28-қыркүйек - 4 қазанға арналған астрологиялық болжам
Астрологтардың осы аптаға қандай жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Автор: Александр Ремпель
28-қыркүйек-4 қазанға арналған астрологиялық болжам.
Тоқты ұмытылмас жарқын кезеңге енді. Алда қызықты адамдармен кездесулер, әріптестермен араласу секілді қуанышты сәттер күтіп тұр. Алыстан келген қонақтарды күтесіз. Тағдыр сізді тәуелсіз түрде рахат пен пен күнделікті күйбің тірлікке енгізгісі келгендей әр күніңіз жаңалыққа толы болады. Үнемі жауапкершілікті сезінесіз. Әсіресе жұмыста, кәсіби қарым-қатынаста. Бұрынғы тәжірибені, іскерлікті еске түсіру керек, жинақталған тәжірибені пайдалану керек, бірақ жаңа форматта. Ұзақ уақыт жұмыс істейтін серіктесінен жақсы жаңалық күтеді. Ұзақ уақыт шешілмеген сұрақ ақыры өз мәресіне жетеді. Тағы біраз жұмыстар болады. Сіздің жеке мүддеңізге қатыстыкездесу, құпия келіссөз күтіледі. Жаныңыз жай табатын, тыныштық әкелетін және көңіл-күйіңізді жақсартатын жұмыспен айналысасыз. Қаржылық жағдай қолайлы болады. Алайда шығын жоқ емесе, үнемдемесеңіз, әмияныңыздан ақша жылдам шашылады.
Торпақ өзінің негізгі мүдделерін материалдық мәселеге бағыттайды. Ақша кез келген қатынасты анықтайтын фактор болады. Жоспарларыңыз өзгереді. Жоспарланбаған сапар, жаңа бизнес болуы мүмкін. Көбісі туыстарының біріне қамқорлық жасайды, күнделікті мәселені шешуі керек, бірақ үйде емес. Өмірдің кәсіби жағы таң қалдырып, қуантады. Аздап жоғарылату, еңбек жағдайын жақсарту және жалақы түсуі мүмкін. Белгілі серіктестермен уақытша тиімді ынтымақтастық күтілуде. Сіздің ойларыңыз біреуді немесе біреуді күтуге бағытталады. Жақын адамыңызбен біраз уақытқа ажырасуға тура келеді, бірақ ұзаққа емес. Осы кезеңде сіз бұрыннан таныс адаммен жақындасуыңыз мүмкін. Сенім артады. Тауар мен сәлемдеме жіберу немесе қабылдау үлкен маңызға ие болады. Жеке мақсатта зат сатып алу күтілуде. Жақын досыңыздан сыйлық алуыңыз мүмкін.
Егіздер өзін басқалардың қолдауымен қамти отырып, біреудің пікіріне сүйенедуді жөн көреді. Дау болған кезде әрдайым белгілі бір тарапты күмәнданбай-ақ қолдайсыз. Осы кезеңде кәсіби бағытта алға жылжуға болады. Көпшілікке бұл табыстың өсуімен, қажетті тәжірибе жинақтаумен көрінеді. Кез келген дайындық сіздің қабілеттеріңізге жағымды әсер етеді. Сонымен қатар бәсекелестік негізінде ұзаққа созылған қақтығыстың пайда болу қаупі бар. Сапарыңызды жұмыстың бір бөлігі ретінде жоспарлайсыз. Айналаңызда үнемі өзгерістер болады. Көбінесе бұл белгілі бір топтардың, компаниялардың, ұжымдардың ықпалымен байланысты болмақ. Маңызды шараға қатысуыңыз мүмкін. Аудитория алдына шығып сөйлеуіңіз де мүмкін. Көпшілігі шенеунікке құжат тапсыру үшін қандай-да бір мәлімдеме жасайды. Жеке өміріңіз сезімге және айтылмаған эмоцияға толы. Ұстамды болуға тура келеді.
Шаян пайдалы болуға және жақын адамдарға қолдау көрсетуге ашық болады. Сіз жүйелі, ретті, терең және парасаттысыз. Сізді бір нәрсеге шатастыру немесе сендіру қиын. Өз жұмысыңызда басқаларға қарағанда жақсы, дұрыс әрі тапқыр болып көрінуге тырысасыз. Материалдық баю идеясына көп күш жұмсауға тура келеді. Алда айтарлықтай шығындар бар. Бірақ оның бәрін алдын ала жоспарлайсыз, болжайсыз. Маңызды жаңалық күтілетін ақпарат көзінен келеді. Сірә - адамнан. Күнделікті өмірге мұқият назар аудару қажет етеді. Өз қолыңызбен бір нәрсе жасауыңыз мүмкін. Сонымен бірге өзіңізді жақсы ұйымдастырушы, шабыттандырушы және тәлімгер ретінде көрсетесіз. Кәсіби білім мүдделі тараптарды оқытудың негізгі күші болады. Алыстағы әріптесіңізбен немесе ескі танысыңызбен жоспарланған кездесу бар. Бұл күндері жол, сапар сізге ерекше маңызды болмақ. Жеке өміріңізде серіктесіңіздің іс-әрекеті жайлы өміріңізді толықтыра отырып, көңіліңізді аулайды.
Арыстан жұмсалған күш-қуатын шабыт пен жақсы жаңалықтар арқылы толтыра алады. Сәздің қабілеттеріңізді шынайы мақтап, таңдану жаөсы жеміс береді. Ал жұмысыңызда сіз шыдамсыз болып, шешімді жылдам қабылдайсыз. Көп нәрсені, соның ішінде жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз. Егер сіз көшбасшы болсаңыз, жұлдыздар сізге жақсы материалдық өсуді және іскери серіктестерге әсеріңізді күшейту мүмкіндігін ұсынады. Бұл ретте ұйымдастырушылық немесе техникалық мәселелердегі қиын сәттер болуы мүмкін. Оның ішінде ынтымақтастықтың жаңа шартына көшу, жаңа келісімшарт жасау немесе маңызды құжатқа қол қою бар. Көшу мәселесі әлі де өзекті. Қысқа мерзімге болса да сізге айтарлықтай әсер ететін жаңа таныстық күтіледі. Бір досыңызбен қоштасуға ту келеді, бірақ оған бастаманы сіз көтермейсіз. Осы апта сізге кіші отбасы мүшесімен қарым-қатынасыңыздағы жақсы кезең болмақ. Сұранысқа ие, таптырмас адамның рөлін атқарасыз. Жеке өмір жарқын болғанымен, бірақ соншалықты тартымды емес.
Бикеш жаңа біліммен, жаңа эмоцияға қанығады. Жаңа достардың, жағдайдың ықпалы болады. Өмірдің жаңа жағдайына бейімделуге өмір сүру тәсілін өзгертіп, жаңа ереже мен мүмкіндік іздеуге тура келеді. Тағдырыңызда міндетті түрде жаңғыру болады. Біреуге көңіл бөліп, оған қамқор болуға тура келеді. Ал бұл енді ғана қалыптаса бастаған үлкен және тұрақты болашақтың бастауы болуы әбден мүмкін. Жұмыс белсенділік пен нақты әрекетті қажет етеді. Айналаңыздағы адамдар сіздің өтініштеріңізге мұқият болып, бірақ олар сіздің міндеттеме орындаудан жалтаруыңызға жол бермейді. Бұл тек «әркімге - өз несібесі» ұранының келбеті болады. Сондықтан, ешкім сенікіне қол сұқпайды, бірақ өзінікін де бермейді. Есесіне ешкім қиялдамайды. Сіз қарым-қатынастың, қуаныштың немесе әл-ауқаттың бағасы қандай болатынын түсінесіз, ол үшін көп күш жұмсайсыз. Сыртқы қолдаудың арқасында қаржылық аспект аздап жақсаруы мүмкін. Бірақ шығындар ауыр тиеді. Өмірдің эмоционалды жағы тұрақсыз. Сіз міндетті түрде небір сезімді бастан кешіресіз.
Таразы нақты ақпарат қолында болса, жаны жайлы болады. «Аз білсең,ұйқың тыныш» деген ұран – сізге емес! Ол тіпті зығырданыңызды қайнатады. Аудитория алдына шығасыз, мүдделі адамдармен араласасыз. Ортақ мүдделі топты басқарып, оларға жігер бересіз. Бұл аптада достарыңызға, таныстарға, туыстарға көңіл бөлесіз. Сыйлық сыйлап, көңілін аулайсыз. Жасырын кездесу күтілуде. Құжат рәсімдеу, қажет анықтама жинау, заңды негіздегі қағаз жинау маңызды болмақ. Ірі іс-шараға қатысасыз. Оның да заңдық негізі бар. Батыл, белсенді, тартымды боласыз. Әйелдер мақтау естіп, ұсыныс қабылдайды. Еркектер жеңіске жетеді. Тіпті ең қиын деген жағдайда да махаббат қатар жүреді. Сізді көп сөз қылады, сіз туралы көп айтады.
Сарышаян өзгелерден тәуелділіктен, өзгелердің ылпалынан асқан ептілікпен сытылып кетеді. Сізге көбінесе сыртқы факторлармен көрсетілген ішкі еркіндік қажет. Сіз диалог пен іскери қарым-қатынаста ешкімнен кем болмайсыз. Бірлескен іс-әрекеттің дұрыс бейнесін құру арқылы өзгелерді сендіре аласыз. Өзіңіздің негізгі рөліңізді білдірмей, басқалардың қатысуы, еңбегі мен күш-жігерінің маңыздылығын әрдайым атап өтесіз. Қаржылық жағдай біраз көңілге қаяу түсіруі мүмкін, бірақ перспектива көп ұзамай сізге жақсылықтан үмітке мүмкіндік береді. Алыстан қонақ күтілуде. Мүмкін, біреудің бастамасымен қызықты кездесу болады. Достардың шеңбері кеңейеді. Бірақ сізге олар қызық әкелмейді, ішіңіз пысады. Ал танымал адаммен сапар сізге сәттілік пен шабыт әкеледі. Оқыту, білім сапасын арттыру, өзінің біліктілігін арттыру кезеңі бұл. Жеке өмірде асығыстық жасамаңыз. Таңдаған адамыңыз сіз үшін бір ай бойы өте маңызды болады.
Мерген жоспары мен идеяларына адал. Бұл қарапайым кедергілерді еңсеру, жеңу кезеңі. Жақындарыңызбен аздаған болса да өзара түсіністік болса, әрекет ету оңайырақ болады. Кикілжіңдер кейде реніш пен ұзақ уақытқа созылған жағдайға байланысты туындауы мүмкін. Артылған кінәнің ауыртпалығы күшіңізді кетіріп, ой бостандығынан және қалпына келтіру жеңілдігінен айырады. Бұл кезде көптеген дене қимылы, белсенділік, үй жұмыстары және жұмыс орнын ретке келтіру күтілуде. Көбісі спорт залына бара алады, жарыстарға қатысады. Саяхатты жоспарлайтын болады. Кейбір туыстарыңыз сізден қолдау мен түсіністікті қажет етеді. Бұл отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді. Маңызды құжатты жоғалтуға немесе қайтармауға байланысты кейбір түсініксіз мәселе жойылады. Қаржылық жағдайдың біраз жақсаруы күтілуде. Сіз күтуден күдеріңізді үзген ақша қайтарылады. Бойдақтар қайтадан жаңа қарым-қатынасынан көңілі қалады.
Тауешкі егер өзіне пайдалы болып көрінсе, іскерлік қатынастардан достыққа дейінгі жолды оңай жеңіп шығады. Пайдалы байланыстар мен пайдалы таныстардың көмегімен кейбір маңызды мәселені шешуді жоспарлайсыз. Тартымды боласыз. Көбісіне жылжымайтын мүлік тақырыбы алдыңғы қатарға шығады. Табысты мүмкіндік болуы мүмкін, бірақ жеңімпаз болу үшін икемділік, дипломатия және тіпті айлакерлік қажет. Бұл жасырын мүмкіндіктер, құпия жоспар мен ашылмаған әрекеттер кезеңі. Егер сіз қолданыстағы ережелер бойынша жұмыс істей бастасаңыз, жұмыс, бизнес сәтті болады. Жеке келісім қол қойылған құжатқа қарағанда сенімді болады. Саяхат құпия болса, ол сәтті болады. Жоспарларыңызды жарияламай, өзгелер туралы өз ниетіңіз туралы айтпағаныңыз абзал. Кейбіреулер денсаулығын нығайтып, профилактикалық шаралармен қайта айналысуға мәжбүр болады. Отаға келіспеңіз. Сізге терапиялық ем де жақсы әсер етеді. Үлкен зат сатып алуыңыз әбден мүмкін.
Суқұйғыш елмен араласып, олармен өзара түсініске келгісі келсе де, жабық, тұйық болады. Егер сізге басқа адамдар бастамашылық танытса, риза сезімге бөленесіз. Пайдалы байланыстарды байсалды қабылдауға қарамастан, осы кезеңде шынайы сезім мен қарапайым адамның қатысуын ерекше бағалайтын боласыз. Әріптестеріңізге, туыстарыңызға қатысты өзіңізді ешкімге қарыздар сезінбеуге тырысып, ұқыптылық танытасыз. Белгілі бір уақыт кезеңі туралы тарихи құжат, кітаптар мен әңгімелер қызықтыруы мүмкін. Осы бағыттағы белгілі бір мақсатпен байланысты сапарға шығып қалуыңыз да мүмкін. Іс-әрекеттің жаңа түріне ерекше көңіл бөлесіз, олар кейінірек маңызды болады. Оқу өте маңызды. Алған ақпарат уақтылы және есте сақтауға оңай болады. Достармен кездесу, мерекелік шараға қатысу, сыйлықтар мен жарқын тосын сыйлар болуы мүмкін. Көбі сізге деген сүйіспеншілігін мойындайтын болады. Бұл дауылды сезім, қызық роман, ғашық ретіндегі рөлді түсінудің күрт өзгеру кезеңі.
Балықтар біртіндеп қажетті байланстырдан, мазаңызды кетіретін қатынастардан оқшауланып, жалғыз, өзімен-өзі болуға кіріседі. Сізге аз уақыт болса да рухани тазару қажет, ол өз жолыңызды түсінуге, тың дүниені игеруге, күш-қуат жинауға, жоспар құруға қажет-ақ. Сіздің әлеуетіңіз өте жоғары болғанымен, күш-қуатыңызды құрдан-құр, бейберекет жұмсағансыз. Тіпті жұмыста да өмір тұрғысынан нақты нәтижеге қарамай, тұрақсыз, солқылдақ, сенімсіз дүниелер аяғыңыздан шалған. Ендеше тап қазір тазаратын, сауығатын, денсаулықты нығайтып, жаман әдеттен арылатын кез келді. Өзгерістер сыртқы келбетте де болуы ықтимал. Оны айналаңыздағы адамдар бірден байқайды, талпынысыңызды көреді. Сіз жақсарасыз, жұртқа тартымды боласыз. Сізбен араласқан әрдайым қызықты, жеңіл болады. Дегенмен сіздің адамдармен араласу қасиетіңізді өзгелердің өз пайдасына асыруына жол бергізбеңіз. Материалдық тұрғыдан жақсарғаныңызды байқағанда, өзіңіздің дұрыс жолда екеніңізге көзіңіз жететін болады. Тек алданып қалмаңыз, оған жол бергізбеңіз. Махаббатта да, ақшада да! Жолға қорықпай шыға беріңіз. Ол сәттілік әкеледі.
Қиыр Шығыс астрологтар қауымдастығының жетекшісі астролог Александр Ремпель.
Александр Ремпельдің жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.
Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал
2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал
Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?
Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол
Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?