{metadescription}
Пәтер жалдағанда алданып қалма

Пәтер жалдағанда алданып қалма

Пәтер жалдағанда екінің бірі алаяқтыққа тап болатыны өтірік емес. Жалға берушінің алаяқ екенін қалай ажыратуға болады? «Жақсы адамға арзан бағаға жалға беремін», «тұрақты мекенжайын тіркеуге көмектесемін», «заттары бар бір бөлме жабық тұрады», «иесі шетелде», «төлем аударым арқылы» дегендерге аса сақтықпен қарап,

төменде жазылған ұсыныстарды ескеріңіз.

 Ұсыныстарды сүзгіден өткізіңіз

Жалдау құны нарықтық бағадан 30-50 пайызға төмен, сонымен қатар: «жақсы адамға арзан бағаға жалға беремін», «тұрақты мекенжайын тіркеуге көмектесемін», «заттары бар бір бөлме жабық тұрады», «иесі шетелде», «төлем аударым арқылы» дегендерге аса сақтықпен қараңыз. ». Бұл алаяқтықтың дәлелі болмаса да, үйдің қожайыны мен пәтерді мұқият тексеруіңіз қажет.

 

Жалға алу құнын арзанға ұсынып отырғанын түсіну үшін хабарламаның төменгі жағына назар аударыңыз. Ол жерде таңдалып алынған жылжымайтын мүліктің бағасына ұқсас сол қаладағы, сол аудандағы үйлер көрсетіледі.  

 

Алдын ала ақша төлемеңіз

 

Ешқандай жағдайда пәтерді көрсетпес бұрын немесе келісім-шарт жасамас бұрын ақша бермеңіз. Алдаудың кең таралған схемасы: пәтер таптыңыз дейік, бірақ тап сол пәтердің жалға беріліп кеткенін, бірақ одан еш кем түспейтін басқа нұсқасы бар екенін айтады. Пәтер өтіп кетпеу үшін жедел түрде кепілақы төлеуді сұрайды. Әрине, қағазбастылықсыз. Немесе: алдын ала кепілақы бірнеше жалға алушыдан алынады. Біреуі кешке сол пәтерге көшіп келсе, екіншісі таңертең келеді. Мұндайда тұру ақысы төленгенін дәлелдеу қиын болады.

 

  • пәтерді көрсетпес бұрын немесе келісім-шарт жасамас бұрын ақша бермеу;
  • құжаттағы мәліметті мұқият салыстырып тексеру;
  • келісім-шартты нотариалды куәландыру.
  • құжаттарды мұқият тексеру

Жылжымайтын мүлік құжатының түпнұсқасын сұраңыз (сату-сатып алу шарты, айырбастау, сыйға тарту, жекешелендіру немесе мұрагерлік куәлігі) және жеке басын растайтын құжат. Мұқият тексеріңіз.

Шартқа отыру

Құжатта:

- шарттың жасалған күні, орны және мүліктің нақты мекенжайы;

- толық аты-жөні, туған жылы, жеке куәліктің деректемесі, иесі мен жалға алушының тұрақты тұратын жері;

- құқық белгілеуші құжаттың деректері (нөмірі, меншік құқығын тіркеу күні);

- тараптардың құқықтары мен міндеттері:

- келісімшарт мерзімі;

- теңгемен жалдау мөлшері және төлем тәртібі;

- төлемді кейінге қалдыру шарты;

- шартты бұзу және жалдаушыны шығарып тастау тәртібі. Азаматтық кодекске сәйкес, (545-бап) үш ай бұрын көшіру туралы ескертуі тиіс;

- жылжымайтын мүлікке келтірілген залалды өтеу тәртібі. Пәтер иесі шығынның орнын толтыруды сұрай алады. Сомаға бір айлық жалдау кіреді және соңғы айда төлем жасауға кетеді;

- қол қою.

«Тараптардың құқықтары мен міндеттері» тармағында:

• шартты орындамағаны немесе бұзғаны үшін материалдық жауапкершілік;

• үй иесі жалға алушыны көшіру немесе төлемнің өсуі туралы хабарлауға келісетін уақыт (әдетте 30 күн);

• пәтер жағдайын тексер үшін үй иесінің пәтерге келу жиілігі, күні және уақыты;

• жалға алушымен бірге тұратын адам саны (аты-жөні, ЖСН көрсетілген отбасы мүшелері);

• үй жануарларын ұстауға рұқсат / тыйым;

• коммуналдық төлем төлеуге жауапкершілік. Төленбеген түбіртектерді тексеріңіз.

Шартқа мүлікті түгендеу актісін қосу.

Есептегіш құралдарының көрсеткішін енгізіңіз.

Келісімшартты нотариалды куәландыру.

Мүлікті түгендеу (қай мөлшерде және қандай жағдайда екенін) актісін келісімге тіркеңіз:. Суретке түсіріп алыңыз. Есептегіштердің көрсеткіштерін де енгізіңіз. Келісімшартты нотариуста куәландырыңыз.

Төлемдерді бекіту

Үй иесінен ақша алғаны қолхат алыңыз. Онда мынау көрсетілуі тиіс: теңгедегі сома (цифрмен және әріппен), аты-жөні, екі жақтың ЖСН, төлем жүргізілетін кезең.

 

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде