Магниттік дауылдың адам денсаулығына әсері – 23-29 қыркүйек
Астрофизиктер қыркүйектің соңғы он күнінде магнитті дауыл болады деп болжап отыр. Яғни, 23-29 қыркүйекте магниттік дауыл жүреді. Жердің магнитті кеңістігінде негізгі соққыны 25-28 қыркүйекте алады, ал дауылдың шарықтау шегі – 27 қыркүйек. Дауылдың күші G1 құрайды. Бұл табиғи құбылыс біздің денсаулығымызға қаншалықты қауіпті? Анықтап көрейік.
Автор: Заира Сабитова
Табиғи құбылыстың адамдарға қалай әсер ететіні туралы әлі күнге дейін ғылыми нақты пікір жоқ. бірақ медицинада магнит өрісінің адам денсаулығы мен әл-ауқатының белгілі бір ауытқуына әсері барын жоққа шығарылмайды. Магнитті дауыл кезінде адамдардың басы айналып, жүрегі айнып немесе қан қысымы төмендеп кетуі мүмкін.
Магниттік дауыл, атмосфералық қысымның өзгеруі, ауа температурасының өзгеруі адам денсаулығына кері әсер етеді. Кейбір адамдар алда болатын ауа райының өзгеруін сезеді. Өйткені кейбіреуінің денсаулығы нашарлап, буын-буыны қақсап, жүрек соғысы өзгеріп, басы ауырып, нашар ұйықтайды.
ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЫ, ЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Магниттік дауыл кезінде жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратындардың жағдайы – қан қысымы көтеріліп, коронарлық қан айналымы нашарлайды. Магниттік дауылдар адам ағзасында жүрек-тамыр жүйесі ауруларынан (миокард инфаркті, инсульт, гипертониялық криз және т.б.) асқындыруы мүмкін. Магниттік дауылдың басталатын уақытын алдын ала біліп, алдын алған жөн. Адам ағзасын қорғау үшін қолайсыз ауа райы басталғанға дейін денсаулығын әр тәсілмен нығайтуы қажет. Ол тек дәрі-дәрмек ішу емес.
Жүрек-қан тамырлары ауруы барлар:
1) Магниттік дауыл кезінде дененің белсенді қимылын шектеңіз;
2) Дәрі-дәрмек мөлшерін тек дәрігермен кеңесіп арттырыңыз;
3) Валериана, пион, сасықшөп тұнбасын қосыңыз;
4) Нейроциркулярлы дистониямен ауыратындарға диуретиктерді қолдану ұсынылады;
5) Қанның коагуляция әлеуетінің жоғарылауына және тромбоцит қызметінің жоғарылауына байланысты дезагенеренттар (аспирин) қабылдау ұсынылады;
6) Магниттік дауыл кезінде тотығу процестері жылдамдатылатын болғандықтан, мұны антиоксиданттармен (аскорбин қышқылы және т.б.) өтеу керек.
Әрбір нақты жағдайда, дәрігермен жоғарыда келтірілген ұсыныстар туралы міндетті түрде кеңесіңіз!
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ
Магниттік дауыл респираторлық аурумен ауыратындарға да кері әсер етеді. Биоритм магниттік дауылдың әсерінен өзгереді. Кейбір науқастардың жағдайы магниттік дауылдан бұрын, ал басқалары кейін нашарлайды. Мұндай адамдардың магнитті дауылға бейімделуі қиын.
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
Магниттік дауылда психикалық аурумен ауыратын адамдардың жағдайы нашарлайды. Көлік апаты, жарақат алу артады. Орталық және вегетативті жүйке жүйесі геофизикалық құбылыстарға өте сезімтал.
БАСҚА АУРУЛАР
Неғұрлым солтүстікке қарай барған сайын, соғұрлым магниттік өрісінің бұзылуы күшейейіп, адам денсаулығына әсері күшейеді. Күінен бұрын босанып қалу, токсикоз көбейеді, осы кезеңде қатерлі ісік аурулары, көз ауруларының өршуі жоғары.
Денсаулық сақтаудың негізгі ережесі - ағзаның резервтік қабілетін арттыру. Метеорологиялық жағдайға дес бермей, денсаулықты үнемі күту, шынықтыру қажет. Тек дәрі-дәрмектерді ғана емес, дене шынықтырумен айналысып, еңбек, демалыс, тамақтануды дұрыс ұйымдастыру керек.
Қолайсыз геофизикалық және метеорологиялық күндер қарсаңында гипертония мен жүрек ишемиясының өршуінің алдын алу үшін:
1) Магниттік дауыл кезеңінде, көктем-қыс және күз кезеңдерінде валериананы, сасықшөпті (пустырник) және т.б қолданыңыз;
2) Гипоталамустық дисфункциясы (вегето-тамырлық криз) бар адамдарға профилактикалық терапияны күшейту үшін бетаадреноблокаторларды қолданған жөн;
3) Магниттік дауыл кезінде циркулярлық остеохондроз немесе атеросклероз салдарынан мидың айналмалы гипоксиясы мен цереброциркуляторлық жеткіліксіздігінің белгілері бар науқастар церебральды қан айналымын жақсартатын дәрі ішіп, горчичник басып, мойын-арқасын уқалап, жеңіл массаж жасағаны абзал.
4) Жүректің ишемиялық ауруы бар науқастар ұзартылған нитрат қабылдауды арттыруы керек.
Әр жағдайда жоғарыда келтірілген ұсыныстарды міндетті түрде дәрігермен кеңесіп жасаңыз!
ЕСТЕ БОЛСЫН: МАГНИТТІК ДАУЫЛДЫҢ ӘСЕРІН ӨМІРІМІЗДЕН АЛЫП ТАСТАУ МҮМКІН ЕМЕС. БІРАҚ ОНЫҢ САЛДАРЫН АЗАЙТЫП, ДЕНСАУЛЫҚТЫ КҮТІП, ҰЗАҚ ЖЫЛҒА САҚТАП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ.