{metadescription}
Тұмаудың алдын алу

Тұмаудың алдын алу

Қазақстаннның климаттық белдеуде күз-қыс айларының келуіне байланысты өткір жұқпалы аурулардың өршитіні белгілі. Тұмау эпидемиясының өз заңдылығы коронавирусқа бір табан жақын. Адам бір мезгілде тұмаумен де, коронавируспен де ауыруы мүмкін. Ал тұмаудан өзімізді қалай сақтандыра аламыз? Тұмауға қарсы вакцинаның бағасы қанша және оны тегін  қай жерде алуға болады? 

Елімізде жыл сайын 500 мыңнан 1 миллионға дейін ЖРВИ тікеледі. 64 пайызынан жоғарысын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, яғни әрбір ауырған үш адамның екеуі – бала. ЖРВИ мен тұмаудың эпид-маусымы қазан айынан мамырға дейін жалғасады.

Маусымдық аурудан қорғанудың ең сенімді әдісі – тұмауға қарсы екпе салдыру. Екпені уақытында алудың маңызы зор.Вакцина жасасаңыз, бойыңызда вирусқа қарсы антиденелер пайда болады.

Жұқпаға қарсы екпелер елді мекендердегі тұрғылықты жеріне жақында орналасқан медициналық мекемелерде (емханаларда) жасалады.

Өз қаржысы есебінен екпе аламын дегендерге ақылы түрде ұйымдастырылады. Вакцинаны дайындаған еліне байланысты екпе бағасында айырмашылық болады. Ресейлік әрі Франция вакциналары бар. «СҚ-Фармация» мәліметінше, олардың бағасы 2200 теңгеден 4500 теңге аралығында. Ресейдегі тұмау штамдары Қазақстанда тараған штаммен ұқсас. Себебі екі ел де бір климаттық белдеуде орналасқан.

Елімізде тұмауға қарсы 2 млн 199 мың 990 вакцина сатып алынды.

Тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйектен бастап жасалады. Ол үшін алғашқы медициналық –санитарлық көмек ұйымдарында 5 мыңнан астам пункті ұйымдастырылды. Алматы, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында вакцина егу биылғы 10 қыркүйекте басталды.

Вакцинада Н1N1, Н3N2 және В тұмау штамдарының антигендері бар. Бұл өз кезегінде халықтың 10 пайыздан астамын қамтуға мүмкіндік береді.

Тұмауға қарсы екпе жасау тәртібі:

  • ЖРВИ-на шалдығу қаупі жоғары топ бар. Бірінші кезекте халықтың әлсіз тобына вакцина салынады. Олар:
  • созылмалы дерті бар жиі ауыратын 18 жасқа дейінгі балалар;
  • жүкті әйелдер (2-3 триместрде);
  • 60-тан асқан қарт адамдар;
  • жабық типтегі мекемелердегі адамдар (балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер, медициналық қызметкерлер).

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы мен өңірлік тиісті департаменттер жыл сайын вакциналау алдында дайындық жұмыстарын жүргізеді. Олар адамдарды емханаға шақыртады.

Емханаға барған кезде пациентті учаскелік дәрігер қарап шығады. Осы орайда денсаулық жағдайына тұрғынның шағымдары сұралып, дене қызуы өлшенеді. Егер дансаулығы қалыпты деңгейде болса, онда пациент тұмауға қарсы екпе салдыруға жіберіледі.

Вакцина қойылғаннан кейін, пациент жарты сағат бойы емханада бақылауда болады. Учаскелік қызмет екі күннің барысында бейне байланыс бойынша адамның жағдайын бақылайды.

 Вирусолог, медицина ғылымдарының докторы, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі Анатолий Альштейннің айтуынша, егер тұмау қосылмаса, коронавирус инфекциясының екінші толқыны оңай болады.

«Менің ойымша, егер коронавирус инфекциясы мен тұмау екеуі қатар  қабаттаспаса, оңайырақ болады. Тұмау эпидемиясының өз заңдылығы бар. Адам бір мезгілде тұмаумен де, коронавируспен де ауыруы мүмкін. Ал тұмау биыл өршуі мүмкін деп алдын ала болжау мүмкін емес», - дейді вирусолог.

Вирустардың барлығы негізінен ауа-тамшы жолдары арқылы таралады.

Тұмаудың алдын алу шаралары:

  • жеке гигиена сақтау;
  • салауатты өмір салтын ұстану;
  • дұрыс тамақтану.

Көшеде, қоғамдық көліктерде және басқа жерлерде бетперде тағып, оны 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру.

Бөлмені жиі желдетіп, ауаны ылғалдандыру.

Таза ауада серуендеу.

 Мұрынды және ауыз қуысын тұзды ерітіндімен шаю.

 Су, тәтті емес шырындар мен шайды көбірек ішу.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде