{metadescription}
12 - 18 қазанға арналған астрологиялық болжам

12 - 18 қазанға арналған астрологиялық болжам

Астрологтардың осы аптаға қандай жорамалы қандай? Сізді не күтіп тұр? Жоспарлаған нәрсені жүзеге асыра аласыз ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Нені басты назарда ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің осы аптаға арнаған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.    

12 - 18 қазанға арналған астрологиялық болжам. 

Тоқты денсаулықты нығайтумен және дене шынықтырумен айналысатын болады. Көбісі өзі үшін ерекше диета қолданып көргісі келеді. Қалай болғанда да, жоғары деңгейге ұмтыласыз. Басқаларға рухани ізденіс пен достық, бостандық, тәуелсіздік сияқты ұғымдар маңызды болмақ. Бзнес жасауыңыз керек, қазір өзіңізді қажет сезінесіз, әйтпесе перспективаңызды жоғалтып, «адасасыз». Достарыңыздың арасында өзгеріс болады. Басқалардың іс-әрекеті таңдандырып қана қоймай, сонымен қатар қазір қай бағыттың тиімді екенін айта алады. Бұл күндері сізді есте қаларлық кездесу, күтпеген әңгіме және құнды ақпарат күтеді. Белгілі бір адам сізбен қарым-қатынас орнатуға тырысады, ынтымақтастықтың, тығыз байланыстың қажеттілігін талап етеді. Түйсігіңіз дұрыс әрекет бағытын айтады. Сөз бен істі бақылауыңыз керек, өйткені жақсы адамды ренжітіп алуыңыз ықтимал. Казинода немесе лотереяда ұтыс күтілуде. Кейбіреулерге жеңіске жету немесе ұзақ уақытқа созылған құжаттарды рәсімдеу болады. Сіз өзіңізге деген сенімділікке ие боласыз.  

Торпақ мақсатты, төзімді және адамдардың қамқорлығынсыз өмір сүре алатын әсер қалдырады. Сонымен қатар,  жағдайдың кішкене өзгеруіне, басқалардың әрекеті мен ниетіне мұқият боласыз. Сіз қазір өмірдің жалғыз дұрыс бағдарламасы ретінде беретін көзқарассыз және жоспарсыз өмір сүре алмайсыз. Басқаларға үстемдік етуге, өз қалауыңыз бен принциптеріңізді таңуға бейімсіз. Кейде сізбен тіл табысу тым қиын болады. Мақсатқа жету үшін өз күшіңді бере отырып, сіз аскеттік өмір салтын ұстанып, өзіңізді де ұмытасыз. Отбасылы, үйі берекелі адамдар табысқа жетеді. Бойдақтар шамадан тыс әбіргерленіп, ұшқалақтанып, жұрттың мазасын алалды. Жұмыста өте қабілетті боласыз. Сізге сенім артуға болады. Парасатты, жауапты, тұрақты боласыз. Қателіктерден аулақ бола отырып, өз тәжірибеңізді жаңа жағдайларда қолданасыз. Өз эмоцияларыңызды көпшілік алдында көрсетпейсіз, бірақ сүйіктіңізге деген қызғаныш, сенімсіздік, реніш көрсетуіңіз мүмкін. Уәделер бұзылып, кездесулер кейінге шегерілуі мүмкін. Кейде өзіңіздің қажет екеніңізді білмеуіңіз мүмкін. Саяхатқа шығуыңыз да мүмкін.

Егіздер өзінің күнделікті міндетінен бас тартып, кез келген тәуелділіктен арылғысы келеді. Осал және күмәншіл боласыз. Кез келген сыртқы әрекетті өз еркіндігіңізге қол сұғу ретінде қабылдайсыз. Сонымен қатар, өзіңіздіоның қасында еркін сезіне алмайтын адамға  қызығушылық танытасыз. Көпшілігінде іскери ынтымақтастық дағдарысы, серіктестермен үлкен келіспеушілік болуы мүмкін. Кәсіби қызметтің өзгеруі, жұмыспен қамтудың жаңа түрі болжанады. Бұл күндері сіздің мансабыңызға әсер ететін күтпеген оқиға орын алуы мүмкін. Бірақ сіздің бастамаңыз әрдайым нәтижелі болады. Мүмкін техникалық жаңарту, қымбат техникалық құрал сатып аласыз. Белгілі бәр әйелмен байланыста болмасаңыз, сіздің хабардар болуыңыз едәуір артады. Ұзақ уақыт материалдық қарым-қатынаста болған  серіктестің әрекеті көңіліңізге келеді. Осы күндері судың жанында серуендеу, алкогольді ішімдік ішу қауіпті. Сенімсіз адаммен сырласу да қауіпті. Сізге шыдамдылық пен төзімділік қажет. Жұмыста белгілі бір тәжірибесі бар, пайдалы тамыр-таныстары бар адамдардың жолы болады.  Ересектер созылмалы ауруына көңіл бөлмегендіктен, ауруға шалдығуы мүмкін.

Шаян алдыңғы уақытта жұмсаған күш-жігерінің жемісін көреді. Сізге басқалардың қалай қарайтынын көруге мүмкіндік болады. Белгілі бір қатынастар пайда болып, ерекше жағдай туындайды. Апта эмоция ен оқиғаларға толы. Әр күн бұрынғыдан өзгеше әрекет ету қажеттілігін айқындайтын жаңа дүние әкеледі. Сапар, қозғалыстар, оқиғаның күрт өзгеруі мүмкін. «Кемеден - тойға» - бұл сөйлем осы белгінің өкілдері үшін өзекті болмақ. Кездесулер мен ажырасу үйреншікті нәрсеге айналады. Сезімнің толқыны тек жеке емес, сонымен бірге отбасылық, достық қатынастармен байланысты болады. Ақша алу және жоспарланған шығын да мүмкін. Сіздің қолыңыздан қомақты қаражат өтеді. Жұмыста жаңалықтар мен жаңа жобалар күтіледі. Ынтымақтастық туралы ұсыныс, мүдделі серіктестің компаниясына баруыңыз мүмкін. Құрылысқа немесе қолданыстағы өмір салтын өзгертуге байланысты жобаны талқылау бар. Жағдай әрқашан дерлік жұмысқа байланысты болмақ. Пайда мен сәттілік алыстан келеді, шетелдіктермен немесе алыс серіктестермен байланыс орнатуға болады.

Арыстан тұрғын үйді, кеңсені жайластырумен айналысатын болады. Шығармашылық рух сізге үстемдік етеді. Айналаңыздағы адамдар сіздің жүзіңізден сұлулық сезінеді және эстетикалық бағытта кеңес пен қолдау іздейді. Сізге қарым-қатынас кезінде білім беру аспектісі өте маңызды болмақ. Көзқарасыңызды бәрі бірдей түсіне бермейді, өйткені сіз «қарапайым» адамдарға деген менсінбеуді көрсетесіз, өзіңіздікінен гөрі төмен мамандық иелерін ескермейсіз. Өмірдің сыртқы келбеті сізге маңызды. Өз күшіңізде оны асыра алмауға тырысыңыз, әйтпесе әйгілі әзіл-оспақ кейіпкеріне ұқсап, өзіңізді мазақ ету қаупі бар. Кез келген қысқа мерзімді жобаларды бастаңыз - олар сәтті болады. Белгілі бағыт бойынша сапарға шығуыңыз  мүмкін. Үйде отырғандар отбасында да, жұмыста да қақтығысқа тап болады. Кеудеңізді кермеңіз, бәрін басқарам , уысымда ұстаймын деп бекер әуре болмаңыз, әйтпесе іс-әрекеттеріңіз сіздің беделіңізге кір келтіреді. Күш-қуатыңыз тасып бара жатса, оны махаббатқа жұмсаңыз. Перспективалы таныстық, романтикалық оқиға күтіледі және кім біледі, мүмкін сізді тіпті үлкен махаббат күтіп тұр ма…

Бикеш белгілі бір досына көңіліне келетін сын айтады. Сіз басым рөлге ұмтыласыз. Алайда, ол әрдайым болмайды. Тек масаттанып, өзіңіздің мерейіңізді өсіру үшін ғана. Сізге ішкі тыныштық қажет, ішіңізден масаттанып, жеңіске жеткендей сезім болсын, әйтпесе сіз кемшіліктер кемшіліктеріңізден құтылмайсыз. Іс-әрекеттеріңіз күнделікті проблема мен тұрғын үй мәселесіне көбірек бағытталады. Алда үлкен сатып алулар бар. Іскерлік табысыңыз достарыңыз бен көршілеріңіздің қызғанышына айналады. Жағымсыз байланыстың әсерінен аулақ болуға тырысыңыз, өйткені ол ұзақ уақыт көңіл-күйіңізді бұзады. Бұрынғы аурулар күшеюі мүмкін. Жұлдыздар денсаулыққа назар аударуды ұсынады. Спорттық іс-шара, ашық аспан астындағы жаттығулар, дене шынықтырудың пайдасы молынан болады. Балалармен қарым-қатынаста кейбір келіспеушілік күтіледі. Түсіністік жетіспейді. Бірақ күш пен белсенді әрекет етіп, күш қолданбаңыз. Сіздің көзқарасыңыз жақын арада өзгереді. Көбісі үйіне оралумен байланысты сапар болуы мүмкін. Бұрынғы махаббат та жаңғыруы  жоққа шығарылмайды.

Таразы сізге белсенді әсер етпек болғандарды  әрең түсінесіз. Бұл қарым-қатынастың күрделену кезеңі, және іскери қатынаста ғана емес, сонымен бірге жақын адамдармен де. Өзіңіздің ұстанымыңызда тұрақсыз боласыз, көбінесе көзқарасыңыз өзгеріп отырады. Достық қарым-қатынас та өзгереді. Сәтті және проблемасы аз достармен кездесуге басымдық бере бастайсыз. Алайда, бұл сізге оңаша, жабық өмір салтын жүргізуге кедергі болмайды. Егер сіз рухыңызға берік болсаңыз және мақсатқа ұмтылсаңыз, қалаған нәтижеге қол жеткізе аласыз, әсіресе материалдық жағынан. Алайда мұндай артықшылықтарға тек ересек Таразылар ғана қол жеткізеді. Жастарға бұл кезең онша сәтті емес. Көбіне сіздің іс-әрекетіңіз бос әурешілік болып қалады. Тіпті күткен ақшаңызды ала алмауыңыз мүмкін. Бірақ бұл сіздің біліктілігіңізді арттырудың және бүкіл әлемге өз қабілетіңізді дәлелдеудің ең жақсы уақыты. Жеке өмірде елеулі өзгеріс болуы мүмкін. Ең бастысы - алдамай өмір сүру. Бірақ бұл өте қиын, әсіресе сізге, жалықпайтын Таразыға!

Сарышаян көзқарасын бизнес саласының таныс емес тақырыптары мен бағыттарын зерттеуге бағыттайды. Компанияда өзіңіздің кейбір мәселелеріңізді шеше алатын жаңа одақтасты табасыз. Сонымен қатар, бұл жеке тұлғаның елеулі даму кезеңі, тәуелсіздік алу, өзінің маңыздылығын арттыру. Ақпарат алуға, әдебиетті оқуға көп уақыт бөлуге болады. Телефон арқылы сөйлесу өте маңызды болмақ. Алыстан немесе шетелден серіктестермен байланыс орнатуыңыз мүмкін. Үйіңізге қонақ келеді. Бұл аптаның басты оқиғасы болмақ. Алайда, қоштасу кездесуден кем болмайды. Көбісіне жаңа ынтымақтастық, пайдалы қолдаушыға ие болу  және шығармашылықты жүзеге асыру перспективалары ашылады. Жол немесе су немесе әуе көлігімен саяхаттауға дайындық орын алуы да мүмкін. Барлық әрекеттеріңізде әйелдердің көмегіне сүйеніңіз, ер адамдар сізден тек бәсекелесті көреді. Осы кезеңде анасымен немесе үлкен әйелмен байланыс күшейеді. Сізге сенім керек, сізді тыңдау керек. Материалдық салада айтарлықтай жандану байқалады. Ақша түседі. Көбіне бұл келісілген сома немесе қарыз болмақ.

Мерген қанатын жайып, бұрынғы сенімін қайтара алады. Қайта жаңғырасыз! Бар жағдай сіздің бастамаларыңызға қолайлы болады,  әсіресе мамандық саласында. Басшылармен қарым-қатынас айтарлықтай жақсарады. Кадр саясаты саласында өзіңіздің эрудицияңызды көрсетуге мүмкіндігіңіз болады. Бірақ әсіресе әріптестеріңізбен ашық болмауыңыз керек. Келіспеушілік болуы мүмкін, соған байланысты уәде, жоспарланған кездесу бұзылуы мүмкін. Күнделікті жоспарда сәтті боларсыз, бірақ  бәс қоятын маңызды оқиғ бұлыңғыр болашақта қалады. Алайда жағдай сізге мүлде күтпеген емес, болжамды. Апта бірнеше қарама-қайшы өзгерістерге толы, сондықтан мүмкін болған кезде қуанып, проблема басталған кезде сақ болыңыз. Өжеттерді рухани мәселе, этикалық мәселені  зерттеу қызықтырады. Мүмкін тарихтағы қазіргі дүниетанымды өзгерте алатын жаңа ілімді немесе есімді табуыңыз мүмкін. Қарсы жыныстағы адамдарға өте тартымдысыз. Бірақ сақ болыңыз! Махаббат отына лап етіп жанып кетіңіз әбден мүмкін.

