{metadescription}
Эмоционалды денсаулықты қалпына келтірудің 5 жолы

Эмоционалды денсаулықты қалпына келтірудің 5 жолы

Эмоционалды денсаулық дегеніміз не? Оны қалпына келтіру немесе қалпында ұстау оп-оңай екен. Ендеше біле жүрейік, артық болмас. 

Эмоционалды денсаулық көбінесе бақыт, оптимизм және икемділікпен байланысты. Демек, кейбір авторлар мұны психикалық денсаулықты кеңейту деп атайды, өйткені жағымды да жағымсыз оқиғаларда оң эмоционалды денсаулықты сақтау деген сөз.

Атап айтқанда, жағымды эмоционалды денсаулық адамның сезімін дәл анықтап, бақылай білуімен сипатталады. Эмоционалды сау адамдар қандай жағдай болмасын, алған әсерін дұрыс көрсетуді және мінез-құлқын жеңілдетуді біледі. Сөйтіп күйзеліске  толы оқиғаны жақсы жеңіп, мүмкіндіктерін барынша арттырып, өмірін қанағаттандырарлық деп қабылдай алады.

Бұған қол жеткізу үшін мынадай тәжірибе ұсынылады:

Үзіліс жасаңыз

Үнемі жаңалық оқи бермеңіз – үзіліс жасаңыз. Назарыңызды жағымды  жаңалықтарға аударуға тырысыңыз.

Достарыңызбен қарым-қатынасты үзбеңіз

Бір-біріңізді жақын сезіну үшін дос-жаран, туған-туыстарымен әңгімелесіп тұрыңыз.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз

Дене шынықтыру, дұрыс тамақтану және жеткілікті ұйқы денсаулықты сақтауға көмектеседі.

Өзіңізге көңіл бөліңіз

Өзіңізге рахат әкелетін пайдалы іспен айналысыңыз. Ол көңіліңізді тыныштандырып, мазасыздықты азайтуға көмектеседі.

Жоспар құрыңыз

Күнделікті іс-әрекеттеріңізді жоспарлап үйреніңіз. Келесі күнге, келесі аптаға алдыңызға мақсат қойыңыз

Дерекөз: ggia.berkeley.edu

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде