Қазан айына арналған астрологиялық болжам
Астрологтар 2020 жылдың қазан айына қандай жорамал айтады? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған дүниеңізді іске асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің қазанға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Автор: Александр Ремпель
Қазан айына арналған астрологиялық болжам.
Тоқты өткен уақытта ортақ іспен айналысқан адаммен қарым-қатынасын өзгертеді. Өз түйсігіңізге негізделген қатаң шешім қабылдауға бейімсіз. Сіздің қызығушылықтарыңыз біліктілікті арттыруға, тәжірибені арттыруға және білім алуға қатысты мәселелерден тұрады. Дегенмен мақтауға жомарт боласыз және жұртпен шығармашылық қабілеттеріңіз бен ерекше дағдыларыңызбен оңай бөлісесіз. Сіздің айналаңызда жаймашуақ жағымды іс-қимыл атмосферасы болады. Көбісі сізбен байланыс орнатқысы келеді, сізге сенім артады. Бұрынғы досыңыз өзіңізді қайта пайда болып, маңызды жаңалықпен бөліседі. Естелік көп жағдайда бүгінгі күннің қиын сұрақтарына жауап тауып береді. Сіз білмеген құпиялар ашылады. Қаржылық жағдай қолайлы және болжамды. Қосымша көзден ақша алуға болады. Отбасылық мереке күтілуде.
Торпақ өз иллюзияларының қақпанына түсуге бар. Өзіңіздің қорытындыларыңыз бойынша көңіл-күйді сезінесіз, ынта-жігерде де сондай сезім болады. Мұның бәрі ойдан шығарылған, шындыққа жанаспайтын, өмірде болмайтын дүние болып шығуы ықтимал. Бұл адасу мен көз ашатын кезең. Бұрынғы байланыстардан, кәсіби және іскери байланыстардан кетесіз. Бұрыннан армандаған өзгеріс сізді өзгертеді. Ақша туралы әдеттегіден жиі ойлана бастайсыз, кезінде қол жеткізілген нәтижені қайталауға тырысасыз. Алайда жұлдыздар қазан айында тәуекелге барудың қаупін ескертеді, әсіресе қаржы мәселесінде. Көбінің жеке өмірінде күдік, серіктеске деген сенімсіздік туады. Сізбен дауласу қиын болады, сізді бір нәрсеге сендіру мүмкін емес. Өз жағдайыңыздан ең көп зардап шегетін көбінесе - өзіңіз боласыз. Саяхаттауға жақсы уақыт, үйде жихаз ауыстыруға, өзгеріс енгізуге қолайлы ай. Жөндеу жұмыстарынан жақсы нәтиже шығады.
Егіздер сырттан назар аударғанды қажет етеді. Өмірдің сізге дұрыс сыйлықтар беріп, дұрыс бағытта жүріп жатқанына сенімді болу үшін, біреуге жағымды болу мақсат емес. Сіз мақтан тұтуға лайықсыз. Осы кезеңде эмоционалды жағдайдың деңгейі үнемі өсіп отырады. Жеке оқиға маңызды болып, басқа барлық өмірдің тұсы елеусіз қалады. Алайда қаржылық жағы бұрынғыдай өзекті болып қала береді. Қыркүйек өмірдің кәсіби саласына біраз өзгерістер енгізеді. Жұмыстың өзгеруі, кәсіптің өзгеруі және тіпті өмір салты да өзгеріске ұшырауы мүмкін. Көптеген адамдар белгілі бағытта саяхатқа шығуы әбден мүмкін. Сыртқы пішін үлкен маңызға ие болады. Сіз өзгелерді сыртқы түріне қарап қабылдай бастайсыз. Іс жүзінде бірнеше тағдырлы, маңызды кездесу болады. Сізді бұрын-соңды білмеген дүниеге енесіз.
Шаян ) тіпті кішігірім тәуелділікті сезінбеу үшін кезекті қиындықтарды еңсеріп шығады. Ішкі тыныштықтың маңызы бәрінен жоғары болады. Іскери серіктестермен және өз мүддеіңізді қанағаттандыратын қарым-қатынасты сақтауға тырысасыз. Бұрынғы жоспарлар бойынша қысқа бағытта жол күтілуде. Қозғалыс көбейеді. Тірлік белсенді болмақ. Сонымен қатар физикалық жүктеменің рөлі де артады. Көбісі дене шынықтыруды нығайтуға белсенді түрде кіріседі. Қазан айында жағымды кездесулер, әдемі мерекелер, отбасылық мереке болуы мүмкін. Бұл жарқын эмоцияға толы жағдайлар мен қуанышты оқиғалар кезеңі. Бұрыннан серіктес болған адамнан қызықты кәсіби ұсыныс түсуі мүмкін. Ол бұрын жоспарланған сапардың, саяхаттың жүзеге асырылуына қатысты болуы мүмкін. Қаржылық жағдай қолайлы болады. Бірақ қазан айында шығындарды мұқият бағалау қажет. Жеке өміріңізде өз рөліңіз едәуір маңызды, басым болады.
Арыстан сырттан келген кез келген тәуелділіктен зардап шегуі мүмкін. Неғұрлым табысты одақтастардың әрекеттері сізді өршелендіріп, түршіктіруі мүмкін. Ұстамды болғаныңызға қарамастан, басқалардың алдында ашық жарқын болуға бейімсіз. Өзгелердің мүддесіне көңіл аудармаған кезде ғана өзіңіздің тұрақтылық жағдайыңызды жете сезінесіз. Әлемге деген осындай күрделі көзқарасқа қарамастан, сізді балалар және үй жануары көңіліңізді сергітетін болады. Табиғатта ұзақ серуендеу, бұрын мүлде болмаған жерлерге баруыңыз әбден мүмкін. Осы кезеңдегі саяхат сіздің жаныңызды жаңғыртып, армандарға жетелейді. Сізге жақын адамдар арасында жоспар құрып, оны іске асыруға бірден құлшына кірісесіз. Өз ниеттеріңізді құпия ұстай аласыз. Бірақ бәрінен хабардар болу қажеттілігі сізді одан әрі мазалайды. Қаржылық аспект баяу жақсарып келеді.
Бикеш өзгелерге қойылатын күрделі сұрақтарды сәтті шешуге қабілетті. Бұл әсіресе туыстар мен сіз жақсы көретін адамдарға қатысты болады. Қаржылық жағдайыңызға сіздің әрекеттеріңізге байланысты қауіп-қатер төнуі мүмкін, ал оның немен аяқталатынын мүлдем білмейтін боласыз. Ішкі түйсігіңізге сүйене отырып, бірқатар тың дүниені қолға аласыз. Жалпы алғанда, материалдық жағдай күрделі болады. Жаңа идеялармен бірге болашақта баға жетпес тәжірибе аласыз. Құжат алуға, маңызды заң құжаттарына қол қоюыңыз мүмкін. Меншік мәселесін шешуге бұл ай - қазан, жақсы уақыт. Қарсы жыныстағы ескі досыңызбен кездесу күтіледі. Өзара міндеттеме екеуіңізді ұзақ уақытқа жақындастырады. Бұл кезеңнің ерекшелігі - сіз жоспарлаған барлық нәрсе тек жоспар болып қалады. Ал өмір сізге бас тартуға болмайтын өзіндік іс-қимыл жоспарын ұсынады.
Таразы өзінің ішкі жалғыздығын жалғастырады. Көбісіне расында да бұл барлық жағынан болады. Басқалары сіздің қазіргі өмір сүру жолыңыздың мәні неде екенін бақылаумен болады. Сіздің іс-әрекеттеріңізді болжау мүмкін емес. Бірақ сіз мұны жақсы білесіз. Өзіңіздің барлық шектеулеріңізді логикалық тұрғыдан және жаһандық мақсаттарға сәйкес құрасыз. Тәуелсіздік дәрежесі жоғары. Достар немесе одақтастар туралы іс жүзінде ешқандай әңгіме жоқ. Сіздің негізгі мінез-құлқыңыз жоспарларыңыз бен ниеттеріңізді жасырумен ерекшеленеді. Басқаларға сену идеясынан алыссыз, өйткені бастан өткен тәжірибе құпиялылық қажеттілігін көрсетеді. Айналаңыздағы ақпарат өрісі пікірталастардан, әртүрлі қауесеттен, болжамдардан және жай өсек-сөздермен ушығады. Сонымен қатар сіздің кәсіби өсуіңіз айқын көрінеді. Әсіресе шығармашылық Таразыларда. Саяхатқа шығуыңыз мүмкін. Сіздің атыңызды шығаратын жарқын мереке күтілуде.
Сарышаян маневрліктен және еркін таңдауы жоқ, мүлдем тас жабық болып көрінетін жағдайларды меңгереді. Дегенмен туындаған жағдай сіз білмеген баға жетпес мүмкіндіктердің небір түр-түрін ұсынады. Жеке және шығармашылық, рухани өркендеу кезеңі. Пікірлес адамдармен, өз кәсібіңіздің адамдарымен көптеген кездесу болады, әігіме айтылады. Оқытудың, біліктілікті арттырудың қандай-да бір түрі іске асырылады. Сізбен жұмыс істеуге қызығушылық танытатын адамдармен жиі қарым-қатынаста боласыз. Ұзақ мерзімді жұмыс одақтастардың бастамалық ұсыныстары түрінде ұсынылып, ол жақсы үміттерге жетелейді. Бұрынғы әріптестермен іскери байланысты қалпына келтіруіңіз де мүмкін. Қазан айында сіздің ойыңызды ғана емес, өміріңізді өзгерте алатын жаңа таныстар пайда болады. Сіздің жоспарларыңыз да өзгереді. Негізінде, ол өзіңіздің жеке тұжырымдарыңыздың әсерінен өзгереді. Саяхат қуаныш әкеледі. Қаржы жағдайы жақсарып келеді. Көптен бері армандаған бір нәрсені сатып алуыңыз мүмкін.
Мерген жоғары тұрған адамның ұсынысы қызықтыратын болады. Осы кезеңде жұмыс біраз өзгереді. Сіз пікірлес адамдар тобымен бастаған кейбір бизнес ақырындап орынан алға жылжиды. Көптеген адамдар іс жүзінде тағдырына әсер ететін сапарға шығуға мүмкіндік алады. Болашақ өмірдің сапасы оның сәттілігіне байланысты болады. Сондай-ақ жақын ортаңыздың материалдық жағдайы да. Творчество әлеміне сүңгисіз, дизайнердің рөлін атқарасыз. Интерьерді безендіру, қоршаған ортаны безендіру үшін қиял мен тапқырлық қажет болады. Жиһаз жөндеп, үйге бірқатар өзгеріс енгізесіз. Айналаңызда өсек-аяң, сөз, шиеленіс болуы мүмкін. Оған өткендегі қатынастар себеп болады. Кез келген диалогта кәсіби қызығушылық басым болмақ. Баюға үлкен талпыныс бар. Бірақ ойлаған жоспарыңызды құпия ұстайсыз. Көптеген адамдар сіздің ниетіңізді, істеріңізді білуге тырысады. Жеке өміріңізде өзіңізге адал боласыз. Басқа жандар сізді алаңдатпайды.
Тауешкі басқаларға талап қоямын деп маңызды нәрсені ұмытады. Сізді өткендегі реніш, сәтсіздіктер мазалайды. Өзіңе деген сенімсіздік айқын көрінбесе де, бірақ ол тыным бермейді. Бұл жағдай сізге жаңалық емес, бірақ ол ішкі жан-дүниеңіздің аздаған күйзелісіне әкеледі. Дегенмен өзіңізді жеңіп шығасыз, жұрт алдында сенім тудырасыз. Сізге бір адам жүрекжарды құпиясын жайып салады. Бір қызығы, мұндай әңгіме сізді күйзелістен, жабырқаудан шығарып, болашаққа сеніммен қарауға септігін тигізеді. Қазан айында сіз заңдық мәселелерді оңай шеше аласыз. Құжаттарға қол қою, рұқсат алу жылдам әрі тиімді болады. Бұл сондай-ақ таныстық, жаңа байланыс және ескі қатынастарды нығайту айы. Досыңыздан сыйлық аласыз. Демалыстардың бәрі жоспарланады. Ал саяхат туралы мәселесі қайтадан өзекті болады.
Суқұйғыш таңдау жасауға асықпайды. Таң қалмасқа болмайды, бірақ сізге жаңа мүмкіндіктер туады, және бірнеше мүмкіндік. Тағдыр сізді сенімділікке, толық тәуелсіздік идеясына итермелейді. Осы кезеңде кәсіби өсу, ұзақ мерзімді жаңа қоғамдастық болжанады. Бірақ көпшілігіне ол жаңа жұмыс немесе тіпті мамандықты өзгерту түрінде келуі мүмкін. Бастамашыл және батыл, тәуекелге бел буа алатындарды сәттілік күтіп тұр. Көбісі өзге адамдармен немесе өзге тілде білім алумен айналысады. Түр-келбетіңіз үлкен маңызға ие болады. Өзіңізді, өмір салтыңызды өзгертуге мүдделі боласыз. Мүдделі серіктестермен кездесу өтуі мүмкін. Бұл мәміле, келісім және өзара тиімді негіздегі қаржылық жағынан өзара әрекеттесуге қолайлы кезең. Дәл қазір сіз бұрыннан білетін адамға белгілі бір қарызды төлей аласыз. Ал жеке өмірде жақсы кезең туды, ол, әрине, қуантады.
Балықтар өмірден жаңа рөл мен тапсырма күтеді. Қаншалықты қолайлы көрінсе де, біртектіліктен әбден мезі боласыз. Жаңғыруға бел буасыз. Жақындарыңыздың әңгімесіне қарамастан, жүзеге асыру мүмкіндігін көресіз. Жағдайды өз пайдаңызға шешу үшін қулыққа, тіпті алдап-сулауға бару керек болады. Жоспарларыңыз мұқият болса, онда бәрі іске асырылады. Осы кезеңде қаржылық аспект басқалардың іс-әрекетіне икемді, тиянақты болады. Сенімді болу қабілетінің арқасында белгілі бір адамдар тобымен сөйлесіп, одан материалдық пайда таба аласыз. Көбісі отбасының кіші мүшелеріне назар аударады. Жалпы, балалар мен жануарлар сізге айтарлықтай әсер етеді. Бір туысқан сізбен қарым-қатынасты қалпына келтіргісі келеді. Оның әрекеті риясыз болмайды.Бұл отбасылық мәселелерге көзқарасты өзгертудің тағы бір әдісі деп ұғыңыз.
Александр Ремпельдің жұлдыз-жорамалын оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан оқуға болады.
Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал
2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал
Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?