Тауешкі жетістікке жету жолындағы байланыстырушы буын ретінде көрінетіндерге қамқорлық жасаңыз. Сізге ең бастысы - тұрақтылық сезімі, өзіңіздің маңыздылығыңызға деген сенімділік. Белгілі бір әрекет еткенде маңызды және қажет нәрсені жасайтындығыңызға сенімді боласыз. Көбіне өзіңіздің тапқырлығыңызбен және табысқа ұмтылатын басқалардан озып кету қабілетіңізбен мақтанасыз. Қарама-қайшылық рухы басым, әсіресе жеке қатынаста. Жақын адамға деген сенімсіздік, оның әрекеттері мен ниетін бақылау қажеттілігіне айналуы мүмкін. Сіз серіктесіңізді шектемеуіңіз керек, өйткені кереғарлық, кикілжіңге тап боласыз. Бойдақтар ғашық болады. Эмоцияларыңыз мінез-құлықтан басым болады. Айналаңыздағы адамдар сізде болып жатқан өзгерістерге таң қалады. Жақсы достармен кездесу, ақпарат алмасу, ас беру күтілуде. Туыстардың жағымсыз жаңалықтары отбасында түсініспеушілік туғызуы мүмкін. Ақылдылық пен парасаттылық сізге қиын кездерде көмектеседі.

Суқұйғыш еөз жеңілтектігінің кесірінен жақсы досымен қарым- бұзуы мүмкін. Өзінің ойланбай істеген әрекеттерінен зиян тигізетін жағдайларға тап болады. Белгілі бір қателіктер жіберіп, оның салдары туралы ойлануға мұршасы болмайды. Сонымен қатар, басқа адамдардың пікіріне немесе сізді қиындықтан шығаруға тырысқанына  ренжуіңіз мүмкін. Бірбеткейлік пен қыңырлық сіздің серігіңізге айналады. Осы кезеңде жалпы жинау, жиһазды қайта құру және тәртіпке келтіру қолайлы. Қажетсіз қоқыстан арылып, күнделікті өмірге де, адамгершілікке де тәртіп орнататын кез келді. Театрға, концертке шақыруы мүмкін. Бұл күндері басты нәрсеге назар аудару және табиғат аясында серуендеу, дене еңбегімен, спортпен айналысу көмектеседі. Денсаулық жағдайы айтарлықтай ауытқуға  ұшырайды: жайлылық пен тыныштық күйінен шығып, әйелдерде – жанжал, ашуланшақтық, ал еркектерде алкоголь зардаптарын бастан кешіруі мүмкін. Ақшаға сақ болыңыз, әмияныңыздың босап қалу қаупі бар.

Балықтар дұрыс шешім қабылдауда тура компьютер секілді болады. Айналаңыздағы адамдар дың рөлін бөлуде жеңімпаз болып қалуды ойлайсыз. Көбісінің қолынан бұл келеді. Бірақ сіз өзгелердің арамза әрекеті мен айла-шарғысынан сақ болуыңыз керек. Бұл күндері сіздің жеке басыңыз жұмыс барысында да, таныстар шеңберінде де белсенді талқыланады. Тіпті достарыңыз бен сүйіктіңіздің тарапынан да айла-әрекет күтілуі  мүмкін. «Тереңге сүңгіп», тыныш отырыңыз, тек өте қажет болған кезде ғана «сыртқа малтып шығыңыз». Отбасылық мәселе екінші жоспарға ауысады: сізді бағаламайтын немесе сүймейтін сияқты көрінеді. Сыртқы таныстықтар да біртіндеп жоғалады. Жаңа таныстық күтілмейді. Бұл жаңа байланыс орнатудан гөрі адамдармен қарым-қатынасты өзгертуге арналған апта. Туысыңызға оның қиын мәселесін шеше отырып назар аударуыңыз керек болады. Ер адаммен телефон арқылы сөйлесу өте маңызды болады. Көршілеріңізге ашыла бермеңіз, өйткені олар сізге жақын адамыңыздың дұрыс емес әрекеттері туралы ақпарат беруі мүмкін. е көзіңіз жететін болады. Тек алданып қалмаңыз, оған жол бергізбеңіз. Махаббатта да, ақшада да! Жолға қорықпай шыға беріңіз. Ол сәттілік әкеледі.  

Қиыр Шығыс астрологтар қауымдастығының жетекшісі астролог Александр Ремпель.

Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі бойынша 2020 жылға арналған жұлдыз жорамал 

2020 жылға арналған астрологиялық жұлдыз жорамал 

Өмірлік серігіңмен араларыңда үйлесімділік бар ма?

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Өміріңізді өзгертетін 30 пайдалы әдет

 Қазақта сирек ұшырасатын салттар

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.