{metadescription}
24-30 тамызға арналған астрологиялық болжам

24-30 тамызға арналған астрологиялық болжам

Астрологтар осы аптаға қандай жорамал айтады? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

24-30 тамызға арналған астрологиялық болжам. 

Тоқты күш-қуатын мұқият реттестіреді, Жұмыс әлі де көп, бірақ жағдай барлық жағынан оңтайлы,қолайлы болады. Қаржылық жағдайы жақсарады. Ақша қосымша жерден күтіледі. Осы аптада туысқандардан жақсы жаңалық болуы мүмкін. Бекер күтпеген екенсіз, ол ақталады. Өзіңіздің танымдық деңгейіңізді дамытуға мүмкіндік туады. Кез келген оқудың нәтижесі болады. Білім мен тәжірибенің әлеуетін сезінесіз. Бос уақытыңызды дұрыс пайдалана аласыз. Кездесулер мен қарым-қатынас   
шынымен қызықты адамдармен болады. Сезім мен бауыр басып кету шешім қабылдауда үлкен рөл атқарады. Жеке өмірде ерекшелік болмайды, яғни болжамды. Бұл өзіңізді тыныш және толыққанды сезінуге мұрша береді.

Торпақ өзгелердің пікірін аса сақтықпен қабылдайды. Басқаларға деген сенім азаяды. Бұған себеп жоқ емес. Өткен аптадағы оқиғалар әділетсіз айыптауға, әріптестеріңізден, жұмыс берушіден және іскери серіктестерден сізге қарсы шағым айтуы мүмкін. Жағдайдың тепе-теңдігі тыныш диалогқа негізделген. Өміріңіздің кез-келген саласында сіздің жеке жетістігіңіз келіссөз жүргізу, өз пікіріңізді білдіру қабілетіңізге байланысты болады. Ақшадан аздап тапшылық көресіз. Осы аптада сәтсіз сатып алу, қаржылық шығын шығатын кез болуы мүмкін. Өмірдің тұрмыстық жағы сізге өте қолайлы болады. Үйде және жұмыс орнын тәртіпке келтірудің жақсы кезеңі, қажетсіз заттардан және тіпті қарым-қатынастардан бас тартасыз. Өзіңізге көңіл бөліңіз. Бұл күндері артық салмақтан арылуға, жаман әдеттен арылуға болады. Жасы кіші туыстармен және балалармен қарым-қатынас қолайлы болмақ. Бірлескен сапар сізге қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Егіздер өзіне таңсық істерге көңіл бөледі. Өзгенің ісі шабыт береді. Бұл аптада өз мүмкіндігіңізден ары, шектен шығарлық идеяларға бейім боласыз. Армандап, жоспар құрып, бүгінгі өмірден тыс қиялға берілесіз. Көбісі құжат рәсімдеп, ресми қағаз алумен болады. Мөр мен баспа маңызды болмақ. Нақты мақсат пен қысқа сапарға шығасыз. Беделді адаммен кездесіп, ол сізге маңызды оқиға болады. Жақындармен келіспеушілік орын алады. Баламен, немесе сізге тәуелді адаммен жанжал болуы ықтисмал. Кикілжің, қиын келіссз, жылдам шешім қабылдау. Жеке өмірде қасыңыздағы адамның істерінен мезі боласыз, ол сізге көңіл аудармайды, соған алаңдайсыз.

Шаян шаршап жүрген күйін жеңіп шығады, шешім қабылдайды, жақындарының қолдауына ие болады. Болып жатқан оқиға сізге енді сондай жаман болып көрінбейді. Көп дүниені философиялық тұрғыдан қабылдайсыз. Сөйтіп айналаңыздағы нәрсенің бәрі өзгере бастайды, ол ол өз кезегінде жақсылыққа апарады. Көбісі жұмысына ден қояды. Кәсіби деңгейін көтереді. Кейде білімі жеткіліксіз секілді болып көрінеді. Күйбің тіршілікте жүргендей сезінеі. Дегенмен өзгелер басқаға емес, тек сіздің тәжірибеңізге сүйенеді. Сізді мойындайды, алғыз білдіреді, марапаттайды. Бұрынғы таныстарыңыздан бірге жұмыс істеу туралы ұсыныс түседі. Сіз күш-қуатыңызды дұрыс жұмсауға ұмтыласыз. Өзіңіздің сүйікті істеріңізге де уақыт бөлесіз. Не істесеңіз де, ол жақыныңызға деген қамқорлық болып табылады. Істеген істердің нәтижесі көзге ұрып тұрады. Жеке өмірде күтпеген дүниені аңсайсыз, тұрақтылыққа ұмтыласыз. Кейде ішіңіз пысады.

Арыстан өмірдің ауыртпалығын өзгертуге мәжбүр. Көбісі қолайлы жағдайдан уақытша бас тартады. Кейбіреуіне бұл жоспарланған дене қимылымен, кедергілерді жеңумен, белгілі бір табиғи құбылысты бағындырумен байланысты болады. Саяхаттау, іссапарға бару ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар, мереке, маңызды шараларға қатысу және достарымен жағымды кездесулер күтіледі. Қаржы жағдайы қиынырақ. Көбісі серіктеске, туыстарға тәуелді болады. Бұл күндері шығын көбінесе ескі жоспармен, ұзақ мерзімді міндеттемемен байланысты болмақ. Жұмыста белсенділік төмендейді. Әріптестік қатынас құру, табысты және тәжірибелі одақтастармен біріктіру сіздің мүддеңізге сәйкес келеді. Әйелден түскен ақпарат жеке өмірдегі маңызды шешімге себеп болуы мүмкін. Құпия,  жасырын әрекетті болдырмау қиынырақ.

Бикеш алаңдап, көп нәрсеге күмәнданады. Әрқашан жағдайдың тұрақсыздығынан және оны басқаруға деген сенімнен қорқасыз. Көбісіне бірнеше апта бұрын өмірінде болған оқиғаларын қайталауы мүмкін. Денсаулыққа қатысты мәселе жоққа шығарылмайды, дәрігердің ұсынысын орындаңыз. Отбасының жас мүшесіне қамқорлық жасайсыз. Сізге біреудің қалауы бойынша қосымша міндеттеме жүктеледі. Осы кезеңде  жоспарыңыздан бас тартып, басқа адамдардың мүддесіне сай әрекет етесіз. Танымал адаммен келіссөз үлкен маңызға ие болады. Қашықтық арақашықтық, бөлек тұру, біреудің болмауы да үлкен маңызға ие болады. Жұмыста жағдай қиын болады. Жұмыс кестесі өзгереді. Кадр саясатымен айналысасыз. Әріптестерінің бірімен қарым-қатынас үзіледі. Сіз ресми құжат дайындаумен айналысасыз, жеке мүддеңіз үшін бірдеңелерді заңдастырасыз. Қаржы жағы қолайлы болмақ.

Таразы маңызды адамға қатысты қызығушылық танытпауы керек. Іскерлік және кәсіби қатынастардағы негізгі қағидат - теңдік пен байсалдылық. Жоспарыңызда айтарлықтай өзгеріс болуы мүмкін. Ойға келмеген жерге баруыңыз мүмкін. Алда мүдделі тараптармен қиын келіссөз күтілуде. Cіз шарт қойылады, ол сіздің болашақтағы іс-әрекетіңіздің дамуына байланысты болады. Сонымен бірге, шетелден келген адаммен ынтымақтастықтың тиімді перспективасы ашылады. Жеке пайдаңызға қатысты қысқа сапарлар болуы ықтимал. Көп нәрсені айналаңыздағы адамдардан, оның ішінде туыстардан жасыруға мәжбүр боласыз. Бұл көбінесе сіздің қаржылық мүддеңізге байланысты болады. Жеке өміріңізде сенім қасыңыздағы адамның ақылымен және сіздің әр әрекетіңізді түсіністікпен қабыдау қабілетіне байланысты болмақ. 

Сарышаян ) мақсатына ұмтыламын деп, өзімен-өзі күресумен болады. Көбіне бұл артық салмақ, диалог жүргізу қабілетіне байланысты кейбір ұсақ-түйек заттар болады. Бірақ ейбіреуі денесіне тату, шаш үлгісі мен шаш түсін түбегейлі өзгеруі түрінде қиындық тудыруы мүмкін. Бұл басқаларға көрсету үшін емес, өзін қанағаттандыруға қажет. Кезекті жеңіске жетуге құлшынады. Ол сізге маңызды болмақ. Басқаларға сіз жай, болмашы нәрсемен айналысатын болып көрінетін шығарсыз ... Бірақ сізге өзіңіздің маңыздылығыңызды және осы әлемдегі өз орнын түсінуге әкелетін көрінбейтін дүние маңызды болмақ. Өмірдің кәсіби жағы, егер ол қаржы жағынан тұрақты болса ғана құнды болады. Әйтпесе, жаңа қолайлы жағдайды іздеу қиын болмайды. Сізді саяхат туралы, тұратын жеріңізді өзгерту туралы мәселе мазалайды. Бұл романтикалық көзқарас сезімді шығармашылық тұрғыдан білдіруге итермелейді. Сіз міндетті түрде ғашық боласыз. О, қашанға дейін?

Мерген өзінің ішкі ойларын басқаларға сездірмеуі тиіс. Әйтпесе ол сізге қарсы қару болады. Бұл өз денсаулығыңызға қамқорлық жасап, өз ұстанымыңызды нығайтуға жемісті жұмыс жасау кезеңі. Егер өзіңізді ұнатсаңыз, сәттілік әрқашан сіздің уысыңызда болады. Жұмыста жаңа жағдайға үйренуіңіз керек. Мүмкін ортаңызда жаңа қызметкер, әріптестер пайда болады. Көпшілікке қоршаған орта, жұмыс шарты мен жұмыс кестесі өзгереді. Сіз жиі кеңес алу үшін сенімді досыңызға жүгінесіз. Мүлікке және туысыңызбен қарым-қатынасқа қатысты маңызды шешім қабылдауға тура келеді. Осы кезеңде сіз белгілі бір құжаттарды зерделеп, ұзақ тарихы туралы егжей-тегжейлі зерттеп білуіңіз керек, бұл жақын адамдарыңыздың арасында талқылауға себеп болады. Ақша аспектісі сол қалпы, өзгеріссіз. Серіктесіңіздің қаржылық қабілетіне сенім артыңыз. Сезім ақылға бағынады. Жағдайды толық бақылаудасыз.

Тауешкі жоспарларынан бас тартуға асықпайды. Дұрыс көзқарасыңызды дәлелдеуге асықпаңыз, көбіне байыппен, аспай-саспай, өз тартымдылығыңыздың арқасында басқаларға әсер етесіз. Апта сіздің материалдық жағдайыңызды жақсартудың көптеген нұсқасын  ұсынады. Ірі затты немесе мүлікті сатып алу-сату мәселесі жақсы шешілуі мүмкін. Бірақ ол тек сіздің жеке белсенділігіңіздің арқасында жүзеге асырылады. Бұл апта жинақтау, көбейту кезеңі. Ол материалдық тұрғыдан болсын деп тілеңіз. Бірақ жұлдыздар жинақтау теріске ауытқуы мүмкін екенін ескертеді. Мысалы, артық салмақ, шаршау, қажет емес заттар, жаман әдеттер. Бұрын сізді азап шектірген белгілі бір адам қайта пайда болады. Өз  мүддеңізді қорғауыңыз керек. Егер сапарға шығуға мүмкіндік туса, кішігірім қиындыққа тап боласыз. Кәсіби тұрғыдан апта тыныштықты, күнделікті, іс-әрекеттің алдын-ала болжамдалуын қолдайды. Бір нәрсені өзгертуге тырыспаңыз.

Суқұйғыш ) иллюзиясыз және ешкімге сенбейді. Сіздің басқалардың әрекетін интуитивті түрде тану қабілетіңіз сізге мүдделі тараптардың ықпалына берілмеуге көмектеседі. Тек өз күшіңізге сүйене отырып, жеке мүддеңізге негізделген мінез-құлықты құрасыз. Ақша тапшылығы сезіледі. Осы кезеңде сіздің шығындарыңыз көбірек болмақ. Бірақ сонымен бірге жағдайды алдын-ала болжай білесіз. Одақтастардың әрекетінің арқасында меншікке бағдарлаудың өте маңызды мәселесі шешілуі мүмкін. Ресми құжат алуға және оны өңдеуге көп уақыт жұмсауға тура келеді. Алайда белгілі бір мақсатпен қысқа сапар күтіледі. Сізге бұрыннан сенім артқан досыңыз қолдау көрсетеді. Бұл жеке қарым-қатынастың беріктігін, сіздің сезімдеріңіз бен құндылықтарыңызды сынау кезеңі. Жалған сөзен және адастырудан сақ болыңыз. Сізді алдап, адастыруы мүмкін. Сізден жасы кіші адамдар қауіпті.

Балықтар отбасы, салт-дәстүр мен туыстардың өмір салты туралы маңызды мәселені шешуге қызығушылық танытады. Келіссөздер кезінде қиындық туындауы мүмкін. Мүдделі адамдардың өте тар шеңберлерінде ортақ келісімге келу қиын болмақ. Басқалар сіздің сценарийіңізге сәйкес әрекет етпейді. Асығыстық танытып, ашуланып, жағдайды басқара алмай өзіңізге ие бола алмай қалуыңыз мүмкін. Бұл іс-әрекеттегі және әсіресе артыө сөзден жаман нәрсеге ұрынуыңыз мүмкін. Мұның бәрі сіздің айналаңызға үлкен өзгеріс әкеледі. Жанжал, кикілжің, көз жасы, тиісу орын алуы мүмкін. Жақын досыңыздың мінез-құлқына байланысты бұрыннан келе жатқан құпия ашылады. Осы кезеңде барлық құпия ашылады. Күтпеген нәрсені бастан кешіруіңіз мүмкін. Жұмыста тосын сый болмайды. Бәрі тұрақты. Әріптеске көмек қажет болады. Сіз оған дайынсыз. Дос немесе туыстардың өтінішімен сапарға шығуыңыз мүмкін. Олардың біреуін шығарып салуға, ертіп жүруге мәжбүр боласыз.

Александр Ремпельдің  жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі парақшасынан оқуға болады.  

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын салттар

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде