14-20 қыркүйекке арналған астрологиялық болжам
Астрологтар осы аптаға қандай жорамал айтады? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Автор: Александр Ремпель
14-20 қыркүйекке арналған астрологиялық болжам.
Тоқты қысқа мерзімді сипаттағы өзара тиімді негізде кейбір істердің, бастамалардың, ынтымақтастықтың бастамашысы болады. Және бұл әрекеттер әрқашан бірдеңе жасауға, құруға бағытталатын болады. Сіз жалпы идеямен біріктірілген шығармашылық адамдар тобы үшін жаңа іс-әрекеттің ұйымдастырушысы боласыз. Қазіргі жоспарларыңыздың шеңберінде сапарға шығуға болады. Сонымен бірге алыстан келген қонақпен қуанышты кездесуі де жоқ емес. Алда жағымды мереке, өткенде ортақ біріктіруші күш болған қатынас болады. Осы кезеңде достар өміріңізге үлкен өзгеріс енгізеді. Кездесу, келіссөздер және қызығушылық танытатын қауым ойын-сауықтың негізіне айналады. Көбісінің кәсіби жұмысы үлкен белсенділікпен, өз қолымен бір нәрсе жасау қажеттілігімен, шығармашылық бағыттағы бағдарламаларға қатысумен тығыз байланысты болады. Ірі сатып алушылық мүмкін, қаражаттың айтарлықтай шығыны күтіледі.
Торпақ мақсатына жетуді қаржылық және материалдық тәртіптің жеке деңгейімен байланыстырады. Егер өзіңізді ауқатты адам санасаңыз, өзіңізге сенімді боласыз. Сонымен бірге көпшілікке тартымды, сүйкімді көрініп, басқаларға ұнай білу қабілеті ерекше маңызға ие болады. Өз имиджіңізбен өте байыпты жұмыс істейтін боласыз. Сыртқы түрдің өзгеруі – шаш үлгісін, түсін өзгертуіңіз мүмкін. Белгілі бір табысты адамға еліктеу идеясы пайда болады. Осы кезеңде сізге билік, танымал адамдар, олардың әрекеттері мен өмір салты үлкен әсер етеді. Өмір сүру және жұмыс жағдайы өзгеруі мүмкін. Үй-жайдың кейбір жүйесі, жөндеу, қалпына келтіру, техникалық жабдықтауды жақсарту орын алады. Жақында сізді қызықтырған адаммен табысасыз. Құпия кездесулер, жасырын хат-хабарлар, бірлескен демалыс жүзеге асырылуы мүмкін. Өмірдің қаржылық жағы ұтымдылықты қажет етеді.
Егіздер үйге, барынша жайлылыққа қол жеткізуге болатын жерге жақын болыңыз. Балалармен және кіші отбасы мүшелерімен қатынас күшейтіледі. Көбісі балалық шақтағы естеліктерін немесе арманындағы саяхатын іске асырады. Маңызды өзгерістер болуы мүмкін. Ол көбінесе кәсіби идеямен байланысты болады. Бұл жаңа іс-әрекеттерді бастауға жақсы кезең, пікірлес адамдармен, жаңа серіктермен біріктіруге байланысты барлық бастама үшін. Әдетте жалпыға қол жетімді емес жұмыс саласында үлкен, елеулі жетістік болуы мүмкін. Ірі кездесулерге байланысты кейбір іс-шараларға қатысу, аудитория алдында сөйлеуіңіз мүмкін. Осы аптада көбісіне кездесу өте маңызды болады. Жақсы одақ құруы мүмкін. Кейбіреулер жеке өмірінде күрт өзгеріске ұшырайды. Бұл құпия айқын болатын кезең, ал өткен уақыт қызықсыз. Қаржы жағы әрқашан жеке күш-жігермен байланысты болады.
Шаян күнделікті өмірге қатысты күйбің ұсақ-түйектерге, ұйымдастырушылық мәселелерге белшесінен батады. Көбіне жөндеу жұмыстары, сирек кәсіп иелерімен ынтымақтастық өзекті болады. Өзара тиімді негізде серіктестік келісім-шарттарын жасау да жоққа шығарылмайды. Жаңарту осы кезеңдегі өмір салтыңыздың белгісі болады. Әрдайым кәсіби және шығармашылық құзырыңызды жұмысыңызда және тіпті сізге тән емес кезде бастамашылық таныту арқылы дәлелдейтін боласыз. Басқалардың сізге деген сенімі артады. Мүдделі серіктестерді баурап аласыз. Мақтауды аямайсыз, шығын да көп. Өзіңізді өзгертуге деген ұмтылыстарыңызбен бірге өмірдің сыртқы келбеті де өзгереді. Көбісінің имиджі өзгереді, даралық дәрежесі, басқалармен ұқсастығы болмайды. Материалдық аспект қиынырақ. Бірақ жылжымайтын мүлік бойынша пайдалы келісімшарт болуы мүмкін. Алда көптеген қысқа сапар күтіп тұр. Жеке өміріңізде серіктесіңіздің тәртібі сізге айтарлықтай ықпал етеді.
Арыстан басқа адамдардың кеңесін, пікірін тыңдайды. Дұрыс қорытынды жасай аласыз, бірақ кез-келген жағдайда тәуелсіз болып қаласыз. Бұл қарым-қатынасты үзуге және тоқтатуға тырысатын адамдармен қиын, жиі түсініксіз қарым-қатынас кезеңі. Көбіне бұрыннан келе жатқан міндеттеме мен кәсіби жұмыс біріктіреді. Таныс емес серіктестерден ынтымақтастық туралы жаңа ұсыныстары болуы мүмкін. Кейбір достарыңыз сіздің кәсіби көмегіңізге мұқтаж болады. Сенімді досыңызбен сапарға шығуыңыз мүмкін. Өзіңізді бейтаныс ортада, жаңа жерлерде, алғаш рет көрген адамдармен кездесесіз. Туыстармен қарым-қатынаста белгілі бір салқындық сезіледі. Өзара реніш шынайы туыстық сезімін бере алмайды. Әлдебіреу өзімшіл, пайдақұмарлығымен ренжітеді. Бұл мәселені жақын доспен талқылау туралы ой болуы мүмкін. Дене белсенділігі артады. Жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Алыстан келген жаңалық сізді алыстан таңдандырып, қуантады.
Бикеш жақындарын шамадан тыс сөгіп, тиісіп, мазасын алады. Бұл сіздің ішкі тепе-теңдік үшін, моральдық тепе-теңдікті сақтау үшін қиын кезең. Өз пікіріңізді білдіруге деген ниет керемт болмақ. Өзгелерді бағалауда эпитеттерге сараң болмайсыз. Әсіресе сізге қарсы достарыңыз бен туыстарыңыздан оны аямайсыз. Бір апта сізден көп күш-қуат қажет етеді. Көп жұмыс күтілуде. Әріптестеріңізге, біреуге көмектесу немесе басқа адамдардың міндетін орындау қажет болуы мүмкін. Бірақ бұл сонымен қатар материалдық өсу аптасы. Ақша күтпеген жерден келуі мүмкін. Туындаған жағдайларға қарамастан, мерекелік асқа қатысу және мерекеге шақыру күтілуде. Өткен күндер ескі заттарды реттеу, қажетті ақпарат іздеу және меншік мәселесіне қатысты құжат рәсімдеу қажеттілігі туралы еске салады.
Таразы бұл аптаны негізінен өткен оқиғаларға бағыттайды. Қарбалас күндер жарқын дүниенің әсерін, мысын басады. Әріптестеріңіз бен іскери серіктестеріңіздің іс-әрекетін өз позицияңызды көрсету, өз қызығушылық шеңберіңізді анықтау мүмкіндігі ретінде қабылдайсыз. Сізден бәрін күтуге болады деп адамдар аздап сескенеді. Мақсаттарыңыз бен міндеттеріңіз көпшілікке тартымды болады, бірақ оған барлығы жете алмайды. Өмірдің сыртқы келбеті сіздің шынайы жағдайыңыз туралы жалған түсінік береді. Айналаңыздағы адамдар сіздің мүмкіндіктеріңіз бен құзыреттіліктеріңізді бағалаған кезде қателесетіні рас. Апта қаржылық тұрғыдан маңызды болуы мүмкін. Өсім, материалдық базаның нығаюы күтілуде. Сіз жақсы ақша таба аласыз. Өткен оқиғаларға, көбінесе құжаттармен байланысты қандай-да бір іске қайта ораласыз. Саяхатқа шығуыңыз мүмкін. Бұрындары ұнатқан адаммен кездесіп, жылы естеліктерге ораласыз. Досыңыздан сыйлық алуыңыз мүмкін.
Сарышаян өзінің күнделікті өмірін шығармашылық іс-әрекетке толтыра отырып, жаңа жоспар жасайды. Бұрынғы бірлескен қызметке байланысты достарыңызбен кездесесіз. Пайдалы негізде кейбір кәсіби қатынасты қалпына келтіруге болады. Сіздің рөліңіз көбінесе ұйымдастырушылық мәселелермен шектеледі. Көптеген адамдарға жаңа идея мен жоспарға қатысты саяхатқа шығу мүмкіндігі туады. Осы аптадағы сатып алулар сізді ерекше қуантады. Ойын-сауық шараларына қатысасыз. Бұл үзілген байланыстарды жаңартуға, бұрыннан бар байланыстарды нығайтуға және кез келген түрдегі бітімгершілікке қолайлы кезең. Жастар сәтті тұжырымдама жасайды. Ересектер маңызды мәмілелер мен қаржылық келісім жасасуда сәттілікке ие болады. Пайдасы мол апта. Сезім жағынан да ұтымды деуге болады.
