{metadescription}
КТК көрерменнің көкірегін қарс айырады

КТК көрерменнің көкірегін қарс айырады

Небәрі үш аптада 11 миллион көрермен жиған телехикая. Әр сериясының қайталануы теледидар алдына 5 миллион адам тартқан. Сөйтіп, эфир көрсеткішін рекордық деңгейге жеткізген. Тап мұндай рекорд небәрі екі-ақ сериалда болған екен. Көрерменнің көкірегін қарс айырған хикая – «Кектен туған махаббат» енді КТК арнасында!

«Кектен туған махаббат» телехикаясы түрік жұртының жүрегін бірден баурап алды. Жүрегін сыздатты, жүрегін ұшырды, жүрегін лүпілдетті, жүрегін елжіретті, жетесіне жеткізіп, жүйкесін босатты. Бір сөзбен айтқанда, көрермен «Кектен туған махаббаттың» жыртысын жыртты.

«Кектен туған махаббат» есімі көпшілікке белгісіз актерлерді жарқыратып жұлдыз етіп шығарды. Бас кейіпкерлер Акын Акынозю (Миран) мен Эбру Шахин (Рейян) – екеуі де бала кезінен актерлікке құштарлығы мүлдем болмаған. Акын математикаға әуес болса, Эбру спортқа жақын болған. Екеуінің де қоржынында тек 2-3 телехикая. Тек «Кектен туған махаббат» екі жастың жұлдызын оңынан тудырды. Жалпы, бұл сериалға түскен бірқатар актерлердің айы оңынан туғаны соншалық, беделді журналдар сұхбат алуға асығып, әлеуметтік желілерде актерлерді бүге-шігесіне дейін талқылады.  

«Кектен туған махаббат» телехикаясы не жайлы? 

Жақсылыққа кәміл сенген қыздың ит қорлық көруі. Кең сарайдай үйде жүріп көзге күйік болған, көзге шыққан сүйелдей болған, көздің жауын алатын, көзі жаудыраған қыздың көз жасы көлдей болды. Кеден неден болды, кедергі неден болды? Кектен....

Таңданбасқа болмайды, бұл сериал 1996 жылғы Сюмейе Коч есімді жазушы қыздың бестселлерінің желісімен түсірілген. Түркияда бірнеше ірі телекомпания  танымал романды түсіру құқығы үшін күрескен.

Бестселлер айна-қатесіз экранизацияланды десеңіз, қателесесіз. Сериал нені өзгертті:

  • көк көз жігітті қой көзге айналдырды,
  • бойжеткенді әпкесінің жігітіне ғашық етті,  
  •  туған әпкесін күндесіндей жек көргізді,  
  •  үйлену тойына дейін қалыңдықты жігітіне ғашық етті,  
  • інісін сіңліге айналдырып, ұлды қызға айналдырды,  
  • әкесін мейірімді етіп, атасын қатыгез қылды,  
  • қызға әкесінің асырап алғанын білдіргізбеді,  
  • әкесінің өктем ағасын әжесіне айналдырды,
  • туыс қарындасын ағасына үйлендірді,  
  • жоқ қарындасын ойлап шығарды.

Ең қызығы, романда бірнеше жыл қас жауының қызын сыртынан бақылап, аңдып жүруі тиіс жігіт бірінші сериясында-ақ қызды кездейсоқ кездестіреді.

Романда жастардың махаббаты баянды аяқталады. Ал сериалда қалай аяқталары... белгісіз.

Көрермен жүрегін жаулап алған «Кектен туған махаббат» сериалын енді қазақша тамашалауға мүмкіндік туып отыр. КТК телеарнасы мәшһүр сериалдың қазақша нұсқасын 7-қыркүйектен бастап сағат 18:00-де ұсынып отыр.

Айтпақшы, телехикаяны түсірушілер тәуекелге бел буып, оның жалғасын бастап кетті. Көзі қарақты көрермендерге қандай тосын сый әкелетіні әзірге белгісіз. Бірақ, қызық болары сөзсіз.

Ендеше, абырой мен арсыздық таразыға түскен атышулы «Кектен туған махаббат» хикаясын КТК арнасынан 7-қыркүйектен бастап тамашалауға шақырамыз. Қарайық, көрейік, тамашалайық. Әр оқиғасынан өмірімізді, әр кейіпкерінен өзімізді таниық. Сүзгіден өткізейік. Пайымдайық. КТК арнасында сағат 18-де – «Кектен туған махаббат», қарсы алыңыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.