндікке ие бола алады?

Қыркүйек айынан бастап ҰБТ тапсырмағандар жұмысшы мамандығымен тегін техникалық және кәсіби оқуға жіберіледі.

2017 жылдан бастап техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды ақысыз даярлау тетігі қарастырылған «Еңбек» бағдарламасы бар. Ол 9-11 сынып оқушыларына, оқу орындарына түспегендерге, кәсіптік білімі жоқ адамдарға, жұмыс іздеушілерге және аз қамтылған отбасы мүшелеріне, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың басқа да санаттарына арналған.

Олардың қатарына жетімдер, мүгедектер, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары жатады. Бұл бағдарлама 2021 жылға дейін есептелген.

Оқыту дуальды оқыту элементтерімен күндізгі оқыту формасында өтеді, онда 40% - теория және 60% - практика болады. Дуальды оқытуға білім беру ұйымдары ірі кәсіпорындармен және компаниялармен келісімшарт жасасады. Өз кезегінде, кәсіпорындар Бағдарламаға қатысушыларға жұмыс орындарын ұсынады және оларға тәлімгерлерді бекітеді.

ТжКБ-да (техникалық және кәсіби білім беру) оқу ұзақтығы 3 жылға дейінгі білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімге сәйкес таңдалған мамандық пен біліктілікке байланысты.

Мамандықтар тізімі аймақтық еңбек нарығының қажеттіліктерін талдау және болжау негізінде құрылады.

Қазір ТжКБ-да 171 мамандыққа кадр даярлануда, оның қатарында бар салалар:

  • қызмет көрсету,

  • ауыл шаруашылығы,

  • көлік,

  • құрылыс,

  • жылу-энергетика кешені,

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,

  • базалық индустрия,

  • туризм,

  • сауда,

  • монтаж,

  • пайдалану және жөндеу,

  • байланыс, телекоммуникация.

Техникалық және кәсіптік білім беру базасында білім алушыларға:

  • оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі;

  • бір реттік ыстық тамақпен қамтылады;

  • 21 787 теңге мөлшеріндегі стипендия;

  • жолақымен қамтамасыз етіледі.

ТжКБ-да кадрларды даярлаудың басқалардан басты айырмашылығы:

  • тегін білім беріледі;

  • оқу процесінде кадрларды даярлаудың дуальды моделі қолданылады;

  • оқыту тек жұмыс біліктілігі мен мамандықтарына сәйкес жүзеге асырылады;

  • бағдарламаның барлық қатысушыларына стипендия төленеді;

  • оқуды бітіргендер жұмыспен қамтылады;

  • оқуды аяқтағандар 500 мың теңгеден астам сомаға бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алуға құқылы.  

Оқуын аяқтағандардың тізімі жұмыспен қамту орталықтары мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жіберіледі.

Оқытуды қаржыландыруды білім саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Оқу орындары жергілікті әкімдіктер бекіткен тізімнен анықталады.

Елімізде ТжКБ-да кадрларды даярлау 365 білім беру ұйымында жүзеге асырылады.

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.