Мерген жаңа жоспарлар мен идеяларға толы. Жұмысыңызда әріптестеріңізбен қарым-қатынаста жұмыс істеу тәсіліңізді өзгерткіңіз, жақсартқыңыз келеді. Сізді қоршаған ортада белсенді емес әдіс қызықтырады. Барлық жаңа және прогрессивті нәрсе сізге тартымды болады. Еңбек жағдайының өзгеруі күтіледі. Интерьердегі өзгерістер де жоққа шығарылмайды. Әсіресе, сіз көп уақыт өткізетін жерде. Көбісіне дене қимылы көп белсенділікке, қоршаған ортаға байланысты мінез-құлықтағы басымдықтарды өзгерту уақыты келеді. Сезім көбінесе рационалды күйде үстемдік ете алады. Көптеген құмарлық, тәжірибелер, эмоциялардың көрінісі жасырын да, ашық та болады. Жақын арада сіздің қарым-қатынасыңызда жақын адамды кездестіруге болады. Туыстарымен кездесулер, жүрекжарды әңгімелер күтілуде.
Тауешкі өмірінің барлық тұсында, қуыс-қуысында берік орныққан, өткеннің бұғауынан тез арылуды көздеп, болашаққа бағытталады. Белгілі қарым-қатынас жүктелуі мүмкін, олардың мәні сізге маңызды болмай қалды. Өз өмір салтыңызды өзгертесіз, өзіңізді өзгертесіз және оны ашықметуге тырысасыз. Оның нәтижесі - достар мен таныстардың сізге берген бағасы, олар бұл өзгерістерді жасырмай айтады. Өзіңізді және санаңызды жаңа нәрсеге арнау үшін ескілікті жоққа шығарып, болашаққа жетелейтін барлық нәрседен ерекше мән көресіз. Көпшілікке бұл мамандықпен, жұмыспен және шығармашылық қызметпен байланысты болады. Мамандықты өзгертуге дейін құлшыныс болады. Кейбіреуіне бұл көбінесе шетелде жүзеге асырылады. Өміріңіз калейдоскопқа ұқсайды, онда оқиғалар көрінісі өзгеріп отырады. Бейтаныс өмір жолында сізге жаңа белестерді белгілейді. Махаббат кейінге қалдырылады.
Суқұйғыш сезімін өткен өмір туралы, өміріндегі ең жақсы күндер туралы ойлармен байытады. Бұл сізге өмірдің жаңа кезеңіне ынталандыру мен шабыт беріп, керемет жұмыс жасайды. Алдыңғы жоспардағыдай жеке бастаманың әсерінен көп нәрсе өзгереді. Қолдау жақын досыңыздан болады. Қатынастар сенімдірек әрі жылы бола алады. Жоспарланғаннан көптеген тармақтарды қайта қарау қажет. Жоспарды маңызды оқиғаларды қайта қарастыруға тура келеді. Көпшілігінде жөндеу жұмыстары, техникалық құрылғы (автомобиль болуы мүмкін) сатып алу күтілуде. Мүлік мәселесі сізге қазір өте маңызды, өзекті. Алда пікірлестермен бірге сапар күтілуде. Серіктестермен келіссөздер жоспарлы және болжамды болмақ.
Балықтар бөтен адамның сөзіне аса сене бермейді, Өйткені оларды жақсы біледі. Жоспарларында біртқатар өзгерістер орын алады, көбінесе ол ескі идеялардан бас тарту қажеттілігімен байланысты, сіз жақын арада өзіңіздің болашағыңызды болжаған бастапқы кезеңге ораласыз. Енді іс-шаралар пайдасын анық көретіндігіңіз үшін айқындылық ашылады. Өөіңіздің асығыстық жасаған тұстарыңызды, сіз ойлағаннан гөрі басқалай шығуына бола өзіңізді кінәлайсыз немесе айыптайсыз. Бірақ кінә сіздікінен әлдеқайда күшті болатын адамдар барын естен шығармаңыз. Өмірдің кәсіби жағы іс жүзінде өзгермейді. Егер тұрақтылықты күтсеңіз, ол сізде бар. Бірақ амбицияңыз болса, қызығушылық танытқан адамның ынтымақтастық туралы ұсынысын қабылдай аласыз. Бір реттік мүліктің бірлескен іс-әрекеті қазір сізге өте тиімді. Сезімге деген қажеттілікті сезінесіз. Байланысты бірінші орынға қойыңыз. Бірақ сіздің қызығушылықтарыңыз көпшілікке ортақ болмайды. Және бұл жанжал тудыруы мүмкін. Саяхат сәтті болады.
Қиыр Шығыс астрологтар қауымдастығының жетекшісі астролог Александр Ремпель.
Александр Ремпельдің жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.
Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал
2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал
Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?
Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол
Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?