{metadescription}
COVID-19 туралы қате пікірлер мен аңыздар

COVID-19 туралы қате пікірлер мен аңыздар

Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ақпарат – коронавирус туралы кең таралған аңыздар мен қате пікірлерді жоққа шығарады (COVID-19).

Медициналық масканы дұрыс кисең, ол көмірқышқыл газының уыттылығына немесе оттегінің жетіспеуіне әкелмейді

Медициналық (хирургиялық) маскалар – жалпақ, құлаққа ілінетіні бар бүрмелі бетперде. Медициналық масканы ұзақ уақыт кию қолайсыздық тудыруы мүмкін, бірақ ол оттегі жетіспеушілігіне немесе көмірқышқыл газының улануына әкелмейді.

Алкоголь COVID-19 алдын алуға немесе емдеуге көмектеспейді

Алкоголь COVID-19-дан қорғамайды. Спирттік ішімдік басқа аурулардың пайда болу қаупін арттырады.

Ағартқыш және дезинфекциялық заттарды қолдану қауіпті және COVID-19 алдын алуға көмектеспейді

Ағартқыш және дезинфекциялаушы заттар – химиялық заттар. Ешбір жағдайда оларды (ішпек түгілі) шашыратпаңыз, денеге тигізбеңіз. Оны тек заттардың бет жағын дезинфекциялау үшін қолданады.

Метилді немесе этил спиртін ішу өте қауіпті және ол COVID-19 алдын-алуға немесе емдеуге көмектеспейді

Метил және этил спирттерінен сақ болыңыз. Оларды қолдану организмдегі COVID-19 вирусын жоюға көмектеспейді, бірақ денсаулыққа орны толмас зиян келтіруі, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Бұл спирттерді кейде дезинфекциялауға арналған тазалау құралдарында қолданылады.

Ұзақ уақыт деміңізді іште ұстай алсаңыз, ол сізде COVID-19 жоқ дегенді білдірмейді

Егер тыныс алмай 10 секунд немесе одан да көп уақыт бойы жөтелмей, тамағың жыбырламай тұрса, бұл сізде коронавирус инфекциясы (COVID-19) немесе басқа өкпе ауруы жоқ дегенді білдірмейді. COVID-19 инфекциясын растаудың ең дәл әдісі – тек зертханалық зерттеу.

Сарымсақ COVID-19 алдын алуға және емдеуге көмектеспейді

Сарымсақ - бұл белгілі бір микробқа қарсы қасиеті бар пайдалы тағам. Алайда сарымсақтың COVID-19 алдын алуда тиімділігі туралы еш дәлел жоқ. Вирустан қорғанудың ең жақсы тәсілі сарымсақ жеу емес –  өзгелерден қашықтықты сақтап,қолды үнемі мұқият жуу.

Жастар COVID-19-ға да сезімтал

COVID-19-ды кез келген жастағы адам жұқтыруы мүмкін. Жасына қарамай, әркім алдын алу шараларын қадағалау керек: үнемі қол жуып, қашықтық сақтау.   

Жылу мен ылғалдылық COVID-19 таралуын тоқтата алмайды

COVID-19 инфекциясы күн ашықта, ыстық ауа райында да жұғады. Климаты ыстық елдерде де коронавирус тіркелген.

Ащы бұрыш COVID-19 алдын алуға немесе емдеуге көмектеспейді

Бұрыш дәмді болса да, ол COVID-19 алдын алуға, емдеуге көмектеспейді.

COVID-19 емдеу немесе алдын алуда тиімділігі дәлелденген дәрі – жоқ

Бүгінде бірнеше препарат сынамадан өткізіліп жатыр, бірақ олардың бірде-біреуі COVID-19-ды емдеуде немесе алдын алуда тиімділігін дәлелдеген жоқ.

Ыстық ванна COVID-19 алдын алуға көмектеспейді

Тіпті ең ыстық ванна немесе душтың дене температурасына айтарлықтай әсері жоқ. Ыстық су судан күйіп қалуыңыз мүмкін.

Аяз бен қар COVID-19 таралуына кедергі бола алмайды

Суық ауа райы COVID-19 індетінен жазылуға немесе вирустың таралуына бөгет бола алмайды.

Пневмонияға қарсы вакцина COVID-19 алдын алуға көмектеспейді

COVID-19 жаңа пайда болған вирус және ол басқа вирустарға ұқсамайды. Сондықтан оған бөлек вакцина қажет. Дегенмен пневмонияның алдын алу үшін қолданыстағы вакцинаны алу ұсынылады.

Қол кептіргіштер COVID-19 алдын алуға көмектеспейді

Электр қолкептіргіштер қолдағы COVID-19-ды өлтірмейді. Вирустан сақтану үшін антисептик қолданыңыз немесе қолды жиі сабынмен жуыңыз. Қолыңызды қағаз сүлгімен жақсылап құрғатыңыз немесе жылы ауа үрлейтін электр кептіргішті қолданыңыз.

Мұрынды тұзды ерітіндімен үнемі шаю COVID-19 алдын алуға көмектеспейді

Мұрын тұзды ерітіндімен үнемі шаю COVID-19 және басқа респираторлық инфекциялардың алдын алуда тиімділігі дәлелденбеген. Тек суық тиіп ауырғанда тезірек емдеуге көмектесетіні ішінара дәлелденген.

COVID-19 алдын алу немесе емдеуге ультрафиолет шамын қолдануға болмайды

Ультрафиолет шамымен қолды немесе дененің басқа жерін дезинфекциялауға қолдануға болмайды. Олар теріні тітіркендіріп, көзді зақымдайды.

COVID-19 масалардың шағуы арқылы берілмейді

Масалардың шағуынан COVID-19 таралуы мүмкін деген дәлел жоқ. Негізінде COVID-19 жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлескенде науқастың тыныс алу жолынан шыққан тамшылармен деммен жұғады. Сондай-ақ вирус жұққан бетке, көзге, мұрынға қол тигізіп немесе вирусты затты ұстап жұқтырасыз.

Шыбын COVID-19 тасымалдаушысы емес

COVID-19 үйде ұшып жүрген шыбын арқылы таралуы мүмкін деген еш дәлел жоқ. Негізінен вирус жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде науқастың тыныс алу жолдарынан шыққан тамшылар арқылы таралады.

5G ұялы байланыс желілері COVID-19 таралмауына түрткі болады

COVID-19 қоздырғышымен қоса вирустар радиосигнал немесе мобильді толқын арқылы берілмейді. COVID-19 – 5G желісі жоқ көптеген елде таралады.

COVID-19-ның аяқ киім арқылы таралуы екіталай

COVID-19-ны аяқ киім арқылы тарату мүмкіндігі өте төмен. Кез келген жағдайда, аяқ киімді үйдің кіреберісіне шешіп қалдырасыз, әсіресе үйде еңбектеген жас бала болса. Бұл табанға жабысқан кірдің алдын-алуға көмектеседі.

COVID-19 бактериядан емес, вирустан туады

COVID-19 қоздыратын патоген коронавирус тұқымдасына жатады. Антибиотиктер вирусқа қарсы әсер етпейді. COVID-19 жұқтырған кейбір адамда бактериялық инфекция да дамиды. Бұл жағдайда дәрігер антибиотик  тағайындай алады.  

COVID-19-бен ауырған науқастардың көпшілігі тез жазылып кетеді

COVID-19-мен ауыратындардың көпшілігінде жеңіл және орташа ауыр белгілері бар, егер тиісті және уақтылы медициналық көмекке жүгінсе, онда қалпына келеді. Егер жөтеліп, дене қызуы көтерілсе немесе тыныс алу қиындаса, дәрігерге қоңырау шалып, медициналық көмекке жүгініңіз. Егер қызуыңыз көтеріліп, безгек, не денге безгегі аурулары бар жерде тұрсаңыз, дереу дәрігерге қоңырау шалыңыз.

Жылу термометрлері COVID-19 емес, тек дене қызуын анықтайды

Тепловизорлық термометр қызуды, соның ішінде COVID-19 қоздырғышын анықтай алады. Бірақ дене қызуын тек COVID-19 тудырмайды. Сондай-ақ, тепловизорлық термометр адамның температурасы болмаса, оның ауру екенін анықтамай алмайды. Әдетте,дене қызуы COVID-19-мен ауырғаннан кейін 2-10 күнде көтеріледі.

COVID-19 тек егде жастағы адамдарға жұғады деген қате

COVID-19 вирусы әр жастағы адамға жұға береді. 60 жастан асқан, сондай-ақ астма, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар аталмыш вирусты көтере алмай, жағдайы нашарлауы мүмкін. Сондықтан әр адам профилактикалық шараларды мұқият сақтауы тиіс.

COVID-19 емдеуде гидроксихлорохиннің тиімділігі дәлелденбеген

Гидроксохлорохин және хлорохин - бұл безгек және басқа да ауруларға қарсы дәрі. Оны COVID-19 емдеуге қолдану мүмкіндігі зерттелген, бірақ қазіргі мәліметтер оның COVID-19 өлімін төмендетпейтінін немесе орташа ауруы бар науқастарға көмектеспейтінін көрсетеді. Гидроксохлорохин мен хлорохин безгек пен аутоиммунды ауруларды емдей алады. Алайда оны басқа жағдайларда немесе дәрігердің бақылауынсыз қолданғанда жанама әсерлерге ие болуы мүмкін, сондықтан одан аулақ болған жөн.

СОНЫМЕН:

Өзіңізді де, басқаларды да қорғаңыз;

Басқа адамдардан қауіпсіз қашықтықты сақтау мүмкін болмаса, ауыз-мұрынды жауып тұратын маска тағыңыз;

Қасыңыздағы адамдардан өзіңізді екі метрдей қашықтықта аулақ ұстауға тырысыңыз. (2 метр / 6 фут);

Қолыңызды жиі сабындап жуып, жиі қолданылатын заттарды үнемі зарарсыздандырыңыз;

Саусағыңызды (қолыңызды) көзге, мұрынға және ауызға тигізбеңіз;

Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауын-мұрынды шынтағыңызбен немесе майлық-сулықпен жабыңыз;

Жергілікті билік нұсқау берсе, үйде болыңыз;

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде